Janus Олимпийские и Паралимпийские игры kz indd



жүктеу 26,23 Kb.
Pdf просмотр
Дата04.01.2018
өлшемі26,23 Kb.
#6934


ОЛИМПИАДА ЖӘНЕ 

ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ

Сочи қаласындағы 2014 жылғы XXII қысқы Олимпиада ойындары және XI қысқы Пара-

лимпиада  ойындары  аяқталды.  Оған  ұлттық  Олимпиада  және  Паралимпиада  комитет-

терінің тарихтағы рекордық саны қатысты — жалпы есеппен 133. 

Ресей құрама командасының жеңіс салтанатын және Украина мен Қазақстанның жеңіп 

алған  медальдарын  қоспағанда,  осы  ірі  спорттық  іс-шараларда  лингвистикалық  көмек 

көрсету біз үшін ең маңызды іс болды.

«Янус»  компаниясының  олимпиадалық  тарихы  2011  жылдың  жазында,  компани-

ямыз  Олимпиада  және  Паралимпиада  ойындарында  кешенді  лингвистикалық  қызмет 

көрсету бойынша тендерді жеңіп алып, «Сочи 2014» ұйымдастыру комитетінің бірыңғай 

жеткізушісі болған кезде басталды. 

Бұл  жоба  компанияның  және  оның  қызметкерлерінің  ерекше  шешімдер  қабылдауын 

және аударма, редактура және беттеу саласындағы бірқатар мамандардың күшін бірік-

тіруді талап етті. 

Спорт жобалары бөлімі

Ең  бірінші  қадам  —  «Янус»  компаниясының  құрылымында  аударма  саласындағы 

бірегей Спорттық жобалар бөлімін құру болды, оның құрамында ағылшын, неміс және 

француз тілдерінде сөйлейтін, спорттық терминологиямен таныс ресейлік және шетелдік 

мамандар  жұмыс  істей  бастады.  Спорттық  жобалар  бөлімінің  қызметкерлері  отыратын 

Мәскеу,  Томск  және  Сочи  қалаларындағы  кеңселердің  құрылымы  тәулік  бойы  жұмыс 

істеуге мүмкіндік береді.

1



Ауызша аударма бөлімі

 

«Янус» компаниясының Ауызша аударма бөлімі Сочи қаласында Олимпиада 



ойындарын дайындау және өткізу барысындағы ірі іс-шараларда ауызша аударма 

қызметін көрсетуде және техникалық сүйемелдеуде теңдессіз тәжірибе алды. 

Дайындық барысында біздің мамандар өте маңызды іс-шараларда, соның ішінде 

ХОК 126-сессиясында, ХОК координациялық комиссиясының отырыстарында, ХОК 

басшыларының инспекциялық сапарларында және Олимпиада мен Паралимпиада 

делегациялары басшыларының семинарларында аударма бойынша көмек көрсетті.

Сонымен қатар құрылыс, энергетика, көлік, уақытша инфрақұрылым, жайғастыру, 

қауіпсіздік, телерадио хабарлары саласындағы және нысандардың кешенді 

интеграциясы, метеорология және қар басу сияқты сирек кездесетін салалардағы ХОК 

мамандарының сапарларында сапалы лингвистикалық көмек маңызды рөл атқарды. 



Сочи қаласындағы қысқы Олимпиада ойындары барысында біз бір уақытта 

14 спорттық нысанға, 17 залға, «Еуростандарт» класындағы 15 аударма кабинасына

20 тоннадан астам жабдыққа қызмет көрсетіп, 9 тілде аударма жасадық. «Янус» 

компаниясының атынан 5 аударма жобасының үйлестірушісі, 102 жоғары класты 

синхронды аудармашы, шетелдік 11 ХОК аудармашысы, сондай-ақ синхронды, дыбыстық 

және бейне жабдықтарының 32 инженері жұмыс атқарды.

Имплант-кеңсе

Клиент аумағында имплант-кеңсе ұйымдастырылды, онда «Янус» компаниясының 

ауызша және жазбаша аударма жобаларының менеджерлері жұмыс істеді. Тапсырыс 

беруші талаптарына шұғыл жауап беру үшін аудармашылар, редакторлар, инженерлік 

бөлім және беттеу бөлімі мамандары аптасына 7 күн тұрақты тәулік бойы жұмыс істеді.

Имплант-кеңсенің құрылымдық бірлігі мобильді болды. Спорттық нысандарда 

жүргізілетін 2013 жылғы тестілік байқаулар кезеңінде, сондай-ақ 2014 жылы Ойындарға 

дейінгі және кейінгі кезеңдерде Спорттық жобалар бөлімінің қызметкерлері тікелей 

Сочи қаласында: Ұйымдастыру комитеті кеңсесінде және Олимпиада саябағының 

жанындағы Бас медиаорталықта жұмыс істеді.

Тапсырыстарды бақылауға арналған портал

Тапсырыстарды шұғыл өңдеу және Ұйымдастыру комитеті лингвистикалық қызметтер 

департаментімен қаржылық есептілікті бірыңғай жүргізу үшін, «Янус» компаниясы жеке 

онлайн-портал жасап шығарды.

Тапсырыстарды орналастыру бөлімі «Сочи 2014» ұйымдастыру комитетінің талаптарына 

сәйкес арнайы әзірленді. Портал клиент өкілдеріне келесі мүмкіндіктерді ашады: ауызша 

және жазбаша аудармаларға тапсырыстарды өз бетінше орналастыру және берілген

22



тапсырыстарға мәліметтер мен толықтырулар енгізу; ағымдағы тапсырыстар күйі туралы 

жиынтық ақпарат алу; орындалған тапсырыстардың құрамы, көлемі, бағасы және басқа 

да сипаттары бойынша есептер құрастыру; порталды ары қарай дамыту бойынша 

анықталған ақаулар мен ұсыныстар туралы хабарлар жіберу.

Глоссарий

Терминологияны стандарттау мақсатында «Янус» компаниясы ағылшын-орыс және 

француз-орыс тілдеріндегі Олимпиада глоссарийлерін әзірледі.

Жобаны Спорттық жобалар бөлімінің құрамындағы белгіленген терминологтар тобы 

Ұйымдастырушы комитет терминологымен бірлесіп орындады. Бүкіл терминология 

ауқымы құрылымдық бөлімшелер мен спорт федерациялары тарапынан міндетті 

растаудан өтті. 

Сапаны бақылау

Жазбаша жұмыстар 

CAT-бағдарламаларды 

қолдану және жоғары сапаны 

қамтамасыз ететін барлық 

маңызды лингвистикалық 

индустрия әдістемелерін сақтау 

арқылы орындалады. 

Клиент ұсынған «Сочи 2014» 

сұраным комитеті мұрағаты 

негізінде Спорттық жобалар 

бөлімінің қызметкерлері 

инженерлермен бірлесіп, 

негізгі жұмыс тілдік жұптары 

бойынша клиентке тақырыптық 

бағытталған жазбаша 

аудармалар жады жасалды.

Сапаны бақылау процедурасы аясында «Сочи 2014» ұйымдастыру комитеті 

жобаларының ерекшелігіне бейімделген сапалық-сандық бағалау формасына 

негізделген орындалатын жазбаша жұмыстар сапасын бағалау құралы әзірленді.

Ауызша аудармалар сапасын үздіксіз бақылау жұмысы серверде мұрағатталатын және 

екі тарапқа да қолжетімді хаттамалық жазбалар енгізу арқылы жүзеге асырылды. 

Орындалатын ауызша және жазбаша жұмыстар сапасы мәселелері бойынша екіжақты 

кездесулер тоқсан сайын жүргізілді.

33



Біздің қызметкерлер

Ойындар барысында жазбаша 

жобалармен жұмыс істеуге 

5 жоба менеджері және 

100-ден астам штаттық және 

штаттан тыс аудармашы шақы-

рылды. Ауызша жобалармен 

біздің үш үйлестірушіміз, 

ондаған жабдық инженері және 

шамамен 100 синхронды аудар-

машы белсенді жұмыс істеді. 

Олардың арасында аты аңызға 

айналған, алдыңғы бірнеше 

Олимпиадада жұмыс істеген 

Билл Вебер сияқты көрнекті 

аудармашылар да болды.

Жұмысымыздың нәтижесі 

бойынша «Сочи 2014» ұйымда-

стыру комитеті мен РФ үкіметі 

біздің қызметіміздің сапасы 

өте жоғары болғанын атап 

өтті. Журналистер, спортшылар 

мен қарапайым жанкүй-

ерлер де сондай жақсы пікір-

лерін айтты.

Олимпиада цифрлармен



2011 - 2013 жж.

Жазбаша аудармалар: 

31 миллион сөз.

Ауызша аудармалар: 

300-ден аса іс-шара.

2014 жыл (тек Олимпиада ойындары кезінде)

Жазбаша аудармалар: 

4 миллион сөз.

Ауызша аудармалар: 



500-ден аса іс-шара.

44

жүктеу 26,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау