Компонент атауы



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет1/27
Дата20.11.2018
өлшемі0,78 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




 

 

 




 

МАЗМҰНЫ 

 

 

Компонент атауы 

Бет 



І 

Модульдік білім беру бағдарламасының паспорты 



1

 



Модульдік білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері

 

2

 

Модульдік білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы 



3

 



Біліктілік сипаттамасы

 

4

 

Мамандардың келешекте жұмысқа орналасуы



 



ІІ

 

Оқыту нəтижелері мен негізгі құзіреттіліктер

 



ІІІ

 

2016-2020ж.ж арналған академиялық күнтізбесі

 

10 

IV

 

2016-2020ж.ж. арналған оқу жұмыс жоспары

 

11 

V

 

Білім  беру  бағдарламасының  модульдері  бойынша  игерілетін 

кредиттер санын көрсететін жиынтық кесте 

13 

VI 

Модульдік білім беру бағдарламасының картасы

 

14 

VII 

Модульдерді сипаттайтын формулярлар  



39 

 




 

І. Модульдік білім беру бағдарламасының паспорты 

 

1.  Модульдік білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері 

5В072400 «Технологиялық  машиналар  жəне  жабдықтар»  мамандығы  бойынша  «Ауыл  шаруашылығы  машиналары  жəне  жабдықтар» 

модульдік  білім  беру  бағдарламасы  ауыл  шаруашылығы  салысына  қатысты  барлық  салалардың,  ауыл  шаруашылығының,  құрастыру-жобалық 

жəне ғылыми-зерттеу жəне инновацияны дамыту үшін өзекті болып табылады жəне жұмыс берушілердің тапсырысы негізінде қаланған. 

Модульдік білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты: 

- «Технологиялық  машиналар  жəне  жабдықтар»  мамандығы  бойынша  техника  жəне  технология  бакалаврларының  болашақ  мамандарының 

бойында негізгі кəсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру; 

-  оны барлық кезеңдерінде тəжірибе жүргізу аясында студенттердің іздестіру-зерттеушілік қызметіне алғышарттар құру; 

-  ғылыми-техникалық ақпараттармен жұмыс істей алу, кəсіби қызметтерінде отандық жəне шетел тəжірибелерін қолдана білу, алынған ақпаратты 

жүйелеу жəне жалпылау. 

-  қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге сəйкес, мамандық бойынша жоғары білім беруді жəне ғылыми зерттеу жұмыстарын икемдеу; 

-  нарықтағы ауыспалы  еңбек шарттарына байланысты түлектердің ұтқырлығын шыңдау. 

Модульдік  бағдарламаның  негізгі  көздеген  мақсаты – «Ауыл  шаруашылығы  машиналары  жəне  жабдықтар»  білім  беру  бағдарламасы 

бойынша  тұлғалық  жəне  кəсіби  қызметінің  табыстылығын  ескере  отырып,  жұмыс  берушілердің  талаптарын  қанағаттандырып,  өз  білімдерін 

қалыптастыру мүмкіндіктерінде айқындалатын, нақты даярлау бағыты. 

2.  Модульдік білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы 

«Ауыл  шаруашылығы  машиналары  жəне  жабдықтар»  модульдік  білім  беру  бағдарламасы  Ұлттық  біліктілік  шеңберіне  сəйкес,  Дублин 

дескрипторларымен    жəне    Еуропалық  біліктіліктермен, 13 мамыр 2016 жылғы  № 292 Қазақстан  Республикасының  Үкіметтері  қаулысымен 

бекітілген ҚР МемСТ келісіп жасалған. 

«Ауыл  шаруашылығы  машиналары  жəне  жабдықтар»  модульдік  білім  беру  бағдарламасы  бакалавриат  деңгейінде  болашақ  мамандардың 

пəндік  білімдерінің  іргесін  қалауға  бағытталған  кеңейтілген  базалық  кəсіби  даярлауды  қарастырады.  Бұл  бакалаврды  кəсіби  қызметтің  жалпы 

кіріктірілген  əдістемесімен  қамтамасыз  ету,  болашақ  мамандардың  кəсіби  шығармашылық  қабілетін  дамыту,  келешекте  білім  беру  деңгейін 

жоғарылату қажеттілігін қалыптастыру қажет. 

Мақсаттар  тізбегі  классикалық  білімнің  іргелі  негіздерінен  жалпы  техникалық  сипаттағы  базалық  пəндерге  жəне  құрылымдық–

технологиялық бағыттағы қысқартылған арнайы пəндер бойынша өтуді болжамдайды. 

«Ауыл шаруашылығы машиналары жəне жабдықтар» модульдік білім беру бағдарламасы модульдік оқыту жүйесі негізінде жобаланған жəне 

жалпы білім беру жəне кəсіби құзыреттіліктерді қалыптастыратын 11 модульден тұрады. Бағдарлама мазмұны: 

1) теориялық білім беру, соның ішінде жалы білім беру, базалық жəне кəсіптендіру пəндерінің циклін 130 кредит көлемінде оқып-үйрену; 

2) білім берудің қосымша түрлері – кəсіптік тəжірибе түрлері, дене шынықтыру, əскери дайындық жəне т.б.; 

3) аралық жəне қорытынды аттестация. 

Жалпы  білім  беру  пəндері  циклінің  мақсаты – жоғары  оқу  орындарында  жаратылыстану  ғылымдары,  жалпы  гуманитарлық  жəне 

лингвистикалық негіздерін оқыту. 

Базалық  пəндер  циклін  оқытужалпы  теориялық  жəне  жалпы  техникалық  пəндер  бойынша  фундаментальды  білім  жиынтығын 

қалыптастыруға бағытталған. Теориялық талдау мен эмпириялық мəліметтердің өзара байланысын түсіну. 



Кəсіптендіру  пəндер  циклі  жалпы  технологиялық  машиналардың  теориялық  аспектілеріне,  теориялық  жəне  тəжірибелік    амалдарына, 

жобалаудың  қазіргі  əдістері  мен  құралдарына,  технологиялық  процестер  мен  жабдықтарды  математикалық,  физикалық  жəне  компьютерлік 

модельдеу негізінде бəсекеге қабілетті технологиялық машиналар шығаруға бағытталған адамзат қызметінің тəсілдері мен əдістеріне бағытталған. 

 

3.  Біліктілік сипаттамасы 

 

Кəсіби қызмет аясына кіретіндер: 

ауыл шаруашылығы өндірісі, агроөнеркəсіптік кешендер; 



ғылыми-өндірістік бірлестіктер, ғылыми, конструкторлық жəне жобалау ұйымдары; 

жөндеу, машина жасау зауыттары, ауыл шаруашылығы жөндеу кəсіпорындары; 



Кəсіби қызмет объектілері болып табылатындар: 

•  əр түрлі ауыл шаруашылығы құылымдары (фирмалар, кəсіпорындар, шаруа қожалықтары); 

•  машина-технологиялық станциялар (МТС), əлеуметтік-кəсіпкерлік кешендер (ƏКК), өңдеуші жабдықтаушы кəсіпорындар жəне зауыттар; 

•  жобалау жəне конструкторлық ұйымдар, ауыл шаруашылығы техникасының техникалық сервис ұйымдары, автопарктер, аудандық, облыстық 

жəне республикалық ауыл шаруашылығын басқару органдары. 

Кəсіби қызмет мəні болып табылатындар: 

•  технологиялық машиналар жəне жабдықтар; энергетикалық жабдықтар; жүріс жабдықтары; жұмыс жабдықтары; машина жетегінің жүйесі; 

•  ауыл шаруашылығы өндірісінің əр түрлі кешендерінің машиналар мен жабдықтары; 

•  қозғалыстарды басқару жүйесінің технологиялық жабдықтары; машинаның барлық бөліктерін орналастыру корпусы; 

•  технологиялық процестерді механикаландыру жəне автоматтандырудың технологиялық əбзелдері мен құралдары; гидравликалық машиналар, 

гидрожетектер; 

•  технологиялық машиналарды жасау, техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу, сынау  жəне қайта өңдеп жарамдылығын анықтауға арналған 

жабдықтар; 

•  машиналарды дайындау жəне пайдалануға арналған бақылау-өлшеуіш аспапатары; 

•  технологиялық машиналарды сынаудың əдістері мен құралдары жəне сапасын бақылау, нормативтік-техникалық құжаттар, стандарттау жəне 

сертификаттау жүйелері. 

Кəсіби қызмет түрлері: 

•  есептік-жобалау; 

•  өндірістік-технологиялық; 

•  экспериментальды-зерттеу; 

•  ұйымдастыру-басқарушылық; 

•  монтаждау-баптау; 

•  сервистік-эксплуатациялық; 

Кəсіби қызметтің функциялары 

а) есептік-жобалау қызметі: 

- жобалау үшін бастапқы ақпараттық деректерді жинау жəне талдау; 




Каталог: assets
assets -> Титул парағы; Ғылыми жұмыстың титул парағын ресімдеу үлгісі
assets -> Сейфуллин оқулары – 9
assets -> «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Утвержден
assets -> «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
assets -> Утвержден
assets -> Утвержден
assets -> «Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыс ғылым пәндері» кафедрасы
assets -> «Бүгінгі жасөспірімдерді теріс әрекеттерден, әлеуметтік желілерден сақтандыру жолдары»
assets -> Бюллетень проект «Образовательные стратегии выпусников школ вко»

жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша