Құрамы мен құрылымына байланыстылығы Мысалы; гипс Қолданылған әдебиеттер



жүктеу 33,5 Kb.
Дата04.01.2022
өлшемі33,5 Kb.
#36010
түріҚұрамы
материал


Жоспары:

1.Негізгі құрылыс материалдарының түрлері

2. Құрамы мен құрылымына байланыстылығы

3. Мысалы; гипс

4. Қолданылған  әдебиеттер

Құрылыс материалдары — үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:


  • табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);

  • органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар;

  • жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар);

  • ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);

  • металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.);

  • синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.).

Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады.

Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.) жасауға пайдаланылады. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді. Металдардан, негізінен, болат илемі құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады. Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жаңа керамикикалық “золокерам” материалдары жасалып, өндіріске енгізілді.[1]

Құрамы мен құрылымына байланыстылығы:

Құрылыс материалдарының қасиеттері олардың құрамы мен құрылымына байланысты. құрамдар химиялық, минералдық және фазалық болып бөлінеді. Материалдық химиялық, яғни химиялық элементтерден тұратын, құрамына қарай, оның отқа, микроорганизмдер әсеріне төзімділігін, механикалық және тағы басқа техникалық қасиеттерін жорамалдауга болады. Құрылыс материалдары ішінде көп тараған бейорганикалык байланыстырғыш заттардың және табиғи тас материалдардың химиялык кұрамы әдетте оксидтермен (тотықтармен) сипатталынады.



Минералдар негізгі және қышкыл тотықтардьң өзара байланысуынан түзіледі (күралады). Мысалы, портландцемент құрамында үш кальцийлі силикат - минерал 3СаО×SіO2 (қыскаша С3S) көбейсе (45-60%), оны құм және сумен араластырғанда цемент тез катаяды, оның  беріктілігі өседі.

Фазалық құрам қатты каңқа және ауамен, сумен толған саңылауларда түзіледі. Саңылаулар ішіндегі судың катты затқа (мұзга) айналуына байланысты материалдың қасиеттері өзгереді - аязға төзімділігі төмендейді, ал жылу өткізгіштігі өседі.

Көп құрылыс материалдарының құрылымы олардың бөлшектерінің (түйірлерінің) ірілігін, формасын өзара орналасуын, байланысуын көрсетеді. Құрылым үш дәрежеде анықталынады: 1) материалдың макроқұрылымы (құрылымдағы саңылаулардың мөлшері бір-екі мм) жәй көзбен көру аркылы; 2) микроқұрылымы 50-ден 2000 есеге дейін оптикалық микроскопта үлкейту арқылы және 3) материал құрайтын заттың ішкі құрылымы ондаган мың есе үлкейтіп көрсететін электрондық микроскопта және рентген сәулесімен зерттеу арқылы.

Катты құрылыс материалдарының, ұялы, ұсақ саңылаулы, талшықты, қабатты т.б. болуы мүмкін. Мұнда конгломератты (латынша жиналған, құрылған деген сөз) құрылым әртүрлі, мысалы, құмнан, малта (жұмыр) немесе жарықша (қиыршык) тастардан, осыларды байланыстыратын заттардан құралған құрылым-көбінесе бетондардың сан-алуан түрлеріне., ұялы құрылым макросаңылаулы газ және көбік бетондарга, ұялы пластмассаларға, ал ұсақ саңылаулы құрылым ерітіндігеға көп су қосу және оны күйдіргенде жанып кететін қосындылар қосу әдістерімен жасалған керамикалық материалдарға тән. Талшықты құрылым ағаш материалдарға, шыны мактадан жасалған бұйымдарға, қабатты құрылым қағазпластқа, текстолитке тән.

Материалдардың микроқұрылымы олардың бөлшектерінің мөлшерін, формасын, материал көлеміндегі санын (оптикалык микроскопта ауданның бір шаршы сантиметріне келетін бөлшек саны мен сипатталады) көрсетеді.

Материал түзетін заттардың ішкі құрылымы кристалл немесе аморф түрлі болады. Кейбір заттардың, мысалы, кварцтың ізі құрылымы осы екі түрде де кездеседі; кристалды түрі тұрақтырақ, өйткені ол әкпен қосылу үшін 175°С және 1МПа қысым кажет, ал аморфты түрінде кездесетін кварцтрепел кәдімгі температурада (20°С шамасында), ешқандай кысымсыз әкпен байланысып кристалл түрлі сулы силикат түзеді.

Гипс (грекше gypsos — бор, ок)



  • минерал — өз құрамына екі су молекуласын кіріктіретін кальций сульфаты;

  • негізінен гипс минералынан тұратын тұнба (шөгінді) таужыныс;

  • ғаныш – сульфаттар класының минералы. Химиялық формуласы CaSO4Һ2H2O. Моноклиндік сингонияда кристалданады.[2]

Гипстің жеке кристалдары қалақша, баған, призма пішінді, ал минерал агрегаттары ұсақ түйіршік (алебастр) немесе талшық (селенит) масса түрінде кездеседі. Гипс ақ, мөлдір кейде қоспаларына байланысты түрлі түсті, шыныша жылтыр; қаттылығы 1,5, меншікті салмағы 2,3 г/см3, балқу температурасы 32 – 410С. Құрғап келе жатқан тұзды көл мен теңіздерде шөгеді, басқа сульфаттармен бірге мұнай жәнекүкірт кендерінде түзіледі, шөгінділер арасында ангидриттің гидратталуынан тұз кендерінің бұзылу-тозу қабаттарында суға ерімейтін үгінді түрінде шоғырланады. Гипс құрылыста, хирургияда, металлургияда, қағаз, бояу, цемент өнеркәсібінде, мүсін өнерінде, оптикада және ауыл шаруашылығында (тыңайтқыш) қолданылады. Гипстің ірі кен орындары Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы (Үлкен Бұғыты, Кіші Бұғыты) облыстарында бар.

Кристалдық сырт бейнесі көбінесе таблетка формалас жұқа келеді, кейде призма түрінде болады. Гипстің «қарлығаш құйрық» деген қоспақтары жиі кездеседі. Гипстің жеке кристалы мен қоспағы . Агрегаттары қуыстар ішінде топталып өскен друзалар құрайды. Сонымен қатар оныц майда кристалды тыгыз түрлері болады (алебастр). Тастың жарықтарында шаншылып салаланып өскен талшық ты гипстер де болады. Талшықты гипс көбінесе жібекше құлпырған әдемі келеді.



  • Жаратылысы: Гипс әр түрлі табиғат жағдайында:

  1. тұзды көлдердіц шөгінділерінде;

  1. ангидриттід гидратация қ ұбылысында жыныстардағы судың әсерінен; 

  2. тұз және сульфид кендерінің үстіңгі үгілу зонасында қалдық минерал ретінде пайда болады;

4.гипс гидратермалық желілерде сирек кездеседі;

5.ол вулканды аймақтарда, әсіресе бу мен газдар атқылаған ыстық арасан көздер (фумаролалар) маңында кездеседі.

Гипс өте бағалы құрылыс материалы болып табылады. Ол түрлі көркемдік, скульптуралық ендірісте қолдапылады.


  • Кендері. Гипс біздің елімізде Батыс Уралда, Башқ ұрт, Татар

Қолданылған  әдебиеттер

1.Попов Л.Н., Попов Н.Л. Строительные материалы.- М.: Стройиздат, 2004;

2.Домокеев А.Г. Строительные материалы. -М.:"Высшая школа, 1989;

3.Махмудов X., Мұсабаев Г.  Казақша-орысша    сөздік.    Алматы, КЭС бас редакциясы,  І988 (2-басылымы),  1988 (3-басылымы).



 
жүктеу 33,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау