Конкурс өткізу туралы «Осакаров ауданы әкімінің аппараты»



жүктеу 96,5 Kb.
Дата21.11.2018
өлшемі96,5 Kb.
түріКонкурс



Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарламасы


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-4 санатына: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

   


 - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы №98 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар)
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:


Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы

min

max

E-4

77452

104935


«Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ (101000, Осакаровка к., Достық к., 33, анықтама үшін телефон: 8 (72149) 43317, факс: 8(72149) 43030, электрондық пошта: adm72149@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастырушылық жұмысы бөлімінің бас маманы (1 бірлік, Е-4 санаты, № 3-1-3).

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің және аудан әкімі аппаратының жұмысын жоспарлау, аудан әкімінің қатысуымен кеңестерге, отырысқа шақырылған адамдардың келуін қамтамасыз ету, хаттамаларды жүргізу, қоғамдық кеңестің жұмысына және жоспарына ақпарат сұратады, аудандық мәслихат сайлау комиссиялары құрамының қалыптастыру жөніндегі өзара іс-қимылды, кент және ауылдық округ әкімдерінің арасында жергілікті өзін-өзі басқару негізгі бағыттарын дамыту жөніндегі жұмысын ұйымдастырады. Облыс әкімінің аппаратына ұйымдастыру жұмысына қатысты құжаттарды ресімдейді; кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қызметкерлеріне нақты көмек көрсетеді, аудан әкімінің тапсырмаларының орындалуын бақылайды. ӘҚБЖ бағдарламасымен, ААЖ-сайлаушы базасымен жұмыс.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша, жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «экономика және басқару» мамандықтары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

2. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастырушылық жұмысы бөлімінің бас маманы-пресс-секретарі (1 бірлік, Е-4 санаты, № 3-1-2).

Функционалдық міндеттері: «Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ сайтында интернет конференция өткізуді жалпы бақылау. Аудан әкімінің төрағалығымен өткізілетін мәжілістерге қатысу, БАҚ арнап ақпараттық хабарламалар дайындау. Аудан әкімінің төрағалығымен өткізілетін ашық және көпшелі мәжілістерде БАҚ жұмыс. Ведомстволық жазылым бойынша жұмыс жүргізу. Аудан әкімінің патронажы бойынша шығарылатын кітаптар, брошюралар мен басқа да басылымдарды дайындауға қатысу.Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен қала әкімінің және әкімдігінің қызметі туралы объективті қоғамдық пікір қалыптастыру. Аудан әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық қолдау. Аудан әкімі және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында байланысты қамтамасыз ету, аудан әкімінің баспасөз конференцияларын өткізу. БАҚ жедел өзара әрекетті ұйымдастыру, әкім аппаратының құзыретіне енетін мәселелер бойынша БАҚ өкілдеріне кеңес беру. Жалпы аудандық маңызы бар қоғамдық маңызды шараларды, мерекелерді және т.б. өткізу кезінде ақпараттық қолдау. Жүйелі баспасөз басылымдарының бас редакторларымен, телерадиокомпаниялардың, ақпараттық агенттіктердің басшыларымен өзара әрекет, атқарушы және өкілетті билік органдарының, сонымен қатар Қазақстан Республикасының және облыстың басқа мемлекеттік органдарының баспасөз қызметтерімен өзара әрекет. Бұқаралық ақпарат құралдары, брифингтер мен баспасөз конференциялары үшін өтініштер мен хабарламалар дайындау. Құттықтау және басқа да телеграммалардың, атаулы және басқа да күндер мен оқиғаларға орай хаттардың, қала әкімінің көпшілік алдындағы байндамаларының, интервьюге арналған тезистер мен мақалалардың және т.б. мәтіндерін дайындау. Республикалық және өңірлік БАҚ мониторинг жүргізу. Аудан әкімінің қызметін жария ететін фото және бейне мұрағат, баспалық дайджест қалыптастыру. «Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ интернет-порталын жалпы бақылау, ақпараттарды уақытылы жаңарту, ресімдеу, жаңалықтар блогына арнап мәтіндерді дайындау. Аудан әкімінің жеке блогына келіп түскен азаматтардың өтініштерін тіркеу, өтініштерге жауаптарды жариялау. Өтініштердің мониторингін жүргізу. Аудан әкімінің алғыс хаттарымен грамоталарымен марапаттау бойынша құжаттарды жинайды және дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - жоғары «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (журналистика, қоғамдық байланыс); жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (журналистика, қоғамдық байланыс) білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

3. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бөлімшесінің бас маманы (1 бірлік, Е-4 санаты, № 8-1-1).

Функционалдық міндеттері: ауданның мемлекеттік органдары ақпараттық қауіпсіздікке байланысты жұмыстар кешенің жүзеге асырады. Ақпараттық қауіпсіздіктің штаттың жүлде кешенді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуін бақылайды, ұйымдастырушылық және техникалық ic-шаралар тиімділігін бағалайды, барлау құралдарының кешенін, техникалық құралдардың мүмкіндігін тексереді, ауданның жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ақпараттық қауіпсіздік мониторингін жүргізеді, мониторинг нәтижелерін талдайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – жоғары «жаратылыстану ғылымдары» мамандықтары бойынша (информатика) немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша (ақпараттық жүйелер, ақпаратты өңдеудің компьютерлік жүйелері және басқару, автоматтандырылған жобалау жүйелері, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу) мамандықтары бойынша; жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «жаратылыстану ғылымдары» мамандықтары бойынша (информатика), «байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» мамандықтары бойынша (есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша), компьютерлік жүйедегі ақпаратты өңдеу және басқару жүйелері, автоматтандырылған жобалау, математикалық және компьютерлік моделдеу) білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

4. «Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы (1 бірлік, Е-4 санаты, № 4-1-1).

Функционалдық міндеттері: Келіп түскен құжаттарды іріктеу, орындалуға жататын хаттардың мерзімдерінің сақталуын қадағалау. Құжаттарды дұрыс рәсімдеп, сақтап және олардың уақытылы аудандық мұрағатқа тапсыру. Құжаттардың орындалуы бойынша атақрылып жатқан жұмыстарға сараптама жүргізу, аудан әкімі аппаратының істер номенклатурасын дайындау және бекіту, аудан әкімі аппаратына келіп түскен құжаттардың саны бойынша тоқсан сайынғы есептерді дайындау, облыс әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалуы бойынша бақылау жүргізу. Кент және ауылдық округ әкімдеріне іс жүргізуді ұйымдастыру бойынша қажетті көмек көрсету және бақылау. Бақылауға қойылған құжаттардың орындалу мерзімдерін есепке алу және бақылау, аудан әкімінің бақылауындағы қаулылармен өкімдер, облыстан келіп түскен іскерлік хаттар мен факстер бойынша тізім жасау, электронды құжат айналымда жұмыс істеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі жоғары «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану) немесе «әлеуметтік ғылымдар» мамандықтары бойынша (мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету) немесе «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), немесе «экономика және басқару» мамандықтары бойынша, немесе «қызмет» мамандықтары бойынша (icжүргізу және мұрағаттану) білімі барларға рұқсат етіледі; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

  1. уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысанда толтырылған «Б»

корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

  1. білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық

куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық степендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық степендиясын иеленушілерге берілген білімітуралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;



  1. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған

немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін

атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырылатын

құжаттың көшірмесі;

  1. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені

туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  1. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда

жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылдың 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылдың 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

Осы 3),4),5),7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың

көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырып тексереді.

Жоғарыда көрсетілген құжаттар осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Осакаров ауданы әкімінің аппараты» MM құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды «Осакаров ауданы әкімінің аппараты» MM электондық почтасы не«Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түп нұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Осакаров ауданы әкімінің аппараты» MM өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))



«___»_______________ 20 __ ж.

Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения












_____________________


Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________


күні/дата






Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі
pages -> Конкурс жариялайды: «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
pages -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г
pages -> Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау Комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология Департаменті, 20008, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №150 үй
pages -> Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау Комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология Департаменті, 20008, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №150 үй

жүктеу 96,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша