Омыртқа жотасы мен жамбас сүйегі сынған кездегі дәрігерге дейінгі көмек
Мақсаты: ауырсынуын басу, гемодинамикалық көрсеткіштерін тұрақты ұстау, пациенттің жағдайын жеңілдету.
Құрал-жабдықтар: қатты зембіл, оттегі, натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл,трамадол 2,0, диазепам 10 мг 2мл амп.
Тактикасы:
1.зардап шегушіні қатты зембілге, ол болмаса тегіс тақтайға шалқасынан жатқызады. Егер омыртқа өсінділері мен доға зақымданса –етпетінен жатқызады.
2.А/Қ мен пульсін қадағалап отырады, пациентті тоңбайтындай етіп қалың қымтайды.
3.Көк тамырға ине салып, физиологиялық ерітіндіні 400,0 құя бастаңыз, егер шок қауіп бар болса.
4. оксигенотерапия.
5. трамадол 2,0 в/м және пациент өте абыржулы болса + диазепам 2,0.
Достарыңызбен бөлісу: |