Жетім балаға (жетім балаларға) жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе



жүктеу 100,62 Kb.
Pdf просмотр
Дата25.05.2018
өлшемі100,62 Kb.


Қ

азақстан Республикасы

Білім жəне ғылым министрінің

2015 жылғы 13 cəуірдегі

№ 198 бұйрығына 2–қосымша

«Жетім балаға (жетім балаларға) жəне ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе

қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім жəне ғылым министрінің 21.01.2016



53

 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Жетім балаға (жетім балаларға) жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға

(балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

(бұдан əрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім жəне

ғылым министрлігі (бұдан əрі – Министрлік) əзірлеген.

      3. Мемлекеттік қызметті Астана жəне Алматы қалаларының, аудандардың жəне облыстық

маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан əрі – көрсетілетін қызметті

беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау жəне мемлекеттік қызмет көрсетудің нəтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес

қоғамы (бұдан əрі – Мемлекеттік корпорация);

      3) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан əрі – портал) арқылы

жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тəртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорациясына құжаттарды тапсырған

сəттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде – күнтізбелік отыз күн.

      Мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету

мерзіміне кірмейді.

      2) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорациясында көрсетілетін

қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15

минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің



рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорациясында – 15 минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған)

жəне (немесе) қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нəтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымшаға

 сəйкес нысан бойынша қамқоршылық немесе

қорғаншылық белгілеу туралы Астана қаласы, аудан жəне облыстық маңызы бар қала

əкімінің қаулысы не осы мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген



негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дəлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесін ұсыну нысаны – электрондық жəне (немесе) қағаз

түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нəтижесі үшін

қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесі электрондық

форматта ресімделеді, қағазға басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уəкілетті

тұлғасының қолымен жəне мөрімен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсетудің нəтижесі көрсетілетін қызметті алушының

«жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уəкілетті адамының электрондық

цифрлық қолтаңбасымен (бұдан əрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында

жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан əрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін

көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына

сəйкес демалыс жəне мереке күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі

үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау жəне мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесін беру сағат 13.00-ден

14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік

қызмет алдын-ала жазылусыз жəне жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тəртібімен

көрсетіледі;

      2) Мемлекеттік корпорациясында: еңбек заңнамасына сəйкес жексенбі күні жəне мереке

күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сəйкес

сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз.

      Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, қызмет алушының тіркеу орны бойынша

«электронды» кезек күту тəртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті

«брондауға» болады;

      3) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді

қоспағанда тəулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес көрсетілетін

қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс жəне мереке күндері жүгінген

жағдайда өтінішті қабылдау жəне мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесін беру келесі жұмыс

күнімен жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін

қажетті құжаттардың тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге жəне Мемлекеттік корпорациясында:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымшаға

 сəйкес нысан бойынша

өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куəландыратын құжат (жеке басын



сəйкестендіру үшін талап етіледі);

      3) егер некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;

      4) егер некеде тұрса, көрсетілетін қызметті алушының жəне жұбайының (зайыбының)

Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сəйкес ауруының жоқтығын растайтын

денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы

медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907

бұйрығымен

(бұдан əрі – № 907 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 6697 тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық жəне психиатриялық

диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мəліметтің жоқтығы туралы анықтама;



      5) жұмыс орнынан берілген мінездеме;

      6) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе

бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куəліктің көшірмесі (түпнұсқасы

сəйкестендіру үшін талап етіледі);

      7) егер некеде тұрмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының некеде тұрмағандығы

нотариалды расталған анықтама;

      8) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған

жағдайда баланың туу туралы куəлігінің көшірмесі (сəйкестендіру үшін талап етіледі);

      9) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын

құжаттардың (қайтыс болуы туралы куəлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың

ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, əрекетке қабiлетсiз (əрекет қабiлетi

шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының

бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың

іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының

денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың

(балалардың) əдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш)

көшiрмелері;

      10) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымшаға

 сəйкес нысан

бойынша қорғаншылық жəне қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын

органдардан баланың (балалардың) аға-інілері мен апа-қарындастары жəне олардың

тұрғылықты жері туралы берілген анықтама;

      11) баланың (балалардың) оқу орнынан анықтама.

      Бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім

беру ұйымдарында тұрған жағдайда баланың туу туралы куəлігі, баланың оқу орнынан

анықтама, балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын

растайтын құжаттарды (қайтыс болуы туралы куəлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру,

олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, əрекетке қабiлетсiз (əрекет

қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-

анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-

аналардың іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-

анасының денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар,

баланың (балалардың) əдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы

өтініш) ұсыну талап етілмейді.

      порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куəландырылған электрондық құжат

нысанындағы сұранысы;

      2) егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімінің

электрондық көшірмесі;

      3) егер некеде тұрса, көрсетілетін қызметті алушының жəне зайыбының (жұбайының)

Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сəйкес ауруының жоқтығын растайтын

денсаулық жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ № 907

бұйрығына

 сəйкес нысан

бойынша наркологиялық жəне психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы

мəліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық көшірмелері;

      4) жұмыс орнынан берілген мінездеменің электрондық көшірмесі;

      5) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе

бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куəлігінің электрондық көшірмесі;

      6) егер некеде тұрмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының некеде тұрмағандығы

нотариалды расталған анықтаманың электрондық көшірмесі;




      7) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған

жағдайда баланың туу туралы куəлігінің электрондық көшірмесі;

      8) балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының жоқтығын растайтын

құжаттардың (қайтыс болуы туралы куəлік, ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың

ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын хабарсыз кетті, əрекетке қабiлетсiз (əрекет қабiлетi

шектелген) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының

бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың

іздестірілуін, баланың (балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының

денсаулық сақтау ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың

(балалардың) əдейі тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш)

көшiрмелері;

      9) қорғаншылық жəне қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын

органдардан баланың (балалардың) аға-інілері мен апа-қарындастары жəне олардың

тұрғылықты жері туралы берілген анықтаманың электрондық көшірмесі;

      10) баланың (балалардың) оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі.

      Порталда электрондық сұранысты қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке

кабинетінде» жүзеге асырылады.

      Бала жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім

беру ұйымдарында тұрған жағдайда баланың туу туралы куəлігі (бала 2007 жылғы 13 тамызға

дейін туылған жағдайда), балаға жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығының

жоқтығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін (қайтыс болуы туралы куəлік,

ата-ананы ата-ана құқықтарынан айыру, олардың ата-ана құқықтарын шектеу, ата-анасын

хабарсыз кетті, əрекетке қабiлетсiз (əрекет қабiлетi шектелген) деп тану, оларды қайтыс

болды деп жариялау туралы сот шешімі, ата-анасының бас бостандығынан айыру

орындарында жазасын өтеуi туралы сот үкімі, ата-аналардың іздестірілуін, баланың

(балалардың) ата-анасынан айырып алынғанын, ата-анасының денсаулық сақтау

ұйымдарында ұзақ мерзімді емделуін растайтын құжаттар, баланың (балалардың) əдейі

тасталғаны туралы акті, баладан (балалардан) бас тарту туралы өтініш) тіркеу талап

етілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттарының, баланың туу

туралы куəлігінің (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда), некеге тұру

туралы куəліктің (2008 жылдан кейін некеге тұрған жағдайда), тұрғын үйге меншіктік

құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын, көрсетілетін қызметті

алушының қылмыс жасағаны жөнінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша бар

немесе жоқтығы туралы мəліметтерді, сондай-ақ егер көрсетілетін қызметті алушы некеде

тұрған болса, көрсетілетін қызметті алушының жұбайы (зайыбы), көрсетілетін қызметті

беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметті

алушы Мемлекеттік корпорациясында жəне көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік

қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйедегі

мəліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті

алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді:

      Мемлекеттік корпорациясында дайын құжаттарды беру жеке куəлігін (не нотариалды

расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат

негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нəтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін




оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан əрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін

қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорациясының

сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды

көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорация жібереді.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне»

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сұранысын қабылдау туралы, сондай-ақ мемлекеттік

көрсетілетін қызмет нəтижесін алу күні жəне уақыты көрсетілген хабарлама мəртебесі

жіберіледі.

      Баланы тəрбиеге алуға үміткер адамның тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерделеу актісі

жоғарыда аталған құжаттар ұсынылғаннан кейін дайындалады.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер:

      1) адамды соттың əрекетке қабiлетсiз немесе əрекет қабiлетi шектеулі деп тануы;

      2) адамды соттың ата-ана құқықтарынан айыруы немесе сот ата-ана құқықтарын шектеуі;

      3) өзiне Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше

орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдар;

      4) егер сот бала асырап алудың күшiн олардың кiнəсi бойынша жойса, бұрынғы бала

асырап алушылар;

      5) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге

асыра алмайтын адамдар болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-

тармағына сəйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік

корпорациясының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады жəне осы мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

4-қосымшаға

 сəйкес нысан бойынша құжаттарды

қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету мəселелері бойынша облыстардың,

республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың,

облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы

органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің жəне

(немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік

корпорациясы жəне (немесе) олардың қызметкерлерінің

шешімдеріне, əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағымдану тəртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мəселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің

жəне (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне)

шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген

мекенжай бойынша шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе

əкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Жеке тұлғаның арызында оның тегі, аты, əкесінің аты (бар болғанда), пошталық мекен-

жайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген

шағымға жауап алу мерзімі жəне орны көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің

кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) тіркелуі болып табылады.

      Мемлекеттік корпорациясына қолма-қол, сонымен бірге пошта арқылы келіп түскен

шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі жəне тіркеу күні

шағымның екінші данасына немесе шағымның ілеспе хатына қойылады) болып табылады.



      Портал арқылы өтініш білдіргенде шағымдану тəртібі туралы ақпаратты мемлекеттік

қызмет көрсету мəселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының «1414» телефоны

бойынша алуға болады.

      Портал арқылы өтініштерді жолдау кезінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке

кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші тарапынан шығымдарды өңдеу барысында

(жеткізу, тіркеу туралы белгілер, қарастыру немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап)

жаңартылатын өтініш жөніндегі ақпарат қолжетімді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті

алушының шағымы тіркелгеннен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

Шағымды қарастыру нəтижесі туралы дəлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта

арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нəтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті

алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті

органға жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның

атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес

жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нəтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін

қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа

жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық

нысанда жəне Мемлекеттік корпорациясы арқылы

көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де

талаптар

      13. Тұрмыс-тіршілігін шектейтін организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы

нашарлаған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда 1414, 8 800 0807777

Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінсе мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар

қабылдауды тұрғылықты жеріне бара отырып мемлекеттік корпорацияның қызметкері

жүргізеді.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-

ресурстарда орналастырылған:

      Министрлік www.edu.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорациясының www.con.gov.kz;

      порталда.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда көрсетілетін мемлекеттік

қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тəртібі мен жағдайы туралы

ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ

мемлекеттік қызмет көрсету мəселелері жөніндегі

Бірыңғай байланыс орталығының

 «1414»


арқылы алу мүмкіндігіне ие.

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мəселелері бойынша

анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz, көрсетілетін

қызметті берушінің: www.bala-kkk.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

«Жетім балаға (жетім балаларға)

жəне ата-анасының қамқорлығынсыз




қалған балаға (балаларға) қамқоршылық

немесе қорғаншылық белгілеу»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан


Алматы жəне Астана қалаларының білім

басқармалары, аудандық жəне қалалық

білім бөлімдерінің қағаз түрде берген

құжаттың шығу нысаны



Қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы

Астана қаласы, аудан жəне облыстық маңызы бар қала əкімінің

қаулысы

№ ____________                              «___» __________ 2015 жыл

      «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» 2011 жылғы 26

желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің

119

 жəне


121-баптарына

 сəйкес ___________________ өтінішінің жəне облыстардың,

Астана, Алматы (Т.А.Ə. (бар болғанда) қалаларының білім басқармалары,

аудандардың, қалалардың білім бөлімдері құжаттарының негізінде

_________ ауданының (қаласының) əкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сəйкес жетім балаға (жетім балаларға) жəне ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгіленсін

Р/с


Қамқоршы (қорғаншы)

Қамқорлыққа алынатын бала

Қамқоршылықты жəне

қорғаншылықты ресімдеу негізі

Т.А.Ə.


(бар болғанда)

Қамқоршының (қорғаншының)

Т.А.Ə. (бар болғанда), туған жылы

      2. Иелігіндегі тұрғын үйі _________________________ бекітілсін.

      Əкім _____________ (Т.А.Ə.(бар болғанда (қолы)

      Мөрдің орны

Алматы жəне Астана қалаларының білім

басқармалары, аудандық жəне қалалық

білім бөлімдерінің қағаз түрде берген

құжаттың шығу нысаны

Құжат электрондық үкімет жүйесінде

құрылған


Документ сформирован системой

электронного правительства

ЭҮП/ПЭП

ХҚКО/ЦОН


АЖО/АРМ


Берілген күні

Дата выдачи



Қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы

Астана қаласы, аудан жəне облыстық маңызы бар қала əкімінің

қаулысы

№ ____________                              «___» ___________2015 жыл

      «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» 2011 жылғы 26

желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің

119

 жəне


121-баптарына

 сəйкес _________________ өтінішінің жəне облыстардың,

Астана, Алматы (Т.А.Ə. (бар болғанда) қалаларының білім басқармалары,аудандардың,

қалалардың білім бөлімдері құжаттарының негізінде _________ ауданының (қаласының)

əкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сəйкес жетім балаға (жетім балаларға) жəне

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық

немесе қорғаншылық белгіленсін

Р/с



Қамқоршы (қорғаншы)



Қамқорлыққа алынатын бала

Қамқоршылықты жəне

қорғаншылықты ресімдеу негізі

Т.А.Ə.


(бар болғанда)

Қамқоршының (қорғаншының)

Т.А.Ə. (бар болғанда), туған жылы

      2. Иелігіндегі тұрғын үйі _________________________ бекітілсін.

Осы құжат «Электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7

қаңтардағы № 370-II Қазақстан Республикасының Заңының

7-бабының

 1-тармағына сəйкес

қағаз тасығыштағы құжатқа тең. Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона

Республики Казахстан от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронный

цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.

*Штрих-код «Электрондық əкімдік» ақпараттық жүйесі ұсынған жəне электрондық-цифрлық

қолтаңба мен қол қойылған деректерді қамтиды

Штрих-код содержит данные, предоставленные информационной системой «Электронный

акимат» и подписанные электронно-цифровой подписью

Жетім балаға (жетім балаларға)

жəне ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаға (балаларға) қамқоршылық

немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік



көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

Нысан

Астана жəне Алматы қалаларының,



аудандардың жəне облыстық

маңызы бар қалалардың жергілікті

атқарушы органдары

_______________________________

_______________________________

мекенжайы бойынша тұратын,

телефоны

азамат(ша) ____________________

_______________________________

(Т.А.Ə.(бар болғанда) жəне

жеке сəйкестендіру нөмері)

Өтініш

      Сізден жетім балаға (жетім балаларға) жəне ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған кəмелетке толмаған балаға (балаларға)

қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеуді сұраймын:

1. __________________________________________________________________

(баланың Т.А.Ə.(бар болғанда) туған жылын, туу туралы куəлігінің №

көрсету)

2. __________________________________________________________________

3. __________________________________________________________________

мекенжай бойынша тұрады:

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерделеуін өткізуге қарсы емеспін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды құпиямен қорғалатын

мəліметтерді пайдалануға келісім беремін.

«___» ____________2015 жыл               азаматтың (азаматшаның) қолы

Жетім балаға (жетім балаларға) жəне

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

балаға (балаларға) қамқоршылық немесе

қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

Нысан



Баланың (балалардың) аға-інілері мен

апа-қарындастары жəне олардың тұрғылықты жері туралы

анықтама

Кəмелетке толмағанның __________________________ аға-інілері мен апа-

(Т.А.Ə.(бар болғанда)

қарындастарының бар болғаны үшін берілді.

Р/с №

Тегі, аты, əкесінің аты (бар



болғанда)

Туған жылы

Туыстық жақындығы

Тұрғылықты жері

      Анықтама талап етілген жерге ұсыну үшін берілді.

      Басшы ____________________ ____________________________________

            (қолы)                       (Т.А.Ə.(бар болғанда)

      Мөрдің орны

Жетім балаға (жетім балаларға)

жəне ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған балаға (балаларға) қамқоршылық

немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына

4-қосымша

Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

Қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15

сəуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының

20-бабының

 2) тармақшасын

басшылыққа алып, ««Азаматтар үшін Үкімет» Мемлекеттік корпорациясының

коммерциялық емес қоғамы филиалының № __ бөлімі

_____________________________________________________________________

                      (мекенжайды көрсету)

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сəйкес

Сіз ұсынған құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты

_____________________________________________________________________

            (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап

айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

1) _________________________________________________________________;

2) _________________________________________________________________;




3) _________________________________________________________________.

      Осы қолхат əр тарапқа біреуден 2 данада жасалды.

Т.А.Ə. (бар болғанда)

(Мемлекеттік корпорациясының қызметкері) __________________ (қолы)

Орындаушының Т.А.Ə. (бар болғанда) __________________________________

Телефоны ____________________________________________________________

Қабылдаушының Т.А.Ə. (бар болғанда) _________________________________

                                (көрсетілетін қызметті алушының қолы)



«____» _____________ 20__ жыл

Document Outline

  • ‎D:\Документы\Работа\akimataktobe.gov.kz\Госуслуги\2016\стандарты образования 2016\2. устан опеки и попечит над реб сирот\стандарт каз.docx‎

Каталог: sites -> default -> files -> documents -> 2017-02
documents -> "Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға көшу стратегиясының жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2012 жылғы 19 қыркүйектегi №176-ө өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы
documents -> Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға көшу стратегиясының жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы
documents -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі шжқ рмк ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
documents -> Об утверждении Положения о государственном учреждении Комитет регионального развития Министерства экономического развития и торговли
documents -> []
documents -> «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

жүктеу 100,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша