Сабақтың тақырыбы: Адалдық адамдықтың белгісі Сабақтың мақсаты



жүктеу 28,76 Kb.
Дата19.09.2022
өлшемі28,76 Kb.
#39330
түріСабақ
Адалдық адамдықтың белгісі

Бекітемін:
Директордың ТІЖО: М.Нурекешова







Білім беру ұйымының атауы

Егіндікөл ЖОББМ

Пәні:

Тәрбие сағаты

Педагогтің аты-жөні:

Сюндюкова Алтынбобек

Күні:

19.09.2022

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Адалдық – адамдықтың белгісі

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын еркін жеткізе білуге, адалдық, сенім, адамгершілік құндылықтарын сыйлауға үйрету.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдасты
ру

Амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Тақырыпты ашу.


Бейнематериал
Оқушылар бейнематериалдан не түсіндіңіздер.

Адалдық - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмын.



Оқушылар бейнематериалдан көргендерін, ортаға салып, пікір алмасады.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Мұғалім презентациясы



Сабақтың ортасы

Бейнематериал


Жеке жұмыс
Әркім алдында тұрған парақтағы ойшыл-ғалымдардың сөздерін оқи отырып, өз бойфнан адами құндылықтарды атауы қажет.
Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі  - ел бастар.
Жамбыл Жабаев
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
Мұхтар Әуезов
Ойың адал болғанмен, орындағаның олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың.
Ғабит Мүсірепов

Асыл қасиет – адалдық, асысл міндет – адалдық.


Максим Горький

Адалдық қайда болса, тіршілік сонда.


Қаюм Насыри

Жақын болудың бірінші шарты – адалдық.


Михаил Пришвин

Адалдық танытатын адамға да адал бол.


Плавт Тит Макций

Адал болғың келсе, жаныңда адал достар болсын.


Менандр

Адалдық ұмытылса, ақыл мен ерлік – бос дыбыс.


Вишакхадатта

Сүйіспеншілік пен құрмет адалдыққа әкеледі.


Габриэль Оноре Марсель

Адалдық – өмірден қымбат.


Ф. Шиллер

Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол.


Т. Фуллер
Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады. Әл –Фараби


Жұптық жұмыс
Мәтінді оқи отырып оқушылар 3 өмірде керек нәрсені, 3 қайтара алмайтын нәрсені, 3 қуаныш әкелетін әрекеттерді атаңыздар.


Үш қуаныш: алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі
Топтық жұмыс
Постер қорғау
«Адалдық таразысы» тақырыбында постер қорғау

Оқушылар берілген нақыл сөздерді оқи отырып өз бойларындағы адами құндылықтарды атайды.

Екі жұлдыз бір тілек әдісі



Өте дұрыс! Жарайсың!
Керемет!

Өте жақсы!


Жарайсың!
Керемет!

Екі жұлдыз бір тілек әдісі

Презентация


Кері байланыс

Қызықты сәт!
Тағы білгім келеді....
Ұсынысым...

Тақырып бойынша
Қызықты сәт!
Тағы білгім келеді....
Ұсынысым...
сөйлемдерін аяқтайды

Жақсы! Жарайсың!
Керемет!





Таксиші
Жұмысқа асығып, жиналысқа кешігіп бара жатқан соң, такси тоқтата салдым. Жүргізуші бір ақкөңіл адам екен жол бойы тынбай әңгіме айтып келді. Жұмысқа жеткен соң, қалтамнан 450 теңге таппай 500 теңге бердім. Апыр-топыр болып қалтасын ақтарып, тиын-тебен іздей бастады. Ал мен болсам, бір аяғым сыртта, бір аяғым іште, күтіп отырмын. Болмаған соң: - 50 теңгесін ала салыңыз! – деп едім, маған қарап: - Уақытыңыз бар ма? - деді. -Иә,- дедім. (Бір аяғым әлі сыртта) Көлігін өшірді. Жол көлікке лық тола еді. Көлігінен түсіп, алдымыздағы дүкенге жүгіріп барып, ақшасын ұсақтап, 50 теңге әкеліп берді. Мен болсам: - Бауырым, егер жолақым 550 теңге болғанда, менен 50 теңге сұрармедің?- деп едім: - Оны қайтем сұрап,- деді. - Ендеше неге ала салмадың?- десем, маған бұрылып: - Уақытыңыз бар ма?- деді. - Бар,- дедім. - Онда есікті жабыңыз,- деді. Ашық мінезді таксистпен жүзбе-жүз қалдық. 5 минуттай сөйлестік. Бүгінге дейін ешқандай профессордан естімеген сабағымды осы кісіден үйрендім. Ол мынау еді: - Біз отбасымызда бес ағайындымыз ,- деп бастады. Әкем құрылысшы болып, жұмысы тұрақсыз болатын. Жұмыс шыққан күні үйге көңілді болып қайтатын, ал болмаған күні түр-әлпетінен түсінетінбіз. Тұрмысымыз төмен отбасы болатын. Тамақты жерде отырып ішетінбіз. Тамақ ішіп болған соң әкем «Тоқтаңдар, тұрмаңдар!» - дейтін. Алдымен дастарханға бата қайыратын, сосын бізге ақыл-кеңестерін айтатын. - Жақсы екен. Мамандығым «семинаршы» еді, әкеңіз не үйретуші еді? - Өмірде жетістікке қалай қол жеткізу керектігін айтатын. Бір қызығы әкем жұмысқа кеткенде, үлкен ағам әкемнің роліне кіріп, тесік шұлықпен шалбарының қалталарын сыртқа шығарып: «Адал болыңдар, үйлеріңе харам табыс әкелмеңдер!» десе, бәріміз жатып мазақтап күлетінбіз. Ал анам байғұс шырылдап: «Әкелеріңді мазақтамаңдар. Ол жақсы адам, еңбекқор» деп айтатын. Біздің бір бай көршіміз болатын. Оның екі баласы болатын. Балаларына қалаған нәрселерін алып беретін. Ал біз солардың ескі-құсқы киімдерін киетінбіз. Әкем қайтыс болған соң, алты айдан кейін әлгі бай көршім де қайтыс болды. Оның екі баласына бес қабатты үйі, фирмасы мирасқа қалса, ал біздің әкемізден не қалды деп ойлайсыз? - Иә, не қалды? - Дүкеннен алған қарыздары мен «Балам, әрқашан адал бол, ешкімнің ақысын жеме!» дейтін ақыл-кеңестері қалды. Содан қазір 15 жыл өтіпті. Әлгі екі бала түрмеде жатыр. Үйі де, фирмасы да жоқ. Ал біздер отбасын құрап, бала-шағалы болып, үй алып, астымыздағы көлігімізбен күнімізді көріп жүрміз. Өткенде ғана үлкен ағамыз үйіне қонаққа шақырған болатын. Сонда ағам: Негізгі мирасты біздің әкеміз қалдырыпты,- деп айтқанда, бәріміз еріксіз көзімізге жас алған едік. Шынында да қарап отырсақ, осы уақытқа дейін біреудің бір тиын ақшасын жемеппіз. Қазір шүкір, ешкімнен кем емеспіз. - Иә, өмір дегенің алма-кезек. - Бір қызығы қай жерде тұрасыңдар деп сұрамайсыз ба? - Иә, қай жерде? - Әлгі көршіміздің бес қабатты үйінде тұрамыз. Оны біз сатып алған едік. Қазір бәріміз Мінекей балалар, кейбір адамдар бала-шағаларына машина, үй, басқа да мал-мүліктерін мирасқа қалдырып жатса, кейбір адамдар ақыл-кеңестерін қалдырып жатады. Яғни кім үшін қандай ұғым маңызды болса, соны қалдыруда. Сондықтан да балалар, үлкендердің ақыл-кеңестеріне құлақ асып, байлыққа тасымайтын, жоққа жасымайтын, ешкімнің ақысын жемейтін елдің азаматы болуға тырысыңдар
жүктеу 28,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
денсаулық сақтау
жұмыс істеу
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
жалпы біліктілік
қағидаларын бекіту
қатысушыларға қойылатын
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
оқыту әдістемесі
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
учебная программа
Бастауыш сынып