Зәр шығару-жыныс жүйесі органдарына зақымы кезінде дәрігерге дейінгі көмек.
Мақсаты: ауырсынуын басу, гемодинамикалық көрсеткіштерін тұрақты ұстау, пациенттің жағдайын жеңілдету.
Құрал-жабдықтар: қатты зембіл, оттегі, натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл,трамадол 2,0, диазепам 10 мг 2мл амп.
Тактикасы:
1.пациентті зембілге сау жақ қырына қаратып жатқызады.
А/Қ мен пульсін қадағалап отырады, пациентті тоңбайтындай етіп қалың қымтайды.
2.Жарасы болса асептикалық таңғышпен жабады.
3.Көк тамырға ине салып, физиологиялық ерітіндіні 400,0 құя бастаңыз, егер шок қауіпі бар болса.
4. оксигенотерапия.
5. трамадол 2,0 в/м және пациент өте абыржулы болса + диазепам 2,0.
6. госпитализация.
Достарыңызбен бөлісу: |