М-11. Физика. Күні



жүктеу 36,6 Kb.
Дата16.01.2022
өлшемі36,6 Kb.
#32958
М-11. физика.

М-11. Физика.

Күні: 17.09.2020.


Тақырыбы: Динамика.


Классикалық механиканың заңдары Табиғаттағы күштері
Ньютонның бірінші заңы:

Егер денеге басқа денелер әсер етпесе немесе басқа денелердің әсері теңгерілсе, дене таңдап алынған санақ жүйесінде тыныштығын немесе бір-қалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды.

Бұл заңды алғаш рет зерттеген Итальян ғалымы Г.Галилей болды : Бұл заң инерция заңы деп аталады.

Инерция-сыртқы күштердің әсері теңгерілсе, дене тыныштығының немесе бір қалыпты түзу сызықты қозғалысының сақталуы. Инерция күнделікті тұрмыста көп кездеседі.

Мысалы: Автобус удеумен қозғалғанда (жылдамдығы өзгергенде) жолаушының алға немесе артқа ығысуы.



Инерттілік- барлық денелерге тән қасиет, басқа денелердің әсерінен, дененің жылдамдығын белгілі шамаға дейін өзгерту үшін уақыт қажет. Уақыт көп болған сайын, дененің инерттілігі көп болады.

Мысалы: Жеңіл және ауыр автомобильдің жылдамдықтарының өзгерісін алатын болсақ, ауыр автомобиль жылдамдығын өзгерту үшін, жеңіл автомобильмен салыстырғанда көп уақыт қажет. Демек ауыр автомобильдің инерттілігі көп деп есептелінеді.



Инерциалды санақ жүйесі-Ньютон заңдары орындалатын санақ жүйесі.(кеңістік пен уақыт симметриялық болады: кеңістік және уақыт- біртекті.) Инерциалды санақ жүйесіне кез –келген денені алуға болады. Біз көбіне қозғалысты Жермен салыстырып қарастырамыз.

( Галилейдің салыстырмалы принціпі: Алғашқы шарттары бірдей болғанда, барлық механикалық құбылыстар бірдей өтетін санақ жүйелері.)



Масса-дененің инерттілік қасиетінің өлшемі.

Мысалы: массалары m1 және m2 екі дене әсерлессе, әсерлесу кезіндегі жылдамдық өзгерісінің қатынасы, массаларының кері қатынасына тең болады. (1)

Осыдан дененің жылдамдығын белгілі мәнге өзгерту үшін уақыт қажет. Уақыт- дененің “инерттілігін” анықтайды.

Күш-денелердің сандық әсерлесу өлшемі. ( бір дененің екінші денеге әсер ету өлшемі)

Ньютонның екінші заңы: Денеге әсер етуші күш, дененің массасы мен осы күштің әсерінен алған үдеудің көбейтіндісіне тең. Кұштің бағыты мен үдеудің бағыты әруақытта сәйкес.

(2). Өлшемі (Н=кг*м/с2)

Күш векторлық шама. Денеге бірнеше күш әсер етсе, денеге әсер етуші күштердің геометриялық қосындысына тең шаманы- тең әсерлі күш деп атайды.



күштердің әсері, бір-біріне тәуелсіз, күштердің осы қасиетін суперпозитивті прицип деп атайды.

Тең әсерлі күштің модулі:

(3) (егер кеңістікте болса, онда үшінші Fz прокцияны да ендіреміз)

( екі вектордың арасында бұрыш болса, қорытынды күштің модулін ,α екі вектор арасындағы бұрыш.сурет 1





Ньютонның үшінші заңы: денелер бір-бірімен модульдары бірдей, бағыттары қарама-қарсы күшпен әсерлеседі. (3)

Ньютонның үшінші заңы- денелердің әсері бір жақты емес, күштер жұбымен пайда болатындығын және пайда болған күштердің табиғаты бір екендігін дәлелдейді.

Мысалы орындыққа отырғанда, орындық пен дене деформацияланып, бір-біріне серпінділік күшімен әсер етеді.

осыдан

дене импульсының өзгерісі, күш импульсына тең және бағыты күш импульсының бағытына бағыттас.



Тұйық жүйе: жүйеге кіретін денелерге, сыртқы күштің әсері болмайды.( сыртқы әсерден оқшауланған жүйе) тұйық жүйеге кіретін денелер, тек бір-бірімен ғана әсерлеседі деп есептеген жөн.

Импульстың сақталу заңы:

Тұйық жүйедегі денелердің импульстарының өзгерісі нольге тең



Жүйенің ипульсы тұрақты болып қалады.



екі дене үшін импульстың сақталу заңы:

Ескерту: дене импульстарының геометриялық қосындысына!


Есептер шығару

1. Бір нүктеге түсірілген екі күштің арасындағы бұрыш 900, теңәсерлі күшінің модулі 5 Н, ал F1=3 Н болса, F2 мәні

2. 4Н күштің әсерінен 0,5 м/с2 үдеу алған дененің массасы

3. Массасы 8 кг дене 0,5 м/с2 үдеу алғандағы әсер күші

4. Бір нүктеге түсірілген F1=3Н және F2=5Н күші векторлары арасындағы бұрыш 1800. Осы күштердің теңәсерлі күші
жүктеу 36,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
Қазақстан республикасы
туралы хабарландыру
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
Республикасының білім
бойынша оқыту
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
ткізу туралы
мемлекеттік қызметшілері
қойылатын жалпы
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
оқыту әдістемесі
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
бағдарламасының титулдық
мамандығына арналған
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
жұмыспен қамту
учебная программа
Рабочая учебная
мектепке дейінгі