1 Оқытушылар:
Мухамбедьярова Алтынай Тулеуовна – с.ғ.д., профессор
АЭжБУ Д.108 каб.
Байланыс тел: 8(727)292-04-66, altushadan_70@mail.ru
Утегалиева Алмажан Джусуповна – т.ғ.к., доцент
АЭжБУ Д.108 каб.
Байланыс тел: 8(727)292-04-66,
almazhan@gmail.com
Бисенова Алия Закиржановна – с.ғ.к., аға оқытушы
АЭжБУ Д.108 каб.
Байланыс тел: 8(727)292-04-66,
abissenova1972@mail.ru
Әбдіқалық Айнұр Әбдіқалыққызы - с.ғ.к., аға оқытушы
АЭжБУ Д.108 каб.
Байланыс тел: 8(727)292-04-66,
aina_09-1981@mail.ru
Касиенова Куляш Магзумовна - аға оқытушы
АЭжБУ Д.108 каб.
Байланыс тел: 8 (727)292-04-66, fv@aipet.kz
2 Аудиториялық сабақтардың жүргізілу уақыты және орны сабақ
кестінде көрсетілген СОӨЖ консультация кестесі Ғарыштық инженерия
және телекоммуникациялар институты (Д.309) және рухани және дене тәрбиесі
кафедрасының (Д.108) ақпарат тақталарында көрсетілген.
3. Оқу пәнінің сипаттамасы
3.1
Пәннің мақсаты – студенттерге қоғамның, саяси және құқықтық
институттардың даму заңдылықтары мен олардың қызмет ету механизмдері
туралы объективті және жүйеленген білім беру; әлемдік саяси жүйе мен
елдердің саяси дамуының негізгі тенденцияларын анықтау; саяси және
құқықтық
мәдениетке
пен
қазақстандық
патриотизмге
деген
кең
дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру.
3.2 Пәннің мақсаты –
«Қоғамның саяси-құқықтық және әлеуметтік-
рухани негіздері» арнайы курсын
оқитын студенттер кең дүниетанымды,
білімді, ғылыми талдау әдістерін меңгерумен қатар, қоғам мен мемлекеттің
даму болашағына болжам жасай алатындай өткендегі және бүгінгі
құбылыстар мен үрдістерді шығармашылықпен зерттеуге дағылануы қажет:
- пән туралы, ғылыми-зерттеу әдістері, дамудың басты бағыттары туралы
негізгі ғылыми білімді қалыптастыру;
-студент
жастардың
обьективті
және
ғылыми
дүниетанымын
қалыптастыру;
- саяси-құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыру;
-
Қазақстан Республикасындағы және әлемдегі саяси процестердің даму
ерекшеліктерін талдап, саяси шындыққа бағдарлануды дамыту .
- құбылыстар мен проблемаларды түсіну және оларды шешу жолдарын
іздестіруде өзіндік көзқарастар , сараптамалау мен сыни ойлауды дамыту;
-
өзіндік азаматтық позициясын қалыптастырып, қазақстандық
патриотизмге тәрбиелеу;
- жоғары рухани адамгершілік және гуманистік құндылықтарды
қалыптастыру
3.3
Пәннің сипаттамасы
-
«Қоғамның саяси-құқықтық және әлеуметтік-
рухани негіздері» арнайы курсы бірінші курс студенттеріне 4 кредит көлемінде
оқытылады. (жалпы көлем - 180 с., оның ішінде 30 с. – дәріс, 30 с.- семинар
және 120 сағат студенттердің өзіндік жұмыстары).
Арнайы курсты оқыту барысында, саясат, билік, саяси режим, саяси жүйе,
заңның үстемдігі, тұлға мен қоғам, қоғам құрылымы, азаматтық қоғам,
мәдениет, ғылым, білім, дін, олардың қарым-қатынасы және т.б. сияқты қазіргі
заманғы қоғамның жұмыс істеу принциптері мен тетіктерінің негізгі ұғымдары
айқындалады.
Студенттер саясаттың рөлі мен функцияларын, қазіргі заманғы қоғамдағы
және әлемдегі мемлекет пен құқық институттарын түсінуі қажет. Сондай-ақ,
күрделі әлеуметтік құрылымды, әлеуметтік институттардың рөлін, адам мен
қоғам арасындағы қарым-қатынасты, адамгершілік пен заңдылықты,
адамгершілік және рухани құндылықтарды қоғамның жетістіктерінің негізі
ретінде түсіну қажет.
«Қоғамның саяси-құқықтық және әлеуметтік-рухани негіздері» арнайы
курсын аяқталғанда студентің төмендегідей түсінігі қалыптасуы қажет:
- азаматтық қоғамдағы саясат, билік, саяси режим, демократия жәе сайлау
мен сайлау жүйесі туралы;
- ҚР негізгі құқықтық салалары, құқықтың функциялары мен оның қоғам
өміріндегі рөлі және құқықтық мемлекет турлы;
- қоғамның құрылымы, әлеуметтік интитуттар, адамның қоғамдағы орны
мен рөлі туралы;
- дін, діннің қоғам өміріндегі рөлі мен оның функциялары туралы;
- әлемдегі саяси процесстер мен негізгі даму тенденциялар, ҚР
халықаралық аренадағы орны мен рөлі туралы;
Пәнді оқыту нәтижесінде студент білуі қажет:
- саяси-құқықтық ой-пікірлердің дамуының негізгі тарихи кезеңдері;
- саясат, құқық және әлеуметтанудың негізгі теориялары;
- ҚР саяси жүйесі, ҚР Конституциясы және әлеуметтік институттар;
- елдегі және әлемдегі саяси процестердің мәні, мемлекеттің, саяси
партиялардың және қоғамдық қозғалыстардың, бұқаралық ақпарат
құралдарының рөлі;
- қазіргі қазақстандық қоғам саяси және әлеуметтік өлшемде;
- тұлғаның қоғамдағы рөлін анықтау;
- әлемдік діндердің негізгі ережелері;
- қоғам өміріндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың рөлі
Пәнді оқыту нәтижесінде студент меңгеруі керек:
-
саясат, құқық, дін және оның қоғамдағы рөлі туралы білімді жүйелеу;
-
қазіргі қоғамдағы болып жатқан құбылыстар мен процесстерді өз
бетінше талдау;
-
өзіндік азаматтық позициясын айқындап, қоғам алдындағы әлеуметтік
жауапкершілігін алып жүру;