Кәсіпорын серверіне арналған «blackberry» бағдарламалық Қамтамасыз етуді пайдалануға лицензиялық келісім осы қҰжатты орнатқАНҒа дейін мұҚият оқЫҢЫЗ



жүктеу 1,18 Mb.
бет1/2
Дата05.03.2018
өлшемі1,18 Mb.
#11467
  1   2

КӘСІПОРЫН СЕРВЕРІНЕ АРНАЛҒАН «BLACKBERRY» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ПАЙДАЛАНУҒА ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ

ОСЫ ҚҰЖАТТЫ ОРНАТҚАНҒА ДЕЙІН МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ.
Осы Келісім Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді Сіздің, клиенттің пайдалануына құқық береді және ол кепілдік міндеттемелері мен жауапкершіліктен бас тартуды қамтыған.
Кәсіпорын Серверіне арналған «BlackBerry» Бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға осы Лицензиялық Келісім (бұдан әрі «Келісім») Сіздің, жеке тұлға ретінде, немесе егер Сіз өз компанияңыздың немесе басқа ұйымның атынан Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді сатып алуға уәкілетті болсаңыз, Сіз («Сіз») соның пайдасына іс-әрекет жасап отырған ұйымның және Centrum House, 36 Station Road, Egham, Surrey, UK TW20 9LF мекен-жайы бойынша тіркелген № 4022422 «Research In Motion UK Limited Company» («RIM») арасындағы (бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жеке-жеке «Тарап» деп атала отырып) заңды келісім болып табылады. Бағдарламалық қамтамасыз етуді лицензиялауға және таратуға қатысты (төменде көрсетілген ережелерге сәйкес) «RIM» (a)  «Research In Motion Limited» («RIM Канада») немесе оның кез келген еншілес компаниялары мен аффиллирленген тұлғаларының (мұндай еншілес компаниялар мен аффилиирленген тұлғалар «RIM Канада»-мен бірге осы Келісімде «RIM» Компаниялар Тобы» деп аталады) тікелей немесе жанама лицензияты немесе (b) «RIM» кіретін, «RIM» Компаниялар Тобының кез келген компаниясына қатысты үшінші тараптың лицензияры болып табылады.

КЕЛІСУ РӘСІМІ

ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ТИІСТІ ПЕРНЕГЕ БАСУ АРҚЫЛЫ НЕМЕСЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ОРНАТУ, ІСКЕ ҚОСУ НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ СІЗ ӨЗ КЕЛІСІМІҢІЗДІ РАСТАЙ ОТЫРЫП СІЗ ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС МІНДЕТТЕМЕЛЕР ҚАБЫЛДАУҒА КЕЛІСІМІҢІЗДІ БЕРЕСІЗ. ЕГЕР СІЗДІҢ ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ТАЛАПТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ҚАНДАЙ ДА БІР СҰРАҚТАРЫҢЫЗ НЕМЕСЕ ЖАЙСЫЗДАНУЫҢЫЗ БОЛСА, LEGALINFO@RIM.COM ЭЛЕКТРОНДЫҚ АДРЕС БОЙЫНША «RIM»-ге ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.



БАС ТАРТУ РӘСІМІ

ЕГЕР СІЗ ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ТАЛАПТАРЫМЕН КЕЛІСПЕСЕҢІЗ, ОНДА СІЗДІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ПАЙДАЛАНУҒА ҚҰҚЫҒЫҢЫЗ ЖОҚ ЖӘНЕ СІЗ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІЛЕСПЕ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫН (ОНЫҢ ҚҰЖАТТАМАСЫН ЖӘНЕ ОРАУЫН «RIM» НЕМЕСЕ СІЗ САТЫП АЛҒАН «RIM»-нің УӘКІЛЕТТІ ДИСТРИБЬЮТОРЫНА) ҚАЙТАРЫП БЕРУГЕ ТИІСТІСІЗ. Егер Сіз Бағдарламалық қамтамасыз етудің ақысын алдыңғы 90 (тоқсан) күн ішінде төлеп қойсаңыз және Сіз «RIM»-ге немесе «RIM»-нің уәкілетті дистрибьютеріне Сіздің сатып алуыңыздың растауын ұсынсаңыз, онда біз осы мүлік үшін ақы төлеу кезінде шеккен шығындарыңызды өтеп береміз.



  1. Анықтамалар.

«Эфир Қызметінің Жеткізушісі» кең ауқымды сымсыз желісі Сіздің «BlackBerry»-дегі Шешіміңізді қолдайтын қызметтер жеткізушісін білдіреді. Егер Сіз орналасқан жеріңіз бойынша қандай қызмет жеткізушілері «BlackBerry»-дегі Шешімді қолдайтындығы туралы ақпаратты алғыңыз келсе, legalinfo@rim.com адресі бойынша «RIM»-ге хабарласыңыз. Эфир Қызметінің Жеткізушісі ұсынатын эфир қызметі барлық Тасымалды Өнім үшін қажет емес, мысалы, тек сымсыз жергілікті желілерде ғана жұмыс істеуге жасалған өнім үшін қажет емес.

«Уәкілетті Пайдаланушылар» Сіздің кез келген қызметкерлеріңізді, консультанттарды немесе тәуелсіз мердігерлерді және Бағдарламалық Қамтамасыз Ету мен осы Келісімнің талаптарына сәйкес Бағдарламалық Қамтамасыз Ету орнатылатын Тасымалды Өнімді пайдалануға немесе өзгеше ұсынған кез келген басқа да тұлғаларды білдіреді.

«Столүстілік Жүйелерге арналған «BlackBerry»-дің Бағдарламалық Қамтамасыз Етуі» Сізге берілетін нысанға немесе тасымалдағышқа қарамастан столүстілік жүйелерге арналған «RIM»-нің патенттелген бағдарламалық қамтамасыз етуін білдіреді әрі мұндай бағдарламалық қамтамасыз ету Сіздің Тасымалды Өніміңіз бен Сіздің КСБ Бағдарламалық Қамтамасыз Етуі арасында кабельдік синхрондауды ұсыну және қолдау үшін қолданыла алады. Егер Кәсіпорын Серверіне арналған «BlackBerry» Бағдарламалық қамтамасыз етуі Тасымалды Өнімдегі Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді сымсыз ұсыну мен синхрондау үшін пайдаланылса, Столүстілік Жүйелерге арналған «BlackBerry»-дің Бағдарламалық Қамтамасыз Етуі «BlackBerry» Шешімінің қажетті элементі болып табылмайды, дегенмен столүстілік жүйелерді басқарудың функционалдық мүмкіндіктерінің міндетті емес жинағын қамтамасыз ету үшін пайдаланыла алады.

«Кәсіпорын Серверіне арналған «BlackBerry» Бағдарламалық Қамтамасыз Етуі» немесе «КСБ Бағдарламалық Қамтамасыз Етуі» «RIM»-нің патенттелген серверге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді білдіреді әрі ол корпоративтік қолданбалы бағдарламалардың серверлері (электрондық почта серверлері сияқты) және «RIM»-нің меншігіндегі патенттелген серверге арналған бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу үшін көзделген Тасымалды Өнім арасында топтастырылған байланысты интеграциялауға және қамтамасыз етуге арналған. Кәсіпорын Серверіне арналған «BlackBerry» Бағдарламалық Қамтамасыз Етуі осы Келісім шеңберінде лицензияланбайды.

«BlackBerry»-дің Тасымалды Өнімі» «RIM» немесе «RIM»-нің атынан жасалған сымсыз қол құрылғысын білдіреді.

«BlackBerry» Шешімі» КСБ Бағдарламалық Қамтамасыз Етуін білдіреді және оған Сіздің жағдайыңызға қарай төменде көрсетілгендердің біреуі немесе бірнешеуі жатады, атап айтқанда: «RIM» Өнімі, Тасымалды Өнім үшін Бағдарламалық Қамтамасыз Ету, Столүстілік Жүйелерге арналған Бағдарламалық Қамтамасыз Ету, Құжаттама және Қызметтер. Көпшілік жағдайда «BlackBerry» Шешімдерін пайдалану үшін сымсыз желіде эфир уақытына жазылу қажет және Сіз осы жазылуды тікелей Эфир Қызметінің Жеткізушісінен немесе мұндай мүмкіндік бар жерде «RIM»-нен сатып алуға тиістісіз.

«Cisco» Технологиясы» бағдарламалық қамтамасыз етуді, Жеңілдетілген Жақсартылған Тану Хаттамасын («ЖЖТХ»), ЖЖТХ ерекше нұсқамасын, клиенттерге арналған «Cisco» Кеңейту технологияларын, техникалық ақпаратты және жағдайға қарай тек ЖЖТХ-ға және/немесе клиенттерге арналған «Cisco» Кеңейтуге қатысты алгоритмдерді білдіреді.

«Құжаттама» Бағдарламалық Қамтамасыз Етудің түрі мен нұсқасы үшін қолданылатын http://www.blackberry.com/knowledgecenterpublic/livelink.exe?func=ll&objId=7963&objAction=browse&sort= сайты арқылы қол жетерлік Орнату жөніндегі Нұсқаманы, сондай-ақ «RIM»-нің кез келген қолданылатын Өнімдерін және «RIM» көрсеткен әрі «RIM»-нің Бағдарламалық Қамтамасыз Етуінің және/немесе Өнімінің (Өнімдерінің) түрі мен нұсқасына қолданылатын кез келген техника қауіпсіздігінің ережелерін қоса алғанда, «RIM»-нің Бағдарламалық Қамтамасыз Етуімен және/немесе Өнімімен байланысты «RIM» ақырғы пайдаланушыға ұсынатын кез келген өзге де стандартты құжаттаманы білдіреді. Егер осы құжаттама Сіздің Бағдарламалық Қамтамасыз Етуіңізбен немесе Тасымалды Өніміңізбен немесе керек-жарақтармен бірге Сізге берілмесе, оны www.blackberry.com сайтында алуға болады немесе Сіздің осы сайтқа шығуға мүмкіндігіңіз болмаса, Сіз legalinfo@rim.com адресі бойынша «RIM»-ге хабарласа аласыз.

«Тасымалды Өнім» (а) «BlackBerry»-дің Тасымалды Өнімін; немесе (b) бөгде Тасымалды Өнімді білдіреді.

«Тасымалды Өнімге арналған Бағдарламалық Қамтамасыз Ету» Столүстілік жүйелерге арналған «BlackBerry»-дің және «RIM»-ге тиесілі кез келген мұндай Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді қоса алғанда, Тасымалды Өніммен бірге пайдалану үшін Сізге ұсынылған «RIM»-нің патенттелген бағдарламалық қамтамасыз етудің өнімін (бағдарламалық өнімдерін): бағдарламалық қамтамасыз етуді, қондырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді, интерфейстерді, ақпаратпен толтыруды және Тасымалды Өнімде бастапқыда орналастырылған немесе «RIM» қандай да бір тасымалдағышта кезең-кезеңмен беретін немесе Тасымалды Өнімде пайдалану үшін қандай да бір нысанда Сіз үшін өзгеше тәсілмен қол жетерліктей ететін басқа да деректерді білдіреді.

«RIM» Бенефициары» «RIM» Компаниялар Тобының мүшесін немесе оның кез келген директорын, лауазымды тұлғасын немесе қызметкерін білдіреді.

«RIM» Өнімі» кез келген Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді қоспағанда және шектеусіз, кез келген смарт-картаны немесе смарт-карталарды оқу құрылғысын қоса алғанда, жиынтығында «BlackBerry»-дің Тасымалды Өнімін және «RIM» жеткізетін «BlackBerry»-дің осындай Тасымалды Өніміне арналған аксессуарларды білдіреді.

«Қызмет» шектеусіз «RIM»-нің кез келген қызметін, соның ішінде ол кезең-кезеңмен ұсынатын немесе Сіз үшін өзге тәсілмен қол жетерліктей ететін «RIM»-нің кез келген жаңа немесе түрлендірілген қызметін қоса алғанда, «BalckBerry» Шешімімен байланысты Сізге ұсынылған «RIM»-нің кез келген қызметін білдіреді.

«Бағдарламалық Қамтамасыз Ету» кәсіпорын серверіне арналған «BlackBerry» Бағдарламалық Қамтамасыз етуін білдіреді және егер Сіз Тасымалды Өнімді сымсыз ұсыну үшін КСБ Бағдарламалық Қамтамасыз Етуін пайдалансаңыз (яғни Тасымалды Өнімді ұсыну үшін Столүстілік Жүйелерге арналған Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді пайдаланбасаңыз) Сіз КСБ Бағдарламалық Қамтамасыз Етуін пайдалана отырып сымсыз режимде ұсынатын осы Тасымалды Өнімде Тасымалды Өнім үшін Бағдарламалық Қамтамасыз Етудің кез келген элементін білдіреді. «Бағдарламалық Қамтамасыз Ету» терминіне кез келген осындай барлық қамтамасыз ету және олар Сізге ұсынылған нысанына немесе Сіз оларды кейіннен пайдалана алатын нысанына қарамастан деректер кіреді. Дегенмен, егер «RIM» нақты жазбаша түрде өзгеше көрсетпесе Бағдарламалық Қамтамасыз Ету терминіне Столүстілік Жүйелерге арналған Бағдарламалық Қамтамасыз Ету, сіз КСБ Бағдарламалық Қамтамасыз Етуін пайдалана отырып, сымсыз режимде ұсынбайтын Тасымалды Өнім үшін Бағдарламалық Қамтамасыз Етудің кез келген элементтері немесе 10-бапқа сай кез келген Бөгде Бағдарламалық Қамтамасыз Ету жатпайды (Бөгде Бағдарламалық Қамтамасыз Ету Бағдарламалық Қамтамасыз Етумен және/немесе «BlackBerry» Шешімінің басқа элементімен немесе Бөгде Тасымалды Өніммен қоса жүретіндігіне, ұсынылатындығына немесе жұмыс істейтіндігіне қарамастан). 10-бапқа сай бағдарламалық қамтамасыз етудің осындай өнімін пайдалану талаптарға сәйкес және Сіздің осы өнімге қатысты бағдарламалық қамтамасыз етуге жекелеген лицензиялардың талаптарымен келісуіңіз шартымен жүзеге асырылады. Анық болу үшін, бөгде бағдарламалық қамтамасыз етуге мұндай жекелеген лицензиялар қандай да бір қосымша міндеттемелерді немесе осы Келісімнің талаптарына қайшы келетін «RIM»-ге қандай да бір өзге де міндеттемелерді жүктемейді.

.«Бөгде Тасымалды Өнім» «RIM» Бағдарламалық Қамтамасыз Етумен байланысты осындай сымсыз тасымалды құрылғының қызмет етуін қамтамасыз ету үшін уәкілетті етіп тағайындаған Үшінші тарап шығаратын немесе тарататын сымсыз тасымалды құрылғыны (құрылғыларды) білдіреді.

«Бөгде Бағдарламалық Қамтамасыз Ету» Үшінші тараптың патенттелген қолданбалы бағдарламаларын білдіреді, бірақ оған «RIM» Үшінші тараптан «RIM»-нің бағдарламалық өніміне кіргізу және «RIM» маркасы атымен «RIM»-нің мұндай бағдарламалық өнімінің құрамдас бөлігі ретінде тарату үшін лицензиялайтын бағдарламалық қамтамасыз ету жатпайды. Жоғарыда аталғанға қарамастан, Сізге Бөгде Тасымалды Өнімде пайдалану үшін «RIM»-нің Бағдарламалық қамтамасыз етуінің элементі ретінде ұсынылған «Sun Microsystems Inc.» компаниясының кез келген Java бағдарламалық қамтамасыз етуі Бөгде Бағдарламалық Қамтамасыз Ету болып табылады әрі оның лицензиясын шығарушы немесе Бөгде Тасымалды Өнімнің дистрибьюторы Сізге жекелеген келісімге сай береді.



  1. Бағдарламалық Қамтамасыз Етуге Лицензияның шарттары. Осы Келісімнің негізгі мақсаты – Сізге Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді пайдалануға лицензияны беру, осы лицензия төмендегі 7-бапта келтірілген. Сіз лицензияда қамтылған шарттар мен ережелерді, Сіз келісіміңізді бергендей Сіз үшін оқта-текте міндетті болатын қосымша шарттар мен ережелерді қабылдау және Сіз Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді және Сіздің «BlackBerry» Шешіміңіздің басқа да элементтерін төлеу шартымен Сізге Бағдарламалық Қамтамасыз Ету берілетіндігін растайсыз. Егер «BlackBerry» Шешімін немесе Қызметтерді пайдаланумен байланысты ай сайынғы немесе басқа да тұрақты алымдар немесе шығындар мерзімінде төленбеген болса, мұндай төлемеу осы лицензияны бұзу болып табылады, бұл «RIM»-ге төменде көрсетілген 16 және 17-баптарға сай Сіздің Бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану лицензияңыздың қолданылуын Сіздің алдыңыздағы қандай да бір жауапкершіліксіз тоқтатуға құқық береді.

  2. «RIM» Өніміне меншік құқығы және Бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану құқығы. Сіз «RIM» Өніміне немесе Бағдарламалық Қамтамасыз Етуге меншік құқығые және/немесе оларды пайдалануға қандай да бір құқықты «RIM» осындай Өніміне немесе Бағдарламалық қамтамасыз етуге тиесілі барлық сомаларды төлемейінше ала алмайсыз. «RIM» осы Келісім бойынша Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді лицензиялайды, бірақ та оны сатпайды.

  3. Сіздің Компьютерлік Жүйелеріңіз. Тараптар жазбаша түрде тікелей мақұлдасқан ережелерді қоспағанда, Сіз «BlackBerry» Шешімімен байланысты қолданылатын барлық бөгде жабдықтың, бағдарламалық қамтамасыз етудің және телекоммуникациялық жабдық пен қызметтердің (шектеусіз, Интернет желісіне қосылуды және егер қолданылатын болса, Бөгде Тасымалды Өнімді және эфир қызметтерін қоса алғанда) таңдауы, іске асырылуы, шұғыл қоса атқарылуы және жұмыс істеуі үшін жауап бересіз. Сіз «BlackBerry» Шешімін іске қосу шеңберіне компьютер жүйесінің сәйкестігін қамтамасыз ету үшін, «RIM» ең аз талаптарына сәйкестігі үшін жауап бересіз, оған қоса, шектеусіз, өңдеу жылдамдығына, жадыға, клиенттік бағдарламалық қамтамасыз етуге және Құжаттаманың талаптарына сәйкес «BlackBerry» нақты Шешіміне қажетті Интернет желісіне бөлінген рұқсаттың қол жетерлігіне қойылатын талаптар үшін жауап бересіз.

  4. S/MIME1 және OpenPGP2 қолдау. Бағдарламалы Қамтамасыз Етуге пайдаланушыларға столүстілік жүйелер үшін өздерінің қолда бар S/MIME в.3 (немесе одан жоғары) («S/MIME») іске асыруын кеңейтетін және белгілі бір Тасымалды Өнімде сымсыз негізінде пайдалану үшін RFC3 2440 («OpenPGP») стандарттарына негізделетін столүстілік жүйелер үшін іске асыруға жол беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің модульдері кіруі мүмкін. Сіз жеке инсталляторды алдын ала алмастан және оны пайдаланбастан бағдарламалық қамтамасыз етудің әрбір модулін пайдалана алмайсыз. Тиісті инсталлятор дистрибьюторларының тізімін http://www.blackberry.com/select/legal/smime_pgp. shtml адресі бойынша алуға болады. «RIM» S/MIME немесе OpenPGP негізіндегі криптографиялық инфрақұрылымның қандай да бір бөлігін немесе кез келген S/MIME бағдарламалық қамтамасыз етуді немесе OpenPGP негізіндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, кез келген басқа криптографиялық процестің қандай да бір бөлігін бермейді және/немесе сертификаттау бойынша кез келген қызметті көрсетпейді. «RIM» S/MIME бағдарламалық қамтамасыз етуді немесе OpenPGP негізіндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді (шектеусіз, белгілі бір инфрақұрылымдарға ашық кілтпен жұмыс істеуіне жол беретін, Бағдарламалық Қамтамасыз Етуге енгізілген Сенім кодын қоса алғанда) таңдауын, қате жасамайтындығын немесе сенімділігін қоса алғанда, Сіздің криптографиялық инфрақұрылымыздың кез келген бөлігінің таңдалуы, сатып алынуы, іске асырылуы, орындалуы немесе орындалмауы үшін немесе кез келген сенім қолдары, ашық кілттер, бөгде сертификаттар және криптографиялық инфрақұрылымға байланысты пайдаланылатын тиісті қызметтер үшін жауап бермейді. «RIM» кез келген сенімді қолдың сәйкестігі немесе криптографиялық инфрақұрылым шегінде кез келген адамның жеке басын растайтын кез келген адамның кез келген іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін (сенім моделі желісінде жеке басы куәландырылған кез келген тұлғаларды қоса алғанда) немесе кез келген сертификаттау органдары үшін жауап бермейді. Сіз осындай іске асырудың кез келген жаңартуларын немесе апгрейдтерін қоса алғанда, S/MIME және/немесе OpenPGP базасындағы сіздің іске асыруыңыз тиісті Құжаттамада көрсетілген оперативті және басқа да сәйкестігіне қатысты «RIM»-нің ең аз стандарттарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге тиістісіз және Сіздің Бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануыңыз Бағдарламалық Қамтамасыз Етудің осындай нұсқасына қолданылатын Құжаттамаға сәйкес келетіндей етіп қамтамасыз етуге тиістісіз. Сондай-ақ сіз қолданылатын криптографиялық инфрақұрылымды, сертификаттарды, ашық кілттерді, сондай-ақ кез келген басқа қызметтерді немесе Сіз нақты іске асырумен байланысты пайдаланатын бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға қатысты кез келген мерзімдер мен шарттардың, ережелер мен қағидалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жауап бересіз. Бағдарламалық Қамтамасыз Етуге кепілдіктердің төменде көрсетілген ережелерін немесе өзгеше тікелей заңнама бойынша талап етілетін ережелерді қоспағанда, осы Келісімнің кез келген басқа ережелеріне қарамастан, «RIM» инструменталдық бағдарламалық қамтамасыз етудің S/MIME модуліне, OpenPGP негізіндегі бағдарламалық қамтамасыз ету модуліне және/немесе Бағдарламалық Қамтамасыз Етудің элементтері ретінде жеткізілген қолданылатын инсталляторларға қатысты қандай да бір жауапкершілікті көтереді, және атап айтқанда, «RIM» S/MIME НЕМЕСЕ OPENPGP НЕГІЗІНДЕГІ СІЗДІҢ ІСКЕ АСЫРУЛАРЫҢЫЗБЕН ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ОЛАРДЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ЖАҢАРТУЛАРЫМЕН НЕМЕСЕ АПГРЕЙДТЕРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ НЕМЕСЕ СОЛАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ БОЙЫНША ТУЫНДАЙТЫН КЕЗ КЕЛГЕН МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КӨТЕРМЕЙДІ.

6. «BlackBerry» Шешімін Пайдалану. Сіз немесе Сіздің Уәкілетті Пайдаланушыларыңыз жүзеге асыратын «BlackBerry» Шешіміне қатысты барлық қызмет үшін жауап бересіз, сондай-ақ Сіз мыналарды қамтамасыз етесіз:

      1. Сіз және Сіздің Уәкілетті Пайдаланушыларыңыз «BlackBerry» Шешімін және оның кез келген элементтерін тек осы Келісімге, барлық қолданыстағы заңдар мен нормативтік актілерге және «BlackBerry» Шешіміне немесе оның элементтеріне қатысты тиісті Құжаттамаға сәйкес пайдаланатындығын;

      2. Сіздің осы Келісімді өз атыңыздан немесе компанияның не басқа заңды тұлғаның атынан жасауға құқығыңыз және өкілеттігіңіз бар, сондай-ақ кәмелетке толғандығыңызды растайсыз;

      3. Осы Келісімге сай «RIM» компаниясына ұсынылатын кез келген ақпарат шынайы, сенімді, жарамды және толық болып табылатындығын;

      4. Сіздің орныңыздағы немесе Сіздің Уәкілетті Пайдаланушыңыздың орнындағы ақыл-есі дұрыс адам қолға алатын осындай сұратуларды өткізгеннен кейін Сіз және Сіздің Уәкілетті Пайдаланушыларыңыз «BlackBerry» Шешімін немесе оның элементін RIM»-нің дәлелді пікірі бойынша жеке не кез келген басқа бағдарламалық қамтамасыз етумен бірге немесе «сапасын нашарлату арқылы зиян келтіретін немесе кез келген бағдарламалық қамтамасыз етуге, жүйеге, желіге немесе «RIM»-ді, Эфир Қызметінің Жеткізушісін немесе «RIM»-ге өзгеше теріс әсер ететін немесе Эфир Қызметінің Жеткізушісін немесе олардың кез келген тиісті клиенттерін қоса алғанда, кез келген тұлға пайдаланатын деректерге немесе өнімдерге не қызметтерге теріс әсер ететін басқа тәсілдерді қасақана пайдаланбайсыз және басқа адамдарға оларды пайдалануға рұқсат бермейсіз және Сіз «RIM»-нен тиісті хабарландыруды алғаннан кейін кез келген осындай қызметті дереу тоқтатасыз;

      5. Сіз және Сіздің Уәкілетті Пайдаланушыларыңыз «BlackBerry» Шешімін немесе оның элементтерін пайдалана отырып мазасын алатын, тіл тигізетін, жала жабатын, тыйым салынған немесе шатастыратын хабарламаларды немесе ақпаратты бермейтіндігін;

      6. Сіз және Сіздің Уәкілетті Пайдаланушыларыңыз «BlackBerry» Шешімін немесе оның элементін қылмыс жасау үшін немесе жасауға әрекет жасау үшін пайдаланбайтындығын немесе кез келген қылмысты не басқа да заңсыз әрі құқыққа қарсы әрекеттер жасауға қолдау көрсетпейтіндігін;

      7. Сіз және Сіздің Уәкілетті Пайдаланушыларыңыз Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді немесе оның кез келген элементін немесе Қызметтерді немесе олардың кез келген элементін пайдалану құқығыңызды кез келген тұлғаға немесе кез келген тасымалды құрылғыда пайдалану үшін сатпайдығын немесе бермейтіндігін немесе оларды сатуға не беруге тырыспайтындығын немесе сервистік бюро ретінде әрекет жасамайтындығын немесе Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді кез келген өзге тұлғаға тарату арқылы осыған ұқсас Қызмет көрсетпейтіндігін немесе «RIM»-нің жазбаша түрдегі алдын ала тікелей келісімінсіз басқа тасымалды құрылғыда пайдаланбайтындығын; және

      8. Сіз және Сіздің Уәкілетті Пайдаланушыңыз «RIM»-мен ынтымақтасатыныңызды және «RIM»-не тергеу жүргізу мен осы 7-бапты немесе осы Келісімнің кез келген басқа ережесін бұзу фактілерін анықтау кезінде қолдау көрсету үшін «RIM»-ге қажетті ақпаратты ұсынатындығын және «RIM»-нің Өнімі, Қызметтері немесе Бағдарламалық Қамтамасыз Етуі пайдаланып немесе пайдаланылған үй-жайларға және компьютерлерге кіру мүмкіндігін ұсынатындығын қамтамасыз етесіз. Сіз осы арқылы «RIM»-ді: (1) болжамды қылмыстық істі тергеу кезінде құқық қорғау органдарымен; (2) осы Келісімді бұзатын іс-әрекеттерді тергеу кезінде үшінші тараптармен; және (3) осы Келісімді мәжбүрлеп орындау мақсатында Интернет-қызметін, желілерді немесе компьютер құралдарын ұсынатын жүйелік администраторлармен ынтымақтасуға уәкілеттік бересіз. Осындай ынтымақтастыққа «RIM»-ге пайдаланушылар аттарын, желілік ІР хаттамасының адрестерін немесе Сіздің басқа да бірегейлендіру ақпаратын ұсыну жағдайлары да кіреді.

7. Бағдарламалық Қамтамасыз Етуге және Құжаттамаға лицензия. Осы Келісімнің мерзімдері мен шарттары орындалған жағдайда, осы Келісіммен Сізге (а) Сіздің Офисіңізде орналасқан жалғыз серверде Бағдарламалық Қамтамасыз Етудің бір көшірмесін орнатуға және пайдалануға, (b) Сіз ақысын төлеген клиенттердің кіруіне Лицензиялардың санына сәйкес келетін Уәкілетті Пайдаланушылардың санымен пайдалануына және рұқсат беруіне, КСБ Бағдарламалық қамтамасыз етуін шектеусіз Тасымалды Өнімді Тасымалды Өнімнің лицензияланған санына сымсыз ұсынуды қоса алғанда, тек «BlackBerry» Шешімінің бір бөлігі ретінде ғана, кез келген тапсырылған уақытта пайдалануға; (с) Уәкілетті Пайдаланушыларға КСБ Бағдарламалық қамтамасыз етуін тек «BlackBerry» Шешімінің бір бөлігі ретінде ғана және Тасымалды Өнім үшін Бағдарламалық Қамтамасыз Ету тек бастапқыда орнатылған Тасымалды Өнімде пайдалана отырып, сымсыз режимде ұсынылатын Тасымалды Өнімдегі Тасымалды Өнім үшін Бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға қолдануға және рұқсат етуге жеке, қайтарылып алынатын, ерекше емес, берілмейтін лицензия беріледі. Сіздің Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді Сіздің жеке ішкі немесе жеке мақсаттарыңыздан немесе егер Сіз мұндай пайдалануды Сіздің Уәкілетті Пайдаланушыларыңыздың жеке мақсаттарына рұқсат берсеңіз, басқа мақсаттарда пайдалануға немесе пайдалануға жол беруге құқығыңыз жоқ. Осы лицензия болашақ апгрейдтерге немесе Бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартуға немесе Тасымалды Өнімде орналастырылған бастапқы бағдарламалардан өзгеше қолданбалы бағдарламаларға кіру мүмкіндігіне, сондай-ақ кез келген жаңа немесе түрлендірілген Қызметтерді алуға кез келген құқықтарды болжамайды. Сіздің ИТ департаментіңіздің, егер ондайыңыз болса, Бағдарламалық қамтамасыз етудің, Бөгде Бағдарламалық қамтамасыз етудің немесе Қызметтердің белгілі бір толықтыруын не түрлендіруін беруді алдын алу үшін «BlackBerry» Шешімін құрастыруға құқығы бар. Егер Сіздің ИТ департаментіңіз мұндай берудің алдын алмаса, онда «RIM» Сізге осындай толықтыруды немесе түрлендіруді кезең-кезеңмен беруге құқылы. Егер «RIM» тікелей немесе дистрибьютор арқылы (Сіздің Эфир Қызметін Жеткізушіңізді қоса алғанда) Сізге Бағдарламалық Қамтамасыз Етудің кез келген толықтыруларын немесе түрлендірулерін не Қызметтерін ұсынса, мұндай толықтырулар немесе түрлендірулер (Сіз сымсыз режимде ұсынған Тасымалды Өнім үшін Бағдарламалық Қамтамасыз Етуге кез келген толықтырулар мен түрлендірулерді қоса алғанда) немесе осы Келісімнің мерзімдері мен шарттарымен реттеледі, немесе егер осы Бағдарламалық қамтамасыз ету немесе Қызмет (Қызметтер) Сізге басқа мерзімдермен және шарттармен тікелей ұсынылатын болса, олар осындай басқа мерзімдермен және шарттармен реттеледі (бұған қосымша сыйақыларды төлеу кіруі мүмкін). Егер кез келген Бөгде Бағдарламалық Қамтамасыз Ету ұсынылатын болса, онда Бөгде Бағдарламалық Қамтамасыз Ету туралы осы Келісімде көрсетілген мерзімдер мен шарттар осы өнімге қатысты кез келген жеке лицензиялық келісімге қосымша ретінде қолданылады. Заңнамамен тікелей «RIM»-ге осындай қызмет түрлеріне рұқсат етілмеген жағдайларды қоспағанда, Сіз Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді түгелдей немесе бөлек-бөлек баса, көшіре, жаңғырта, тарата, түрлендіре немесе кез келген басқа тәсілдермен көшірмесін жасай алмайсыз. Осы ереженің мақсатында «көшіру немесе жаңғырту» Бағдарламалық Қамтамасыз Етуге қатысты құжаттар мен нұсқаулықтардың көшірмесін жасау кірмейді, әрі оларды пайдаланушы Құжаттамасының ережелеріне сәйкес және осы Құжаттаманың мақсаттары үшін немесе ісқағаз жүргізудің жалпыға қабылданған тәжірибесіне сәйкес жүргізілетін Бағдарламалық Қамтамасыз Ету орнатылған компьютердің немесе жүйенің немесе Бағдарламалық Қамтамасыз Етудің түрлендірілмеген тұрақты резервтік көшірмелерін дайындау уақытында оларды пайдалану талабымен бағдарламаларды әдеттегі орындау кезінде өз бетімен болатын көшірмені жасау кірмейді. Сіздің осы Келісімге сәйкес рұқсат етілген Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді пайдаланумен байланысты қолдану үшін ғана, Құжаттаманың жалғыз көшірмесін http://www.blackberry.com/ сайтынан алуға құқығыңыз бар. Егер Сіз «RIM» тарапынан осындай көшірме жасауға жазбаша түрде өкілеттіктер алмасаңыз, онда Сіздің кез келген Құжаттаманы немесе оның элементін көшіруге құқығыңыз жоқ.

8. Эфир Қызметі. «BlackBerry» Шешімімен бірге пайдалану үшін ұсынылатын Эфир Қызметін («Эфир қызметі») Сізге Эфир қызметінің Жеткізушісі Эфир Қызметіне қатысты мұндай Сіз және мұндай Эфир Қызметін Жеткізушінің арасындағы келісімнің мерзімдері мен шарттарын сақтау талабымен көрсетеді. «RIM» СІЗДІҢ АЛДЫҢЫЗДА НЕМЕСЕ СІЗДІҢ АТЫҢЫЗДАН НЕ СІЗ АРҚЫЛЫ, ШЕКТЕУСІЗ, ОСЫНДАЙ ЭФИР ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ҚАТЕСІЗДІГІН, УАҚТЫЛЫҒЫН НЕМЕСЕ ҰЗАҚТЫҒЫН ҚОСА АЛҒАНДА, ЭФИР ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСЫ БАР КЕЗ КЕЛГЕН МӘСЕЛЕГЕ ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМЫ БАР ҮШІНШІ БІР ТАРАП АЛДЫНДА ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КӨТЕРМЕЙДІ. WLAN4 құрылғылары Эфир Қызметін Жеткізушінің Эфир Қызметін көрсетуді талап етпейді, бірақ Сіз сымсыз жергілікті желінің тиісті жабдығын іске асыруға немесе Сіздің «BlackBerry» Шешіміңізбен бірге WLAN құрылғысының қызмет етуін қамтамасыз ету үшін тиісті жергілікті желіге авторландырылған кіруді алуға тиістісіз.

9. Бөгде Ақпаратпен Толтыру және Қызметтер. «BlackBerry» белгілі бір Шешімдерінің мүмкіндіктерінің бір бөлігін пайдалана отырып, «RIM» бөгде файлдарды, деректер базасын және веб-сайттарды қоса алғанда, үшінші тараптардан алынған ақпаратпен толтыруды ұсына алады немесе Сізге үшінші тұлғалардан алынған ақпаратпен толтыруды бере алады («Бөгде Ақпаратпен Толтыру»), сондай-ақ Сізге нақты бөгде веб-сайттармен («Байланысты веб-сайттар») қосылуды ұсына (иконалар немесе электрондық қыстырмалар арқылы) және басқа веб-сайттарға («Басқа веб-сайттар») немесе Сізге мыналарды алуға рұқсат беруді қамтамасыз ететін ақпаратқа кіруді қамтамасыз ете алады: (а) Сіздің Тасымалды Өніміңіздің Бөгде Ақпаратпен Толтыруға рұқсат алуға; немесе (b) мұндай веб-сайттарды пайдалана отырып «RIM»-нен өзгеше Тараптар ұсынатын қызметтерді алуға («Бөгде Қызметтер»). Веб-сайтқа қосылуды ұсыну немесе Сізге Бөгде Ақпаратпен Толтыруды өзгеше ұсыну «RIM» осы веб-сайтты немесе мұндай веб-сайттағы ақпаратпен толтыруды мақұлдайтындығын, байланысты екендігін немесе басқаша бақылайтындығын білдірмейді. «RIM» Сізге белгілі бір Тасымалды Өнімде осы функцияларды ұсына алатындығымен қанағат тұтады, бірақ осыны Сіз мыналарды дәл түсіну, тану және келісу талабымен ғана жасайды, БӨГДЕ ҚЫЗМЕТТЕР, БАЙЛАНЫСТЫ ВЕБ-САЙТТАР, БАСҚА ДА ВЕБ-САЙТТАР ЖӘНЕ БӨГДЕ АҚПАРАТПЕН ТОЛТЫРУ «RIM»-НІҢ БАҚЫЛАУЫНДА ЕМЕС, ОЛАРДЫ «RIM» ЕШҚАШАНДА МАҚҰЛДАМАЙДЫ, СОНДАЙ-АҚ «RIM» «BlackBerry» Шешімі арқылы рұқсат алуға болатын кез келген деректердің немесе қызметтердің авторлық құқықтарын, заңдылықты, сыпайылылығын немесе кез келген басқа да аспектілерді сақтауын, қателеспейтіндігін, уақтылығын қоса алғанда, осындай ақпаратпен, веб-сайтпен немесе қызметпен байланысты АҚПАРАТПЕН ТОЛТЫРУ, ПАЙДАЛАНУ, БЕРУ, ЖҰМЫС НЕМЕСЕ ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛМАУЫ ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ. «RIM» «BlackBerry» Шешімін пайдалана отырып кез келген нақты веб-сайтқа кіруге кепілдігін бере алмайды. Егер Сіз «RIM»-нің веб-сайттағы немесе ақпаратпен толтырудың көзі болып табылатындығына сенімсіз болсаңыз, legalinfo@rim.com адресі бойынша «RIM»-ге хабарласыңыз. Егер Сіз Интернет бойынша үшінші бір тараппен байланысты болсаңыз қауіпсіздік шарасын қолданыңыз және Сіз кіммен байланысты екендігіңізге көзіңізді жеткізіңіз, әрі шектеусіз, жеткізу және ақы төлеу шарттарын, тауарды қайтарып беру мүмкіндігін, құпиялылықты сақтау шарттарын және сіздің жеке ақпаратыңызды қорғау үшін, сондай-ақ Сіздің жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік сипаттамаларын қоса алғанда, веб-сайттардағы деректерді ала алатын кез келген қызметтердің мерзімдері мен шарттарын зерттеңіз. Егер Сіз Интернет арқылы үшінші тараптармен келісімдер жасасаңыз, Сіз осы келісімдердің мерзімдері мен шарттарын сақтауы үшін жауап бересіз.

10. Бөгде Бағдарламалық Қамтамасыз Ету. Сіздің «BlackBerry» Шешімін пайдалану тәжірибеңізді кеңейту үшін «RIM» ақы төлемеу негізінде (Сіздің Эфир Қызметін Жеткізуші алатын бергені үшін кез келген сыйақыдан өзгеше) Тасымалды Өніммен бірге пайдалану үшін Бөгде Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді оқта-текте ұсына немесе оны өзгеше пайдалануға бере алады. «RIM» осы бағдарламалық қамтамасыз етуді Сізге тегін де бере алады, тек сол үшін Сіз мұндай бағдарламалық қамтамасыз ету: (а) тек Сіздің ыңғайлылығыңыз үшін ғана берілетіндігін; және (b) егер ол бағдарламалық қамтамасыз етуге жеке лицензиямен қоса жүрмесе, «RIM» оны «сапа кепілдігінсіз» және қандай да бір тікелей шарттарсыз, растаусыз, кепілдіктерсіз, ұсынуларсыз немесе кепілдемерсіз қағидасы негізінде ұсыну талабын қоспағанда, Бағдарламалық Қамтамасыз Етуге қолданылатын осы Келісімнің мерзімдері мен шарттарын сақтау талабымен ұсынылатындығын Сіз түсінеді, таниды және келіседі деген талаппен ғана ұсына алады. Егер Бөгде Бағдарламалық Қамтамасыз Ету жеке лицензияның мәні болып табылса, онда Бөгде Бағдарламалық Қамтамасыз Етуге қатысты осы Келісімнің ережелері бәрі-бір қолданылатын болады. Егер Сіз осы бағдарламалық қамтамасыз етуді басқа шарттармен алғыңыз келсе, Сіз осы Бөгде Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді тікелей оның жеткізушілерінен алуыңыз қажет. Анық болу үшін, осы ереже Бөгде Тасымалды құрылғымен байланысты «Sun Microsystems Inc.» компаниясының кез келген Java кодына қатысты қолданылмайды, әрі оған лицензияны Сізге Бөгде Тасымалды құрылғының жеткізушісі немесе шығарушысы ұсынады.

11. Зияткерлік Меншік. Сіздің және «RIM»-нің арасындағы қарым-қатынастарда «BlackBerry» Шешіміне барлық құқықтар тиесілі және тиесілі болады. Сізде, Сіздің Уәкілетті Пайдаланушыларыңызда қандай да бір зияткерлік меншік құқықтарын немесе патенттерді, жобаларды, сауда белгілерін, авторлық құқықты, деректер базасына құқықтарды немесе кез келген құпия ақпаратқа немесе «BlackBerry» Шешімінің немесе оның кез келген элементінің немесе «BlackBerry» Шешімімен немесе оның кез келген элементімен байланысты коммерциялық құпияларды қоса алғанда, осы Келісімнің шеңберінде басқа да айрықша құқықтарын алмайсыз. Сіз сондай-ақ «BlackBerry» Шешіміне немесе оның кез келген элементіне қандай да бір лицензиялық құқықтарды немесе «BlackBerry» Шешімімен немесе оның кез келген элементімен байланысты, тек осы Келісімге немесе Сіз «RIM»-мен жазбаша түрде жасай алатын өзара келісілген басқа келісімге сай лицензияңыз бар құқықтарды қоспағанда, қандай да бір құқықтарды алмайсыз. Осы Келісімде немесе Сіз және «RIM» арасындағы жеке келісімде тікелей көрсетілмеген кез келген құқықтар сақталады. Бағдарламалық Қамтамасыз Етуге лицензия Сізге осы Келісімде көрсетілгендей беріледі, ал Бағдарламалық Қамтамасыз Етудің өзі және оның тиісті Құжаттамасы және кез келген Қызметтерге кіруге жол беретін кез келген веб-сайты (сайттары) Канада, АҚШ заңнамасының ережелерімен, сондай-ақ авторлық құқық саласындағы халықаралық заңнамамен және патенттік заңнамамен әрі халықаралық шарттармен қорғалған. Зияткерлік меншік құқықтарын бұзғаны үшін қатаң азаматтық және қылмыстық қудалау көзделген. Сіз осы Келісімнің қандай да бір ережесі кез келген құқықтарды шектемейді және «RIM»-нің зияткерлік меншігі мен оның басқа да айрықша құқықтарын қорғауға қатысты кез келген қолданыстағы заңнамаға сай «RIM» қолдана алатын кез келген соттық қорғау құралдарын, шектеусіз соттың тыйым салуын пайдалана алады.

12. «Cisco» Құқықтарын Мәлімдемесіз Беру. Егер Сіз сатып алған «BlackBerry» Шешімінде, Сіздің «Cisco» Технологияларын пайдалану құқығыңызды ескере отырып, кез келген «Cisco» Технологиясы болса, Сіз «Cisco» Технологиясына қатысты кез келген «Cisco» патенттік құқықтарын, «Cisco» клиенттерінің, «Cisco» дистрибьюторларының немесе «Cisco» Технологиясы лицензиаттарының құқықтарын «Cisco» Технологиясы сәйкес келетін немесе ол іске асырылатын өнімді болашақта жасау, өткенде жасау, пайдалану, сату, сату және импорттау үшін ұсынып беру құқықтарын шектемеумен келісесіз.

13. Экспорттық Шектеулер.

(а) Сіз Бағдарламалық қамтамасыз етуге криптографиялық бағдарламалық қамтамасыз ету кіретіндігін мойындайсыз, әрі оның салдарынан оның импорты немесе экспорты болған жағдайда немесе заңнамаға және Бағдарламалық Қамтамасыз Ету қолданылатын елдің (елдердің) және/немесе аумақтың (аумақтардың) нормативтік актілеріне («Қолданбалы Заңнама») сәйкес бақылау шаралары қолданыла алады. Сіз «BlackBerry» Шешімінің кез келген бөлігін экспорттамаумен, қайта экспорттамаумен немесе оның экспортына немесе қайта экспортына қолдау көрсетпеумен келісесіз: (і) Канаданың Аймақтық Бақылау Тізіміне енгізілген кез келген елге; (іі) соған қатысты эмбарго немесе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тарабынан іс-әрекет қолданылатын кез келген елге; (ііі) Канаданың Экспорттық Бақылау Тізімінің 5505-тармағына қайшы келетін; (iv) АҚШ экономикалық санкциялар мен эмбарго қолданатын елдерге; және (v) АҚШ-тан экспортталатын немесе шығатын тауарларды алуға тыйым салынған жеке немесе заңды тұлғаларға. Сіз legalinfo@rim.com адресі бойынша «RIM»-ге хабарласа аласыз. Осы арқылы Сіз: (і) Сізге мәлім болғандай, Сіз Қолданыстағы Заңнамаға сай «RIM»-нің Өнімін және Бағдарламалық Қамтамасыз Етуін алуға құқылысыз; (іі) Сіз кез келген елге немесе кез келген аумаққа «RIM»-нің Өнімін және/немесе Бағдарламалық қамтамасыз етуін импорттайсыз, экспорттайсыз немесе қайта экспорттайсыз немесе «RIM»-нің Өнімін және/немесе Бағдарламалық Қамтамасыз Етуін тек Қолданыстағы Заңнамаға сәйкес кез келген елде немесе кез келген аумақта пайдаланасыз; және (ііі) Сіз Уәкілетті Пайдаланушылар «RIM»-нің Өнімін және Бағдарламалық Қамтамасыз Етуін жоғарыда көрсетілген шектеулерге сәйкес пайдаланатынына кепілдік бересіз..

(b) Cіз осы арқылы осы Бапқа сәйкес іс-әрекет жасау қабілетсіздігіңіздің нәтижесінде «RIM»-ді және «RIM» Компаниялар Тобын кез келген шағымдардан, талаптардан, жауапкершіліктен немесе шығыстардан (негізделген заң сыйақыларын қоса алғанда) босатуға келісесіз.

14. Қауіпсіздік. Кәсіпорынға арналған «BlackBerry» Бағдарламалық Қамтамасыз Етуіне Сіздің Тасымалды Өніміңіз бен КСБ Бағдарламалық Қамтамасыз Етуі орнатылған компьютерлік жүйе арасында хабарласуы үшін деректердің криптографиялық қауіпсіздігінің белгілі бір деңгейі кіреді. Сіз «BlackBerry» Тасымалды Өніміне және Бағдарламалық Қамтамасыз Етуге кіруге бақылау жасау мақсатында тиісті қауіпсіздік шараларын қолдануға толығымен өзіңізге жауапкершілік көтеретіндігіңізді мойындайсыз.

15. Құпиялылық.

Сіз «RIM»-нің Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді әзірлеуге едәуір уақыт жұмсағанымен және елеулі шығын шеккенімен әрі ол құпия болып табылатындығымен және «RIM»-нің коммерциялық құпиялары бар екендігімен келісесіз әрі оларды мойындайсыз. Сіз Бағдарламалық қамтамасыз етуді қатаң құпия сақтауға және жария етпеуге немесе Бағдарламалық Қамтамасыз Етуге Сіздің Уәкілетті Пайдаланушыларыңызға кіруге рұқсат бермеуге келісесіз. Заңнамамен «RIM»-ге осындай қызмет түрлеріне тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, Сіздің Бағдарламалық Қамтамасыз Ету көзінің кез келген кодын алуға немесе пайдалануға құқығыңыз жоқ, Сіз және Сіздің Уәкілетті Пайдаланушыларыңыз Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді өзгертпейді, түрлендірмейді, бейімдемейді, туынды өнімдерді жасамайды, аудармайды, нақты жоймайды, бұзбайды, бөлшектемейді немесе оны қайта құрастырмайды, сондай-ақ осындай іс-әрекеттерді жасауға тырыспайды немесе рұқсат бермейді, қарсылық көрсетпейді, кез келген басқа тарапты жоғарыда көрсетілгендерге уәкілеттік бермейді немесе ынталандырмайды. Осы Келісімнің мақсатында «Қайта Құрастыруға» деректерге, бағдарламалық қамтамасыз етуге (интерфейстерді немесе техникалық тұрғыдан бағдарламалық қамтамасыз етудің коды ретінде қарастырыла алатын бағдарламалармен байланысты енгізілген немесе қолданылатын кез келген басқа да деректерді қоса алғанда) немесе аппараттық жабдыққа немесе кез келген әдіске не алу процесіне немесе кез келген ақпаратты, деректерді немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді қандай да бір нысаннан қолайлы нысанға өзгертуге қатысты кез келген қайта құрастыру әрекеті, аудару, бұзу, қайта тарату, шифрлеу немесе бөлшектеу (RAM/ROM5 немесе тұрақты есте сақтайтын құрылғыны дампирлеу кез келген аспектісін қоса алғанда, «кабельдік немесе сымсыз трафикті талдау», «хаттамалық талдау» немесе шифрленген ақпаратты өңдеу модулін пайдалана отырып қайта құрастыру) әрекеті жатады.

16. Қолданылу мерзімі.

(а) Осы Келісім Сіздің осы Келісімнің талаптарына сәйкес (кіріспенің жоғарыда көрсетілген ережелеріне сәйкес) міндеттемелерді қабылдауға келісіміңізді берген сәттен бастап басталады және осы Келісімнің ережелеріне сәйкес осы Келісімнің қолданылу мерзімі тоқтағаннан кейін аяқталады.

(b) «RIM» өз қарауына қарай, қолданылудың тоқтауына байланысты немесе сол себепті қандай да бір жауапкершіліктің туындауынсыз, егер қандай да бір талап етілетін Эфир Қызметтері қол жетерліктей болмаса, осы Келісімнің қолдануын тоқтату құқығын өзіне қалдырады.

(с) Қолданылу тоқтағаннан кейін «RIM» КСБ Бағдарламалық қамтамасыз ету мен Сіздің Тасымалды Өніміңіз арасында деректердің кез келген берілуін оқшаулауға құқылы.

(d) Осы Келісімнің қолданылуы мерзімі өткеннен кейін, оның туындау себептеріне қарамастан, Сіз Бағдарламалық Қамтамасыз Етудің және Қызметтің кез келген пайдалануын тоқтатасыз және сондай-ақ осы көшірмелердің нысанына қарамастан, Бағдарламалық қамтамасыз етудің және сіздің қолыңыздағы барлық көшірмелерді ажыратасыз және/немесе мүлдем алып тастайсыз.

(е) Осы Келісімнің қолданылуы тоқтағаннан кейін Сіз Бағдарламалық Қамтамасыз Етудің кез келген пайдаланылуын тоқтатасыз және Сіздің қолыңыздағы Бағдарламалық Қамтамасыз Етудің барлық көшірмелерін жоясыз және/немесе мүлдем алып тастайсыз.



17. Сотта Қорғану Құралдары және Міндттемелерді Орындамаудан Келісімді Тоқтату.

(а) Егер Сіз және Сіздің Уәкілетті Пайдаланушыларыңыз осы Келісімді бұзған жағдайда «RIM» осы Келісімде көзделген барлық құқықтар мен сотта қорғану құралдарына қосымша немесе заңнамаға сәйкес осы Келісімді және «BlackBerry» Шешімінің басқа элементіне және Сіз бен Сіздің Уәкілетті пайдаланатын Сіз бен «RIM» арасында жасалған кез келген басқа да лицензиялық келісімді тоқтату туралы Сізге хабарлама жібере отырып тоқтатады.

(b) Егер «RIM» заңға, нормативтік актіге, сот не басқа мемлекеттік орган кез келген түрде шығарған талапқа немесе сот шешіміне байланысты кез келген Қызметті көрсете алмайтын болса немесе мемлекеттік агенттіктің не «RIM» департаментінің тарапынан берілген хабарламаға сәйкес оған кез келген Қызметті көрсетуге рұқсат етілмеген жағдайда «RIM» Сіздің немесе Сіздің Уәкілетті Пайдаланушыңыздың алдында қандай да бір жауапкершіліксіз осы Келісімнің қолданылуын тоқтатуға және/немесе қызмет көрсетуді тез арада тоқтатуға құқылы. Осы келісімнің ешбір ережесі «RIM»-нен кез келген мұндай заңнан, ережеден, нормативтік актіден бас тартатын немесе шектейтін, не сотта қайта қарауды немесе кез келген соттың ұйғарымы бойынша апеляцияны талап ететін ереже ретінде түсіндірілмейді.

(c) «RIM» Сіздің алдыңызда немесе Сіздің уәкілетті Пайдаланушыңыздың алдында осы Бапқа сәйкес осы Келісімнің тоқтатылуымен байланысты не қатысты қандай да бір жауап бермейді.

18. Клиентке келтірілген Шығындарды Өтеу Кепілдігі. Сіз қорғайсыз, шығындардың өтелуіне кепілдігіңізді бересіз және «RIM»-ді және «RIM» Компаниялар Тобын, жеткізушілерді, заңды мұрагерлерді, аффилиирленген тұлғаларды, агенттерді, уәкілетті дистрибьюторларды және цессионарилерді, сондай-ақ «RIM»-нің барлық директорларын, қызметкерлерін және тәуелсіз мердігерлерін (әрқайсысы жеке-жеке – «RIM»-ің Босатылатын Тарабы») «RIM»-ің Босатылатын Тарабы шеккен кез келген талаптардан, зияннан, шығыстардан немесе шығындардан (шектеусіз, негізделген заңды сыйақы мен шығыстарды қоса алғанда) мына себептер бойынша жауапкершіліктен босатасыз:

(а) Сіздің осы Келісімнің 6, 7, 8, 10, 13 немесе 15-баптарын бұзғаны;

(b) тіл тигізгені, жала жапқаны, диффамациялағаны немесе авторлық құқықты немесе зияткерлік меншік құқығын немесе «BlackBerry» Шешімін пайдалана отырып Сіз берген материалға қатысты басқа да айрықша құқығын бұзғаны; немесе

(с) Сіздің немесе Сіздің Уәкілетті Пайдаланушыңыздың «BlackBerry» Шешімін немесе оның кез келген элементтерін пайдаланумен байланысты Сіздің немқұрайлылығыңыздың нәтижесінде кез келген жарақат алу, қайтыс болу немесе мүлікті зақымдау немесе Сіздің Уәкілетті Пайдаланушыңыздың заңсыз әрекеттері немесе немқұрайлылығы.

19. Шектеулі Кепілдік. СІЗ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ ҚАТЕЛЕСПЕЙТІН КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУГЕ ЖОЛ БЕРМЕЙТІНДІГІН НЕМЕСЕ ДЕРЕКТЕРДІҢ БЕРІЛУІНЕ КЕПІЛДІКТІҢ БЕРІЛМЕЙТІНДІГІН МОЙЫНДАЙСЫЗ ЖӘНЕ КЕЛІСЕСІЗ ЖӘНЕ СӨЙТІП «RIM» «BLACKBERRY» ШЕШІМІ ҮЗДІКСІЗ ӘРІ ҚАТЕСІЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНДІГІНЕ КЕПІЛДІГІН БЕРМЕЙДІ. СІЗ СОНДАЙ-АҚ «BLACKBERRY» ШЕШІМІ ҮЛГІ НЫСАНДА ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ӘЗІРЛЕНГЕНДІГІН ЖӘНЕ СІЗДІҢ ҰНАТҚАНЫҢЫЗДЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП БЕЙІМДЕЛМЕГЕНДІГІН МОЙЫНДАЙСЫЗ ӘРІ КЕЛІСЕСІЗ, СӨЙТІП «RIM» «BLACKBERRY» ШЕШІМІ КЕЗ КЕЛГЕН НАҚТЫ МАҚСАТҚА СӘЙКЕС КЕЛЕТІНДІГІНЕ КЕПІЛДІК БЕРЕ АЛМАЙДЫ. ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАННЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ӨНІМ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАРДА НЕМЕСЕ ЯДРОЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН, АВИАЦИЯЛЫҚ НАВИГАЦИЯНЫ НЕМЕСЕ АВИАЦИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛЕРІН, ӘУЕДЕГІ ҚОЗҒАЛЫСТЫ БАСҚАРУДЫ, СОНДАЙ-АҚ ӨМІРДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ НЕМЕСЕ ҚАРУЛАНУДЫ ШЕКТЕУСІЗ ҚОСА АЛҒАНДА, ӨТЕ СЕНІМДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ТАЛАП ЕТЕТІН ЗИЯНДЫ ОРТАЛАРДА ПАЙДАЛАНУ ҮШІН АРНАЛМАҒАН. СІЗ ДЕРЕКТЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ МЕН РЕЗЕРВТЕУДІҢ БАЛАМАЛЫ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚОЛДАП ТҰРАТЫНДЫҒЫҢЫЗҒА КЕПІЛДІК БЕРЕСІЗ ЖӘНЕ (1) ЖҰМЫС НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕР ТОҚТАП ҚАЛҒАНДА; НЕМЕСЕ (2) ДЕРЕКТЕРДІ БЕРУ КЕЗІНДЕ ҚИЫНДЫҚТАР НЕМЕСЕ ҚАТЕЛЕР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА СІЗ ОСЫНДАЙ ПРОБЛЕМАЛАР ТУРАЛЫ «RIM»-ге ДЕРЕУ ХАБАРДАР ЕТУГЕ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР МЕН ЗАЛАЛДЫҢ САЛДАРЫН ДЕРЕУ АЗАЙТУҒА КЕЛІСЕСІЗ.

(а) Бағдарламалық Қамтамасыз Ету.

(1) Егер Сізге Бағдарламалық Қамтамасыз Ету жеткізілгеннен кейін 90-күндік (тоқсан күндік) кезең ішінде («Кепілдік Кезеңі») «RIM» немесе «RIM»-нің кез келген уәкілетті дистрибьюторы ұсынған Бағдарламалық Қамтамасыз Ету «BlackBerry» Шешімінің басқа да өзгермейтін элементтеріне байланысты Бағдарламалық Қамтамасыз Етудің нақты түрі мен нұсқасына қолданылатын, Құжаттамада көрсетілген «RIM»-нің нұсқаулықтарына сәйкес оны пайдалану кезінде Бағдарламалық Қамтамасыз Етудің ерекше нұсқамаларында (олармен http://www.blackberry.com/legal/index.shtml веб-сайтында танысуға болады) сипатталған функцияларды орындай алмаса, онда «RIM» Сіздің таңдауыңыз бойынша оларды түзету үшін бар күш-жігерін салады немесе мұндай проблеманың уақытша шешімін ұсынады (мұндай түзету немесе уақытша шешім Сізге «RIM»-нің негізделген қарауы бойынша, Сізге телефон арқылы техникалық қолдау көрсету шеңберінде, «RIM»-нің веб-сайтындағы жалпыға бірдей шығарылған ақауларды жоюға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету түрінде немесе «RIM» Сізге хабардар ететін кез келген басқа да түрін қоса алғанда) немесе егер Сізге берілген Бағдарламалық Қамтамасыз Ету тасымалдауышы, сондай-ақ оған қатысты барлық орау «RIM»-ге сатып алудың растауымен бірге Кепілдік Кезеңі ішінде Сіздің әдеттегідей қайтару механизміне сәйкес (егер бұл қолданылатын болса, Сіздің Эфир Қызметін Жеткізуші арқылы немесе сату орны арқылы) қайтарылып берілсе, Сізге тиісті Бағдарламалық Қамтамасыз Ету үшін төлеген бір жолғы сыйақының өтемақысы беріледі.

(2) Жоғарыда көрсетілген ережелер «RIM»-нің жалғыз міндеттемесі және Сіздің Бағдарламалық Қамтамасыз Етумен байланысты туындауы мүмкін кез келген ақаулар, қателер немесе проблемалар болған жағдайда сотта қорғанудың жалғыз және айрықша құралы болып табылады.

(3) Егер Бағдарламалық Қамтамасыз Етудің ерекше нұсқамада сипатталған функцияларды орындау қабілетсіздігі мыналардың салдарынан туындаса, жоғарыда көрсетілген міндеттеме қолданылмайды: (А) Бағдарламалық қамтамасыз ету осы Келісімнің 4, 5, 6, 7, 11, 13 және 15-баптарында көрсетілген Сіздің кез келген жағдайыңызға қайшы келетін тәсілмен немесе Бағдарламалық қамтамасыз етудің нақты түрі мен нұсқасына қолданылатын Құжаттамада көрсетілген техника қауіпсіздігінің ережесін қоса алғанда, нұсқаулықтарға қайшы келетін тәсілдермен пайдаланылса; немесе (В) ақаумен немесе кез келген аппарат жабдығының (Бөгде Тасымалды Өнімнің ақауынан туындайтын проблемаларды қоса алғанда), желінің, бағдарламалық қамтамасыз етудің немесе «BlackBerry» Шешімінің басқа элементтерінен өзгеше байланыс жүйелерінің басқа да проблемаларынан; немесе (С) Бағдарламалық Қамтамасыз Ету ұсынылатын тасымалдауышты қоса алғанда, жазатайым оқиға, апат, электростатикалық разряд, өрт, су тасқыны, найзағай, су немесе жел, дұрыс қолданбау немесе «RIM» уәкілеттік бермеген адамдар жасаған жөндеумен немесе түрлендірумен туындаған ақаулар сияқты Бағдарламалық Қамтамасыз Етуге теріс әсер ететін кез келген сыртқы себептер.


  1. Өнім. Шектеулі Кепілдік («Шектеулі Кепілдік»), егер ондай болса, «RIM» өніміне қатысты қолданылатын Құжаттамада көзделеді. Шектеулі Кепілдік Сіздің «BlackBerry» Шешіміңіздің бір бөлігі болып табылатын Өнімге қатысты айрықша кепілдік болып табылады және «RIM» Өніміне және Шектеулі Кепілдікті кез келген бұзуға қатысты айрықша сотта қорғану құралын көздейді. Осы Келісімнің 26-бабының талаптары сілтеме арқылы Шектеулі Кепілдік талаптарына енгізілген. Төменде көрсетілген тиісті пернеге басу арқылы өзіңіздің келісіміңізді растай отырып Сіз Шектеулі Кепілдікпен танысқандығыңызды мойындайсыз және оның талаптарымен келісесіз.

  2. Қызмет (Қызметтер).

(і) СІЗДІҢ ЮРИСДИКЦИЯҢЫЗДЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫ-МЕН ТІКЕЛЕЙ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЖАҒДАЙЛАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, «RIM»-нің БАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ «САПА КЕПІЛДІГІНСІЗ» ЖӘНЕ «ЕГЕР БОЛСА» ҚАҒИДАСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖӘНЕ «RIM» ТАРАПЫНАН ҚАНДАЙ ДА БІР ТАЛАПСЫЗ, РАСТАУСЫЗ, КЕПІЛДІКСІЗ, ҰСЫНУСЫЗ, КЕПІЛДЕМЕСІЗ ҰСЫНЫЛАДЫ НЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ.

(іі) СІЗДІҢ ЮРИСДИКЦИЯҢЫЗДЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫ-МЕН ТІКЕЛЕЙ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЖАҒДАЙЛАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, «RIM» КЕЗ КЕЛГЕН БӨГДЕ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҚАНДАЙ ДА БІР КЕПІЛДІКТІ НЕМЕСЕ СОҒАН ҰҚСАС БАСҚА ДА КЕПІЛДІКТІ БАҚЫЛАМАЙТЫНДЫҒЫН ЖӘНЕ ОНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕ АЛМАЙТЫНДЫҒЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, БӨГДЕ ҚЫЗМЕТТЕР «САПА КЕПІЛДІГІНСІЗ» ЖӘНЕ «ЕГЕР БОЛСА» ҚАҒИДАСЫ НЕГІЗІНДЕ ЖӘНЕ «RIM» ТАРАПЫНАН ҚАНДАЙ ДА БІР ТАЛАПСЫЗ, РАСТАУСЫЗ, КЕПІЛДІКСІЗ, ҰСЫНУСЫЗ НЕМЕСЕ КЕПІЛДЕМЕСІЗ ҰСЫНЫЛАДЫ НЕ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ.

(ііі) «RIM» КЕЗ КЕЛГЕН ҚЫЗМЕТТІҢ ҮЗДІКСІЗ ПАЙДАЛАНУЫНА НЕМЕСЕ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ, КЕЗ КЕЛГЕН ҚЫЗМЕТТІҢ ҰЗАҚ УАҚЫТ БОЙЫ ҚОЛ ЖЕТЕРЛІГІНЕ НЕМЕСЕ СІЗ НЕ СІЗГЕ ЖІБЕРІЛГЕН КЕЗ КЕЛГЕН АҚПАРАТПЕН ТОЛТЫРУ ҚАТЕСІЗ, ӨЗГЕРМЕГЕН КҮЙДЕ НЕМЕСЕ АҚЫЛҒА СЫЙЫМДЫ КЕЗЕҢ ІШІНДЕ КЕЛІП ЖЕТЕРЛІГІНЕ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ.

(iv) БӨГДЕ АҚПАРАТПЕН ТОЛТЫРУ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ ВЕБ-САЙТТАР. СІЗДІҢ ЮРИСДИКЦИЯҢЫЗДЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫМЕН ТІКЕЛЕЙ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЖАҒДАЙЛАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, БАРЛЫҚ БӨГДЕ АҚПАРАТПЕН ТОЛТЫРУДЫ, БӨГДЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ВЕБ-САЙТТАРҒА ЖӘНЕ БАСҚА ДА ВЕБ-САЙТТАРҒА КІРУДІ «RIM» «САПА КЕПІЛДІГІНСІЗ» ЖӘНЕ «ЕГЕР БОЛСА» ҚАҒИДАСЫ НЕГІЗІНДЕ ҰСЫНАДЫ ӘРІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ ЖӘНЕ «RIM» СІЗДІҢ АЛДЫҢЫЗДА НЕМЕСЕ СІЗДІҢ АТЫҢЫЗДАН НЕ СІЗ АРҚЫЛЫ БАЙЛАНЫСТЫ ВЕБ-САЙТТАРҒА, БАСҚА ДА ВЕБ-САЙТТАРҒА БӨГДЕ АҚПАРАТПЕН ТОЛТЫРУҒА НЕМЕСЕ БӨГДЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚАТЫСЫ БАР КЕЗ КЕЛГЕН МӘСЕЛЕГЕ ҚАТЫСТЫ ШАҒЫМЫ БАР ҮШІНШІ БІР ТАРАП АЛДЫНДА ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КӨТЕРМЕЙДІ, ОЛАРҒА МЫНАЛАРДЫ ҚОСА ӘРІ ШЕКТЕУСІЗ: (А) МҰНДАЙ БӨГДЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ, БӨГДЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕМЕСЕ БӨГДЕ АҚПАРАТПЕН ТОЛТЫРУДЫҢ ҚАТЕСІЗ БОЛУЫНА, БЕРІЛУІНЕ, УАҚТЫЛЫҒЫНА НЕМЕСЕ ҰЗАҚ УАҚЫТ БОЙЫ ҚОЛ ЖЕТЕРЛІГІНЕ; (В) БӨГДЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ НЕМЕСЕ БӨГДЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ОРЫНДАҒАНЫНА НЕМЕСЕ ОРЫНДАМАҒАНЫНА; НЕМЕСЕ (С) БӨГДЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ НЕМЕСЕ БӨГДЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ «BLACKBERRY» ШЕШІМІМЕН НЕМЕСЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТІМЕН ЖЕДЕЛ СӘЙКЕСТІГІНЕ ЖАУАП БЕРМЕЙДІ. «RIM» КЕЗ КЕЛГЕН ВИРУСТАР НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН, ДИФФАМАЦИЯЛЫҚ, ӘДЕПСІЗ, ҚҰҚЫҚҚА ҚАРСЫ, ТІЛ ТИГІЗЕТІН НЕМЕСЕ ЗАҢСЫЗ БӨГДЕ АҚПАРАТПЕН ТОЛТЫРУ ҮШІН НЕМЕСЕ ҮШІНШІ ТАРАПТЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫН БҰЗАТЫН АҚПАРАТПЕН ТОЛТЫРУ ҮШІН ЖАУАП БЕРЕТІНДІГІМЕН СІЗ ТІКЕЛЕЙ КЕЛІСЕСІЗ. КЕЗ КЕЛГЕН БӨГДЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ, БӨГДЕ ҚЫЗМЕТКЕ НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН БӨГДЕ АҚПАРАТПЕН ТОЛТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ МҰНДАЙ ТАЛАП БОЛҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ СІЗДІҢ РЕГРЕССІҢІЗ ТИІСТІ ҮШІНШІ ТАРАПҚА ҚАРСЫ ЖАСАЛАДЫ.

20. Басқа Кепілдіктердің Болмауы.

(а) ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ЕҢ ЖОҒАРЫ ШЕКТЕ ОСЫ КЕЛІСІМДЕ ТІКЕЛЕЙ БЕРІЛГЕН КЕПІЛДІКТЕР КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА КЕПІЛДІКТЕРДІҢ, ҰСЫНЫСТАРДЫҢ, ШАРТТАРДЫҢ, МАҚҰЛДАУЛАРДЫҢ НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРДЕГІ КЕПІЛДЕМЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА БЕРІЛЕДІ, КӨРСЕТІЛГЕНДЕРМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ ҰСЫНЫСТАРДЫ, КЕПІЛДІКТЕРДІ, МАҚҰЛДАУЛАРДЫ, КЕПІЛДЕМЕЛЕРДІ НЕМЕСЕ ТАУАР ЖАҒДАЙЫНЫҢ ШАРТТАРЫН, ТАУАР САПАСЫН, НАҚТЫ МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҒЫН, ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ САПАСЫН, ҰЗАҚ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН, МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН, ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕДЕРГІЛЕРДІҢ БОЛМАУЫН ҚОСА АЛҒАНДА НЕМЕСЕ ЗАҢҒА НЕ ДӘСТҮРГЕ, НЕ ІСКЕРЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУДІҢ КҮНДЕЛІКТІ ТӘЖІРИБЕСІНЕ НЕМЕСЕ САУДА ТӘЖІРИБЕСІНЕ САЙ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ БАСҚА ДА КЕПІЛДІКТЕР, ҰСЫНЫСТАР, ШАРТТАР, МАҚҰЛДАУЛАР НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРДЕГІ КЕПІЛДЕМЕЛЕР МОЙЫНДАЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ШЕКТЕ АЛЫНЫП ТАСТАЛАДЫ.

(b) БІРҚАТАР ЕЛДЕРДІҢ ЗАҢНАМАСЫ ТҰТЫНУШЫЛАРМЕН ЖАСАЛҒАН КЕЛІСІМ ШАРТТАРДАҒЫ КЕПІЛДІКТЕРДІҢ, ШАРТТАРДЫҢ, МАҚҰЛДАУЛАРДЫҢ, КЕПІЛДЕМЕЛЕРДІҢ НЕМЕСЕ ҰСЫНЫСТАРДЫҢ АЛЫНЫП ТАСТАУЫНА ЖОЛ БЕРМЕЙДІ, СОЛАЙША МҰНДАЙ АЛЫНЫП ТАСТАУЛАР СІЗГЕ ҚОЛДАНЫЛМАУЫ МҮМКІН.

21. Жауапкершіліктің Шектелуі

(a) «RIM»-нің шектеулі кепілдігіне сәйкес келмейтін Бағдарламалық Қаматамсыз Етуге қатысты «RIM»-нің жиынтық жауапкершілігі мен Сіздің сотта айрықша қорғану құралыңыз 19 және 20-баптарда белгілененді.

(b) Сіздің юрисдикцияңыздың заңнамасымен тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, «RIM» кез келген жанама, жағдайлармен айқындалатын істеріңіз, тікелей емес, қосалқы, айыппұлдық немесе егер «RIM» мұндай шығындардың болуы туралы хабардар болса да, мәжбүрлеп өтелетін шығындар үшін қанда да бір жауапкершілікті Сіздің алдыңызда көтермейді. Атап айтқанда және жалпы мағынасымен шектелмей «RIM» Бағдарламалық Қамтамасыз Етумен бірге әзірленген, берілген немесе сақталған кез келген бағдарламалар не деректер үшін, сондай-ақ ондай бағдарламаларды немесе деректерді қалпына келтірумен не ауыстырумен, шаруашылық табысты немесе кірісті жоғалтумен, жинақ ақшаны жоғалтаумен, шаруашылық қызметтің тоқтатылуымен, басқаруға жұмсалған уақытпен және персоналдың басқа уақытымен, тұрып қалу салдарынан болған шығасымен, кез келген деректерді беру немесе алу қабілетсіздігімен, қолданбалы бағдарламалармен немесе Бөгде Бағдарламалық Қамтамасыз Етумен не «BlackBerry» Шешімінің басқа элементтерімен байланысты Бөгде Қызметтермен болған мәселелермен байланысты кез келген шығыстар үшін қандай да бір жауапкершілікті көтермейді. Осы Келісімнен туындайтын немесе осы Келісімге қатысты, шектеусіз, Бағдарламалық Қамтамасыз Етуді немесе оның кез келген бөлігін ұсынуға, пайдалануға, қолдануға қатысты қоса алғанда, «RIM» өтей алатын шығынның жалғыз түрі Сіздің тікелей шығыныңыз («Тікелей Шығын») болып табылады.

(с) «RIM»-нің жиынтық жауапкершілігі Сіздің «RIM»-нің Өнімі үшін және/немесе талап етуге негіз болған Бағдарламалық Қамтамасыз Етудің (жағдайға байланысты) осындай бөлігі үшін төлеген сомаңыздан аспайды және «RIM» «BlackBerry» Шешімінің орындалмау немесе кешігу кезеңі ішінде келтірілген шығын үшін ғана жауап береді.

(d)



жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
денсаулық сақтау
жұмыс істеу
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
жалпы біліктілік
қағидаларын бекіту
қатысушыларға қойылатын
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
оқыту әдістемесі
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
учебная программа
Бастауыш сынып