Бұл класқа 300-дей түр жатады. Олардың мицелиі көп ядролы, көп бұтақтанған, мүшеленбеген жіп шумақтарынан (гифалардан) тұрады. Ж3п шумақтарының қабықшалары целлюлозадан тұрады, хитині болмайды. Өмірінің көп бөлігі гаплоидты жағдайда өтеді. Жыныссыз көбеюі екі талшығы бар зооспоралары арқылы жүзеге асады. Жыныстық процесі оогамиялы. Зиготасы диплоидты. Ол өскен кезде мейоз процесі жүреді. Көптеген түрлерінің өмірлік циклы сулы ортамен байланысты.
Фитофтора (Phytophthora infestans) – картоптың жапырағында өмір сүретін паразит. Мицелиі жапырақтың мезофиліне еніп жатады. Гифалары (жіп шумақтары) клетка аралық қуыстарында өсіп ұлғаяды, содан соң өскіншелері (емшекшелері - присоски) арқылы клеткалардың ішіне енеді және олардың өлуін жеделдетеді. Устьица қуысы арқылы сыртқа шығып тұратын гифалардың ұштары зооспорангия сабағы болып табылады. Олар бұтақтанып өседі және ұштарында зооспорангийлар спорангия сағақтарынан бөлініп, картоптың жапырағына барып түседі. Содан соң олар жапырақтың ұлпасына устьица қуысы арқылы өтіп, не жаңа гифалар береді, не болмаса (су тамшысы болған жағдайда) зооспораға айналады. Зооспоралар зақымданбаған жапырақты зақымдауға қабілетті болып келеді. Зооспоралар арқылы көбеюдің қарқындылығы зооспорангийлермен көбеюге қарағанда көп жоғары болады. Зооспорангийлері немесе зооспоралары топыраққа түсіп, картоптың түйнектерін зақымдайды. Жыныстық көбею тек осы саңырауқұлақтың шыққан жерінде – Мексикада ғана белгілі. Осы саңырауқұлақтың иесі болып табылатын өсімдіктен тыс жерде топырақта жүреді. Гифаларында оогонийлері мен антеридийлері жетіледі. Оогонийінің формасы шар тәрізді болып келеді, оның ішінде бір ядролы жұмыртқа клеткасы жетіледі. Антеридийі бар гифа оогонийге қарай өседі. Антеридийдің өскіндері поралары арқылы оогонийдің ішінде өтіп жұмыртқа клеткасына жетеді. Нәтижесінде антеридийдің ішіндегі затының бір бөлігі, бір ядросы мен жұмыртқа клеткасына қосылады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы қабықшамен қапталып, ооспораға айналады. Тыныштық кезеңді басынан өткізген соң, ооспора мейоз жолымен бөлініп, зооспорангия түзетін гифаға айналады. Ооспоралары мен мицелийлері өсімдіктің қалдықтарына және түйнектерінде қыстап шығады. Зақымдану топырақ арқылы және түйнектері арқылы.
ЗИГОМИЦЕТТЕР КЛАСЫ – Zygomycetes
Зигомицеттерге 400-дей түр жатады. Олардың мицелийлері біртұтас, перделерге бөлінбеген болып келеді. Гифаларының қабықшаларында хитин болады. Жыныссыз көбеюі спорангиоспоралары немесе конидийлері арқылы жүзеге асады.
Негізгі өкілдерінің бірі Мукор (Mucor mucedo). Ол нанда, көкөністерде, жылқының тезегінде, көңде және басқа да көптеген органикалық субстраттарда сапрофит ретінде өседі. Гифалары біртұтас, перделерге бөлінбеген, ерекше бұтақталған, көп ядролы болып келеді. Жыныссыз көбеюі шар тәрізді спорангилердің ішінде пайда болатын споралардың көмегімен жүзеге асады. Споралар ылғалыд субстратқа түсіп, өсіп жаңа гифалар береді. Жыныстық жолмен сирек көбейеді. Ол тек физиологиялық жағынан бір-бірінен айқын айырмашылықтары болатын екі мицелий (гетеротальды) қатар өскен жағдайда ғана жүзеге асады. Бұл жағдайда мицелийдің гифалары бір-біріне қарама-қарсы бағытта өседі де, ұштары жуандап түйіседі. Алайда олардың арасын көлденең перделер бөліп тұрады. Гифалардың түйіскен жерлеріндегі клетка қабықшалары еріп, олардың ішіндегі заттарыда, ядроларыда қосылады. Пайда болған зигота қара түсті қалың қабықшамен қапталады да біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан өткізеді. Сонан соң зигота мейоз жолымен бөлінеді де өседі. Одан ұрықтық гифалар пайда болады. Осындай гифалардың үстінде спорангилер жетіледі, ал олардың ішінде көптеген гаплоидты споралар дамиды.
Қолайсыз жағдайда гифалар бірнеше бөліктерге бөлінеді, оларды оидии деп атайды. Оидии қалың қабықшамен қапталадыда келешегінде хламидоспораларға айналады. Қолайлы жағдай туысымен хламидоспоралар өсіп мицелийге айналады.
Бақылау сұрақтары:
Саңырауқұлақтардың систематикасы
Оомицеттердің көбею жолдары қандай?
Зигомицетердің маңызы қандай?
Қолданылған әдебиеттер:
Ә.Ә.Әметов «Ботаника» алматы, 2000 ж.
П.М.Жуковский «Ботаника» М., «Высшая школа» 1964 г.
Н.А.Комарницский «Ботаника» систематика растений М., «Просвещение» 1975 г.
П.А.Генкель, Л.В.Кудряшов «Ботаника» М., «Просвещение» 1964
Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 5-7, 14-15 беттер.
М.В.горленко «Курс низших растений» М., «Высшая школа» 1981 г.
Дәріс №6
Тақырыбы: Аскомицеттер немесе қалталы саңырауқұлақтар
Қарастырылатын сұрақтар:
Аскомицеттердің мицелиі
Жыныссыз және жынысты көбею органдары
Қалталы саңырауқұлақтардың классификациясы
Алғашқы қалталылар, гемиаскомицеттер
Дәріс мазмұны: Аскомицеттердің мицелиі, жыныссыз, жынысты көбеюі. Қалтаның дамуы. Өкілдері: ашытқы саңырауқұлақтар, пеницилл, аспергилл
Дәріс мақсаты: Қалталы саңырауқұлақтардың қанша түрі бар екенін, қалай көбейетінін, өмірлік циклін студенттерге түсіндіру.
ҚАЛТАЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР НЕМЕСЕ АСКОМИЦЕТТЕР КЛАСЫ – Ascomycetes
Қалталы саңырауқұлақтарға 30 мыңдай түр жатады. Олардың мицелийлері субстратқа еніп жататын, бірнеше бөліктерге бөлінген (членистый) гифалардан тұрады. Субстраттың бетінде тек жыныстық көбею органдары орналасады. Қалталы саңырауқұлақтардың түрлерінің дәні (көпшілігі) сапрофиттер. Олар негізінен топырақты мекендейді де, өсімдіктердің шірінділерімен және тағамдардың қалдықтарымен қоректенеді. Сонымен бірге бұлардың бірқатары өсімдіктердің, сиректеу жануарлардың және адамның паразиттері болып келеді. Кейбіреулері өмірлік циклын паразит ретінде бастап, сапрофит ретінде аяқтайды.
Көбеюі. Жыныссыз көбеюі конидиялары арқылы жүзеге асады. Жыныстық көбеюі қарапайым түрлерінде мицелидің екі жіпшесінің (члеников) бірігіп кетуі арқылы жүреді. Зигота тыныштық кезеңін басынан өткізбей-ақ, оның диплоидты ядросы бірден мейоз жолымен, содан соң митоз арқылы бөлінеді. Нәтижесінде сегіз гаплоидты аскоспора пайда болады. Жоғарғы деңгейде жетілген қалталы саңырауқұлақтарда жыныстық көбею органдары болады: аналық жыныс органы – антеридий деп аталынады. Архикарп екі клеткадан тұрады: төменгі бүйірленген – аскогеннен және жоғарғы цилиндр тәрізді клеткадан тұрады. Осы екі органда (мүше) әдетте көп ядролы болып келеді. Антеридий трихогинаның үстіңгі ұшына жақын орналасады, оның ішіндегі заттары архикарпқа құйылады, нәтижесінде екі жыныс клеткасының цитоплазмалары қосылады. Бірақта шығу тегі әртүрлі болып келетін ядролары аскогендің (аналық) және антеридиалық (аталық) қосылмайды, олар екеу-екеуден жақындасып дикариондар түзеді. Осы жағдайдан соң аскогеннен тарамдалған аскогендік гифалар кетеді. Олардың ішіне дикариондар өтеді де бөліну арқылы көбейеді. Әрбір аскогендік гифаның ішінде бір ғана дикарион болады. Жыныстық процестің аяқталу кезеңінде аскогендік гифаның ұшы жағындағы бөлігінде дикариондардың ядролары қосылады да зигота түзеді. Зигота бірден мейоз жолымен, содан соң митоз арқылы бөлінеді. Нәтижесінде сегіз (кейде төрт) гаплоидты клеткалар – аскоспоралар пайда болады. Аскогендік гифалардың ұш жағындағы аскоспоралары бар бөліктері кеңейіп өсіп аскаларға немесе қалталарға айналады. Сонымен жоғарғы деңгейде жетілген қалталы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында үш түрлі фаза (кезең) алмасып келіп отырады: гаплоидты (циклдың көп бөлігі), дикарионды және өте қысқа диплоидты. Қалталардың арасында барлық уақытта жыныссыз гифалар – паразиттер болады. Олар қалталарды бір-бірінен бөліп тұру үшін қажет сонымен бірге аскоспоралардың шашылуында қамтамасыз етуі мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
Аскомицеттердің жіктелуі және жалпы сипаттамасы.
Аскомицеттерге қандай жеміс денелері тән?
Ашытқы саңырауқұлақтарының клеткалары қандай құрылысқа ие? Олар қалай көбейеді
Аспергилл мен пеницилдің айырмашылығы.
Қолданылған әдебиеттер:
Ә.Ә.Әметов «Ботаника» алматы, 2000 ж.
П.М.Жуковский «Ботаника» М., «Высшая школа» 1964 г.
Н.А.Комарницский «Ботаника» систематика растений М., «Просвещение» 1975 г.
П.А.Генкель, Л.В.Кудряшов «Ботаника» М., «Просвещение» 1964
Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 5-7, 14-15 беттер.
М.В.горленко «Курс низших растений» М., «Высшая школа» 1981 г.
Дәріс № 7
Тақырыбы: Базидиомицеттер класы
Қарастырылатын сұрақтар:
Базидиомицетердің классификациясы
Холобазидиомицеттердің гетеробазидиомицеттерден айырмашылығы
Қаракүйе, тат саңырауқұлақтар
Дәрістің мазмұны: Базидиалды саңырауқұлақтар, спора түзуші – базидия. Кл/асты. Холобазидиальды саңырауқұлақтар: экзобазидиальды саңырауқұлақтар, гименомицеттер. Плектаскалар тұқымдасы: түлкіжем, рыжиктер, грузд, волнушкалар; трутовиктер: трутовик, ақ саңырауқұлақ, аққайың саңырауқұлағы. Гастромицеттер қатары.
Дәріс мақсаты: Студенттерді жеуге жарайтын және улы саңырауқұлақтардың биологиялық және экологиялық ерекшеліктерімен таныстыру. Табиғаттағы маңызын білу. Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
БАЗИДИОМИЦЕТТЕР КЛАСЫ (БАЗИДИОМИЦЕТЫ) - Basidiomycetes
Түрлерінің жалпы саны 30 мыңдай болады. Мицелийлері көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген гифалардан тұрады. Жыныссыз көбеюі конидийлері арқылы жүзеге асады, бірақ ол сирек болады. Жыныстық процесі екі гаплоидты гифаның бөліктерінің (члеников) қосылуы арқылы жүзеге асады. Арнайы жыныстық көбею органы болмайды. Гетеротальды түрлерінің (олар осы кластың басым көпшілігін құрайды) мицелийлерінің қарама-қарсы белгілері бар (+ және -) особьтарының гифалары қосылады. Бұл жағдайда дикариондар түзіледі, олардың ядролары келешегінде синхронды бөлінеді. Жыныс процесі дикарионның ядроларының қосылуымен, мейозбен және төрт базидиоспорасы бар базидийдің түзілуімен аяқталады. Құрылысы жағынан базидийлер әртүрлі болады: холобазидия – жекелеген бөліктерге (члеников) бөлінбеген, бірклеткалы, түйрегіштің басы тәрізді өсінді; гетеробазидия екі бөліктен тұрады – төменгі кеңейген бөліктен (гипобазидия) және гипобазидияның өсімдісі болып табылатын үстіңгі бөліктен (эпибазидия);
Эпибазидия көп жағдайда екі немесе төрт бөліктен тұрады және олар бірқатар түрлерінде гипобазидиядан көлденең перделері арқылы бөлініп тұрады. Мұндай күрделі базидияны гетеробазидия деп атайды. Базидийдің үшінші түрі фрагмобазидия – көлденең перделері арқылы төрт бөлікке (клеткаға) бөлінген болады. Әдетте фрагмобазидия тыныштық қалыпта болатын қабықшалары қалың телиоспора деп аталатын клеткадан пайда болады, сондықтанда оны телобазидия деп атайды.
Базидиомицеттердің өмірлік циклында дикарионды фаза басым болып келеді, ал гаплоидты және диплоидты фазалары өте қысқа. көптеген түрлерінің базидиоспоралары формасы мен мөлшері әртүрлі болып келетін жемісті денелерінде түзіледі. Концистенциясы жағынан жемісті дене борпылдақ, өрмекшінің торы тәрізді, тығыздалған киіз тәрізді, көн тәрізді және ағаш тәрізді қатты болып келеді. Гимений қабаты көп жағдайда жемісті дененің төменгі жағында орналасады. Ол базидийден, парафизден және цистадан тұрады. Цистада – гимениальды қабаттың үстінен көтеріліп көрініп тұратын парафиздерге, басқа мүшелеріне (членики) қарағанда біршама үлкен болады. Жемісті дененің гимений түзілетін бетін гименифора деп атайды.
Базидиальды саңырауқұлақтар үш клас тармағына бөлінеді: холобазидиомицеттер, гетеробазидиомицеттер, телобазидиомицеттер.
Холобазидиомицетер клас тармағы – Holobasidomycetidae
Бұл клас тармағы холобазидии түзетін саңырауқұлақтарды біріктіреді. Мысал ретінде олардың ең кең тараған туысы шампиньонды қарастырамыз. Шампиньон (Agaricus campestris) – сапрофит ретінде, ылғалды мол топырақта өседі. Оны арнайы теплийцаларда қолдан өсіреді. Жемісті денесі тармақталған мицелийінде пайда болады. Ал мицелийі топырақта болатын, бірнеше клеткадан тұратын (членистый) гифалардан құрылады. Зақымдалған дәннің формасы мен салмағы жағынан зақымдалмаған дәннен айырмашылығы болмайды және өсуге қабілетті келеді.
Телиобазидиомицеттер класстармағы – Teliobasidiomycetidae
Бұл класс тармағына жататын өсімдіктердің фрагмабазидийлері болады.
Бидайдың қатты қаракүйесі (Tilletia caries), басқа қаракүйелер секілді паразит. Зақымданған масақ, зақымданбаған масаққа қарағанда жеңіл, өйткені оның дәндерінің көпшілігі телиоспораға толы болады. Телиоспоралар шар тәрізді түсі қара және үсті кедір-бұдыр (ячеистый) болып келеді. Астықты бастырған кезде споралар дәнге жабысады, ал тұқымды сепкенде топыраққа түседі. Телиоспоралар көктемде тұқыммен бірге өседі. өсер алдында дикарионның ядролары қосылады, содан соң зигота мейоз арқылы бөлінеді. Осылардан кейін барып фрагмабазидия дамиды, ал оларда гаплоидты базидиоспоралары түзіледі. Базидиоспоралар өсімдіктерді тікелей зақымдай алмайды. Екі гетеротальды базидиоспоралар қослып екі ядролы клетка түзеді. Осындай клеткадан дикарионды гифа пайда болады. Ол алдымен дәннің қауызының (околоплоднык) астына, содан соң ұрықтың өсу конусына, одан өскінге өтіп өсімдікпен бірге өседі. Келешегінде гифа гүл шоғырына еніп дәннің ішінде ұлғаяды да, оның ішіндегі қоректік заттарын өз бойына сіңіреді. Қауызбен (околоплодник) спермодерма бұзылмайды, сондықтанда дән өзінің сыртқы формасын сақтайды, бірақ оның іші телиоспораға толы болады.
Қарабидайдың (T.secalis), арпаның (T.hordei), қатты қаракүйесінің, жүгерінің тозаңды қаракүйесінің (Sorosporium reilianum) және тағы басқалардың өмірлік цыклдары дәл осындай.
Бидайдың тозаңды қаракүйесінің (Ustilago tritici) өмірлік цыклы біршама күрделі. Зақымданған масақтың және дәннің қауыздары (қабыршақтары) жарылып қара түсті телиоспоралармен жабылады. Олар бидайдың қатты телиоспораларына қарағанда ұсақ және үсті кедір-бұдыр емес (не ячеистый) тегіс болады. Телиоспоралар жел арқылы зақымдалған масақтың гүліндегі аналығының аузына келіп түседі де өнеді, олардан фрагмабазидий дамиды. Бірақта базидиоспоралар түзілмейді, фрагмабазидийдің гаплоидты клеткалары екеу-екеуден қосылып, дикарионды гифаларға айналады. Дикарионды гифалар гүл түйініне өтіп эндосперм мен ұрықтың ішінде ұлғайып өседі, бірақ оларды бұзып жармайды. Зақымдалған дәннің пішіні мен салмағы жағынан зақымданбаған дәннен айырмашылығы болмайды және өсуге қабілетті.
Яғни бұл жерде зақымдану топырақта емес, өсімдік гүлдеген және дән байлаған кездерде жүреді. Келесі жылы тұқымды жерге сепкеннен кейін ұрық өне бастайды, осы кезде мицелийде ұрықпен бірге өсіп оның өсу конучына өтеді. Одан әрі ол сабақтың бойымен жоғары қарай жылжиды, сөйтіп қоректік заттар мол жиналатын гүл шоғырында ерекше қарқынмен өсіп ұлғаяды. Осы жерде мицелий жекелеген клеткаларға бөлінеді. Ал ол клеткалар қалың қабықшамен қапталып телиоспораларға айналады. Бұлар күресу басқа қаракүйелерге қарағанда қиын, өйткені мұнда қаракүйе мицелийлері дәннің ішкі ұлпасында орналасады. Сондықтан, онымен күресу үшін тұқымды 3-4 сағат бойы 280-320 градустағы жылы суға салу керек, бұл уақытта мицелий өсе бастайды, ал ұрықтың өсуіне уақыт жетпейді. Одан кейін тұқымды 7-8 мин., 520-530 градустан астам суға салады, бұл кезде өскен мицелий күйеді, ал ұрыққа ешқандай зиян келмейді. Барлық колхоз, совхоздарда бұл шараны қолдануға қолайлы жағдай туа бермейді. Сондықтан егістікке таза сорты дәндерді сұрыптап алу қажет.
Пукциния, немесе астықтың сызықты таты (Puccinia graminis) сарыағаш өсімдігі мен астық тұқымдастарының паразиті. Астық тұқымдастары осы саңырауқұлақтың негізгі иесі де, ал сарыағаш өсімдігі аралық иесі болып табылады. Бұл саңырауқұлақ өзінің дамуын сарыағаштың жапырағынан бастайды. Зақымданған жапырақтың екі бетінде де қызғылт сарғыш түсті дақтар пайда болады. Зақымданған жапырақтың үстіңгі бетінде пикнидийлер, ал астыңғы жағында эцидийлер дамиды. Пикнидийлер құмыра тәрізді, үстіңгі жағында тесігі бар қуыс. Осы қуыстың қабырғаларынан қысқа гаплоидты гифалар пайда болады, ал олардың ұшында өте ұсақ шар тәрізді споралар жетіледі. Оларды пикноспоралар немесе спермациялар деп атайды. Пикнидийлер дами келе жапырақтың жоғарғы эпидермисіне қысым туғызып, оны жарып шығады. Осы тесіктен сыртқа қысқа гифалар қоқырап шығы тұрады, оларды парафиздер деп атайды. Осы гифаларға пикниспоралар жабысады. Гифалардың арасымен сыртқа ерекше иісі бар шырынды сұйық шығып отырады, олармен бірге көптеген ұсақ пикноспораларда шығады. Осы шырынды сұйық өсімдіктердің жапырағына қонған насекомдардың бауырында және табанына жабысады, онымен бірге пикниспоралар бір пикнидийден екінші пикнидийге ауысады. Пикноспоралар өздігінен басқа өсімдікті зақымдай алмайды, бірақ олардың дикариондық мицелийдің түзілуіне бірден-бір қатысы болады. Басқаша айтқанда жыныстық процескеқатысы болады.
ДЕЙТРОМИЦЕТТЕР, НЕМЕСЕ ЖЕТІЛМЕГЕН САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР КЛАСЫ – DEUTEROMYCETES, FUNGI IMPERFECTI
Түрлерінің жалпы саны 300 мыңдай. Гифалары мүшеленген (членистый). Көбеюі конидилері арқылы жүзеге асады. Жыныстық жолмен көбеймейді. Бұлар паразиттер мен сапрофиттер болып келеді. Көптеген түрлері табиғатта аса кең тараған. Жетілмеген саңырауқұлақтар көп жағдайда ауылшаруашылық дақылдарын ауруға шалдықтырады және оларды өлуге әкеліп соқтырады.
Жетілмеген саңырауқұлақтардың классификациясы конидия сағақтарының орналасуы мен конидилерінің формасына негізделген. Бір түрлерінде конидия сағақтары жалғыздан орналасып, онша үлкен болмайтын шоқ түзеді. Оны кореми деп атайды (ботритис – Botritis туысы). Екінші бір түрлерінде гифалары матасып жапырақтың үстіңгі ложе немесе строма деп аталынатын құрылым түзеді (коллетотрихум – Colletotrichum туысы). Үшінші бір түрлерінің конидилері шар тәрізді немесе сопақтау болып келген, жоғарғы жағында тесігі бар қуыстың – пекнидидің ішінде орналасады (диплодина – Diplodina туысы)
Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Саңырауқұлақтар табиғаттағы зат алмасу процесіне ерекше орын алады. Олар органикалық заттарды ыдыратып минералдық заттарға айналдырады. Әсіресе өсімдіктердің қалдықтарын шірітіп, топырақта қарашіріндінің түзілуінқамтамасыз етеді. Спирттік ашу туғызатын саңырауқұлақтар, нан жабуда, спирт алуда, шарап, сыра, квас, айран ашытуда кеңінен пайдаланады. Сонымен бірге ашытқы саңырауқұлақтары тамаққа, малға азық ретінде және емдік өнім ретінде пайдаланады. Алайда олардың гифаларының қабықшалары нашар қорытылады, сондықтанда мұндағы белоктар түгелдей дерлік сіңбейді деседе болғандай. Дегенмен саңырауқұлақтарды негізінен астың дәмін кіргізу мақсатында пайдаланады.
Ауа райы құрғақ болған жылдары саңырауқұлақтардың жемісті денесә жаздың соңына қарай пайда болады. Ал салқын ерте түскен жылдары олар өсуін тоқтатады. Саңырауқұлақтарды тергенде жеуге келетін саңырауқұлақтарды улы саңырауқұлақтардан ажырата білу қажет. Әсіресе сұр паганка, мухомор, желочты саңырауқұлақ, жалған лисичка және жалған опята улы саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтармен уланып қалмау үшін, оларды жинағанда мұқият болу керек. Егер терілген саңырауқұлақ улы саңырауқұлаққа ұқсас болса, егер сіз оның жеуге келетін саңырауқұлақ екендігіне күмән келтірсеңіз, онда мұндай саңырауқұлақты жинамағаныңыз жөн. Жеуге келетін саңырауқұлақтардың жемісті денесі де улы болуы мүмкін.
Көкөніс шаруашылығында ТМД-нің үлкен қалаларының маңында шампиньонды өсіреді. Арнайы теплицаларда төрт ярусты стелаждар (полкалар) жасалынады. Олардың үстінде құнарлы топырақты жайып мицелийлерді отырғызады. Теплицадағы температураны, ауаның және топырақтың ылғалдығын жемісті денесі тез пайда болатындай қалыпта ұстау қажет. Сонда ғана топырақтың 1 кв. м-нен шампиньонның 20 кг. жемісті денесін жинауға болады. Жылына саңырауқұлақтан 5 рет өнім алынады.
Антибиотиктер өндіруде саңырауқұлақтардың маңызы ерекше. Екінші жағынан саңырауқұлақтардың көбісі ауылшаруашылық дақылдарын әртүрлі ауруларға шалдықтырады. Ағаштардың діңдерін бүлдіретін саңырауқұлақтар (трутовиктер) халық шаруашылығына үлкен нұқсан келтіреді. Бірқатар саңырауқұлақтар адамдарды және жануарларды әртүрлі ауруларға шалдықтырады және оларды уландырады. Саңырауқұлақтар қышқылдық реакциясы бар организмдердің денесінде паразит ретінде өмір сүреді, оларға көптеген ауру туғызатын бактериялар шыдай бермейді.
Бақылау сұрақтары:
Аскомицеттердің жіктелуі және жалпы сипаттамасы.
Аскомицеттерге қандай жеміс денелері тән?
Ашытқы саңырауқұлақтарының клеткалары қандай құрылысқа ие? Олар қалай көбейеді
Аспергилл мен пеницилдің айырмашылығы.
Қолданылған әдебиеттер:
Ә.Ә.Әметов «Ботаника» алматы, 2000 ж.
П.М.Жуковский «Ботаника» М., «Высшая школа» 1964 г.
Н.А.Комарницский «Ботаника» систематика растений М., «Просвещение» 1975 г.
П.А.Генкель, Л.В.Кудряшов «Ботаника» М., «Просвещение» 1964
Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл 5-7, 14-15 беттер.
М.В.горленко «Курс низших растений» М., «Высшая школа» 1981 г.
Дәріс №8. ҚЫНАЛАР БӨЛІМІ.
Қарастырылатын сұрақтар:
Қыналар туралы түсінік
Қыналардың талломдарының формалары
Көбеюі, таралуы, практикалық маңызы.
Дәрістің мазмұны: Қыналар туралы түсінік. Қыналар – автотрофты фикобионттар мен гетеротрофты микобионттардың селбесуінен түзілген жеке қасиеттері бар өсімдіктер. Қыналардың морфологиялық және анатомиялық құрылысы. Қалталы қыналар класы. Осы бөлімге бірігетін белгілі қыналардың 90%-ын құрайды. Қалталы қыналар класы пиренокарпалылар мен гименокарпалылар класс тармақтарына бөлінеді. Қыналардың көбеюі. Таралуы, экологиясы және практикалық маңызы.
Дәрістің мақсаты: Студенттерді қыналардың экологиялық және биологиялық ерекшеліктерімен, табиғатта таралуымен және практикалық маңызымен таныстыру.
ҚЫНАЛАР - LICHENOPHYTA БӨЛІМІ
Қыналар - төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тараған, күй талғамайтын, ерекше құрылысты организмдер тобы. Олардың 20000-нан астам түрі белгілі. Бұлар - автотрофты фикобионтгар мен гетеротрофты микобионттардың селбесіп тіршілік етуінің нөтижесінде құралған морфологиялық, физиологиялық жөне экологиялық өз алдына жеке қасиеттері бар өсімдік. Кейде бұлардың кейбір сыртқы құрылысына қарай мүктермен шатастырып, оларды "бүғы мүгі" және "Исландия мүктері" деп атайды. Қыналардың түсі сұр, сұр жасылдау, қоңыр, сары, сарғыш, кейде қара болып келеді.
Қыналардьщ морфологаялық құрылысы. Қынлардың сыртқы пішіні мен көлемі - алуан түрлі. Оларды сыртқы пішініне қарай 3 топқа бөледі.
1. Қабықты (қаспақты) қынаның құрылысы басқаларына қарағанда қарапайым. Бұлардың талломы төсемінге тығыз жабысып өседі де, оны алғанда бұзылады және көпшілік уақытта ұнтақ, дөн, кедір-бұдырлы немесе тегіс қаспақ сияқтанып келеді. Барлық қыналардың 80%-тейі қаспақты қынаға жатады.
2. Жапырақты қыналардың қүрылысы күрделірек. Төсемікке жай-ылып жататын пластинка пішінді, төменгі жағында резина деп аталатын гифалардың ұштары арқылы бекінеді. Төсеміктен оңай алынады жөне дорзовентральды құрылысты келеді.
3. Бұталы қына күрделі құрылысты төсеміктен сабақ тәрізді көтеріліп тұрады да, одан жан-жаққа тармақталған бұтақшалар кетеді. Бұлар тік еседі немесе орманды жерлерде ағаштың қабығында төмен қарай салбырап тұрады. Жапырақты қыналармен салыстырғанда, бұл керісінше, радиальды құрылысты келеді.
Жапырақты жөне нағыз бұталы қыналардың арасын бір-бірімен байланыстырушы буын — талломы лента төрізді, дорзовентральды құрылысы бар Evernia prunastri не Anaptychia ciliaris сияқты төменгі жағымен бекінетін қына. Бұл үш морфологиялық типтердің система-тикалық жағынан алғанда аса күрделі маңызы болмайды. Кейде бір туысқа жататын түрлердің ішінде жапырақты және бұталы қыналар да кездеседі.
Қыналардың құрамына кіретін фикобионттардың кепшілігі жасыл, көк-жасыл, сирек ор түрлі талшықты жөне қоңыр балдырлар. Табиғатта бос тіршілік ететін балдырларға қарағаңда олар аз өзгерген. Жасыл балдырлардың ішінде көпшілігі хлорококтар қатарына жататын — цистококк — Cystococcus не Trebouxia туыстары. Цистококк өзіне жақын хлорококк туысынан хлоропластасының дененің орталық бөлімінде орналасу арқылы айырылады. Басқа бір клеткалы жасыл балдырлардың ішінен хлорелла — Chlorella т.б. кездеседі. Жіп тәрізді жасыл балдырлардың ішінде трентеполия -Trentepholia және кладофора — Cladophora туыстары қыналардьщ құрамында жиі кездесіп, олардың талломына жасыл түс беріп тұрады. Көк-жасыл баддырлардың ішінде қыналардың құрамында Nostoc, Gloeocapsa, Chroococcus, Hyella, Anabaena, Calothrix, Dichothrix, Stigonema, Rivularia, Scytonema т.б., ал басқа түрлер аз кездеседі. Жасыл-сары балдырлардың фикобионт есебінде қына құрамына Heterococcus енеді.
Қыналардың әрбір түріне балдырлардың белгілі бір туыстарының қатысуы, олардың негізгі айырмашылық қасиеті. Мұның әрбір түрінің құрамында кездесетін фикобионт түрлерін бір-бірінен айыру өте қиын, себебі, олар өте ұсақ, сондықтан олардың айырмашылықтарьш көрсету өзірше мүмкін емес.
Қыналардың құрамына кіретін микобионтгардың басым көпшілігі аскомицеттердің ішіндегі пиреномицеттер мен дискомицеттер. Тек тропикада өсетін он шақты қына түрлерінде ғана базидиомицеттердің ішіндегі телефора — Telephora туысы қатысады. Саңырауқұлақ гифалары көлденең перделерге бөлінген. Гифа клеткасының протоплазмасы клетка қабықшасындағы тесіктерінен шығып жататын жіңішке цитоплазматикалық жіпшелер арқылы байланысып жатады. Кейбір гифалардың суды сіңіріп ісінетін қасиеті бар қалың қабығы болады. Гифа қабықтарына қыналарға әр түрлі түс беретін бояулар жиналады. Қыналардың құрамында кіретін микробионттарды табиғатта бос күйінде кездесетін саңырауқұлақтардың белгілі бір түрлеріне ұқсату мүмкін емес. Оның басты себебі микобионттар фикобионтгармен бірігіп тіршілік етуі нөтижесінде балдырға қарағанда тек физиологиялық жағынан ғана өзгеріске ұшырап қоймай морфологиялық жене анатомиялық жағынан өзгеріске ұшырауында.
Қыналардың анатомиялық кұрылысы. Бұларды қабаттарының анатомиясына қарай гомеомерлі және гетеромерлі болып бөледі. Гомеомерлі құрылысты қабаты бар қыналар қарапайым, оларда саңырауқұлақ жіпшелері мен балдыр клеткалары біркелкі таралған. Бұлар көбінесе балдырлар бөліп шығаратын кілегейге байланысты, кілегейленіп жатады. Кепкен уақытта тез сынғыш, қабыршақ, жапырақ немесе белгілі бір пішіні жоқ жастықша төрізді келеді. Егер суға салса, тез ісініп кілегейленудің нөтижесінде көлемі ұлғаяды. Мысалы, түсі қара, жастық пішінді, оңтүстікте жартастарда өсетін коллеманы - Collema алуға болады.
Оны көлденең кесіп қарағанда кілегейдің өн бойынша тарап жатқан ностоктың колониясьш, ондағы гетероцист клеткасын жене саңырау-қүлақ жіпшелерш көреміз. Лептогиум қынасында анатомиялық құрылысының біртіндеп күрделене бастағандығы байқалады. Мұнда қабықтың жоғарғы жене төменгі қабаты болады, олар саңырауқұлақ гифаларының тығыз өрімденуінен құралады және төменгі жағынан субстратқа бекіну қызметін атқаратын резиналар кетеді. Ортаңғы бөлімі коллемаға ұқсас, онда саңырауқұлақ гифалары мен балдыр клеткалары ретсіз орналасады.
Гетеромерлі қабаты бар қыналардың құрылысы күрделі келеді. Оның көлденең кесіндісін микроскоппен қарағанда үстіңгі бетінде саңырауқұлақ гифаларының өзара тығыз өрімделуінен құралған плектенхима деп аталатын қабығы байқалады. Плектенхиманын, (жалған паренхима) астында гифалардың бос матасуынан құралған гонидиалвды қабаты жатады, олардың арасында балдыр клеткалары орналасады. Гонидиальды қабатган кейін ауаға толы кеңістіктегі бар саңырауқүлақ жіпшелерінің бос оралуынан құралған "өзектік" қабат орналасады. Оның астыңғы жағындағы қабықты қабат құрылысы жағынан үстіңгі қабатқа ұқсас келеді. Қабықты қабаттан субстратқа бекініп тұрады.
Қаспақты қыналардың астынғы қабығы болмайды, сондықтан олар субстратқа гифаларының төменгі жағы арқылы тығыз орналасады. Радиальды (сәулесі) құрылысты бұталы қыналардың шеттерінде қабығы, оның астыңғы жағында гонидиальды қабат, ал ортаңғы бөлімінде "өзегі" болады.
Қыналардың көбеюі. Бұлар әр түрлі жолмен көбейеді. Олардағы балдыр клеткалары жай екіге белінуі немесе қозғалмайтын автоспоралар түзу арқылы көбейеді. Қыналардан бөлініп алынған балдырлар бұрьш ата тегінде бар, бірақ кейін жойылыл кеткен зооспоралар құруға қабілеттілігі, кейде гаметалар арқылы жынысты көбеюді қайталайтындығы байқалады.
Қьналар құрамындағы саңырауқұлақтар өздеріне сай спора кұратын орган түзеді. Перитецийлер қына қабатына еніп жатады жене оны қара нүкте түрінде томпиып жатуынан айырады. Апотецийі қына қабатының үстіңгі бетінде кішкене дөңгелек не твмпешік түрінде жатады. Апотецийлер лецидеиналы жөне леканориналы болып екіге бөлінеді. Бұл апотецийлердің аттары лецидея жене леканора қыналары туыстасының атына байланысты қойылған. Лецидеиналы апотеций саңырауқұлақ гифаларынан құралған бір ғана рентінде болады. Леканориналы апотеций гименальды қабатының астында жене дөңгелек шеттерінде балдыр клеткалары орналасады, олардың реңі басқаша болады. Леканориналы апотецийде балдырдың болуы гимений қабатының қоректік заттармен жақсы қамтамасыз етілуіне өсерін тигізеді. Бұл — қыналардың эволюциялық дамуының бір белгісі.
Біраз қыналарда қалталы спора түзуші орган пайда болудан бұрын жыныс процесі байқалады.Ол уақытта аскоген қынадан аздап шығып тұрған трихоген арқылы спермациямен ұрықтанады. Спермация бір клеткалы спора, кейде оны пикноспора деп те атайды. Олар ерекше спорангиялардың ішінде жетіледі. Қыналардың көбінде нағыз жыныс процесі редукцияланған, бірақ дикарион ядролары жөне олардың қосылу процесі әр уақытта орын алады.
Аскомицеттердегі сияқты қалталардан төгілген аскоспоралар қолайлы жағдайларда өсіп, мицелий түзейді, егер ол жерде саңырауқұлақ гифалары оны жан-жағынан орап, біртіндеп қынаның жаңа қабатына айналады.
Қыналар қабаттардың үзіліп түсуі жене соредий, изидий деп аталатын ерекше органы арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Соредий арқылы көбею жапырақты қыналарда жөне бұталы қыналарда жиі кездеседі. Соредий гонидиальды қабаттарда түзіледі. Балдырдың бірнеше клеткаларын саңырауқүлақ гифалары жан-жағынан шырмайды, одан соредий деп аталатын оқшауланған шумақтар құралады.
Ол қабықтық қабаттың жыртылуы нөтижесінде сыртқа шығып, жел мен су арқылы таралады. Қолайлы жағдайға кез болса соредийлер есіп, қынаның жаңа қабатына айналады. Изидий арқылы көбею, соредийге қарағанда сирек кездеседі. Мұнда қынаның жоғарғы қабаттарынан саңырауқұлақ гифалары мен балдыр клеткалары бар қоңыр түсті өсінділер пайда болады. Осы өсінділер үзіліп, жаңа қабатқа айналады.
Соредий жене изидий арқылы көбейетін қыналарда қалталы спора түзуші органы сирек кездеседі. Қыналардың соредий жене изидий арқылы көбеюі эволюция процесінің нетижесінде кейін пайда болған.
Қына организміңде балдырлар мен саңырауқұлақтардың селбесіп, тіршілік етуі ондағы балдырдың құрылысына аз әсер еткен. Сол себебі қынаның құрамындағы балдырлар өз беттерімен тіршілік етулеріне байланысты аз өзгерген. Ал саңырауқұлақтар бұл селбесуде басым болғанымен жаңа тіршілік жағдайына бейімделгендігі сонша, табиғи жағдайда балдырсыз өз бетгерінше дұрыс дами алмайды. Саңырауқұлақтар мен балдырлардың қыналардағы өзара қарым-қатынасын жиі мутуалистикалық селбесу деп атайды. Бұл қарым-қатынаста екі организм бір-біріне пайдалы. Саңырауқұлақ балдырлар жасаған углеводтарды пайдаланса, балдырлар саңырауқұлақтар арқылы минералдық тұздармен, сумен қамтамасыз етіледі. Табиғаттағы барлық организмдер бір-бірімен бәсекелес болған жағдайда, мұндай үйлесімді қарым-қатьшастың болуы өте күмәнді. Кейбір тәжірибелерге қарағаңда, қарапайым құрылысты қыналарда саңырауқұлақ гафалары баддырлардың тіршілігіне зиян келтіретіні, яғни оның клеткасьшың ішіне қарай өтетін не жанасып жататын гаусториялар түзетіні байкалады. Сондықтан қыналардағы қарым-қатынасты жеңіл паразитизм немесе аллелопаразитизм деп атайды.
Қыналар суды жаңбыр жауғанда және ауадағы судың буын бүкіл денесіне сіңіреді. Ол су гифалардың арасындағы кеңістікте жөне олардың ісінетін қабықтарында сақталады. Көмірқышқыл газын ауадан алады. Ал басқа органикалық жене органикалық емес қоректік заттарды су ерітіңділерден барлық денесімен қабылдайды. Қына ауадағы шаңмен де қоректенеді. Қоректену процесінде қабықты немесе қаспақты қынадан, жапырақты, одан бұталы қыналардан ауадағы шаңның маңызы арта түседі. Төсемік — қына үшін тек бекіну орны ғана болып есептеледі. Барлық қоректік затты қыналар ауадан, ондағы ылғал мен шаң-тозаңнан алады.
Қыналар — күй талғамайтын өсімдік, ол өте баяу өседі, көпшілік жағдайларда олардың мөлшері бірнеше сантиметрден артпайды, тек кейбір түрлерінің ғана ұзыңдығы жарты метрге жетеді. Тіршілік ету ұзақтығы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Олар жақсы өскен жылы 1-35 миллиметрге дейін өседі. Олай болса бұғылар жайлап кеткен жайылымдар 10-20 жыл дегенде барып қалпына келеді.
Қыналарды төсемікке қатысына қарай эволюцкялық үш топқа: топырақта, ағашта және жартастарда өсетін деп белуге болады. Олар ағаш қабығының оңтүстік жағына қарағанда солтүстік жағында көбірек, таудың етегіне қарағанда басында көп өседі. Қыналар толық кеуіп қалғанда да тіршілігін сақтауға қабілетгі, олар алғашқы жаңбыр жауысымен ісініп, өсе бастайды. Қыналар таза ауада жақсы өседі, сондықтан ауасы онша таза болмайтын үлкен қаланың маңында өте сирек кездеседі.
Қыналардың басты ерекшелігі - басқа ешбір жерде кездеспейтін қына қышқылын түзуінде. Оның дәмі ащы жөне қышқыл реакция береді. Қына қышқылы гифалардың жоғарғы бетінде ден, таяқша жене кристалл түрінде, кейде оның ішінде жиналады, көпшілігінің түсі қыналардың түстеріндей. Қына қышқылы күйдіргіш сілтілермен және бензидинмен қызыл түсті реакция береді.. Бұл қышқылдың қыналарда болу болмауына қарап, оларды белгілі систематикалық топқа жатқызуға болады. Қышқылдың биологиялық маңызы белгісіз. Олар қорғаныс қызметін атқаруы мүмкін. Қыналар тау жыныстарын мекендеп, олардың үгітілуіне себепші болады. Қыналардан шығатын қышқылдар тек ізбес қосылыстарын ғана ерітіп қоймайды, кремнеземді де ерітеді, ал одан пайда болған бұдырлар мен жарықтарға шаң-тозаң жиналады. Мұндай жерлерде алғашында төменгі сатыдағы, одан кейін бара-бара жоғарғы сатыдағы өсімдіктер өседі.
Қыналардың систематикасы. Қыналардың классификациясының негізіне саңырауқұлақтың жемісті денесі алынады. Сонымен қатар кіші топтарға бөлгенде балдырлар талломының пішініне, сондай-ақ саңырауқұлақ спораларының ерекшеліктеріне химиялық құрамына негізделе жіктеледі.
Құрамыңдағы саңырауқұлақтарға қарай қыналарды қалталы -Ascolichenes жөне базидиальды - Basidiolichenes деп екі класқа бөледі. Біріншісіне - қыналардың көпшілігі, екіншісіне — тропиктік жақтардағы 20 шақты түр жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |