EGA
(Enhanced Graphic Adapter) —
максималды ажыратымдылығы 640 х
480 пиксель түсті графикалық бейнеадаптер.
ЕРР
(Enhanced Parallel Port) — бір немесе екі бағытты пайдалануға
мүмкіндігі бар жақсартылған параллельді порт.
EPROM
(Erasable Programmable Read Only Memory) — бағдарламалау
жады микросхемасы.
EISA
(Extended Industry Standard Architecture) — ISA шиналардың
кеңейтілген өнеркəсіпті стандарт архитектурасы.
FAT
(Files Allocation Table) — файлдық жүйе, қатқыл дискіде файлдар мен
папкаларды реттеу жəне сақтау тəсілі.
Fax modem
— факс-модем. Телефакс жəне модемді байланыстың ішкі
жəне сыртқы шеткері құрылғылары.
FDD
(Floppy Disk Drive) — флоппи-дисковод, иілгіш дискілер дисководы.
Flash EPROM
— энергиядан тəуелсіз жады, жазылған ақпаратты
ұзақмерзімде сақтау қабілеті бар тұрақты қайта бағдарламалау жасалатын
сақтау құрылғысы.
Hardware
— аппараттық қамтамасыз етуді білдіретін термин, яғни
компьютер жүйесінің «темірі». Әдетте software терминімен байланыста
қолданылады.
HDD
(Hard Disk Drive) — қатқыл диск, винчестер, ақпаратты тұрақты
сақтауға арналған құрылғы, компьютердің сөнуінен кейін де жоғалмайды,
қатқыл дискінің магнитті қабаты.
IDE
(Imbedded Drive Electronics) — жинақтауыш интерфейстің (CD-ROM
қатқыл дискілері) жəне деректер ағынын енгізу үшін кейбір сыртқы
құрылғылар (мысалы сканер) атауы.
Ink jet
— бүріккіш (принтер).
Interface
— интерфейс, делдал, сигналдардың стандартталған жүйесі жəне
компьютер құрамына кіретін ақпараттық құрылғылар арасында, сондай-ақ
компьютер мен пайдаланушылар арасында алмасуға арналған ақпаратты
ұсыну тəсілі.
IRQ
(Interrupt Request) — тоқтату, компьютер құрылғысына қосылғандар
арасында сигналды беруге арналған арнайы байланыс каналы.
ISA
(Industrial
Standard
Architecture)
— өнеркəсіптік стандарт
архитектурасы.
Түрлі
буындағы
дербес
компьютерлерге
кеңінен
қолданылатын жүйелік шина стандартының атауы.
LAN
(Local Area Network) — жергілікті есептеуіш желі, ЖЕЖ.
Laptop
— «тізелі» шағын компьютер.
LCD
(Liquil Crystal Display) — сұйықкристалды дисплей.
Local bus
— жергілікті шина.
LPT-port
(Line Printer Port) — «параллельді порт». Принтерлер, сканерлер,
үлкен сыйымдылықты сыртқы дискжетекті қосуға арналған компьютер
корпусының артқы панеліндегі ажыратқыш.
MIDI
—синтезделген дыбыс форматы, дауыс шығаратын құрылғыға
(дыбыс картасы) тататуға нақты емес цифрлы дауыс түрін емес, берілген
жиілікте жəне берілген аспаптық ұзындықта дыбысты шығаруға команда беру
жүйесі қарастырады, сондай-ақ MIDI термині MIDI-əуені — MIDI-
пернетақтасы, MIDI-порт жəне т.б. мамандандырылған құрылғыларға қатысты
пайдаланады.
344