Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты



жүктеу 0,51 Mb.
бет1/3
Дата14.02.2018
өлшемі0,51 Mb.
  1   2   3


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы « » наурыздағы

№ бұйрығына

3-қосымша



Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2. Осы стандарт қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы үйде қызмет көрсету ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің шарттары мен тәртібінің көлемі мен талаптарын белгілейді, үйде қызмет көрсету ұйымының жұмыс істеу тәртібін, мыналарға:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрі – балалар);

2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге (бұдан әрі – мүгедектер);

5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, тоқтату шарттарын айқындайды.

Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады.

3. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, өзге де үйде қызмет көрсету жағдайында қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған ұйымдар үйде қызмет көрсету ұйымдары (бұдан әрі – үйде қызмет көрсету ұйымы) болып танылады.

4. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық субъектілер сақтайды.

5. Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер:

1) мыналардың:

жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде арнайы білім беру түзету ұйымдарының (мектеп интернаттардың) арнайы (көмекші) сыныптарында оқуға қиындық туғызатын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін); есту, көру, сөйлеу қабілеттерінің анық білінетін бұзушылықтарымен, тырысқақтық ұстамамен, мінез-құлқындағы ауытқушылықтармен асқынуы;

ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;

бас миының органикалық зақым алғаннан кейінгі жарыместігі салдарынан үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;

2) өздігінен жүріп-тұруының және өзіне-өзі қызмет көрсетудің бірінші және екінші деңгейде шектелуіне әкелген тірек-қимыл аппараты айқын немесе едәуір (өрескел) бұзылған мүгедек балаларға.

Балаларға және ТҚА бұзылған балаларға үйде қызмет көрсетуге:

жеке адам дефектісі айқын білінбейтін өнімді симптоматикалы шизофренияның;

кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі психопатияға ұқсас симптоматиканың;

бала мен айналасындағылар үшін қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың;

белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (бұдан әрі – ЖИТС);

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін басқа да аурулардың болуы болып табылады.

3) мыналардың:

жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін);

ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ес кемістігі;

жіті психотикалық симптоматика болмауымен, жарыместігі немесе психикалық кемістігінің өрескел көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері;

жарыместік белгілері бар бас-ми жарақаттары;

жарыместік белгілері бар бас мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисі және бас мидың басқа да инфекциялық және органикалық аурулары);

айқын білінетін жарыместік белгілері бар тұрақты алкоголизм;

айқын білінетін психомоторлық мазасыздығы жоқ және есінің өзгеру жай-күйінің ұзақ немесе қайталанатын жарыместік белгілері бар қан-тамыр және сенильдік аурулар;

жарыместік белгілері мен айына төрт реттен артық емес тырыспа және эквиваленттері бар эпилепсияның түрлі нысандары салдарынан үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан адамдарға;

Он сегіз жастан асқан адамдарға үйде қызмет көрсетуге:

белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;

мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емделуді талап ететін басқа да аурулардың;

жіті және қатты сатыдағы психикалық аурулардың;

созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайының;

айқын білінетін психотиялық симптоматикамен, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетілетін адамның өзіне және айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулардың, атап айтқанда мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ұстамалы түрдегі немесе жиі өлшімелі немесе аурудың жиі декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендті өтетін кез келген психикалық аурулардың;

эпилепсия және басқа этиологиядағы жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім тырыспалы синдромның;

тұрақты алкоголизмнің, нашақорлықтың, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерінен асқынған басқа да психикалық аурулардың;

айқын білінетін түрлі генездегі депрессиялық және қияли жай-күйлердің, созылмалы реактивті жай-күйлердің;

айқын білінетін психопатқа ұқсас синдромдардың, эксплозивті, параноидті, паранояльдік, қояншық ауруларының болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады;

4) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ және денсаулық жағдайына байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектерге;

5) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен және Кодекске сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, наркологиялық диспансерде есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ және денсаулық жағдайына байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарт адамдарға тәуліктің күндізгі уақытында әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған.

Мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсетуге:

белсенді процесс сатысындағы туберкулездің;

психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлерді, ақыл-ес кемістігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бір реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі тырыспалы синдромдарды қоспағанда);

карантиндік инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады.

6. Үйде қызмет көрсету ұйымы заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оны құрылтайшысы құрады және өз қызметін құрылтайшы құжаттарға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

7. Үйде қызмет көрсету ұйымдары:

1) балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметтері/бөлімшелері;

2) мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметтері/бөлімшелері;

3) балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау қызметтері;

4) үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрінде құрылады.

2. Үйде қызмет көрсету ұйымының міндеттері мен функциялары

     


8. Үйде қызмет көрсету ұйымының негізгі міндеттері:

      1) осы стандартта белгіленген көлемдерге сәйкес үйде қызмет көрсету жағдайында стандартқа сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;


      2) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;

      3) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің сапасын және тиімділігін арттыру болып табылады.

      9. Үйде қызмет көрсету ұйымының негізгі функциялары мыналар:

1) үйде қызмет көрсетуге мұқтаж қызмет алушыларды анықтау және есепке алу;

2) дағдыланған әлеуметтік ортада қолайлы моральдік-психологиялық жағдай жасауға жәрдемдесу;

3) қызмет алушыларға осы стандартқа сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету;

4) үй жағдайында мүгедектерге әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жүргізу;

5) қызмет алушылар мен оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері туралы хабардар ету;

6) еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және персоналдың біліктілігін арттыру;

7) үйде қызмет көрсету ұйымының құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де функциялар болып табылады.



3. Үйде қызмет көрсететін ұйымның арнаулы әлеуметтік қызмет

көрсету шарттары
      10. Қызмет алушыларды оларға бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін үйде қызмет көрсету ұйымына жіберуді қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

      11. Арнаулы әлеуметтік қызмет бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы үйде қызмет көрсететін ұйым қызмет алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.

12. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:

1) қызмет алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуінің, қамқоршының, қорғаншының, асырап алушының, патронат тәрбиешінің және Кодекске сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да алмастыратын адамдардың, он сегіз жастан асқан адамның) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;

2) қызмет алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не село/ауыл әкiмдерінiң анықтамасы);

4) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмелері (қарттар үшін талап етілмейді);

5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);

6) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;

7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі;

8) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;

9) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі.

Егер кезекке қою туралы хабарлама берілген күннен бастап бір айдан астам уақыт өтсе, онда жолдаманы ресімдеу кезінде аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы алушыны қайтадан медициналық тексеріп-қараудан өту қажеттігі және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсыну туралы хабардар етеді. Қызмет алушыда медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, жергілікті атқарушы органның арнацлы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешімі қызмет алушы онда медициналық қарсы көрсетілімнің жоқ екені туралы куәландыратын осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын үйде қызмет көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:

1) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;

2) уәкілетті органның жолдамасы (арнаулы әлеуметтік қызметтерді бюджет қаражаты есебінен ұсынған кезде);

3) ЖСН-і бар жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не село/ауыл әкiмдерінiң анықтамасы);

5) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

6) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);

7) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнетақы куәлігінің көшірмесі;

8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі;

9) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық карта;

10) балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын үйде қызмет көрсету ұйымына жіберу туралы талап тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) уәкілетті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органы үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсеткен жағдайларда қолданылмайды.

13. Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.

14. Жазбаша өтінішті және осы стандарттың 12-тармағында көзделген басқа да құжаттарды қабылдағаннан кейін уәкілетті органның маманы бес жұмыс күні ішінде мүгедектің және қарт адамның тұратын жеріне барады және тұрғын үй және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісін жасайды.

Тұрғын үй және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайларды зерттеп-тексеру актісі тексеру жүргізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жасалады.

15. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және соларға теңестірілген адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бірінші кезекті тәртіппен көрсетіледі.
16. Қызмет көрсетілетін қызмет алушыларды әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу журналына тіркейді.

17. Арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж және бір отбасында тұратын балалар, ТҚА бұзылған балалар, он сегіз жастан асқан адамдар, мүгедектер мен қарттар жеке адам ретінде есептеледі.

18. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету кезінде қызмет алушының жасы мен денсаулық жағдайы, оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны, қозғалыс белсенділігінің төмендеу дәрежесі, тұру жағдайы және басқа да объективті факторлар ескеріледі.

4. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке жеке қажеттілігін айқындау және жеке жұмыс жоспарын әзірлеу
19. Қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметке қажеттілігін (түрлері мен көлемін) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер және басқа да үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары (бұдан әрі – үйде қызмет көрсету ұйымы мамандары) айқындайды. Үйде қызмет көрсету ұйымы персоналының штаттық нормативтері бюджет қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріліп, осы стандартқа 5-қосымшада белгіленген үйде қызмет көрсету ұйымдарындағы персоналдың ең аз штаттық нормативтері сақтала отырып қалыптастырылады.

20. Үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, қызмет алушылардың қажеттілігін бағалау негізінде әрбір қызмет алушыға бір жыл мерзімге осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспар (бұдан әрі – жеке жоспар) әзірлейді.

21. Жеке жоспар қызмет алушылар үйде қызмет көрсету ұйымына есепке қабылданған күннен бастап оларды үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары тексергеннен кейін он жұмыс күні ішінде немесе алдыңғы жеке жоспардың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде әзірленеді, кейінгі үш жұмыс күні ішінде толтырылады және үйде қызмет көрсету ұйымының басшысы бекітеді.

22. еке жоспарда көрсетілген оңалту іс-шараларын үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары жеке жоспарда белгіленген мерзімде іске асырады.

23. Балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың жай-күйіндегі өзгерістер тоқсан сайын (қажет болғанда ай сайын) үйде қызмет көрсету ұйымының мамандарымен тексеру жүргізуге жатады.

24. Жүргізілген іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындыларын үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке жоспардың орындалуы (мониторингі) жөніндегі журналда/электрондық картотекада (бұдан әрі – журнал/электрондық картотека) көрсетеді. Журнал/электрондық картотека әрбір балаға, ТҚА бұзылған бала мен он сегіз жастан адамға жеке-жеке жүргізіледі.

25. Үйде қызмет көрсету ұйымының мамандары мониторинг қорытындысы бойынша қажет болғанда балалардың, ТҚА бұзылған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдардың жеке жоспарларын түзетеді.

26. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант жеке жоспарды және журналды/электрондық картотеканы әзірлеу жөнінде жұмыстарды үйлестіреді, сапалы толтырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

27. Үйде қызмет көрсету ұйымы мамандарының жұмыс сапасын:

1) жеке даму деңгейі жоғарылаған балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар;

2) білім берудің арнайы түзету ұйымдарына ауыстырылған балалар;

3) өзін-өзі күту дағдылары қалыптасқан ТҚА бұзылған балалар санының өткен жылмен салыстырғанда көбеюі бойынша үйде қызмет көрсету ұйымы немесе уәкілетті органның басшысы бағалайды.

28. Жеке жоспарды әзірлеу, оңалту іс-шараларының нәтижелілігін бағалау немесе консультация беру үшін үйде қызмет көрсету ұйымында қажетті мамандар болмаған жағдайда шарт жасау негізінде басқа ұйымдардан мамандар тартуға рұқсат етіледі.

29. Үйде қызмет көрсету ұйымының әрбір маманы лауазымдық нұсқаулығына және жеке жоспарға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысады.

Оңалту іс-шараларының нәтижелері тоқсан сайын журналға/электрондық картотекаға белгіленіп отырады.

30. Үйде қызмет көрсету ұйымының әкімшілігі ұйымның барлық мамандарына қатысты қызметтік міндеттерінің сапалы орындауына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.



5. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары
31. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге:

1) денсаулық жағдайы бойынша әдеттегі, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделікті рәсімдерді орындауға қабілетсіз қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;

2) қызмет алушылардың отбасы мүшелеріне жеке қызмет көрсетушінің және гигиеналық-санитарлық сипаттағы практикалық дағдыларды үйрету;

3) қарттар мен мүгедектер үшін қосымша:

үйден тыс жерде бір елді мекен шегінде ілесіп жүру;

хат жазу және оқуда көмек көрсету;

ыстық тамақ, азық-түлік және күнделікті қажетті азық-түліктік емес тауарларды сатып алу және үйге жеткізіп беру;

ас әзірлеуге көмектесу;

пеш жағуға, отын, көмір және су әкелуге жәрдемдесу;

киімдерді жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды алып келу;

кір жууға көмектесу;

тұрғын үй-жайларды жөндеуге және жинауға жәрдемдесу;

тұрғын үй және коммуналдық қызметтерді төлеуге жәрдемдесу;

жерлеу қызметін ұйымдастыруға көмектесу (қайтыс болған қызмет алушының туыстары (заңды өкілдері) болмаған кезде) жатады.

32. Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) бақылау, төсек режиміндегі және денсаулық жағдайы бойынша өзін-өзі күтудің қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметті көрсету олардың денсаулығына қандай да бір зиян, физикалық немесе моральдық азап және қолайсыздық тудырмай орындауды қамтамасыз етеді (мұндай қызметті көрсету кезінде қызмет көрсетуші персонал қызмет алушыларға ерекше сыпайылылық танытуы қажет);

2) үйден тыс бір елді мекен шегінде, оның ішінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау объектілеріне және басқа да әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне барарда ілесіп жүру қызмет алушылардың жүріп-тұруы кезінде сақтық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

3) пеш жағуға, ағаш, көмір және су тасуға жәрдемдесу орталықтан жылытылмайтын және (немесе) сумен жабдықталмаған тұрғын үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектерге көрсетіледі.

Бір келгенде 30 кг дейін ағаш пен көмір әкелінеді және 30 литрге дейін су тасылып, күл, су шығарылады.

4) ыстық тамақ, бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пен азық-түлік емес тауарларды сатып алу және үйге жеткізу, ас әзірлеуге көмектесу, киімдерді жууға, химиялық тазалауға, жөндеуге тапсыру және оларды қайтып әкелу, іш киімдерді және төсек-орындарды жууға көмектесу, тұрғын жайларды жөндеуді және жинауды ұйымдастыруға жәрдемдесу, тұрғын үй және коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу клиенттерге қалыпты өмір сүру жағдайын жасау мақсатында осы проблемаларды шешу үшін олардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін толық және уақытында қанаттандыруды қамтамасыз етеді;

5) жерлеу қызметін ұйымдастыру (қайтыс болған қарттардың және мүгедектердің туыстары немесе олардың оны жерлеумен айналысуға құлқы болмаған кезде) қайтыс болған қызмет алушының діни нанымы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

33. Үйде қызмет көрсету жағдайларында ұсынылатын әлеуметтік-медициналық қызметтерге:

1) дәрігерге дейін көмек көрсету;

2) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;

3) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;

4) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

5) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық-курорттық емдеумен, техникалық қосалқы (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

6) қызмет алушыларға техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды және міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету;

7) мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес протездік-ортопедиялық және есту-протездік көмек алуына жәрдемдесу;

8) әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша, оның ішінде жасына қарай бейімделу мәселелері бойынша консультация беру;

9) арнайы маманның, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымы маманының медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;

10) денсаулыққа байланысты рәсімдерді жүргізу (дәрі-дәрмек қабылдау, дәрі тамшылату және басқа рәсімдер);

11) емдік-физикалық жаттығулар жасауға көмек көрсету;

12) үйге дәрігер шақырту және денсаулық ұйымдарында дейін қызмет алушыларға ілесіп жүру;

13) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау;

14) мүгедектер мен қарттарға санитарлық-гигиеналық қызметтер көрсету (сүрту, жуу, гигиеналық шомылдыру);

15) оңалту іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу.

34. Әлеуметтік-медициналық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) қызмет алушылардың әлеуметтік-медициналық қызмет алуына көмек көрсету олардың ауруының сипатын, медициналық көрсетілімдерін, физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп, қызметтердің уақытылы және қажетті көлемде ұсынылуын қамтамасыз етеді;

2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық медициналық рәсімдер мен іс-шаралардың толық, жоғары сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;

3) дәрігерге дейін көмек көрсетуді ұйымдастыру уақытылы болуға тиіс және алғашқы диагнозды айқындауға, дәрі-дәрмекті дұрыс таңдауды және алуды, шақыртылған дәрігер келгенше оларды қабылдау тәртібін айқындауды қамтамасыз етеді;

4) әлеуметтік-медициналық мәселелер жөнінде консультация беру қызмет алушыларға, олардың алдында тұрған нақты әлеуметтік медициналық проблемаларды (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, әртүрлі аурулардың алдын алу, психосексуалдық консультация беру, жасына байланысты бейімделу, жасына байланысты өзгерістер және басқа да проблемалар) дұрыс түсінуге және шешуге білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

Қызмет алушылармен зиянды әдеттердің алдын алу және олардан арылу, мүгедектерді отбасы құруға және баланың туылуына дайындау жөніндегі жеке жұмыс зиянды әдеттердің (алкоголь ішу, есірткі пайдалану, темекі шегу және т.б.) қауіптілігін, олар әкеп соғатын кері нәтижелерді түсіндіруге бағытталады және нақты жағдайға байланысты бұл әдеттердің алдын алу немесе олардан құтылу бойынша қажетті ұсынымдар беріледі;

5) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу, қызмет алушыларға «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін тәртіппен организм функциясының тұрақты бұзылуын тудырған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау негізінде әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті айқындау мақсатында куәландырудан өту үшін құжаттарды дайындауда көмек көрсету;

6) дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету қамқорлықтағы адамдардың денсаулығын нығайту үшін жүйелі орындау мақсатында олардың қолжетімді және денсаулыққа қауіпсіз дене жаттығулары кешенін меңгеруін қамтамасыз етеді;

7) протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, сондай-ақ күту және оңалту құралдарын алуға жәрдемдесу қызмет алушылардың практикалық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады;

8) техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен міндетті гигиеналық құралдарды пайдалануды үйрету қызмет алушылардың осы құралдарды өздігінен пайдалана алу практикалық дағдыларын дамытады;

9) үйге дәрігер шақыру және қызмет алушыны денсаулық сақтау ұйымына апару қызметі уақытылы көрсетіледі, және де қызмет алушылардың жүріп-тұруы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

10) отбасы мүшелеріне үй жағдайында оңалту жүргізілетін үшін медициналық күтім негіздерін үйрету отбасы мүшелеріне қызмет алушыға өздігінше медициналық күтім көрсетуге бағытталған білімнің қажетті көлемін қамтамасыз етеді;

11) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды патронаждық бақылау қызмет алушыларды жүйелі бақылау негізінде қызмет алушылардың денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды уақытылы анықтауды қамтамасыз етеді және сол сәтте қажетті әлеуметтік-медициналық көмек көрсетеді;

12) санитарлық-гигиеналық қызметтерді көрсету қызмет алушылардың денсаулық жағдайы мен хал-жайының жақсаруына жәрдемдеседі, жағымсыз қолайсыздық сезімін жояды;

14) дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қызмет алушылардағы аурулардың уақытылы алдын алуына және ауруларды жоюға мүмкіндік береді;

15) бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруге жәрдемдесуі қызмет алушыларға алдын ала диагноз қоюды қамтамасыз етеді.

35. Үйде қызмет көрсету жағдайларында ұсынылатын әлеуметтік-психологиялық қызметтерге:

1) әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі бақылау);

2) қызмет алушыларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;

3) қолайлы психологиялық климат қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайларының алдын алу және жою үшін қызмет алушылармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету жатады.

36. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) әлеуметтік-психологиялық патронаж қызмет алушыларды жүйелі байқау негізінде психикалық қолайсыздық жағдайын және тұлғалық (тұлғаішілік) немесе тұлғааралық жанжалды және қызмет алушылардың өмірлік қиын жағдайын ауырлататын басқа да жағдайларды уақытында анықтауды әрі оларға сол кезде қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

2) әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, дем беру, белсенділікке ынталандыру, өмірлік тонусын психологиялық қолдау қызмет алушылардың психикалық денсаулығын нығайтуды, олардың стреске төзімділігін арттыруды және психикалық қорғауды қамтамасыз етеді;

3) балаларды, ТҚА бұзылған балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан асқан адамдарға күтім көрсететін отбасы мүшелеріне әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету отбасында қызмет алушылардың денсаулығы мен психикасына кері әсер ететін жанжалдардың және стресс жағдайларын алдын алуға бағытталуға тиіс.

37. Үйде қызмет көрсету жағдайында балаларға, ТҚА бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға көрсетілетін әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге:

1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;

2) балалардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жәрдемдесу;

3) ТҚА бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуына жәрдемдесу;

4) балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды тұрмыстық бағдарлау және қол еңбегі дағдыларының негіздеріне үйрету;

5) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыста және қоғамдық орындарында өзін-өзі ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас жасау дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;

6) балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуге және олардың арнайы оқу бағдарламалары бойынша білім алуына жағдай жасау мәселелері жөнінде отбасы мүшелеріне консультация беру;

7) кәсіптік білім алуына жәрдемдесу;

8) ата-аналарына және отбасы мүшелеріне оларды үй жағдайында оңалтудың негіздерін үйрету;

9) отбасы мүшелеріне балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға қажетті өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды үйрету жатады.

38. Әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) әлеуметтік-педагогикалық консультация беру қызмет алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсінуде және шешуде білікті көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

2) балаларда, ТҚА бұзылған балаларда, он сегіз жастан асқан адамдарда өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена дағдыларын, сенсорлық және когнитивтік дағдыларын қалыптастыру бойынша практикалық көмек көрсету олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімсіздену дәрежесі, білім деңгейі, физикалық және психикалық жай-күйі ескеріліп жүзеге асырылады;

3) тұрмыстық бағдарлану негіздеріне үйрету көрнекі және тиімді болып табылады, оның нәтижесінде қызмет алушылар тамақ пісіру, киім жөндеу, тұрғын жайды күту, аумақты жинау және жабдықтау сияқты тұрмыстық рәсімдерді толық көлемде игереді;

4) отбасы мүшелерін қызмет алушыларда қажетті өмірлік дағдыларды оңалту және қалыптастыру негіздеріне үйрету отбасы мүшелеріне үй жағдайында оңалту іс-шараларын көрсетуге бағытталған білімдердің қажетті көлемін қамтамасыз етеді.

Отбасы мүшелерін үйрету кезінде балалардың, ТҚА бұзылған балалардың, он сегіз жастан асқан адамдардың жеке ерекшеліктері, сондай-ақ отбасы мүшелерінің осы рәсімдерге дайындық дәрежесі ескеріледі;

5) отбасы мүшелеріне балаларды мектепке дейін тәрбиелеу және олардың арнаулы оқу бағдарламалары бойынша білім алуы үшін жағдайлар жасау мәселелері жөнінде консультация беру тәрбиелік жұмыстар мен оқытудың табысты және нәтижелі жүргізілуіне мүмкіндік береді;

6) кәсіптік білім алуға жәрдемдесу ТҚА бұзылған балалардың жеке физикалық және ақыл-ой қабілетін, олардың таңдаған кәсіптері бойынша жұмыс істеуге ықыласын ескере отырып жүзеге асырылады.

7) үйде қызмет көрсету жағдайларында балаларға, ТҚО бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға сабақ өткізу ұзақтығы осы стандартқа 6-қосышада көрсетілген.

39. Он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-еңбек қызметтеріне:

1) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау;

2) қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелерін үй еңбегін ұйымдастыруда консультация беру;

3) мүгедектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу жатады.

40. Әлеуметтік-еңбек қызметін көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) ТҚА бұзылған балаларды, мүгедектерді кәсіптік бағдарлау оларға кәсіп таңдауға көмектесе алатын іс-шаралармен жалғастырылады;

2) қызмет алушылар мен олардың отбасы мүшелеріне үйдегі еңбекті ұйымдастыру мәселесі жөнінде консультация беру қызмет алушыларға өзінің материалдық жағдайын және отбасының өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту мәселелерін шешуде көмегін тигізеді;

3) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу кезінде қызмет алушының жеке физикалық және ақыл-ой қабілеттері, оның таңдаған кәсібі бойынша жұмыс істеу мүмкіндігі ескеріледі.

41. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтерге:

1) мерекелер мен тынығу іс-шараларын ұйымдастыру;

2) клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

3) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға (экскурсиялар ұйымдастыру, театрға, көрмелерге, концерттер мен басқа да іс-шараларға бару) тарту жатады.

42. Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) мерекелер, мерейтойлар, туған күндер өткізу, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге бару және басқа да мәдени, тынығу іс-шараларын өткізу медициналық-әлеуметтік ұйымның басшысы бекіткен тоқсандық жоспар бойынша өткізіледі;

2) көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру қызмет алушылардың әлеуметтік-мәдени және рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, қарым-қатынас аясының кеңеюіне бағытталады;

3) қызмет алушыларды концерттердің бағдарламалары мен өткізілетін іс-шаралардың сценарийлерін әзірлеуге қатыстыру қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісінің кеңеюіне, шығармашылық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді;

4) қызмет алушыларды тынығу іс-шараларына қатыстыру ұжымның қоғамдық өміріне қатысу арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланыстарды дұрыстауға мүмкіндік береді.

43. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-экономикалық қызметтерге:

1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тиесілі жеңілдіктерді, өтемақыларды, алименттер мен басқа да төлемдерді алуға, тұрғын үй жағдайын жақсартуға жәрдемдесу;

2) қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ балаларды тәрбиелеп отырған және он сегіз жастан асқан адамдарды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға өзін-өзі қамтамасыз ету және отбасының материалдық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша консультация беру жатады.

44. Әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) қызмет алушыларға жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар мен басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу қызмет алушылар үшін мүдделі мәселелерді шешуде уақытылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;

2) өзін-өзі қамтамасыз ету және материалдық жағдайын жақсарту жөнінде консультация беру қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне отбасылық кәсіпкерлікті, үй кәсіпшілігін дамытуда олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіреді және өзінің материалдық жағдайын және отбасының өмір сүру деңгейін қолдау және жақсарту мәселелерін шешуде білікті көмек көрсетеді.

45. Үйде қызмет көрсету жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық қызметтерге:

1) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу құқығымен байланысты мәселелер бойынша заңгерлік консультация беру;

2) заңды мәні бар құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;

3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және қызмет алушылардың заңды құқығын бұзатын немесе шектейтін ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;

4) заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;

5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;

6) қызмет алушыларға немесе олардың отбасы мүшелеріне жасалған дене және психологиялық зорлыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапқа тартуға жәрдемдесу;

7) Кодекске сәйкес қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға балаларды, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларды асырап алуға, қорғаншылыққа, патронатқа, қамқоршылыққа алуға жәрдемдесу.

8) қызмет алушыларды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге, ұйымдарға орналастыруға, сондай-ақ стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;

9) кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға балаларының, оның ішінде ТҚА бұзылған балалардың тәрбиесінен жалтарған ата-аналардың үстінен ұсынымдар ресімдеу;

10) қызмет алушыларға жұмысқа орналасу, жеке басын куәландыратын құжат және заңды мәні бар басқа да құжаттар алу үшін құжаттарды ресімдеуде заңгерлік көмек көрсетуге жәрдемдесу;

11) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттың тегін заңгерлік көмегін алуға жәрдемдесу жатады.

46. Әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсетудің сапасына қойылатын талаптар:

1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер алу және өз мүдделерін қорғау құқығымен байланысты мәселелер жөнінде консультация беру заңнамамен белгіленген құқықтарды және пайда болуы мүмкін бұзушылықтардан қорғау тәсілдерін толық түсіндіреді;

2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнамалар және басқа да мәселелер) жөнінде консультация беру олар білгісі келетін заңнама актілері және көтеріліп отырған мәселелердегі құқықтары туралы толық түсінік береді, осы мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттарды (өтініштер, арыздар, анықтамалар және басқа да құжаттар) дайындауда және тиісті мекенжайларға жіберуде қажетті көмек көрсетеді;

3) қызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе шектейтін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымдық тұлғаларының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым дайындауда көмек көрсету оларға шағымдарда шағым жасалған іс-әрекеттің мәнін заңды түрде сауатты жазуға көмектесуге негізделеді;

4) Кодекске сәйкес құжаттарды (жеке басын куәландыру, заңнама бойынша тиісті жеңілдіктерді алуға, бала асырап алуға және балаларды, ТҚА бұзылған балаларды отбасылық тәрбиелеудің басқа нысандары, мүгедектердің жұмысқа орналасуы үшін және т.б.) рәсімдеуде құқықтық көмек көрсету қызмет алушыларға мақсатына қарай қажетті құжаттардың мазмұнын түсіндіруді, құжат мәтінін баяндауды және жазып беруді (қажетіне қарай) немесе нысанды бланкілерді толтыруды, ілеспе хаттар жазуды қамтамасыз етеді;

5) құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін адвокаттың тегін көмегін алуға жәрдемдесу қызмет алушыларға заңды құқықтарын заңды түрде қорғауға және оның мәселесі бойынша объективті шешім қабылдау мақсатында заңды көмекке кепілдік береді;

6) отбасында қызмет алушыға немесе оның отбасы мүшелеріне жасалған физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу сотқа жүгіну үшін зардап шеккен адамдардың қажетті құжаттарын дайындауға, жәбірленушінің құқын қорғау және кінәлілерді жазалау мақсатында сот процесіне қатысуға негізделеді;

7) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберу үшін балаларын, оның ішінде ТҚА бұзылған балаларын тәрбиелеуден жалтарған ата-анаға ресімделген ұсынымдарда барлық қажетті материалдар болады және ата-аналарды жауапкершілікке тартумен, балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаумен байланысты мәселелерді одан әрі тәжірибеде шешу үшін негіздеме болып табылады.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Дипломдық ЖҰмысты орындау бойынша әдістемелік нұСҚаулық ШҚму әН 001-15 Екінші басылым
files -> Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
files -> Пәні: Әдебиет Орындаған: Сасанова Инабат 11 «А» сынып оқушысы Жетекші
files -> Дискреттік математиканың қосымша бөлімдері
files -> Бастауыш сынып оќушыларыныѕ оќырмандыќ біліктілігін ќалыптастыру
files -> Әож 371. 352. Жалпы орта мектептің математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру
files -> Зухра нұРҒалиқызы ермағанбетова

жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша