Құжаттармен бірлесіп жұмыс істеу Құжатпен бір уақытта жұмыс істеу



жүктеу 68,5 Kb.
Pdf просмотр
Дата17.11.2017
өлшемі68,5 Kb.


Құжаттармен бірлесіп жұмыс істеу

 

 



 

Құжатпен бір уақытта жұмыс істеу

 

Word, Excel, PowerPoint және OneNote құжаттары Office 365 кітапханаларында 



сақталған кезде құжаттарды браузерде ашатын Office Web Apps бағдарламалары 

арқылы құжаттармен бірлесіп жұмыс істеуге болады.

 

Топтастарыңыз басқа біреудің аяқтағанын күтпестен, құжаттарды бір уақытта ашып, 



олармен жұмыс істей алады. Кеңейтілген мүмкіндіктер үшін жұмыс үстелі 

бағдарламаларындағы бірдей құжаттарды аша аласыз.

 

 

 



Файлдарды кері жүктеу немесе кітапханада жасау

 

Құжаттарды компьютерден топ сайтындағы кітапханаға апару арқылы оларды кері



 

жүктеуге болады.

 

 

1.  Сайттағы кітапхананы 



ашыңыз.

 

2.  Компьютердегі жүктеу қажет 



құжаттарды тауып, таңдаңыз.

 

3.  Кейін оларды кітапханадағы 



файлдарды осы жерге 

апару деген орынға 

апарыңыз.

 

Кітапханада жаңа файл жасау



 

1.  Сайт кітапханасына өтіп, жаңа құжат

 

түймешігін басыңыз.



 

2.  Жасау қажет файл түрін таңдап, қажет 

болса, оған атау беріп, басқа 

мәліметтерді толтырыңыз.

 

3.  Файл сәйкес бағдарламада ашылады. 



Қалаған ақпаратты файлға қосыңыз.

 

4.  Файлды сақтаған кезде ол кітапханаға 



қосылып, файлдар тізімінде пайда 

болады.


 

5.  Құжатты Office Web Apps 

бағдарламаларында ашу үшін құжаттың 

атауын басыңыз.

 

 

Құжатты белгілі бір адамдармен ортақ пайдалану



 

Құжаттар мен қалталарды ұйымдағы адамдармен ортақ пайдаланып, оларға көру

 

немесе өңдеу рұқсатын бере аласыз.



 

1.   Құжат жанындағы көп нүктені (...) басып, Ортақ пайдалану түймешігін басыңыз.

 

2.   Ортақ пайдалану терезесіне әр адамның атын енгізіп, шақыру тізіміне қосу үшін

 

оны басыңыз.



 

3.  Ашылмалы мәзірден шақырылғандарға бергіңіз келетін рұқсаттарды таңдаңыз.

 

4.  Қажет болса, хабар жазып, Ортақ пайдалану түймешігін басыңыз.



 

 

 




Құжаттарды ортақ пайдалану

 

 



 

 

 



 

 

Құжатты «Барлығымен» ортақ пайдалану



 

Кей кезде адамдардың іздеу арқылы оңай табуына көмектесуі үшін құжатты ұйымдағы

 

барлығымен ортақ пайдалануды қалауыңыз мүмкін.



 

1.   Құжат жанындағы көп нүктені (...) басып, Ортақ пайдалану түймешігін басыңыз.

 

2.   Адамдарды шақыру жолағына Барлығы деп теріңіз.

 

3.  Егер бірнеше сәйкестікті көрсеңіз, қажеттісін таңдаңыз. Мысалы, Сыртқы



 

пайдаланушылардан басқа барлығы.

 

4.  Шақыруы бар электрондық хабарды жіберіп жатсаңыз, мәтін ұясына мәтінді 



енгізіп, Ортақ пайдалану түймешігін басыңыз.

 

 



 

Кеңес  Құжатты үлкен 

компаниядағы 

барлығымен ортақ 

пайдалану кезінде 

шақыруы бар 

электрондық хабар 

жіберуді өткізіп жіберу 

қалыпты жағдай.

 

Құжаттарды компаниядан тыс адамдармен ортақ



 

пайдалану

 

Құжаттарды жеткізушілермен, клиенттермен немесе тұтынушылармен ортақ пайдалану 



қажет болуы мүмкін. Бұл жағдайда құжатты көру үшін немесе кірместен құжатты 

көруге немесе өңдеуге пайдалана алатын қонақ сілтемесін жіберу үшін олардың 

сайтыңызға кіруін сұрауыңызға болады.

 

1.  Ортақ пайдалану қажет құжатқа өтіп, көп нүктені (…), кейін Ортақ пайдалану



 

түймешігін басыңыз.

 

2.  Сыртқы пайдаланушылардың электрондық пошта мекенжайларын енгізіңіз.



 

3.  Ашылмалы тізімнен берілетін рұқсат деңгейін таңдаңыз.

 

4.  Алушыларға тапсырманы орындау үшін қажетті нұсқаулар беретін хабар жазыңыз.



 

5.  Қажет болса, Кіруді сұрау тармағын таңдап, Ортақ пайдалану түймешігін басыңыз.

 

Құжатты немесе қалтаны ортақ пайдалануды тоқтату



 

Құжатты немесе қалтаны барлығымен немесе таңдалған адамдармен ортақ пайдалануды

 

тоқтатуға болады.



 

1.   Ортақ пайдалануды тоқтату керек 

құжатты немесе қалтаны таңдап, 

Файлдар Ортақ пайдаланылған 

тармағын басыңыз.

 

2.   Ортақ пайдаланылған терезесінде ортақ 

пайдалануды тоқтату керек адамның 

жанындағы ашылмалы тізім көрсеткісін 

басып, Ортақ пайдалануды тоқтату 

пәрменін таңдаңыз.

 



Word бағдарламасында бірлесіп

 

 



жұмыс істеу

 

Құжаттармен бірігіп жұмыс істеу



 

Word құжаты Бизнеске арналған OneDrive немесе 

SharePoint  кітапханасында сақталған кезде адамдардың 

рұқсаты  болса, олар құжатпен Word Web App 

бағдарламасында  жұмыс істей алады.

 

1.   Web App бағдарламасында ашу үшін кітапханадағы 



құжатты басыңыз.

 

2.   Құжатты өңдеу Word Web App 



бағдарламасында өңдеу тармағын басыңыз.

 

3.   Басқа біреу құжатты ашқан кезде Word бағдарламасы 



сізге хабарлайды. Бірге жұмыс істеп отырған кісіні 

көру үшін хабарландыруды басыңыз.

 

Сақтаған кезде өңдеулеріңіз құжатпен жұмыс істеп



 

жатқан басқа адамдарға қол жетімді болады.

 

Web App терезесінің төменгі жағындағы күй жолағын 



басу арқылы ағымдағы уақытта құжатта кім жұмыс істеп 

отырғанын да көруге болады.

 

Word Web App бағдарламасы жұмыс істеп отырған 



параграфты көрсету үшін көк нүктелік жақшаны көрсетеді 

және басқа авторлар осы параграфта жұмыс істеп 

отырғаныңызды көреді.

 

Құжатты сақтаған кезде Word Web App бағдарламасы 



басқа жазушыларға ескертеді. Басқа авторлар өзгерткен 

мазмұн түрлі-түсті фонмен көрсетіледі.

 

 

 



 

Өзгертулерді бақылау

 

Кімнің құжаттағы нені өзгерткенін қарау үшін Өзгертулерді бақылау мүмкіндігін 



қосыңыз. Құжатқа енгізілген өзгертулер жиегі жанындағы сызық арқылы белгіленеді.

 

•  Қарап шығу Өзгертулерді бақылау тармағын басыңыз.



 

•  Өзгертулер мен түсініктемелерді қарау 

үшін түсініктеме жасалғанын көрсететін 

сызықты немесе қалқымалы ескертуді 

басыңыз.

 

•  Барлық өзгертулерді емес, барлық 



түсініктемелерді көргіңіз келсе,

 

Түсініктемелер көрсету түймешігін басыңыз.

 

•  Құралдар тақтасында өзгертуді Қарап шығу Келесі Қабылдау немесе



 

Бекітпеу үшін басыңыз.

 

•  Өзгертулерді бақылау мүмкіндігін өшіру үшін Өзгертулерді бақылау түймешігін



 

қайта басыңыз.

 

Word жұмыс үстелі бағдарламасында жұмыс істеу



 

Мазмұны немесе әдебиеттер тізімі сияқты Word 

жұмыс үстелі бағдарламасының мүмкіндіктерін 

қажет ететін өзгертулер жасағыңыз келсе, 



Құжатты өңдеу > Word бағдарламасында 

өңдеу тармағын басыңыз.

 

Толық ақпарат алу үшін 



«Құжатты браузерде және  

Word б а ғда рла ма сы н да п а йда ла н у а расы н да ғы 

 

 а йы рма шы лы қта р » б өлімін қа раңы з



.

 



 

OneNote бағдарламасында 

бірлесіп жұмыс істеу

 

 



Жазу кітапшасын SharePoint сайтында ортақ 

пайдалану

 

OneNote жазу кітапшаларын кітапханада тобыңыздың барлығына сақтауға болады. Сіз не 



өзге біреу жазу кітапшаларына өзгеріс енгізетін болса, OneNote өзгертулерді автоматты 

түрде сақтайды және SharePoint сайтына синхрондайды. Адамдардың кітапханада 

оқу/жазу рұқсаты бар екендігін ескеріңіз.

 

1.  OneNote бағдарламасында Файл Жаңа SharePoint тармағын таңдаңыз.



 

2.  Оң жақта SharePoint астындағы Шолу түймешігін басыңыз.

 

3.  Тобыңыздың жазу кітапшасын сақтағыңыз келетін SharePoint сайтындағы құжаттар



 

кітапханасына өтіңіз.

 

4.   Жазу кітапшасының атауы жолағына атауын енгізіп, «Жасау» түймешігін басыңыз.

 

 



Жазу кітапшасын 

жасаған соң жазу 

кітапшасының 

сілтемесін 

топтастарыңызға және 

әріптестеріңізге 

электрондық пошта 

арқылы жібере аласыз.

 

SharePoint сайтында 



жазу рұқсаты бар 

кез келген

 

пайдаланушының көру 



және өңдеу мүмкіндігі 

болады.


 

Ортақ жазу кітапшаларын синхрондау

 

OneNote бағдарламасы ортақ жазу кітапшаларын белгілі бір уақыт сайын автоматты 



түрде синхрондап отырады. Бірақ кей кезде ортақ жазу кітапшасын қолмен 

синхрондағыңыз келуі мүмкін.

 

1.   OneNote бағдарламасында Файл Ақпарат Синхрондау күйін көру



 

тармағын басыңыз.

 

2.  Ортақ жазу кітапшасын синхрондау 

диалогтық терезесінде келесі әрекеттердің 

бірін орындаңыз:

 

• 

Барлық ортақ жазу кітапшаларын 



синхрондау үшін Барлығын синхрондау 

түймешігін басыңыз.

 

• 

Синхрондау қажет белгілі бір жазу



 

кітапшасы жанындағы Қазір синхрондау түймешігін басыңыз.

 

 

OneNote жұмыс үстелі бағдарламасында жұмыс істеу



 

OneNote Web App бағдарламасы веб-браузерде жазбалар енгізіп, жазба беттерін 

ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қосымша кеңейтілген өңдеу  мүмкіндіктерін алу 

үшін Файл Ақпарат OneNote бағдарламасында ашу тармағын таңдаңыз.

 

Жазу кітапшасын OneNote 



бағдарламасында сақтаған 

кезде ол веб бағдарламасында 

ашылған кездегі веб-сайтында 

сақталады. Толық ақпарат алу 

үшін қараңыз

Жа зу кіта п ша сы н 



 

 б раузерде ж ән е OneNote

 

 б а ғда рла ма сы н да п а йда ла н у



 

 а расы н да ғы а йы рма шы лы қта р




 

Excel бағдарламасында бірлесіп 

жұмыс істеу

 

 



Excel Web App бағдарламасында басқалармен

 

жұмыс істеу



 

Жұмыс үстелін басқалардың өңдеуіне қол жетімді етсеңіз, олар сізбен бірдей уақытта 

жұмыс істей алады. Пайдаланушылар тобынан ақпарат тізімі немесе топтық жоба 

сияқты ақпарат жинаған кезде бұл жақсы жұмыс істейді.

 

Жазу кітапшасын өңдеу кезінде Excel Web App бағдарламасы басқалардың да осы жазу



 

кітапшасымен жұмыс істеп жатқандығын көрсетеді.

 

Жұмыс кітабын ортақ пайдалану



 

Жұмыс кітабы желіде болғандықтан, оны электрондық хатқа тіркеме етіп жіберудің орнына 

сілтеме жіберу арқылы ортақ пайдалануға болады. Пайдаланушылар  оны веб-браузерде 

немесе мобильді құрылғыда оқи алады. Олардың барлық жұмыс парақтарын көру, 

деректерді сүзу және сұрыптау және жиынтық кестелер деректеріне  үңілу мүмкіндіктері бар.

 

1.   Файл Ортақ пайдалану Адамдармен ортақ пайдалану тармағын таңдаңыз.

 

2.   Жұмыс кітабында жұмыс істейтін адамдардың электрондық пошта мекенжайларын 



қосыңыз.

 

Браузерде Excel жұмыс кітабын өңдеу



 

Жұмыс кітабын браузерде өңдеу үшін Жұмыс 



кітабын өңдеу Excel Web App бағдарламасында 

өңдеу түймешігін басыңыз. Деректер енгізіңіз, 

формула жасаңыз, диаграммалар қосыңыз және 

негізгі пішімдерді қолданыңыз.

 

Excel Web App бағдарламасы жұмысты автоматты



 

түрде сақтайды.

 

Өңдеудің қосымша мүмкіндіктерін қолдану үшін Excel 



бағдарламасында өңдеу түймешігін басыңыз. Толық 

ақпарат алу үшін қараңыз: 

Жұмы с кіта б ы н б раузерде 

 

 ж ән е Excel б а ғда рла ма сы н да п а йда ла н у а расы н да ғы 



 

 айы рмашы лы қта р 

.

 

Бір электрондық кестеде бірге жұмыс істеу



 

Excel Web App бағдарламасы файлда кім 

жұмыс істеп отырғанын көрсетеді және олар 

Excel Web App бағдарламасында (Excel жұмыс 

үстелінің бағдарламасында емес) жұмыс істеп 

отырса, жаңартуларды дәл қазір көре аласыз.

 

 

 



 

 

Өзгертулерді бақылау



 

Өзгертулерді бақылау мүмкіндігін пайдалану 

арқылы ортақ жұмыс кітабында жасалған 

өзгертулер туралы ақпаратты бақылауға, 

сақтауға және көрсетуге болады.

 

 



1.  Қарап шығу қойындысында Өзгертулер тобындағы Жұмыс кітабын ортақ

 

пайдалану түймешігін басыңыз.

 

2.  Жұмыс кітабын ортақ пайдалану диалогтық терезесінде Өңдеу 

қойындысындағы Бірнеше пайдаланушыларға бір уақытта өзгертуге 



рұқсат беру ұяшығына белгі қойыңыз.

 

3.  Қосымша қойындысын басыңыз.

 

4.  Өзгертулерді бақылау астында Өзгертулер журналын сақтау түймешігін

 

басыңыз және сақтау қажет өзгертулер журналы күндерінің санын енгізіңіз.



 

 

Толық ақпарат алу үшін 



Ортақ

 

 ж ұмы с кіта бы н да өзгертулерді



 

бақылау


.

 


жүктеу 68,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша