12 лек: Бюджет аралық қатынастарды реформалау үрдісі
«Бюджет жүйесі туралы» заң
Бюджетаралық қатынастар
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы өзінің жеке бюджет саясатын қалыптастыра бастады. Алғаш қабылданған тэуелсіз мемлекетіміздің заңдарының бірі «Бюджет жүйесі туралы» болды. Республикадағы бюджетаралық қатыкастарды реттеу зандылықтарының негізі осы заң болып табылды. Бүл заңға сэйкес жергілікті бюджет республикалық бюджеттен тәуелсіз, сонымен қатар төменгі деңгейдегі бюджеттердің қалыптасу үрдісіне жоғарғы органдардың араласуына шектеу қойылған, жергілікті органдарға қолда бар қаражаттарын еркін пайдалануға құқық берілген.
Қазакстандағы бюджеттік үрдіс «Бюджет жүйесі туралы» Заңның үш рет (1991, 1996, 1999 жылдар) қабылдануына «куә» болып, сонымен іргелесе келе жатыр. Соңғы қабылданған (1999 жылғы) жаңа заң негізінде республикалық жэне жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, орындау және бақылаудың жаңа тэртібі анықталды. Осы заңмен бюджет қаражаттарын қалыптастыру мен жүмсаудың қағидаларына мынадай өзгерістер енгізілді:
1. Орталық жэне жергілікті билік органдарының функциялары бөлінді, республикалық жэне жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалардың тізімі анықталды;
2. Аймақтар бюджетінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін олардың орындайтын функцияларына сәйкес бюджет деңгейлерінің арасында табыстарды бөлу белгіленді.
3. Бюджеттің кредиторлық қарызының өсуінің алдын алу механизмдері жасалынды.
4. Барлық бюджеттен тыс қорлар қысқартылды.
Бұл заң шынайы тенденцияларға едэуір жақын болғанмен бюджет үрдісін жеткілікті деңгейде реттеуге кемеліне жетпеген болып шықты. Сонымен 2004 жылдың 24 сәуірінде Бюджет Кодексі қабылданды (2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді). Бүл Кодекс бюджеттік жэне
бюджетаралық қатынастарды реттейтін жэне бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі ережелерін, қағидалары мен механизмдерін, бюджет қаражатының кұрылуы мен пайдаланылуың белгілейтін болады.
Бюджетаралық қатынастар - бұл бюджет үрдісіндегі жоғары және төмен тұрған бюджеттердің арасындағы қатынас. Бюджет мемлекеттің өз функцияларын орындауды қамтамасьіз ету, мемлекеттік саясат шараларын жүзеге асыру жөніндегі негізгі құралы болып табылады. Сондықтан мемлекеттік басқарудың барлық денгейлерін жүктелген функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржы құралдарымен қамтамасыз ететіндей, өзара қарым-қатынастың тұрақтылығы мен айқындылығы қағидасына негізделген, сондай-ақ тиімді бюджет саясатын жүргізуге ынталандыратындай бюджетаралық қатынастардың оңтайлы моделін қалыптастыру талап етіледі.
Бюджетаралық қатынастарды реформалау мемлекет пен экономиканың ілгерілеуі үшін аса қажет және соған орай қазіргі кезендегі өзекті мэселелердің біріне айналып отыр.
Қазақстанда бюджетаралық қатынастарды, соның ішінде бюджет деңгейлері арасында табыстарды бөлуді реформалау 1998 жылы басталған еді. Табыстарды бөлу тұрғысынан бюджеттік үрдісті жетілдіру үш кезеңнен өтті.
Бірінші кезең. 1995 жылдың 1 шілдесінде қабылданған Салықтық Кодексте салықтар мемлекеттік бюджет деңгейлері бойынша бөлінді. Онда салықтарды бөлудің жылдар бойы өзгеріп отырған эр түрлі тэсілдері қолданылды. 1996 жылы жергілікті бюджеттерге:
- акциздер (Павлодар облысы мен Алматы қаласынан басқа) - жалпы түсімдердің 100 пайызы;
- қосымша құн салығы - 10 пайыздан 100 пайызға дейін;
- заңды түлғалардан алынатын табыс салығы барлық аймақтарда 40 пайыз мөлшерінде;
- жеке түлғалардан алынатын табыс салығы.
1997 жылдан бастап қосымша құн салығы тұтасымен республикалық бюджетке түсті. 1997-1998 жылдары бюджетаралық реттеу занды жэне жеке түлғалардан алынатын табыс салығы есебінен жүргізілді.
Екінші кезең. 1999 жылдан бастап барлық облыстар бойынша республикалық жэне жергілікті бюджеттер арасында табыстарды бөлудің бірыңғай нормативі белгіленді. Осы уақыттан бастап заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы мен ішімдік өнімдері бойынша акциздердің 50 пайызы, занды түлғалардан алынатын табыс салығы мен элеуметтік салық - 100 пайыз жергілікті бюджеттерге түсті.
Үшінші кезең. 2002 жылдан бастап бюджет деңгейлері арасында салықтың нақты түрін бөлшектеуді жүзеге асырмай, салықтардың түрлері бойынша республикалық жэне жергілікті бюджеттердің табыс көздері дәл айқындалды.
Елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын ескере отырып, мемлекеттік басқару жүйесін одан эрі оңтайландыру қажеттілігі туындайды. Қазіргі уақытта осы бағытта бірқатар ілгері қадамдар жасалуда. Атап айтқанда, Республика Президентінің 2001 жылғы 24 қазанындағы №713 Жарлығымен мемлекеттік басқару деңгейлері жэне бюджетаралық қатынастарды жетілдіру арсында өкілеттіліктерді ажырату жөнінде Мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссия жүмысының мақсаты мемлекеттік басқару деңгейлері арасында мемлекеттік қызметтерді тиімді бөлу, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар эзірлеу болып табылады. Комиссия жұмысының шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 5 ақпанындағы № 4 Қаулысымен мемлекеттік басқару деңгейлері мен бюджетаралық қатынастарды жетілдеру арасындағы өкілеттіліктерді шектеу Тұжырымдамасының жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрып, жергілікті бюджеттердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін бюджетаралық Қатынастарға оңтайлы көзқарасты қалыптастыру мақсатында төмендегідей төрт нұсқа жасақтады.
Біріншісі - оған тұрақтылық элементтерін бере отырып, яғни орта мерзімді кезеңге арналған субвенция мен бюджеттік алымдар мөлшерін бекіту арқылы қазіргі тэртіпті сақтау. Көрсетілген тэртіпке сай бюджет деңгейлері арасында салық түрлері бойынша нақты бөлу сақталады. Басты проблема - обльістардың, айталық, донорлардың шығыстар нормативтерінің жүйесі қаншалықты сапалы деңгейде есептелсе де, әрқашан алымдардың белгіленген мөлшерінің әділдігі төңірегінде туындайды.
Екінші - эрбір нақты аймақ үшін жеке орта мерзімдіц кезеңге арналған бөлудің тұрақты нормативтерін белгілей отырып, салықтардың реттелетін түрлерін анықтау. Осы нұсқа бюджеттік алымдар тетігін алып тастау мақсатында түрлі деңгейдегі бюджеттерді тік теңестіруді көздейді, яғни төлем салынатын кірістерден жеке табыс салығы жэне элеуметтік салық бойынша түсімдерді республикалық жэне жергілікті бюджеттер арасында кайта бөлуді жүзеге асыру үсынылады.
Үшінші нұсқа - республикалық бюджеттің кірістерінде төлем көзінен салынатын кірістерден алынатын жеке табыс салығын жэне элеуметтік салықты орталықтандыруды жүзеге асыру ұйғарылды. Осы жағдайда бюджетаралық қатынастар орта мерзімдік кезеңге түрақтандырылган республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке берілетін субвенцияларды белгілеу арқылы қалыптастырылады. Көрсетілген нүсқа бюджеттік алымдар жүйесінен бас тартып, бюджетаралық қатынастардың қарапайымдылығын жэне айқындылығын қамтамасыз етеді.
Төртінші нұсқа - кэсіпорындар бойынша түсімдерді базалык (республикалық бюджетке) жэне аймақтық экономикаға (жергілікті бюджетке) белуге негізделген. Жергілікті бюджеттерді теңестіру үшін салықтармен реттелетін жеке табыс салығын, элеуметтік салықты жэне аймақтық экономиканын кэсіпорындарынан қосымша құн салығын анықтау көзделген.
Бүдан басқа бюджетаралық қатынастардың ұтымды үлгісін қалыптастыру шеңберінде селолық округтердің бюджеттерін қалыптастыру жэне аралық жерлерді институционалдық нығайту мэселесі қаралатын болады. Осы мақсатта түжырымдамаға сэйкес ауылдық әкімдердің аппаратына заңды түлга мәртебесі беріледі. Бұл оларға шаруашылық басқару құқығындағы оқшауланған мүлікті, өз атынан мүліктік жэне мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып алу жүзеге асыру кұқығы беріледі. Сондай-ақ өз атауы бар мөр болуын көздейді.
Бюджетаралық қатынастар мәселесін зерттеушілердің ойлары бойынша, орталықтандырылмаған бюджет жүйесі әлдеқайда тиімді. Себебі мүнда шешімдер эр түрлі деңгейде қабылданады. Мұндай жүйеде салық салу деңгейі мен бюджеттік кызметтердің аракатынасы біртіндеп сол жердегі тұргындардың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкестеледі. Сонымен салықтың эрбір деңгейі жоғары қайтарымдылыққа ие болады. Бүл үшін бірнеше шарттардың орындалуы талап етіледі. Атап айтқанда, азаматтық қоғамның болуы, аймақтардың өз ішінде инвестиция тарту үшін, жұмыс орындары үшін өзара бэсекелестік жүргізуі, шығындық өкілеттіліктердің нақты түрде бөлініп берілуі жэне табыс көздері түрақты түрде бекітіліп, бюджеттік теңестіру салықтық элеует пен мен объективті қажеттіліктерге сай жасалуы қажет. Сонымен бірге, республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер (субвенциялар, субсидиялар, мақсатты трансферттер) тұракқты әрі мақсатты болуы тиіс. Бүл жергілікті бюджеттерді қаржылай қолдаудың механизмінің объективтілігі мен айқындылығын күшейте түседі. Әр түрлі бюджет деңгейлері арасындағы бюджетаралық қатынастар жүйесі бірлік жэне дербестік қағидасына негізделуі қажет. Бюджетаралық қатынастар жүйесі нэтижелі жүмыс істеу үшін жергілікті өкілетті жэне атқарушы органдардың қызметін күшейту керек. Сонымен, бюджетаралық қатынастарды реформалау, ең алдымен, жергілікті ортаның бюджет үрдісінің тазалығын, айқындығын қамтамасыз ететіндей ынталандыруды арттыруға бағытталуы қажет.
Бюджет жүйесін ұйымдастыру келесідей негізгі қағидаларға сүйенуі тиіс: біртұтастық қағидасы ұйымдық-экономикалық орталықтандырылған бюджет жүйесін көрсетеді; толықтылық қағидасы бойынша үкіметтің барлық қаржылық операцияларының бюджетте жинақталған және барлық түсетін табыстар мен жұмсалған шығындарды білдіреді; нақтылық қағидасы қаржылық операциялардың бюджеттегі нақты көрінісін, бюджеттік бұрмалаушылықты болдырмау қажеттілігін қарастырады; жариялылық қағидасы бойынша бюджеттердің шығындары мен табыстары туралы мәліметтер баспасөз беттерінде жарияланады. Дегенмен, қазіргі кезенде Қазақстанның бюджет жүйесінде осы қағидалар толық орындалып отыр деп тұжырым жасауға болмайды.
Бүгінгі күні бюджет жүйесіндегі бюджетаралық қатынастардың реттелмегендігі күрделі мәселелердің біріне айналды.
13 ші Аймақтық басқарудың тиімділігін арттыру жолдары
Аймактык проблемалардың ерекшелігі - оларды шешу үшін әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың да, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының да қатысуы талап етіледі. Осымен байланысты аймақ экономикасын басқару механизмін жетілдіруді өзара байланысты және бірін-бірі өзара толықтыратын үш бағытта жүргізу көзделеді:
біріншісі - макродеңгейде аймақ экономикасын басқару механизмін одан әрі жетілдіру;
екіншісі - мезодеңгейде тиімді аймақтық менеджмент механизмін қалыптастыру;
үшіншісі - жергілікті өзін-өзі басқару әдістерін жетілдіру.
Нарықтық реформалардың жүргізілуі мен аймақтар арасындағы сараланудың күшеюі олардың біразы ғана өзінше экономикалық өсу мен дамуға қабілетті екендігін көрсетті, соған орай аймақты басқару механизмі мемлекеттің, аймақтардың, эр түрлі меншік субъектілері мен барлық халықтың мүдделерін ұштастыра отырып, барлық аймақтардың проблемаларын шешуге бағытталуы тиіс.
Сонымен, аймақ дамуын басқару механизмінің эрекет етуінің негізгі міндетіне кіретіндер:
• Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметгік, шаруашылық-құқықтық кеңістігінің тұтастығын сақтау;
• аймақтардың әлеуметтік-экономикалық теңсіздігін қысқарту және біртіндеп жою;
• аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі талаптарына сәйкестендіру;
• барлық аймақтарда табиғатты ұтымды пайдалану мен адамдардың өмір сүру ортасын сақтауды қамтамасыз ету;
• мемлекетгің унитарлық құрылымымен анықталған өкілеттіліктер шегінде аймактардың дербестігін қамтамасыз ету.
Аймақтар дамуын басқару жүйесін жетілдіру үшін, ең алдымен, республикалық, облыстық жэне жергілікті деңгейлердегі билік органдарының бірлесіп эрекет ету мәселесін шешу керек. Жүзеге асқан жағдайда орталық пен аймақтар арасындағы қалыптасқан өзара қарым-қатынастардың тиімділігін айтарлықтай арттыруға ықпалын тигізетін бірқатар шарттар бар.
Бірінші және негізгі шарт - Қазақстан Республикасының аймақтары өздерінің табиғи, экономикалық, ғылыми-техникалық және элеуметтік әлеуеті жагынан эр түрлі болғандықтан, орталық тарапынан аймақтарды басқаруға сараланған көзқарас қажет.
Екінші шарт - қатынасқа түсуші субъектілердің арасындағы экономикалық өкілеттіліктерді айқын бөлу, бүл, ең алдымен, орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктер, салықтық міндеттемелер және элеуметтік мәселелер аясындағы қүзыреттерін шектеуге қатысты.
Үшінші шарт - аймақтардың экономикалық еркіндігін кеңейту, бірақ, ол аймақтық саясаттың толықтай ырықтандырылу нысанына енбеу керек.
Бұл қарастырылған шарттардың жүзеге асырылуы бірқатар басымдықты шараларды іске асыру жолымен мүмкін болады. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
Бір жағынан, бюджеттік қарым-қатынастарды эрбір аймак бойынша сараланған салықтың негізгі түрлері бойынша аударымдардың орта мерзімді тұрақгы нормативтер қағидасына көшіруге, екінші жағынан, бюджеттік жоспарлаудың мерзімін ұзарта отырып, жетілдіруге бағытталған орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктерін шектеу саясатын жалғастыру;
2. Аймақгың жалпыреспубликалық еңбек бөлінісіндегі орнын ескеру, орталықтандырылған қаржы-қаражатгы жергілікті халықтың жұмысбастылығын жэне аймақтық өнімнің бэсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында аймақ шаруашылықтарын қайта құруға бағыттау сияқты негізгі қағидаларға сүйене отырып, аймақтарға экономикалық көмек көрсету;
3. Әлеуметтік бағдарламалардың белгілі бір бөлігін орталық атқарушы органдардан жергілікті басқару органдарына беруде қаржыландырудың бұрынғы көлемін сақтау;
4. Алдағы жылдың бюджетін жасақтауға барлық аймақ өкілдерінің міндетті түрде қатысуы.
Макродеңгейде аймақтық басқару механизмінің қүралы ретінде: экономикалық, қаржылық әдістер, инфрақұрылымды ұсыну жэне қазіргі уақытта Еуропалық Одақтың көпшілік елдері қолданып жүрген (1-тарауда қарастырылған) аймақтардың дамуын ынталаңдырудың «жұмсақ» шаралары ұсынылады. Қазақстан Республикасында аймақтық дамуды басқарудың қаржылық әдістері көбірек қолданысқа түседі, атап айтқанда, бюджетке демеуқаржы (дотациялар), жаңа жүмыс орындарын қүруға субсидиялар, жеке компаниялардың дамыған немесе дағдарысты аймақтарға инвестиция салуын ынталандыру үшін салықтык жеңілдіктер беру. Сонымен бірге қаржылық эдістерді қолдану жеткілікті негіздеусіз жүргізіліп, бірқатар аймақтар тарапынан «масылдық пиғылдың» тууына және олардың дамуын тежеуге алып келеді, сондай-ақ, донор-аймақтардан алынатын қаржының шамадан артуы, олардың өсуге деген ынтасын төмендетді жэне тиімсіз жағдайға қояды, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мүмкіндіктерін қысқартады.
Аймақтық дамуды орталықтан басқарудьщ басқа нысандары нарықтық инфрақүрылымның түрлі элементтерін ұсыну; ақпараттық желілердің, консалтингілік қызметтін дамуына, белгілі бір аймақтың аумағында бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға ықпал ету; білім беру жэне басқа да қызметтер көрсету жолымен аймақтарға атаулы қолдау көрсету сиякты нысандар салыстырмалы түрде көп қолданысқа түсе бермейді. Жалпы алғанда, аймақтық механизм құралдарын тиімді қолдану орталық пен аймақтар арасында қаржылық-экономикалық өзара эрекеттің оңтайлы үлгісін (моделін) табумен байланысты.
6. CЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
№
|
Тақырып
|
Семинар сабағының мазмұны
|
Апта
|
Әдебиет
|
1
|
Аймақтық экономика: теориялық негіздері
|
Курстың мақсаты және зерттеу объектісі.
Аймақ: түсінігі мен мазмұны.
Дағдарысты аймақтарды жіктеу.
|
1
| 10,15
|
2
|
Аймақтық экономикада ғылыми зерттеу әдістері және аймақтық саясат
|
4.1 Ғылыми зерттеу объектісі.
4.2 Ғылыми зерттеу әдістерінің негізгі түрлері.
4.3 Аймақтық саясат.
|
2
| 10,15 |
3
|
Аймақтық жоспарлаудың әлеуметтік-экономикалық дамуының ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері
|
3.1 Аймақтық жоспарлау мен басқарудың ұйымдастырушылық негіздері.
3.2 Аймақтық жоспарлаудың теориялық әдістемелік негізі.
|
3
| 10,15 |
4
|
Аймақ - мемлекеттік басқару негізі ретінде
|
4.1 Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері.
4.2 Басқару – аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы.
4.3 Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжрибесін пайдалану мәселері.
|
4
| 9,14 |
5
|
Аймақ экономикасының тұрақты дамуының мемлекеттік басқаруы
|
5.1Аймақтық экономика және аймақтық саясат.
5.2Аймақтардың кешенді даму бағдарламасының ерекшеліктері және олардың құрылымы.
|
5
| 10,15 |
6
|
Аймақтардың экономикалық дамуының стратегиясы
|
6.1 Аймақтардың дамуының негізгі жағдайы.
6.2 Аймақтардың экономикасының тұрақты дамуының резервтері.
6.3 Аймақтардың экономикасын басқару құралдары.
|
6
| 10,15 |
7
|
Аймақтардың бәсекелестік қабілетін қалыптастыру
|
7.1 Аймақтың бәсекелестік қабілеті- экономикалық құбылыс ретінде.
7.2 Аймақтың бәсекелестік қабілетінің қалыптасуындағы қиыншылықтар.
7.3 Аймақтың бәсекелестік қабілетінің қалыптасуының концепциясы
7.4 Аймақтың инвестициялық тартымдылығын қалыптастыру.
|
7
| 10,15 |
8
|
Халық шаруашылығының территориялық ұйымдастырылуының негіздемесі
|
8.1 Аймақтардың табиғи және шаруашылық жағдайларының және ресурстардың анализі.
8.2 Өндірістің даму тиімділігін анықтау.
8.3 Аймақтарда саларды орналастыру және даму басымдылықтары.
|
8
| 10,15 |
9
|
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары
|
9.1 Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы және дамуындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері.
9.2 Индустриалдық-инновациялық стратегиясының аймақтарда жүзеге асу барысы.
|
9
| 10,15 |
10
|
ТМД және Кеңес Үкіметі таралғаннан кейінгі кеңістікте аймақтық ынтымақтастық
|
10.1 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
10.2 Еуразиялық экономикалық қоғам.
10.3 Орта Азиялық ынтымақтастық.
10.4 «Үлкен төрттіктің» біріккен экономикалық кеңістігі.
10.5 Аймақтық ынтымақтастықтың келешегі.
|
10
| 10,15 |
11
|
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік реттеуі
|
10.1 Аймақтың даму облысында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру әдістері.
10.2 Ұйымдық құрылымы және аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуын қамсыздамдыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметі.
|
11
| 10,15 |
12
|
Аймақтық мәселелер және бюджетаралық қатынастар
|
12.1 Аймақтың қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды басқару.
12.2 Бюджетаралық қатынастарды реформалау үрдісі.
12.3 Қазақстан аймақтарындағы бюджетаралық қатынастарды жетілдіру.
|
12
| 10,15 |
13
|
Аймақтардың әлеуметтік-экрнрмикалық дамуының мемлекеттік реттеуі.
|
1. Аймақтық даму облысында мемлекеттік саясаттың жүзеге асыруының әдістері мен формалары.
2. Аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етуі бойынша мемлекеттік органдардың қызметі және ұйымдастырылу құрылымы
|
13
| 10,15 |
14
|
қазақстан тұрғындары.
|
1. Қазақстан тұрғындарының жалпы мінездемесі.
2. Тұрғындардың құрылымы және демографиялық көрсеткіштерінің негіздері
|
14
| 10,15 |
15
|
Батыс Қазақстан облысының ішкі экономикалық аудандары
|
1. Әкімшілік-территориялық бөлінісі
2. Тұрғын халқы
3. Негізігі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер.
4. Облыс шаруашылығына сипаттама.
|
15
| 10,15 |
7. Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
№ 1 практикалық сабақ
Тақырыбы: Аймақтық экономика: теориялық негіздері
Мақсаты: Тақырыптың мәні мен мазмұнын терең ұғндыру.Кәсіпорынның жұмыс жасау шарттарын, механизмін түсіндіру арқылы жеке іске баулу, кәсіпорынның ел экономикасында алатын орнын түсіндіру.
Негізгі сұрақтары:
Курстың мақсаты және зерттеу объектісі.
Аймақ: түсінігі мен мазмұны.
Дағдарысты аймақтарды жіктеу.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Сабақты пресс-конференция әдісін пайдалану арқылы өткізу. Ассосациялық байланыстар арқылы студенттердің ойларын біліп, өз ойларын айтып жеткізе білуге баулу.
№ 2 практикалық сабақ
Тақырыбы: Аймақтық экономикада ғылыми зерттеу әдістері және аймақтық саясат
Мақсаты: Студенттердің тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру. Кәсіпорын стратегиясының мәні мен түрлерін терең ұғындыру.
Негізгі сұрақтары:
4.1 Ғылыми зерттеу объектісі.
4.2 Ғылыми зерттеу әдістерінің негізгі түрлері.
4.3 Аймақтық саясат.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Дөңгелек үстел түрінде өткізу.
№ 3 практикалық сабақ
Тақырыбы: Аймақтық жоспарлаудың әлеуметтік-экономикалық дамуының ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері
Мақсаты: Студенттердің пәнге деген құлшынысын арттыру, тақырыпқа деген қызығушылығын ояту.
Негізгі сұрақтары:
3.1 Аймақтық жоспарлау мен басқарудың ұйымдастырушылық негіздері.
3.2 Аймақтық жоспарлаудың теориялық әдістемелік негізі.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Сабақты пресс-конференция әдісін пайдалану арқылы өткізу.
№ 4 практикалық сабақ
Тақырыбы: Аймақ - мемлекеттік басқару негізі ретінде
Мақсаты: Студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру, тақырыптың мәнін, маңызын ұғындыру. Фирма, оның қызметі туралы түсінік қалыптастыру.
Негізгі сұрақтары:
4.1 Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері.
4.2 Басқару – аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы.
4.3 Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжрибесін пайдалану мәселері.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Дөңгелек үстел түрінде өткізу.
№ 5 практикалық сабақ
Тақырыбы: Аймақ экономикасының тұрақты дамуының мемлекеттік басқаруы
Мақсаты: Тақырыпты аша отырып, студенттерге сұрақ қою арқылы, білімін тексеріп қызығушылығын арттыру.
Негізгі сұрақтары:
5.1Аймақтық экономика және аймақтық саясат.
5.2Аймақтардың кешенді даму бағдарламасының ерекшеліктері және олардың құрылымы.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Мәселелік сабақ түрінде өткізу.
№ 6 практикалық сабақ
Тақырып: Аймақтардың экономикалық дамуының стратегиясы
Мақсаты: Теориялық білімді практикада жүзеге асыруға баулу, студенттердің пәнге деген құлшынысын арттыра отырып, қосымша материалдар іздестіру арқылы дүние танымын кеңейту.
Негізгі сұрақтары:
6.1 Аймақтардың дамуының негізгі жағдайы.
6.2 Аймақтардың экономикасының тұрақты дамуының резервтері.
6.3 Аймақтардың экономикасын басқару құралдары.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Ассосациялық байланыстар арқылы студенттердің ойларын біліп, өз ойларын айтып жеткізе білуге баулу.
№ 7 практикалық сабақ
Тақырыбы: Аймақтардың бәсекелестік қабілетін қалыптастыру
Мақсаты: Студенттердің пәнге деген құлшынысын арттыру, тақырыпқа деген қызығушылығын ояту.
Негізгі сұрақтары:
7.1 Аймақтың бәсекелестік қабілеті- экономикалық құбылыс ретінде.
7.2 Аймақтың бәсекелестік қабілетінің қалыптасуындағы қиыншылықтар.
7.3 Аймақтың бәсекелестік қабілетінің қалыптасуының концепциясы
7.4 Аймақтың инвестициялық тартымдылығын қалыптастыру.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Сабақты пресс-конференция әдісін пайдалану арқылы өткізу. Ассосациялық байланыстар арқылы студенттердің ойларын біліп, өз ойларын айтып жеткізе білуге баулу.
№ 8 практикалық сабақ
Тақырыбы: Халық шаруашылығының территориялық ұйымдастырылуының негіздемесі.
Мақсаты: Тақырыпты аша отырып, студенттерге сұрақ қою арқылы, білімін тексеріп қызығушылығын арттыру.
Негізгі сұрақтары:
8.1 Аймақтардың табиғи және шаруашылық жағдайларының және ресурстардың анализі.
8.2 Өндірістің даму тиімділігін анықтау.
8.3 Аймақтарда саларды орналастыру және даму басымдылықтары.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Ассосациялық байланыстар арқылы студенттердің ойларын біліп, өз ойларын айтып жеткізе білуге баулу.
№ 9 практикалық сабақ
Тақырыбы: Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары Мақсаты: Студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру, тақырыптың мәнін, маңызын ұғындыру. Фирма, оның қызметі туралы түсінік қалыптастыру.
Негізгі сұрақтары:
9.1 Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы және дамуындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері.
9.2 Индустриалдық-инновациялық стратегиясының аймақтарда жүзеге асу барысы.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Дөңгелек үстел түрінде өткізу.
№ 10 практикалық сабақ
Тақырыбы: ТМД және Кеңес Үкіметі таралғаннан кейінгі кеңістікте аймақтық ынтымақтастық
Мақсаты: Теориялық білімді практикада жүзеге асыруға баулу, студенттердің пәнге деген құлшынысын арттыра отырып, қосымша материалдар іздестіру арқылы дүние танымын кеңейту.
Негізгі сұрақтары:
10.1 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
10.2 Еуразиялық экономикалық қоғам.
10.3 Орта Азиялық ынтымақтастық.
10.4 «Үлкен төрттіктің» біріккен экономикалық кеңістігі.
10.5 Аймақтық ынтымақтастықтың келешегі
Әдістемелік нұсқаулықтар: Сабақты пресс-конференция әдісін пайдалану арқылы өткізу. Ассосациялық байланыстар арқылы студенттердің ойларын біліп, өз ойларын айтып жеткізе білуге баулу.
№ 11 практикалық сабақ
Тақырыбы: Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік реттеуі
Мақсаты: Студенттердің пәнге деген құлшынысын арттыру, тақырыпқа деген қызығушылығын ояту.
Негізгі сұрақтары:
10.1 Аймақтың даму облысында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру әдістері.
10.2 Ұйымдық құрылымы және аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуын қамсыздамдыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметі.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Дөңгелек үстел түрінде өткізу.
№ 12 практикалық сабақ
Тақырыбы: Аймақтық мәселелер және бюджетаралық қатынастар Мақсаты: Тақырыпты аша отырып, студенттерге сұрақ қою арқылы, білімін тексеріп қызығушылығын арттыру.
Негізгі мақсаты:
12.1 Аймақтың қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды басқару.
12.2 Бюджетаралық қатынастарды реформалау үрдісі.
12.3 Қазақстан аймақтарындағы бюджетаралық қатынастарды жетілдіру Әдістемелік нұсқаулықтар: Ассосациялық байланыстар арқылы студенттердің ойларын біліп, өз ойларын айтып жеткізе білуге баулу.
№ 13 практикалық сабақ
Тақырыбы: Аймақтардың әлеуметтік-экрнрмикалық дамуының мемлекеттік реттеуі.
Мақсаты: Теориялық білімді практикада жүзеге асыруға баулу, студенттердің пәнге деген құлшынысын арттыра отырып, қосымша материалдар іздестіру арқылы дүние танымын кеңейту.
Негізгі сұрақтары:
1. Аймақтық даму облысында мемлекеттік саясаттың жүзеге асыруының әдістері мен формалары.
2. Аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етуі бойынша мемлекеттік органдардың қызметі және ұйымдастырылу құрылымы
Әдістемелік нұсқаулықтар: Сабақты пресс-конференция әдісін пайдалану арқылы өткізу. Ассосациялық байланыстар арқылы студенттердің ойларын біліп, өз ойларын айтып жеткізе білуге баулу.
№ 14 практикалық сабақ
Тақырыбы: Қазақстан тұрғындары.
Мақсаты: Студенттердің пәнге деген құлшынысын арттыру, тақырыпқа деген қызығушылығын ояту.
Негізгі сұрақтары:
1. Қазақстан тұрғындарының жалпы мінездемесі.
2. Тұрғындардың құрылымы және демографиялық көрсеткіштерінің негіздері
Әдістемелік нұсқаулықтар: Дөңгелек үстел түрінде өткізу.
№ 15 практикалық сабақ
Тақырыбы: Батыс Қазақстан облысының ішкі экономикалық аудандары
Мақсаты: Тақырыпты аша отырып, студенттерге сұрақ қою арқылы, білімін тексеріп қызығушылығын арттыру.
Негізгі сұрақтары:
1. Әкімшілік-территориялық бөлінісі
2. Тұрғын халқы
3. Негізігі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер.
4. Облыс шаруашылығына сипаттама.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Ассосациялық байланыстар арқылы студенттердің ойларын біліп, өз ойларын айтып жеткізе білуге баулу.
ГЛОССАРИЙ
Аймақтық экономика пәні бойынша глоссарий
(пән атауы)
Акционерлік қоғам (АҚ) – жарғы қоры бар кәсіпорын, оның капиталы көптеген жеке капиталдарды біріктіру нәтижесінде, акцияларды шығарып, сату арқылы құралады және оның пайдасын акционерлер дивиденд түрінде бөліседі. Қоғамның әрбір мүшесінің жауапкершілігі оның акцияларының құнымен шекелген.
Акцепт (лат. acceptans – қабылдаушы) – ішкі және халықаралық тауар айналымында құжаттарды немесе төлеуді кепілдікке алуға келісу; екінші жақ ұсынған талаптар негізінде шарт жасасуға келісу, төлемшінің аударма векселді төлеуге келісу.
Акциз (фр. accise из лат. аccidere – кесу) – көбінесе көпшілік тұтынатын заттарға (арақ, шарап, темекіге және зергерлік бұйымдарға, балықтың бағалы түрлерінен жасалған жеңсік өнімдерге, фарфор мен хрустальдан жасалған жоғары сапалы бұйымдарға, кілемдерге және кілем бұйымдарына т.б.) саналатын, тауар бағасына кіретін және сатып алушы төлейтін жанама салық түрі. Мемлекеттік бюджет кірісінің маңызды көзі.
Акция (лат. аction – бағалы қағаз) – акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, банкілер, кооперативтер шығаратын осы қоғамдарды және т.б. дамыту мақсатымен акция иесінің қаржы қосқандығын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаздың түрі.
Амортизация (лат. amortisatio – өтеу) – негізгі қорлардың (ғимараттардың, машиналардың, жабдықтың) тозуы себепті оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі, сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар құнының өндірілетін өнімге бірте-бірте көшуі.
Монополияға қарсы қолданылатын заңдар – нарықтық экономиканы басшылыққа алатын кәсіпкерлер қызметтің түрлі салаларында бәсекелестік ортаны қолдауға, монополизмге және арам ниетті бәсекеге қарсы әрекет жасауға бағытталған құқықтық актілер кешені.
Жал, жалгерлік (лат. arrendare – жалға беру) – мүлікті жалдау, жалға беруші жалгерлерге мүлікті белгілі бір сыйақы жалгерлік ақы үшін уақытша пайдалануға беретін шарт.
Аукцион (лат auction, auctionis – қоғамдық сауда) – тауар және басқа құндылықтарды сатуды ұйымдастырудың көпшілік алдында сауда-саттық өткізуге негізделген нысаны. Аукциондық сауда сатып алушылардың бәйгелестігі принципіне негізделген. Аукционға қатысушының ең жоғары баға ұсынғаны сатып алу құқығына ие болады.
Баланс теңгерім (фр. balance – таразы) – бухгалтерлік есептің негізгі кешенді құжаты, ол кәсіпорын қаражатының құрамы мен құндық бағасы (актив) және оның өтелу кездері (пассив) туралы ақпараттан тұрады.
Пайда балансы - өндірістік қызметтің барлық түрлері бойынша пайданың баланста көрсетілген жалпы сомасы.
Баланстық құн – компанияның бухгалтерлік кітаптарындағы активтердің құны (әдетте өтелім жарнасы (амортизация) шегеріліп тасталады). Нақты нарықтық құн басқаша болуы мүмкін.
Банк ( итал. banca – ақшалай қаржаттар операциялары жасалған үстел) – ақшалай қаражат пен қорлануды шоғырландыратын, кредит (қарыз, несие) беретін, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен есеп айырысуда делдалықты жүзеге асыратын, ақша мен бағалы қағаздары шығаратын, алтынмен, шетелдік валютамен операцияларды және басқа міндеттерді жүзеге асыратын мекеме.
Банкроттық – кәсіпкердің, фирманың қаражат болмауы себепті өзініңқарыз міндеттемелерін төлеуден бас тартуы; қаржы жөнінен күйреуі, құлдырауы; дәрменсіздік, қаржының күйреуі, күйзеліс, сәтсіздікке ұшырауы, жоспарларың қирауы.
Баспа-бас айырбас (бартер) – валютасыз, бірақ құны бойынша бағаланған және теңдестірілген, өзара шартпен хатталған тауар айырбасы операциясы.
Жұмыссыздық – жұмыс істегісі келген еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Өздеріне байланыссыз себептерімен табысы (еңбек кірісі) жоқ, мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінде жұмыс істемейтін, еңбек етуге қабілетті және дайын, өздеріне қызмет лайықты жұмыс ұсынбаған адамдар ретінде тіркелген азаматтар жұмыссыздар деп есептелінеді. Нарықтық экономика жағдайында жұмыссыздық жағдайында жұмыссыздық жұмыс күшіне сұраным мен ұсынымы арасындағы өзара әсер етудің нәтижесі ретінде көрінеді.
Брокер, делдал – қор және тауар биржаларында, валюта нарықтарында тауарларында тауарларды, бағалы қағаздарды, валюталар мен басқа да құндылықтарды сатып алушы мен сатушы арасында мәміле жасау кезінде арада жүретін ресми делдал.
Жалпы пайда (валовый доход) – кәсіпорын ызметінің жалпы қаржы нәтижесі, ол кәсіпорынның жиынтық кірістері мен шығыстары арасындағы айырмаға сәйкес келеді.
Валюта – тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері.
Табыс – кәсіпорындар, фирмалар мен басқа да ұйымдар жұмысының аса маңызды экономикалық көрсеткіші, табыс олардың қызметінің барлық түрлерінен түскен қаржы түсімдерін көрсетеді.
Дивиденд (лат. dividendus – салыққа салынатын) – акционерлік қоғамның есепті бір кезеңде алған және акционерлердің иелігіндегі акциялардың саны (сомасы) мен түріне сәйкес олардың өз арасында бөліске түсуге тиіс пайдасының бір бөлігі.
Дилер (ағыл. dealer – саудаласу) – бағалы қағаздарды, валюталарды сатып алумен және сатумен айналысатын қор биржасының мүшелері (жеке адамдар мен фирмалар) және банкілер. Өз аттарынан және өз есебінен іс-қимыл жасайды. Дилерлер бір-бірімен, брокерлермен, сондай-ақ қызметті пайдаланушылармен тікелей мәміле жасаса алады. Дилердің пайдасы сатушы мен сатып алушы курстарындағы айырма есебінен, валюталар мен бағалы қағаздар курстарының өзгеруі есебінен құралады. Дилерлер брокерлік (делдалдық) мәміле жасаса алады.
Дистрибьютор (ағыл. distributor – орналастыру) - өндіруші ірі өнеркәсіп фирмаларынан дайын өнімді көтере сатып алу негізінде өнім өткізетін фирма. Ол меншікті қоймалары бар және өнеркәсіпшілермен іскерлік өзара шарт қатынастарын орнататын біршама ірі фирмалар.
Заң – елдің жоғары заң шығарушы органы қабылдаған және барлық жеке адамдар мен заңды ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік-заңдық актілер.
Кепіл – шарттық міндеттеменің орындалуын мүлік өткізіп қамтамасыз ету әдісі, несиені қамтамасыз ету. Қарыз берген кісінің қолында кепілдікке қалдырылған зат.
Мүлік – шаруашылық айналымында мәні бар біреудің қарамағындағы заттар мен түрлі құнды мүліктердің жиынтығы. Біреудің меншікті заттары.
Инвестициялар – капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестор – салымшы; пайда табу мақсатымен ел ішінде немесе шетелде белгілі бір кәсіпорынға инвестиция жасаушы, күрделі қаржы жұмсаушы адам.
Инфрақұрылым – өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірісіне, сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін шаруашылық салаларының кешені. Бұл кешенде транспорт, байланыс, сауда, материалдық-техникалық жабдықтау, ғылым, білім, денсаулық сақтау, т.б. қамтылады.
Калькуляция - өнім өндіруге және өткізуге, жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығынды ақшаға шағып көрсету.
Бәсеке – нарықтық механизм элементі, капиталдардың жақсы, экономикалық жағынан тиімді жұмсалуы үшін, өнім өндіру мен өткізудің өндірістің неғұрлым тиімді жағдайы үшін тауар өндірушілер арасындағы бақталастықтың (күрестің) құрамдас бөлігі.
Консалтинг – ынтымақтастық нысаны, бұл ынтымақтастықта продуценттерге (тауар өндірушілерге), сатушылаоға және сатып алушыларға кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың экономикалық қызметі мәселелерінің кең ауқымы бойынша, оның ішінде сыртқы экономикалық салада кеңес беріледі.
Консорциум – заемдарды бірлесіп тарату үшін, үлкен ауқымдағы қаржы және коммерциялық операцияларды жүргізу үшін бірнеше банкілердің немесе өнеркәсіп орындарының арасындағы уақытша келісім.
Концерн – көп салалы монополистік өнеркәсіп бірлестігінің қазіргі экономикалық жағынан үстем нысаны. Өндірісті әртараптандыруға сүйене отырып , концерндер өзінің құрамында ондаған, жүздеген әр түрлі кәсіпорындарды, ғылыми зерттеу мекемелерін, оқу орталықтарын және орасан зор экономикалық кешеннің қызметін қамтамасыз ететін басқа да көптеген буындарды біріктіреді.
Лизинг – жабдықты, машиналарды, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімді жалға алу.
Маржа – белгілі бір екі көрсеткіш (мысалы, сатушының бағасы мен аларманың бағасы) арасындағы айырманы көрсететін шама.
Салық – жеке адамдар мен заңды ұйымдар заң шығарушылық жолмен белгіленген салық мөлшерлемесіне сәйкес мемлекеттік (жергілікті) өкімет органдарының бюджетіне төлейтін тіркелген аударым жарналары.
Салық мағлұмдамасы – салық төлеушінің өткен кезеңде алған табыстары және оларға қолданылатын салық шегермелері мен жеңілдіктері туралы ресми мәлімдемесі.
Қосылған құнға салық (ҚҚС) – жанама салық түрі; түпкілікті тұтынушы тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде, сондай-ақ, тауарларды өндіру мен өткізудің түрлі салаларында төлейді.
Пайдаға салынатын салық – заңды ұйымдардың табысына салынатын салық; негізгі жалпы мемлекеттік салықтардың бірі.
Салық мөлшерлемесі – салық салынатын бір объектідегі салық үлесі (процент түрінде көрсетілген мөлшер).
Айналым қаражаты - өндіру мен өткізудің үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларының құру үшін кәсіпорындарға, бірлестіктерге, ұйымдарға авансыға берілген ақшалай қаражат жиынтығы.
Негізгі қаражат – еңбек құралдарына жататын материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығына жұмсалған қаражаттар.
Үлестік жарна – ортақ іске жеке қатысушы осы іске қосқан үлес (ақшалай жарна).
Пайда – фирманың жалпы табысы мен шығындары арасындағы айыпма, мұнда жалпы табыс шығыннан асып түседі.
Рента – капиталдан, мүліктен немесе жер учаскесінен түскен белгілі бір табыс, ол өзінің алушыларынан кәсіпкерлік қызметті талап етпейді.
Пайдалылық - өндірістік қызметтің белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі пайдалылығын (залалдығын) сипаттайтын кәсіпорындар қызметінің көрсеткіштерінің бірі, шығындар қайтарымының деңгейі және өнім өндіру мен өткізу процесінде қаражаттың пайдаланылу дәрежесі.
Нарық – тауарларды өндіру, айналысқа жіберу, бөлу, сондай-ақ, субъектілердің сатып алушылар мен сатушыларды таңдаудағы, бағаны белгілеудегі, ресурстар көздерін қалыптастырып, пайдаланудағы еркіндігі тән сипат болып табылатын ақша қаражатының қозғалысы қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі.
Жарғы қоры – бірлескен кәсіпорын қызметінің басталуы үшін қажетті және бірлескен кәсіпорынның құрылтайшы әріптестерінің жарналары есебінен құралатын қаражат мөлшері.
Фирма – заңды ұйым құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік немесе сауда кәсіпорындары.
Эмитент – ақша шығаратын ұйым немесе кәсіпорын.
8.КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Бұл пән бойынша курстық жұмыс жоспарланбаған.
9. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.
СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.
СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.
СӨЖ материалдарының түрлері кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен жасалып, келесі құжаттарды қамтиды:
пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын сөж кестесі
типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі
рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары
негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі
кеңес түрлері
бақылау түрлері
бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.
СӨЖ ЖОО-ның нормативті құжаттарының негізінде (оқу бағдарламасы) ұйымдастырылады.
СӨЖ-дің ұйымдастырылуы
библиографиялық мәліметтерді өңдеумен (картотеканы дайындау),
жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация),
ғылыми жобаны өндеумен (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық мақалалар),
виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),
жеке аудированиямен (лингофон жүйесі және медиатека арқылы),
электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы),
лабораториялық тәжірибені еңгізумен (спортық кешен арқылы) байланысты.
9.1. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР
1. Аймақтық дамуының түсінігі.
2. Аймақтардың дамуына әсер ететін факторларды бағалау.
3. Аймақтарды дамытуда мемлекеттің рөлі.
4. Аймақтық саясат,мәні, түрлері, мақсаты.
5. Аймақтық саясатты дамыту.
6. Бағдарлама аралық жұмыстарды дамыту.
7. Аймақтық экономика: теориялық негіздері.
8. Курстың мақсаты және зерттеу объектісі.
9.Аймақ: түсінігі мен мазмұны.
10.Дағдарысты аймақтарды жіктеу.
11.Аймақтық жоспарлаудың әлеуметтік-экономикалық дамуының ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері.
12. Аймақтық жоспарлау мен басқарудың ұйымдастырушылық негіздері.
14. Аймақтық жоспарлаудың теориялық әдістемелік негізі.
15.Аймақ - мемлекеттік басқару негізі ретінде.
16. Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері.
17. Басқару – аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы.
18. Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжрибесін пайдалану мәселері.
19.Аймақ экономикасының тұрақты дамуының мемлекеттік басқаруы.
20.Аймақтық экономика және аймақтық саясат.
21.Аймақтардың кешенді даму бағдарламасының ерекшеліктері және олардың құрылымы.
22.Аймақтардың экономикалық дамуының стратегиясы.
23. Аймақтардың дамуының негізгі жағдайы.
24. Аймақтардың экономикасының тұрақты дамуының резервтері.
25. Аймақтардың экономикасын басқару құралдары.
26. Тікелей мемлекеттік басқару.
27. Аймақтық инвестициялық нарық. Аймақтың инвестициялық қызығушылығы.
28. Аймақтардың саланы мамандандыры әдістерін анықтау.
29.Аймақтық жер нарығы.
30. Ортақ экономикалық кеңістік мәселелері.
31. Бағдарламалы-мақсатты әдістердің негізгі белгілері.
32.Аймақтық еңбек нарығы. Еңбек күшінің миграциясы.
33.Аймақтардың бәсекелестік қабілетін қалыптастыру.
34. Аймақтың бәсекелестік қабілеті- экономикалық құбылыс ретінде.
35. Аймақтың бәсекелестік қабілетінің қалыптасуындағы қиыншылықтар.
36. Аймақтың бәсекелестік қабілетінің қалыптасуының концепциясы
37. Аймақтың инвестициялық тартымдылығын қалыптастыру.
СОӨЖ тақырыптары, мақсаты дәріс,семинар тақырыптарына сәйкес келеді.
9.2. Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама т.б.)
1.Аймақтардың әлеуметтік-эконономикалық кешендердің құрылуы мен қызмет етуі.
2. Еңбектің шекаралық бөлінуінің түрлері мен деңгейі.
3. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық кешендерінің дамуында табиғат ресурстарының ролі.
4. Аймақтық қайта өндіру процестерінің мәні мен түсінігі.
5.Халық шаруашылығының территориялық ұйымдастырылуының негіздемесі
6.Аймақтардың табиғи және шаруашылық жағдайларының және ресурстардың анализі.
7.Өндірістің даму тиімділігін анықтау.
8. Аймақтарда саларды орналастыру және даму басымдылықтары.
9.Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары.
10. Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы және дамуындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері.
11. Индустриалдық-инновациялық стратегиясының аймақтарда жүзеге асу барысы.
12. ТМД және Кеңес Үкіметі таралғаннан кейінгі кеңістікте аймақтық ынтымақтастық.
13.Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік реттеуі.
14. Аймақтың даму облысында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру әдістері.
15. Ұйымдық құрылымы және аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуын қамсыздамдыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметі.
16. Аймақтық мәселелер және бюджетаралық қатынастар.
17. Аймақтың қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды басқару.
18. Бюджетаралық қатынастарды реформалау үрдісі.
19. Қазақстан аймақтарындағы бюджетаралық қатынастарды жетілдіру.
20. Депресивті және нашар дамыған аймақтар.
Оқу, өндірістік және дипломалды сараманды өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар және есеп құжаттарының түрі
Бұл пән бойынша курстық жұмыс жоспарланбаған.
Студенттің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары (бақылау тапсырмалары, тесттік тапсырма, өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі, емтихандық билеттер және т.б.)
11.1. 1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
1.Аймақтық экономика ғылымы және орны
2.Аймақтық экономика әдістері, объекті
3.Аймақтардың теориялық коноцепциялары..
4.Аймақтарды классификациялау.
5.Аймақтық экономиканың теориялық негіздері.
6.Батыс аймақтық теориялардың дамуы.
7.Мемлекеттік басқару жүйесінің мақсаты мен пәні.
8.Мемлекеттік басқарудың әдістемелік жүйесі
9.Мемлекеттік басқарудың әдістері мен түрлері.
10.Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының түсінігі
11.Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаты.
12.Аймақтық дамуының түсінігі.
13.Аймақтардың дамуына әсер ететін факторларды бағалау.
14.Аймақтарды дамытуда мемлекеттің рөлі.
15.Аймақтық саясат,мәні, түрлері, мақсаты.
16.Аймақтық саясатты дамыту.
17.Бағдарлама аралық жұмыстарды дамыту.
18.Аймақтық экономика: теориялық негіздері.
19.Курстың мақсаты және зерттеу объектісі.
20.Аймақ: түсінігі мен мазмұны.
21.Дағдарысты аймақтарды жіктеу.
22.Аймақтық жоспарлаудың әлеуметтік-экономикалық дамуының ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері.
23.Аймақтық жоспарлау мен басқарудың ұйымдастырушылық негіздері.
24.Аймақтық жоспарлаудың теориялық әдістемелік негізі.
25.Аймақ - мемлекеттік басқару негізі ретінде.
26.Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері.
27.Басқару – аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралы.
28.Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжрибесін пайдалану мәселері.
29.Аймақ экономикасының тұрақты дамуының мемлекеттік басқаруы.
30.Аймақтық экономика және аймақтық саясат.
31.Аймақтардың кешенді даму бағдарламасының ерекшеліктері және олардың құрылымы.
32.Аймақтардың экономикалық дамуының стратегиясы.
33.Аймақтардың дамуының негізгі жағдайы.
34.Аймақтардың экономикасының тұрақты дамуының резервтері.
35.Аймақтардың экономикасын басқару құралдары.
11.2. 8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
1.Аймақтардың әлеуметтік-эконономикалық кешендердің құрылуы мен қызмет етуі.
2. Еңбектің шекаралық бөлінуінің түрлері мен деңгейі.
3. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық кешендерінің дамуында табиғат ресурстарының ролі.
4. Аймақтық қайта өндіру процестерінің мәні мен түсінігі.
5.Халық шаруашылығының территориялық ұйымдастырылуының негіздемесі
6.Аймақтардың табиғи және шаруашылық жағдайларының және ресурстардың анализі.
7.Өндірістің даму тиімділігін анықтау.
8. Аймақтарда саларды орналастыру және даму басымдылықтары.
9.Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары.
10. Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы және дамуындағы экономикалық қауіпсіздік мәселелері.
11. Индустриалдық-инновациялық стратегиясының аймақтарда жүзеге асу барысы.
12. ТМД және Кеңес Үкіметі таралғаннан кейінгі кеңістікте аймақтық ынтымақтастық.
13.Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік реттеуі.
14. Аймақтың даму облысында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру әдістері.
15. Ұйымдық құрылымы және аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуын қамсыздамдыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметі.
16. Аймақтық мәселелер және бюджетаралық қатынастар.
17. Аймақтың қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды басқару.
18. Бюджетаралық қатынастарды реформалау үрдісі.
19. Қазақстан аймақтарындағы бюджетаралық қатынастарды жетілдіру.
20. Депресивті және нашар дамыған аймақтар.
21. Тікелей мемлекеттік басқару.
22. Аймақтық инвестициялық нарық. Аймақтың инвестициялық қызығушылығы.
23. Аймақтардың саланы мамандандыры әдістерін анықтау.
24.Аймақтық жер нарығы.
25. Ортақ экономикалық кеңістік мәселелері.
26. Бағдарламалы-мақсатты әдістердің негізгі белгілері.
27.Аймақтық еңбек нарығы. Еңбек күшінің миграциясы.
28.Аймақтардың бәсекелестік қабілетін қалыптастыру.
29. Аймақтың бәсекелестік қабілеті- экономикалық құбылыс ретінде.
30. Аймақтың бәсекелестік қабілетінің қалыптасуындағы қиыншылықтар.
31. Аймақтың бәсекелестік қабілетінің қалыптасуының концепциясы
32. Аймақтың инвестициялық тартымдылығын қалыптастыру.
Емтиханға дайындық сұрақтары.
Аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттарна не жатады?
Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу аймақтар үшін не мүмкіндік береді?
Аймақ дамуының мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты не болып табылады?
2003 жылғы ресми деректер бойынша жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімнің көлемі ең төмен болған облысты ата:
2003 ж. Атырау облысындағы жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімнің көлемі:
2003 ж. Ақмола облысындағы жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімнің көлемі:
Стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар аймақтар:
Индустриялық дамыған топқа жататындар:
Ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық ғылымды қажетсінетін, өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлары бар аймақтар:
Дағдарыстық топқа жататындар:
Қысылшаң (экстремальный) табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрылымы ұтымды емес аймақтар
Шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған аймақтардың қандай проблемаларын шешу керек?
Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:
Әлеуметтік-экономикалық, табиғи климаттық, ресурстық және табиғи, аумақтық айырмашылықтарға орай мемлекеттің міндеті не болып табылады?
«Теңестіру» саясатын жүзеге асырудың басқарушылық механизмнің негізгі міндеттерінің қатарына жататындар:
Аймақтық саясаттың нақты қалыптастыруына әсер ететін факторлар:
Аймақтық саясаттың нақты қалыптастыруына әсер ететін факторлар:
Төменде аталғандардың аймақтық саясаттың нақты қалыптастыруына әсер ететін факторларына жататындар:
Германияда аймақтық саясатты жүргізу жауапкершілігі:
Итальяндық жүйенің көпшілік элементтері:
Германияда аймақтық саясатты жүзеге асыру:
Нидерланды мен Ұлыбританияда аймақтық саясатты жүргізудегі қолданылатын әдіс:
Австрия мен Бельгиядағы аймақтық саясатты жүргізудің негізі:
Төменде аталғандардың қайсысы дамығын елдерінің аймақтық саясаттың негізгі тенденциясы болып табылады?
Төменде аталғандардың қайсысы дамығын елдерінің аймақтық саясаттың негізгі тенденциясы болып табылады?
2003 жылы өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі ең көп болған облысты ата:
2003 жылы өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі ең аз болған облысты ата
2003 жылы өнеркәсіп өндірісінің орташа республикалық деңгейі еліміздің неше аймағында асып түсті?
Аймақтар дамуының әлеуметтік қатерлер:
Төменде аталғандардың қайсысы барлық аймақтар үшін жалпы қатерлерге жатады?
Төменде аталғандардың қайсысы макродеңгейдегі экономикалық қауіпсіздік қатерлерін күшейтетін факторларына жатады?
Төменде аталғандардың қайсысы макродеңгейдегі экономикалық қауіпсіздік қатерлерін күшейтетін факторларына жатады?
Бюджет жүйесі:
Бюджет жүйесі түрлерін ата:
Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі:
Өзін-өзі даярлау сұрақтар тізімі
Кәсіпкерлік қызметтің кез-келген сферасында тиімді стратегияның қалыптасуының бастапқы буыны-
Стратегия дегеніміз-
Инвестициялау бұл -...
Инвестициялау саласын таңдаудағы қателік дегеніміз:
«Шетел инвестициялары туралы» заң қай жылы қабылданды?
1997 жылы наурыз айында қандай заң қабылданды?
Бос инвестициялық ресурстарды иеленген процеске қатысушылар дегеніміз-
Отандық, мемлекеттік және шетел инвестициясы дегеніміз
Инвестициялық жобаның тиімділігі мен жүзеге асырылуының шарттары жүзеге асырылуының нақты мүмкінділігін анықтау
Инвестицияны нақты жобаға салу – бұл:
Инвестициялық жобаны дайындау процесіне кіретін саты:
Жобаның коммерциялық тиімділігі, қаржылық шығын мен табыстың қатынасымен анықталу
Нәтижесі бағалау анализ:
Инвестициялық жоспарды жүзеге асыруға дайындауын көрсету үшін мынадай құжат дайындалады:
Инвестициялық меморандумның мақсаты
Инвестициялық ресурстар –
Инвестициялауға дейінгі кезеңге мыналардың қайсысы жатады:
Жобаның қаржылық көрсеткіштерінің шығатын ақша ағымдарын не құрайды:
Жанама инвестиция бұл-
Инвестицияның негізгі түрлері.
Кәсіпорындағы инвестициялық қызмет субьектісі.
Инвестицияның капитал салымынан айырмашылығы.
Қаржылық инвестицияның қандай түрлері бар.
Портфельді инвестиция –инвестицияның қай түріне жатады.
Қаржылық инвестиция-
Шаруашылық жүргізудің стратегиялық аймағы-бұл:
Өндірістік жүйенің сыртқы ортасының бір бөлек сегменті-бұл:
Стратегиялық ықпал ету топтары-бұл:
12. ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫН ПРОГРАММАЛЫҚ , МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ЖҮРГІЗУ
Осы пән бойынша статистикалық деректерді кесте, диаграмма, сурет түрінде көрсететін графопроектор, компьютерлік графика қолданылады.
13. Арнаулы аудитория,кабинеттердің тізімі :
- 413-аудитория
ҚОРЫТЫНДЫ
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы мен құрамына қойылатын жалпы талаптар студенттердің танымдық қызметтерінің психология-педагогикалық концепциясы мен гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің әдістемелік оқыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктері негізінде анықталады.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені құрылымының әр компонентіне төмендегідей талаптар қойылады:
материал типтік бағдарламаға сай ізділікпен берілуі тиіс;
материалдың мазмұны қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми аспектілерге сай болуы тиіс;
дидактикалық материалдар, есептер мен жаттығулар жинақтары деңгейлі дифференциацияны жүзеге асыруға, шығармашылық белсенділікті дамытуға бағытталуы тиіс;
пәнаралық және пәнішілік байланыстар сақталуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Асанов Н.А., Калдияров Д.А., Минажева Г.С. Организация образовательного процесса на основе кредитной технологии. - Алматы: Қазақ университеті, 2004.
Асанов Н.А., Паршина Г.Н. Организационно-методические аспекты перехода к кредитной технологии в КазНУ им. аль-Фараби. Реформирование национальных систем образования как общемировая тенденция и задачи образовательной политики КазНУ им. аль-Фараби. В сб. материалов научно-методической конф. "Научно-методические аспекты реализации кредитной технологии в системе высшего профессионального образования". Алматы: Қазақ университеті, 2003. Кн. 1.
Ахметова Г. К. Современное образование Казахстана в поисках идеала. В кн.: Кредитная система обучения: опыт внедрения и перспективы. - Алматы: Қазақ университеті, 2004. - 90 с.
Внедрение кредитной технологии подготовки специалистов в Университете "Мирас". Шымкент, 2003.
Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан. Образование высшее, профессиональное. Бакалавриат. Основные положения. ГОСО РК 5.03.001 — 2004. Утвержден приказом Министерства образования и науки Республики Казахстан от 30 апреля 2004 года № 380.
Дадебаев Ж.Д., Асанов Н.А. и др. Кредитная технология и образовательная политика КазНУ им.аль-Фараби // Материалы Всероссийского совещания 23.04.2003. М.: РУДН, 2003.
Дадебаев Ж.Д., Исаева З.А. и др. Научные основы разработки модели развития высшего профессионального (университетского) образования. В сб. научных трудов "Высшая школа: время перемен" / Под общ. ред. Т.С.Садыкова. - Алматы: КазНПУ им. Абая, 2004. С. 98-151.
Закон Республики Казахстан "Об образовании". Алматы: ТОО "Баспа", 1999.
Инструктивно-организационная документация по внедрению кредитной технологии обучения /Под ред. А.А.Кусаинова. - Алматы: КазГАСА. 2003. - 44 с.
Кредитная система обучения в вузе: структура, процедура и организация. Алматы, 2004.
Кубеев Е.К. Особенности внедрения кредитной системы обучения в классическом университете. В сб.: Кредитная система обучения: опыт внедрения и перспективы. Алматы: Казак, университепп, 2004.
Кусаинов А.А., Омирбаев С.М. Кредитная система обучения как средство реализации академической мобильности студентов // Высшее образование Казахстана. - 2004. - №1.
Методические указания по составлению и оформлению учебно-методического комплекса дисциплины для студентов, обучающихся по кредитной системе. - Караганда: Изд-во КарГУ, 2004.
Методические указания по формированию учебно-методического комплекса дисциплины. Тараз, 2003.
Основы кредитной системы обучения в Казахстане. /С.Б. Абдыгаппарова, Г.К. Ахметова, С.Р. Ибатуллин, А.А. Кусаинов, Б.А. Мырзалиев, С.М. Омирбаев; Под общ. ред. Кулекеева, Г.Н. Гамарника, Б.С. Абдрасилова/. – Алматы: Қазақ университеті , 2004. – 198 с.
Рекомендации по организации учебного процесса и оценки знаний обучающихся по кредитной системе обучения /А.А.Кусаипов, С.М.Омирбаев, С.С.Карпыков. —Алматы: КазГАСА, 2003.
СармурзинаА.Г., ШигаеваМ.Х., МажреноваН.Р., Лебедев О.Е., Серовайский С.Я., Чередниченко B.C., Шалгимбаев С.Т. Учебно-методические материалы обучения в магистратуре Казахского национального университета (Экология). - Алматы: Қазақ университеті, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |