ОңТҮстік қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы



жүктеу 42,5 Kb.
Дата21.11.2018
өлшемі42,5 Kb.



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ


Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалары мен мемлекеттік бағдарламалары аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашада қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабы 5 тармағына сәйкес, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдауы хабарланған хат жолданып, орындалуы Басқармамен қатаң бақылауға алынған (әр тоқсан сайын).

Сонымен қатар, басқармаға қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері  министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №16 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 17 тармағына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектілері жарты жыл сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 1-не дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін есептік кезеңде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау туралы, олардың нәтижелері және оларды жою бойынша қабылданған (қабылданып жатқан) шаралар туралы ақпараттары қаралып, тиісті талдау жасалынып отырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда, олардың шеңберінде сыбайлас жемқорлық көріністері пайда болуының себептері мен жағдайларын жою жөніндегі нақты шаралар қабылдануда. Басқармада және оған қарасты ведомствалық ұйымында бұл жөнінде қатаң түрде жұмыстар жүргізілуде.

2016 жылғы 22 сәуірінде басқарманың қызметшілеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптары сақталуына түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Сыбайлас жемқорлық бойынша бейне ролик әзірленіп, әлеуметтік желілерде жариялануда. Сонымен қатар, 2016 жылғы 18 наурызында Шымкент қаласында «Сыбайлас жемқорлықтың» алдын алу мақсатында түрлі санаттағы жастармен кездесулер өткізіліп, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы арқылы материалдар жария етілді. Басқарманың сенім телефоны жұмыс істеп тұр.

      Жастар саясаты саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мекеменің өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіру мақсатында, Басқарма жұмыс берушісі болып танылған қызметкерлердің жеке еңбек дауларын қараушы келісу комиссиясы бекітілді. Ол бойынша мекемедегі кез-келген еңбек даулары бірінші кезекте сол мекемеде құрылған келісу комиссиясында қаралады.

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын заң бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында Басқармаға қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не хат жолданып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты, жастар саясаты қызметіне зерделеу жұмыстары жүргізіліп отырады.

Жалпы, аталған зерделеу жұмыстарының қорытындысына сәйкес, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты арыз шағымдар түспеген, заң бұзушылықтар анықталмады, сондай-ақ, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ.

Осыдан бөлек, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, Басқармаға қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы өзіне аталған заңда көзделген шектеулерді қабылдаған.



Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, жастар саясаты саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты биылғы жылдың өзінде облыс әкімдігі, тиісті сала басқармалары және жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен жиын өткізіліп, Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басшылығы және кадр қызметкерлері, басқармаға қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен бірлесе түрлі тақырыптарда құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, сыбайластық көріністеріне қарсы тұру және алдын алу шаралары кеңінен талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табады.
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі
pages -> Конкурс жариялайды: «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
pages -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г
pages -> Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау Комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология Департаменті, 20008, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №150 үй
pages -> Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау Комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология Департаменті, 20008, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №150 үй

жүктеу 42,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша