VIII МОДУЛЬ
Жыл мезгілдері.
Нені үйрену керек?
Жыл мезгілдері туралы айта білуге үйрену, берілген тақырып бойынша өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрену.
Нені білу керек?
Жыл мезгілдері туралы айта білу.
Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін білу
1-сабақ
Жыл мезгілдері
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Өткенді қайталауға арналған сұрақ-жауап.
III.Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа тақырып бойынша оқушыларға жан-жақты білім беру.
Дамытушылық: Қисынды ойлау қабілетін дамыту мақсатында әр-түрлі тапсырмалар беру.
Тәрбиелік: Сауатты оқу, жазу дағдыларын молайту.
Көрнекілік: электрондық оқулық, IV модуль, интерактивті тақта, суреттер.
Тәсілдері:
Зейінді тұрақтандыру
Салыстыру мен толықтыру
Маңызды белгілерін анықтау
Талдау тәсілі.
IV.Жаңа сабақты енгізу.( электрондық оқулық, оқылым )
Мұғалім жыл мезгілдері туралы кесте қағазды пайдаланып, қысқаша әңгіме айтып береді.
Мәтін бөліктерін кезекпен оқыту.
Сөздікпен жұмыс (оқулық, электрондық оқулық, сөздік)
Жыл мезгілдері төртке бөлінеді. Олар: көктем, жаз, күз, қыс.
Бір жылда 12 ай бар. Бір айда 30,31 күн болады.
Наурыз, сәуір, мамыр - көктем айлары.
Маусым, шілде, тамыз – жаз айлары.
Қыркүйек, қазан, қараша – күз айлары.
Желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс айлары
Слайд арқылы жыл мезгілдері туралы айту, сызба жасау.
Электрондық оқулық, тыңдалым, 2,3 тапсырма.
6.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді жаз.
Көктемде ... жылынады. Жерге көк ... шығады. ... ұшып келеді. Ағаштың ... жасыл. Мен ... ұнатамын.
(Керекті сөздер: шөп, күн, жапырақтары, көктемді, құстар)
Деңгейлік тапсырмалар:
1.Суреттерге қара.
2.Бір жылда неше ай бар? Айлардың аттарын ата.
3.Көктем айларын ата.
1-тапсырмадағы суретке қарап, сол бойынша қысқаша әңгіме құра.
2-тапсырмадағы мәтінді түсініп оқы.
3-тапсырмадағы көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.
1-тапсырмадағы «Жыл мезгілдері» атты сурет бойынша жолдасыңмен сөйлес.
Мәтінді оқып, орыс тіліне аудар.
2-тапсырмадағы соңғы төрт сөйлемді дәптеріңе жаз.
V.Үйде деңгейлер бойынша қалаған тапсырмаларын орындау.
2-Сабақ
КӨКТЕМ
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй жұмысын тексеру.
III.Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін молайту. Әр-түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін бекіту.
2.Дамытушылық: Жыл мезгілі тақырыбында сөйлесу дағдысын қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
4.Көрнекілік: электрондық оқулық, интерактивті тақта.
5.Тәсілдері: Салыстыру, толықтыру, маңызды белгілерін анықтау,талдау тәсілі
IV.Жаңа сабақ.
1.Кіріспе сөз. Көктем айлары наурыз, сәуір, мамыр туралы өлеңді мұғалім мәнерлеп оқып береді.
2. Мақалды оқып, түсіндіру.
Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
3.Сөздікпен жұмыс.
Гүлдеді – зацвели
Келе бастады – начали прилетать
Құстың ұясы – скворечник
Қатты – сильно
Орнатты – прикрепил
Қуанды – радовался
Мәтінді оқытып, аудару.
Көктем келді. Ағаштар гүлдеді. Жыл құстары келе бастады. Алмас қараторғайға ұя жасады. Оны ағашқа орнатты. Ұяға бір қараторғай келіп кірді. Алмас өте қуанды.
Сұрақ-жауап.
1.Неше жыл мезгілі бар?
2.Бір жылда неше ай бар?
3.Бір айда неше күн бар?
4.Бір айда неше апта бар?
5.Бір аптада неше күн бар?
6.Бір тәулікте неще сағат бар?
3.Мәтінді оқытып, салыстыру, толықтыру(электрондық оқулық, IV модуль)
4.Көктемнің маңызды белгілерін анықтау, бас ерекшеліктерін ажырату.
Деңгейлік тапсырмалар: (оқулық)
1.Сөздікпен таныс.
2.Суретке қара.
3. 1- тапсырмадағы «Наурыз» атты өлеңді оқы.
1-тапсырмадағы көктем айлары туралы өлеңдерді оқы, ұнаған біреуін жаттап ал.
2-тапсырмадағы мәтінді түсініп оқы.
3-тапсырмадағы сұрақтарды оқып, ауызша жауап бер.
1-тапсырмадағы көктем айлары туралы өлеңдерді оқып, жаттап ал.
2-тапсырмадағы мәтінді оқып орыс тіліне аудар.
3-тапсырмадағы төрт сұраққа жауап жаз.
Үйге тапсырма:Деңгейлік тапсырмалар бойынша дайындалу
3-сабақ
ЖАЗ
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын тексеру, өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою.
III.Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Жыл мезгілінің жаз айлары туралы толық мәлімет беру, өткен сабақтарда алған білімдерін бекіту.
2.Дамытушылық: Оқушыларға жан-жақты білім беру. Қисынды ойлау қабілетін күшейту.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды жыл мезгілінің әр уақытын сүйіп, қадірлеуге шақыру.
4.Көрнекілік: электрондық оқулық, интерактивті тақта.
IV.Жаңа сабақ (оқулық)
1.Жаз айлары туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып беру.
2.Сөздікпен жұмыс(электрондық оқулық, сөздік, тапсырмалар).Мұғалім жаңа сөздермен таныстырады, оқушылар қайталайды.
Сөз тіркестерін құрастырып, бекітеді.
Жыл мезгілі - время года
Демалады – отдыхают
Шомылады – купаются
Күнге күйеді – загорают
3.Мәтінді оқытып, аудару.
Жаз – ең ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда балалар демалады. Олар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьне барады. Жазда балалар суға шомылады, күнге күйеді. Балалар жазды өте жақсы көреді.
4.Электрондық оқулық, оқылым, салыстыру, толықтыру, сызба жасау, оқығанын түсінгенін тексеру
5.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.
Жылдың төрт мезгілі бар: ... , ... , ... , ... .
Жылда он екі ай бар: ... , ... , ... , ... , ... , ... , ... , ... , ... , ... , ... , ... .
... ... ... – жаз айлары.
Ең ыстық мезгіл - ... .
... ... жемістер, көкөністер піседі.
V. Нәтижені тексеру: электрондық оқулық, тапсырмалар, тест.
VI. Үйге тапсырма: 1.Жаз туралы өлеңдерді тауып, жаттау.
2.Мәтінді әңгімелеу.
3.Сюжет бойынша сурет салу.
Молодежный орта мектебі
3-сынып
Мұғалімі: Заденова.Т.С.
III модуль
Л е к с и к а л ы қ т а қ ы р ы п : Менің үйім.
Г р а м м а т и к а л ы қ т а қ ы р ы п : Зат есімнің тәуелдік жалғаулары.
Нені үйренуі қажет?
Зат есімнің тәуелдік жалғауларын сөйлеу барысында дұрыс қолдана білуге үйрену.
Лексикалық тақырыппен грамматикалық тақырыпты байланыстыра білуге үйрену.
Нені білуі керек?
«Менің үйім» тақырыбы бойынша сөйлей білу.
Модуль бойынша өтілетін грамматикалық тақырыпты меңгеру.
Сауатты оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру.
Кіріспе бөлімі
1-сабақ
Л е к с и к а л ы қ т а қ ы р ы п: Менің үйім
Г р а м м а т и к а л ы қ т а қ ы р ы п: Зат есімнің тәуелдік жалғаулары.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Модульдің құрылымын түсіндіру.
III.Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.
1.Білімділік: Оқушыларды сөйлеу барысында тәуелдік жалғауларды дұрыс қолдана білуге үйрету.
2.Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік: Бір-біріне деген адамгершілік қарым-қатынасты қалыптастыру .
Көрнекілігі: электрондық оқулық II модуль, интерактивті тақта, кестелер.
Тәсілдері:
Оқығанын түсінгенін тексеру
Бөлікпен бөліп оқыту
Таныс емес сөздерді белгілеу
Сызбаны талдау
IV.Грамматикалық тақырып. (электрондық оқулық, түсініктеме, 1,2 тапсырма)
Көрнекілік бойынша зат есімнің тәуелдік жалғауларымен таныстыру I , II , III жақ формаларында қандай жалғаулардың жалғанатынын оқушылардың санасына түсінікті етіп жеткізу мақсатында тапсырмалар жасау. (интерактивті тақта, 1,2 тапсырма)Берілген үлгі бойынша тапсырмалар орындату. Аударма жұмысын грамматикалық тақырыпты пысықтау мақсатында жүргізу.
Ү л г і э т а л о н ы
I.Менің дәптер- ім Менің қалам - ым
II.Сенің дәптер - ің Сенің қалам – ың
Сіздің дәптер- іңіз Сіздің қалам - ыңыз
III.Оның дәптер - і Оның қалам - ы
|
V.Лексикалық тақырып.(электрондық оқулық, сөздікпен жұмыс)
Менің үйім
1.Мұғалім мәнерлеп оқиды.
2.Мәтін мазмұнын түсіндіреді.
3.Сұрақ-жауап жасайды.
4.Өз бетімен жұмыс жасауға тапсырма береді.
5.Электрондық оқулық, түсініктеме, 1,2,3 тапсырма.
VI.Бекіту:
Деңгейлік тапсырмалар. Үш топқа тапсырмалар беру.
Сөз тіркесін жасау Сұрақ қою Сөйлем құрау
VII.Үйге тапсырма. Өз үйі туралы шағын әңгіме жазып келу, өлеңді жаттап алу.
Сөйлесу бөлімі
Сабақ
Л е к с и к а л ы қ т а қ ы р ы п : Менің үйім
Г р а м м а т и к а л ы қ т а қ ы р ы п : Зат есімнің тәуелдік жалғаулары.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын тексеру
III.Сабақтың мақсатын, барысын айту.
1.Білімділік: Модульдің кіріспе бөлігінде алған білімдерін жаттығулар арқылы пысықтау.
2.Дамытушылық: мәтіннен, жаттығудан ең негізгісін таба білу, сауатты жазу, өз бетімен жұмыс істеу, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік: Өзі тұрған өлкесіне, жеріне, ауласына, үйіне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, аялап, қадірлеу жолдарын әңгімелеу.
Көрнекілік: Электрондық оқулық, II модуль, интерактивті тақта)
Тәсілдері:
Салыстыру, толықтыру
Анализ жасау
Білімді бақылау тәсілі.
Сөздікпен жұмыс.(Электрондық оқулық, сөздік)
Жаңа – новый (-ая, -ое)
Ескі – старый (-ая, -ое)
Жарық – светлый (-ая, -ое)
Алдық – получили
Жудым – помыл (-а)
Сүрттім – вытер (-а)
Сырлады – красил (-а)
Жаңа сөздерді оқушыларға жұппен оқыту. Еске сақтау қабілетін тексеру.
IV.Лексикалық тақырып (электрондық оқулық, тыңдалым)
1.Оқушыларға мәтін бөліктерін кезекпен оқыту.
2.Жұппен аударма жұмысын жасау.
3.Топпен сұрақ-жауап жұмысын жасау.
-
Ү л г і э т а л о н ы
Наш дом расположен на улице Курмангазы. Дом пятиэтажный. Наша квартира на третьем этаже. Квартира четырехкомнатная. Моя комната просторная и светлая. ...
|
V.Ұжымдық тапсырма.
Сұрақ-жауап.
1.Біз қандай пәтер алдық?
2.Пәтер нешінші қабатта?
3.Үй қай көшеде?
VI.Деңгейлік тапсырмалар. Үш топқа грамматикалық тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру.
VII.Нәтижені тексеру (интерактивті тақта, электрондық оқулық, тапсырмалар, тест)
VIII. Үйге тапсырма: «Менің үйім» әңгімелеу, тәуелдік жалғауларды қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |