Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»



жүктеу 264 Kb.
бет1/3
Дата28.01.2020
өлшемі264 Kb.
түріРегламент
  1   2   3




Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 339 қаулысы

Туризм, дене шынықтыру және

спорт саласында мемлекеттік

қызмет регламенттерін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745, «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981, «Туризм саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 тамыздағы № 1099 қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:




  1. Қоса беріліп отырған:

3) «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызметі регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс әкімі Б. Сапарбаев
Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2012 жылғы «29» желтоқсандағы

№ 339 қаулысымен

бекітілген

«Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) тізбесі, мекенжайлары мен байланыс деректері, осы стандартқа 1 қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - Орталықтар) арқылы көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 22-1-бабы, 23-1 бабы 2 - тармағының 6) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысымен бекітілген «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 6864 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 бұйрығымен бекітілген дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесі, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесі, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 5306 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығымен бекітілген

спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесі негізінде көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз тасышышта 5 жыл мерзімге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзінді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік қызмет жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға және спорт төрешілеріне (бұдан әрі - алушылар) спорттық разрядтары мен біліктіліктерді ресми тану мақсатында көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне талаптар
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш беретін Орталықтардың орналасқан жері туралы ақпарат осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін мекен-жайлары мен байланыс деректері осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген жергілікті атқарушы органдарда күнде көрсетіледі.

Орталықта мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, еңбек заңнамасына сай, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Мобильді орталықтар құжаттар қабылдауды ХҚКО бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты бойы жүзеге асырады.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпарат алу тәртібі Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агентігінің www.mts.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде, жергілікті атқарушы органдардың стенділерінде орналастырылады, сондай-ақ нөмірлері осы регламенттің 1 және 2 қосымшасында көрсетілген телефондар арқылы берілуі мүмкін.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы жүгінген сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);

2) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

3) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.

8. Жергілікті атқарушы органдар аталған мемлекеттік қызмет көрсетуден Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

1) осы регламеттің 12-тармағында көрсетілген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса;

2) құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса;

3) спортшыға спорттық атақтарды беру құжаттарын тиісті норматив немесе талаптар орындалған сәттен бастап алты айдан асып кеткен мерзімде ұсынылса.

Орталықтың құжаттар қабылдаудан бас тартудың негіздемесі болып алушы осы регламенттің 12-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы болып табылады.

Құжаттар қабылдаудан бас тартқан кезде Орталықтың инспекторы алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.

Өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап, құжаттар толық ұсынылмаған не мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда алушыға екі күндік мерзімде беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін негіздеме жоқ.

9. Алушыдан мемлекеттік қызмет алу туралы өтініш қабылдаған сәттен бастап және мемлекеттік қызмет нәтижесін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі:

1) алушы Орталыққа өтініш және құжаттар береді;

2) Орталықтың инспекторы құжаттарды қабылдайды, тіркейді және жергілікті атқарушы органға жолдайды.

Орталықтан құжаттар пакетін жергілікті атқарушы органға жіберу мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың жылжуын бақылауға мүмкіндік беретін штрих-код сканерінің көмегімен тіркеледі;

3) жергілікті атқарушы органның маманы Орталықтың ақпарат жүйесінде тіркейді (жергілікті атқарушы органда жеке ақпарат жүйесі болмаған жағдайда), келіп түскен құжаттарды тіркейді және жергілікті атқарушы органның басшысына қарауға береді;

4) қарағаннан кейін жергілікті атқарушы органның басшысы жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысын белгілейді;

5) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттарды екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру бойынша жергілікті атқарушы органның комиссиясына (бұдан әрі – комиссия) қарауға береді;

6) комиссия ұсынылған құжаттарды қарауды жүзеге асырады және хаттамамен ресімделетін спорттық разряд немесе санат беру не спорттық разряд немесе санат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

7) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтың жобасын, бұйрықтан үзінді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды. Жергілікті атқарушы органның басшысына келісуге және қол қоюға бұйрықтың жобасын, бұйрықтан үзінді береді;

8) жергілікті атқарушы органның басшысы спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрыққа, бұйрықтан үзіндіге не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі дәлелді жауапқа қол қояды;

9) жергілікті атқарушы органның маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Орталықтың ақпарат жүйесінде тіркей отырып (жергілікті атқарушы органда жеке ақпарат жүйесі болмаған жағдайда) Орталыққа жолдайды.

Жергілікті атқарушы органнан дайын мемлекеттік қызмет нәтижесін қабылдаған кезде, Орталыққа түскен құжаттарды штрих-код сканердің көмегімен тіркейді;

10) Орталықтың инспекторы алған құжаттардың сапасын тексереді және қағаз тасығышта 5 жыл мерзімге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзінді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап береді.

10. Әр кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз санын бір қызметкер құрайды.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекет

(өзара іс-қимыл жасасу) тәртібінің сипаттамасы
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;

2) сұрау жасалған мемлекеттік қызмет түрі;


  1. қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

  2. құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

12. Алушы мемлекеттік қызмет алу үшін Орталыққа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) «бірінші жасөспірімдік разряд спортшысы», «екінші жасөспірімдік разряд спортшысы», «үшінші жасөспірімдік разряд спортшысы» спорттық разрядтарын беру бойынша:



осы регламентке 3 қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы ұсыным;

жарыстың атауы, оны өткізу мерзімі мен орны көрсетілген, жарыстың бас төрешісі мен бас хатшысы қол қойған хаттамадан үзінді;

осы спорт түрінен облыстық федерацияның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

осы регламентке 4 қосымшаға сәйкес жарыстардың бас төрешісі, бас хатшысы қол қойған бокс, күрес түрлері мен басқа да жекпе-жектердің нәтижелері туралы анықтамасы;

2) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) бойынша:

осы регламентке 5 қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

білімі туралы, біліктілігін арттыруы туралы құжаттардың көшірмелері;

еңбек кітапшасының немесе жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің көшірмесі немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағат анықтамасы;

бұдан бұрынғы біліктілік санатының берілуі туралы куәліктің көшірмесі;

осы регламентке 6 қосымшаға сәйкес жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы жөніндегі белгіленген нысандағы анықтама («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» санатын беруді қоспағанда);

осы спорт түрінен облыстық федерацияның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» біліктілік санатын беруді қоспағанда).

Мынадай құжаттардың мәліметтері:

алушы–жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат;

«Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы» санаттарын беру осы регламенттің 7 қосымшасына сәйкес дене шынықтыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдарына арналған біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;

3) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты әдіскер», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты әдіскер» санаттарын беру (және/немесе растау) бойынша:

осы регламентке 5 қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;



білімі туралы, біліктілігін арттыруы туралы құжаттардың көшірмелері;

еңбек кітапшасының немесе жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің көшірмесі немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағат анықтамасы;

бұдан бұрынғы санатты беру туралы куәліктің көшірмесі.

Мынадай құжаттардың мәліметтері:

алушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат;

«Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдіскер», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдіскер» санаттарын беру осы регламенттің 7 қосымшасына сәйкес дене шынықтыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдарына арналған біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;

4) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) бойынша:

осы регламенттің 5 қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;



білімі туралы, біліктілігін арттыруы туралы құжаттардың көшірмелері;

еңбек кітапшасының немесе жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің көшірмесі немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағат анықтамасы;

спорт түрінен республикалық федерацияның спортшының соңғы 2 жылдағы жетістіктері көрсетілген, санатын беру туралы мөрмен расталған қолдаухаты;

бұдан бұрынғы санатты беру туралы куәліктің көшірмесі.

Мынадай құжаттардың мәліметтері:

алушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат;

«Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру осы стандартқа 7 қосымшаға сәйкес дене шынықтыру ұйымдарының қызметкерлері лауазымдарына арналған біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;

5) «Спорт төрешісі» төреші санатын беру бойынша:

Қазақстан Республикасының спорттық жіктегішінің талаптарына сәйкес төрешілік тәжірибесін (курстар, семинарлардан өткенін) растайтын құжат.

Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мына құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ХФБ) - белгілі сатыдағы мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері қатысады:

1) Орталықтың инспекторы (ҚФБ 1);

2) жергілікті атқарушы органның маманы (ҚФБ 2);

3) жергілікті атқарушы органның басшысы (ҚФБ 3);

4) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы (ҚФБ 4);

5) комиссия (ХФБ 5).

14. Осы регламенттің 8 қосымшасында әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеті (рәсімі) дәйектілігінің және өзара іс-қимыл жасасуының мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.

15. Осы регламенттің 9 қосымшасында мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және


Жергілікті атқарушы органның маманы

Спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзінді көшірмесіне не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркеу және Орталыққа беру

(20 минут ішінде)


ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
16. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен жауапты болады.


«Екiншi және үшiншi разрядтар,

бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік

разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық

разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламентіне

1 қосымша



Шығыс Қазақстан облысының

жергілікті атқарушы органдарының мекенжайлары мен байланыс деректері



р/б



Жергілікті атқарушы органның атауы

Орналасқан мекенжайлары

Анықтама телефондары және электронды мекенжайлары

1

2

3

4

1.

«Өскемен қаласы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Өскемен қаласы,

Пермитин көшесі, 17-үй


тел.8 (7232) 241238,

e-mail: uprEconomika@

oskemen.Kz


2.

«Семей қаласы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Семей қаласы, Интернациональная көшесі,

8-үй


тел. 8(7222) 522763,

e-mail: http://akimsemey.gov. kz/



3.

«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Риддер қаласы,

Семенова көшесі, 19-үй


тел. 8(72336) 46285,

e-mail: http://ridder.gov.kz/




4.

«Курчатов қаласы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Курчатов қаласы,

Тәуелсіздік көшесі, 4-үй


тел. 8(72251) 23601,

e-mail: Kurchatov.vko.gov.kz




5.

«Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Абай ауданы,

Қарауыл ауылы,

Құнанбай көшесі, 5-үй




тел. 8(72252) 91660,

e-mail: http://abay.vko. gov. kz/kaz/



6.

«Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Абай бульвары, 14 үй




тел. 8(72237) 33032,

e-mail: http://ayagos.vko. gov. kz/ru/



7.

«Бесқарағай ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Сейфуллин көшесі, 144-үй




тел. (72236) 91164,

e-mail: Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки.




1

2

3

4

8.

«Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69-үй



тел. 8 (72351) 21557, e-mail: http://boroduliha.vko.

gov.kz/


9.

«Глубокое ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Глубокое ауданы, Глубокое кенті,

Попович көшесі, 11 а-үй


тел. 8 (72331) 21220, e-mail: http://glubokoe.gov.kz/

10.

«Жарма ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Жарма ауданы, Қалбатау ауылы,

Достық көшесі, 105-үй


тел. 8 (72347) 65667, e-mail: http://garma.vko.gov. kz/

11.

«Зайсан ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Зайсан ауданы,

Зайсан қаласы,

Жангелдин көшесі, 54-үй



тел. (72340) 21857, e-mail: Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки.. kz/

12.

«Зырян ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Зырян ауданы, Зырян қаласы,

Совет көшесі, 20-үй


тел. 8 (72335) 63344, e-mail: http://akimzyrian. gov.kz/ru/

13.

Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» ММ «Күршім ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Катонқарағай ауданы, Үлкен нарын ауылы,

Абылай хан көшесі, 102-үй


тел. 8 (72341) 29531, e-mail: http://katon-karagay.vko.gov.kz/kz/

14.

«Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Көкпекті ауданы,

Көкпекті ауылы,

Ш.Фахрутдинов көшесі,

44 а-үй


тел.8 (72348) 21283, e-mail: http://kokpekti.vko. gov.kz/ru/

15.

«Күршім ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Күршім ауданы, Күршім ауылы,

Ибежанов көшесі, 23-үй


тел.8 (72339) 22144, e-mail: http://kurchum.vko. gov.kz/

16.

«Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Тарбағатай ауданы,

Ақсуат ауылы,

Абылай хан көшесі, 13-үй




тел. 8 (72346) 22236, e-mail: http://tarbagatay.vko. Gov.kz/тел.

17.

«Ұлан ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Ұлан ауданы, Қ. Қайсенов кенті, 1-үй




тел. 8(72338) 27617, e-mail: Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки.

1

2

3

4

18.

«Үржар ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Үржар ауданы,

Үржар ауылы,

Абылай хан көшесі, 122-үй




тел. 8 (72230) 34863, e-mail: http://urzhar.vko.gov. kz/

19.

«Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ

Шығыс Қазақстан облысы,

Шемонаиха ауданы,

Шемонаиха қаласы,

Советтер көшесі, 59-үй



тел. 8 (72332) 31457, e-mail: economicshem@mail.kz

«Екiншi және үшiншi разрядтар,

бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік

разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта

деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы,

біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты

нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және

орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламентіне

2 қосымша



жүктеу 264 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша