|
Сабақтың мақсаты: Білімділік
|
Дата | 22.05.2018 | өлшемі | 9,07 Kb. | | #16269 | түрі | Сабақ |
| Навигация по данной странице:
- Дамытушылық: Оқушылардың білім сапасын, пәнге қызығушылығын арттыру, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
- Көрнекілігі: Суреттер, интерактивті тақта, электрондық оқулық, динамометр, жүкше, сызғыш, резеңке, сым, үлестірме қағаздар.
- Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
- 1 топ Күш тақырыбына слайд
- 7. Үйге тапсырма
- Гук заңы
- Динамометр.
- Динамометрлердің
- 1 топ.
- Өзін – өзі бағалау
№164 орта мектеп - 7-сынып
- Пән мұғалімі: Б.Бимурзаева
- Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Оқушыларға Гук заңы, оның қандай физикалық шамаларға тәуелді екенін және динамометр құралы, оның жұмыс істеу принципін түсіндіру.
- Дамытушылық: Оқушылардың білім сапасын, пәнге қызығушылығын арттыру, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
- Тәрбиелік: Оқушылардың алған білімдерін өмірмен байланыстыра білуіне және пікір алмасуға, шығармашылық өздігінен білім алуға тәрбиелеу
- Көрнекілігі: Суреттер, интерактивті тақта, электрондық оқулық, динамометр, жүкше, сызғыш, резеңке, сым, үлестірме қағаздар.
- Сабақтың типі: Аралас сабақ.
- Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
- Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, практикалық жұмыс.
- Пәнаралық байланыс: Информатика, математика, дене тәрбиесі.
- Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру
- 2. Үй тапсырмасын тексеру.
- 1 топ Күш тақырыбына слайд
- 2 топ И.Ньютон слайд
- 3 топ Деформация тақырыбына слайд
- 3. Жаңа сабақ
- 4. Сабақты бекіту
- Кеңейтілген тапсырма
- 5. Қорытындылау
- Практикалық тапсырма
- 6. Оқушыларды бағалау
- 7. Үйге тапсырма
- Гук заңы. Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты 1660 жылы ағылшын физигі Роберт Гук (1635-1703) анықтаған болатын. Кейінірек бұл анықталған байланыс бізге Гук заңы деген атпен белгілі болды. Бұл заң бойынша: серпімді деформацияның шамасы (созылуы немесе сығылуы) түсірілген күшке тура пропорционал, яғни:
- F = kx
- Мұндағы F-түсірілген сыртқы күш, x -дененің созылу немесе сығылу шамасы. k-қатаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициент. SI жүйесінде қатаңдық нъютонның метрге қатынасымен (Н/м) өрнектеледі. k-қатаңдық дене материалына және оның өлшемі мен пішініне байланысты.
- Динамометр. Күшті өлшеу үшін аранайы құралдар – динамометрлер (грекше динамис-күш және метро-өлшеймін) қолданылады. Динамометрлердің негізгі бөлігі серпімді деформацияның әрекет ету аралығында созылатын серіппе болып табылады. Динамометрлердің бірнеше түрі бар. Қол динамометрлері және біршама үлкен шамадағы күштерді өлшейтін арнайы динамометрлер.
- Роберт Гук- әйгiлi ағылшын жаратылыстанушысы,
- ағылшындық Уайт аралында Фремуотер деген жерде
- 1635 жылы дүниеге келдi. Орта мектептi бiтiргеннен
- кейiн Оксфорд Университетiне түседi. 1660 жылы әйгілі
- “Гук заңын” ашты. 1661 жылы каппилярлық құбылысқа
- арналған еңбегiн жариялады. Гук өзiнiң 1665 ж.
- жарық көрген «Микрография» атты еңбегiнен кейiн
- әйгiлi болды. Бұл кiтапта Гук өзі жетiлдiрiлген
- микроскоппен көп зерттеулерін жүйелеп баяндайды.
- Тағы да бұл кiтабында Гук жарықтың табиғаты жайында
- ойларын жазып кеткен. Кейін ол астрономиялық құрал-
- саймандарды ойлап табу және оларды жетiлдiрумен
- айналысты, биологиялық, географиялық, геологиялық
- зертеулер жүргiздi. 1703 жылы қайтыс болды.
- А. Гук заңының өрнегін жаз.
- В. Қатаңдығы 300 Н/м серіппе 0,05 м-ге созылды. Жүкті осындай деформацияға
- ұшыратқан күштің шамасы неге тең?
- С. 320 Н күштің әсерінен амортизатордың серіппесі 0,009 м-ге сығылады.
- 1600 Н күштің әсерінен серіппе қаншаға сығылады?
- А. k қатаңдықтың өрнегін жаз.
- В. Қатаңдық коэффициенті 100 Н/м серіппені 0,01 м-ге созатын
- күштің шамасы неге тең?
- С. Есікті ашқанда оның серіппесі 12 см ұзарды, сонда серпімділік күші 4 Н тең,
- серпімділік күші 10Н-ға тең болуы үшін серіппені қаншаға ұзарту керек?
- А. х шамасын анықтаудың өрнегін жаз.
- В. F=3 Н күштің әсерінен 0,06 м-ге ұзарған серіппенің қатаңдығы неге тең?
- С. Шиыршық серіппенің ұзындығы 3,5 см-ге қысқартқанда 1,4 Н серпімділік
- күш пайда болады. Оны 2,1 см ұзартқанда серпімділік күші қандай болады?
- Тақырыпты оқу. 13-жаттығу.
- Роберт Гукты зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|