Оқулық «Желілік және жүйелік әкімшілендіру»



жүктеу 7,08 Mb.
Pdf просмотр
бет102/107
Дата14.11.2018
өлшемі7,08 Mb.
#20212
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107

 
 
 
Жоғары сапа жəне ыңғайлы технологиясы арқасында ақпаратты 
техникалық  құралдардың  ризографты  кешені  ақпаратты  қатқыл 
тасымалдағышта  –  визит  карточкасынан,  жарнамалық  проспект 
бланктарынан жəне техникалық құжаттамалардан бастап, журналды 
мерзімділік, брошюра мен кітаптар жасауға дейін жəне тираждауға 
мүмкіндік береді. 
Ресей  нарығында  ризографтар  Riso,  Duplo  жыне  Ricoh 
брендтарымен ұсынылған. 
 
 
 
9.2. 
ҚҰЖАТТАРДЫ ЖОЙҒЫШ - ШРЕДЕРЛЕР 
 
Шредерлер (to shred
— ұсақтау, кескілеу) — құжаттарды жоюға 
арналған құрылғы. 
 
330 


Қатқыл 
тасымалдағыштардағы 
құжаттарда 
сақталатын 
ақпараттар  жиі  құпиялық  маңызды  болып  келеді.  Осыған 
байланысты  көптеген  байсалды  ұйымдар  электронды  түрдегі, 
сондай-ақ  қағазда  жасалған  жəне  басқа  тасымалдағыштардағы 
(микрофильмдер,  магнитті  лента  жəне  т.б.)  ақпаратты  қорғау  жəне 
қызмет  материалдарымен  айналысу  тəртібі  туралы  нұсқаулықпен 
жұмыс  істейді.  Бұл  ретте,  үлкен  құжатайналымы  ұйымдарында 
қатқыл  тасымалдағыштағы  кұжаттар  түріндегі  құжатайналымының 
шығынын жою проблемасы өткір мазалайды. 
Құжатты  жоюдың  негізгі  үш  тəсілі  бар:  химиялық,  термалық 
жəне  механикалық.  Бірінші  екеуі  белгілі  қолайсыздықтар  мен 
қосымша  қаржы  шығындарын алып  келеді:  бөлек  үй-жайды  ұстап- 
күту,  ауаны  фильтрациялау  мен  желдетудің  арнайы  жүйелерімен 
жабдықтау, өртке қарсы қауіпсіздік, арнайы дайындалған персонал, 
арнайы  киім.  Осылардың  барлығына  байланысты,  шредермен  іске 
асырылатын,  ең  қолайлы  механикалық  принципі  «құжаттарды 
майдалап кескілеу» кеңінен таралған. 
Дербес  шредерлер  қағазды  жою  үшін  азкөлемді  кəрзеңкемен 
немесе  кəрзеңкесіз  орындалады.  Соңғы  жағдайда,  осы  аппаратты 
жойылған  материалдар  түсе  алатын,  түрлі  кəрзеңкелермен  немесе 
контейнермен  пайдалануға  болады.  Дербес  шредерлердің  сервисті 
функциялары əдетте механикалық немесе электронды датчиктердің, 
жұмыс 
режимдерінің 
жарық 
индикациясы 
мен 
пышақ 
айналымының  реверстері  негізінде  автоматты  қосу/тоқтаумен 
жасалады.  Дербес  шредерлердің  түрлі  модельдері  екінші  –  бесінші 
деңгейдегі  құпиялық  құжаттарды  90  мм/с  жылдамдықпен  жоюға 
мүмкіндік  береді  жəне  жойылатын  материалдарды  жинау  үшін 
сыйымдылығы 16 ... 29 л. кəрзеңкемен жабдықтайды. 
Кеңсе  шредерлері  түйреуіштері  бар  құжаттарды  жоюға 
мүмкіндік  береді,  жəне  бірінші  категориялы  кешкіш  механизмді 
пайдалану  есебінен  пластикті  карталарды, CD-дисктерді  жою  үшін 
пайдалана алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
331 


Осы  шредерлердің  жабық  корпусы  жойылған  құжаттар  үшін 
контейнерге  рұқсат  ашатын  есігі  бар.  Корпус  дөңгелекшелермен 
жылжиды.  Кеңсе  шредерлердің  қосымша  сервисті  функцияларына 
есік  жабылмаған  кезде  қосылу  автоматты  түрде  блокталады.  Кеңсе 
шредерлердің  екінші  –бесінші  деңгейдегі  құриялық  модельдерінің 
өнімділігі  260  мм/с  дейін  жəне  кəрзеңке  сыйымдылығы  300  л. 
болып келеді. 
Өнеркәсіпте  қолдану  шредерлері  үлкен  ұйымдарда 
құжаттарды  ортадан  жоюға  арналған.  Өнімділігі  мен  қуатталығы 
өте  жоғары,  ішкі  ленталық  тасымалдауышпен  жабдықталған. 
Жұмыс  процессінде  арнайы  жабдықталған  бақылау  органдары  мен 
датчиктер  есебінен  барлық  операциялар  қауіпсіз  орындалады.  Осы 
сериядағы  жойғыш  басқарудың  сенсорлы  панеліне  ие,  контейнер 
толғанда  немесе  шығарылған  кезінде,  қағаздың  тұрып  қалу 
жағдайларында  автоматты  өшеді  жəне  жұмыс  режимінің  жарықты 
индикациясы бар. Кешкіш механизмінің жоғары сапасы құжаттарды 
бумалармен,  ал  басқа  жеке  модельдері  болатты  доға-бекіткішпен 
пышақтардың  мұқалусыз  «корона»  типті  тезтікпелермен  бірге 
жоюға  мүмкіндік  береді.  өнеркəсіпте  қолдану  шредерлердің  кейбір 
модельдерінің өнімділігі — 354 мм/с, ал кəрзеңге сыйымдылығы — 
340 л. 
Ресей нарығында Rexel, Burlos, Kobra, Geha фирмаларының 
шредерлері аса танымал. 
 
 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
 
1.  Электрографиялық көшірудің негізгі кезеңдерін атаңыз жəне 
олардың мазмұндарын ашып айтыңыз. 
2. 
Электрографиялық аппараттың құрамындағы негізгі тораптар 
қандай?
 
3. 
Электрографиялық 
аппараттағы 
кототрондар 
қандай 
функцияларды атқарады?
 
4. 
Электрографиялық көшіру кезінде қағазға тонердің бекітілуі 
қандай процесстермен жүргізіледі?
 
5. 
Цифрлы электрографиялық аппарат аналогтыдан ерекшелігі 
қандай?
 
6. 
Электрографиялық көшіру аппаратын таңдау кезінде қандай 
факторларды назарға алған жөн?
 
 
 
332 


7. 
Термографиялық, фотографиялық жəне электрұшқынды 
көшіру негізіне қандай физикалық құбылыстар жатады? 
8. 
Ризограф арқылы алған көшірмелердің реттілігін анықтаңыз. 
9. 
Ризографтың негізгі құрылмалық тораптарын атаңыз. 
10. 
Дербес, кеңсе жəне өнеркəсіптік шредерлер қандай құрылмалы 
ерекшеліктерге ие? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
333 


жүктеу 7,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау