Қазақстан Республикасының Заңы Ақпараттандыру туралы



жүктеу 0,65 Mb.
бет1/4
Дата15.05.2018
өлшемі0,65 Mb.
  1   2   3   4

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 30.07.2009 17:27:46
Қазақстан Республикасының Заңы

 

Ақпараттандыру туралы

(2009.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 


1-тарау. Жалпы ережелер

(1-3-баптар)

2-тарау. Ақпараттандыру саласындағы

мемлекеттік реттеу мен бақылау

(4-9-баптар)

3-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстар, оларды

қалыптастыру және пайдалану тәртібі

(10-14-баптар)

4-тарау. Ақпараттық жүйелер, технологиялар

және оларды қамтамасыз ету құралдары

(15-21-баптар)

5-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді есепке алу, тіркеу және ақпараттық жүйелердің аудиті

(22-27-баптар)

6-тарау. «Электрондық үкімет» аясындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара

іс-қимылының тәртібі

(28-33-баптар)

7-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың

электрондық ақпараттық ресурстарға қол

жеткізу құқықтары және оларды беру тәртібі

(34-40-баптар)

8-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстар

мен ақпараттық жүйелерді қорғау

(41-44-баптар)

9-тарау. Қорытынды ережелер

(45-46-баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң ақпараттандырудың құқықтық негіздерін белгілейді, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану және қорғау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

1-тарау.



ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпараттандыру - ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;

2) ақпараттық жұмыстар - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру жөніндегі қызмет;

3) ақпараттық жүйе - ақпараттық процестерді іске асыруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

4) ақпараттық жүйелердің аудиті - ақпараттық жүйенің ағымдағы жай-күйін онда болып жатқан іс-әрекеттер мен оқиғаларды бағалаудың жүйелі процесі, олардың белгілі бір өлшемдерге, техникалық регламенттерге, стандарттарға, нормативтік-техникалық құжаттамаға және (немесе) тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестік деңгейін белгілейді;

5) ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің,

бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың

депозитарийі (бұдан әрі - депозитарий) - бағдарламалық өнімдердің,

бағдарламалық кодтардың даналарын оларға ілеспе нормативтік-техникалық құжаттамалармен бірге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеуді қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны;

6) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру (бұдан әрі - депозитке беру) - бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың даналарын депозитарийге сақтауға беру;

7) ақпараттық-коммуникациялық желі - ақпараттық жүйелер немесе оларды құрастырушылар арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз ететін техникалық және аппараттық-техникалық құралдардың жиынтығы;

8) ақпараттық қызметтер көрсету - пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;

9) ақпараттық процестер - электрондық ақпараттық ресурстарды ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құру, жинау, өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу, беру, пайдалану және тарату процестері;

10) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен мазмұн 10-1) тармақшамен толықтырылды



10-1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құ­рылған, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийін жүргізуді ұйымдастыруды, мемлекеттік ақпараттық

жүйелер мен мемлекеттік ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігін техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен мазмұн 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



11) ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрі - ұлттық оператор) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, өзіне мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау, ақпараттандыру саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыруға қатысу жөніндегі міндеттер, «электрондық үкімет» инфрақұрылымының жобалық интеграторы функциялары жүктелген заңды тұлға;

12) ақпараттық технологиялар - ақпаратты жинауды, құруды, сақтауды, жинақтауды, өңдеуді, іздеуді, шығаруды, көшірмесін түсіруді, беру мен таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенге біріктірілген әдістердің, өндірістік процестер мен бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;

13) ашық кілттер инфрақұрылымы - Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес тіркеу куәліктерін басқаруға бағытталған ақпараттық жүйелер, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;



14) бағдарламалық өнім - ақпаратты өңдеу жүйесінің компьютерлік бағдарламаларының, рәсімдерінің, әдістерінің, ережелері мен ілеспе құжаттамасының жиынтығы;

15) 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



16) дербес деректер (дербес сипаттағы электрондық ақпараттық ресурстар) - жеке тұлға өміріндегі фактілер, оқиғалар, мән-жайлар туралы мәліметтер және (немесе) оның жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректер;

17) домендік атау - Интернет желісіндегі адресаттың ережелеріне сәйкес қалыптастырылған, желінің объектісіне атаулы жолданымға арналған және белгілі бір желілік мекенжайға сәйкес нышандық (әріптік-цифрлы) белгі;

18) интерактивтік қызметтер көрсету - электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланушыларға олардың сұрауы бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша беру жөніндегі, өзара ақпарат алмасуды талап ететін қызмет;

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен мазмұн 18-1) тармақшамен толықтырылды



18-1) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен мазмұн 18-2) тармақшамен толықтырылды

18-2) интернет-ресурстың меншік иесі – интернет-ресурсты иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын толық көлемде іске асыратын субъект;

19) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы - «электрондық үкіметті» қалыптастыру және мемлекеттік органдарды ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесу органы;

20) құжатталған ақпарат - материалдық тасымалдағышта тіркелген, өзін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін реквизиттері бар ақпарат;

21) құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар - мемлекеттік құпияларды қамтымайтын электрондық ақпараттық ресурстар, оларға қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда меншік иесі немесе олардың иеленушісі шектейді;

22) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі - мекенжайлар және олардың құрамдас бөліктері туралы мәліметтерді құруға, жинақтауға және өңдеуге және Қазақстан Республикасының мекенжай алаңын бір ізге салуға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

23) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы - «электрондық үкіметтің» электрондық ақпараттық ресурстарының және ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған ведомствоаралық ақпараттық-коммуникациялық жүйе;

24) пайдаланушы - өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге өтініш жасайтын және оларды пайдаланатын субъект;

25) төлем шлюзі - транзакциялық қызметтер көрсету кезінде төлемдерді жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе;

26) транзакциялық қызметтер көрсету - электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланушыларға олардың сұрауы бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша беру жөніндегі, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып төлемдер мен өзге де іс-әрекетті жүргізу жөніндегі қызмет;

27) электрондық ақпараттық ресурстар - электрондық түрде сақталатын (ақпараттық деректер қоры), ақпараттық жүйелерде қамтылатын ақпарат;

28) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді иеленуші - аталған объектілерді олардың меншік иесі айқындаған шекте және тәртіппен иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығын іске асыратын субъект;

29) электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қорғау - ақпаратты алу, көшірмесін түсіру, тарату, бұрмалау, жою немесе оны құрсаулау жөніндегі заңсыз іс-әрекеттерді қоса алғанда, электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді сақтауға, оларға заңсыз қол жеткізуді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешені;

30) электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің меншік иесі - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді иелену, пайдалану және оларға билік ету құқықтарын толық көлемде іске асыратын субъект;

31) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер сипаттамаларының жиынтығын қамтитын жүйеленген тізбе;

32) «электрондық әкімдік» - жергілікті атқарушы органдардың электрондық қызметтер көрсетуді ұсыну жөніндегі жұмыс істеу тетігі;

33) электрондық қызмет көрсету - ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсетуді ұсыну;

34) «электрондық үкімет» - мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсетулерді ұсыну жөніндегі жұмыс істеу тетігі;

35) «электрондық үкімет» веб-порталы - «электрондық үкіметтің» барлық электрондық қызмет көрсетулері мен электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің бірыңғай нүктесін беретін ақпараттық жүйе;

36) «электрондық үкімет» инфрақұрылымының жобалық интеграторы - «электрондық үкіметтің» ведомствоаралық ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі жобалық-ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым;

37) «электрондық үкімет» шлюзі - электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы



заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.



2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3. Осы Заң авторлық құқық пен аралас құқықтар, өнеркәсіп меншігінің объектілері, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалардың топологиялары, азаматтық айналымға, жұмыстарға, тауарлар мен қызмет көрсетулерге қатысушылардың даралау құралдары туралы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында реттелетін қатынастарды регламенттемейді.

4. Осы Заңның күші ақпараттың мазмұны мен таратылу тәсілдеріне қолданылмайды.

 

3-бап. Ақпараттандыру объектілері мен субъектілері



1. Электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер, ақпараттық жұмыстар мен электрондық қызметтер көрсету ақпараттандыру объектілері болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға қатысатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар ақпараттандыру субъектілері болып табылады.

 

2-тарау.



АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

РЕТТЕУ МЕН БАҚЫЛАУ

 

4-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің

мақсаттары мен принциптері

1. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде "электрондық үкіметті" қалыптастыру, сондай-ақ елдің әлеуметтік және экономикалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

2. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу:

1) азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтау;

2) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қызметке қатысуға және оның нәтижелерін пайдалануға тең құқылығы;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткізу шектелген электрондық ақпараттық ресурстардан басқа мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркін қол жеткізу және оларды берудің міндеттілігі (ашықтық презумпциясы);

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткізу шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды іздеудің, өндіру мен берудің еркіндігі;

5) электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану және ақпараттық технологияларды қолдану кезінде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6) электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында оларды жариялы таратудың не мемлекеттік органдарға берудің міндетті сипаты белгіленіп, олардың уақтылы берілуі, объективтілігі, толықтығы мен дұрыстығы;

7) адал бәсекенің қамтамасыз етілуі;

8) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді орталықтандырылған басқарудың қамтамасыз етілуі;

9) ақпараттандыру саласының сенімділігі мен оны басқарудың Қазақстан Республикасының аумағындағы бірыңғай стандарттар негізінде қамтамасыз етілуі;

10) ақпараттық технологияларды қолдануға қойылатын талаптарды белгілеу кезінде технологиялық бейтараптылықтың сақталуы;

11) дербес деректерді алуды, өңдеуді және пайдалануды оларды жинауға арналған мақсатпен шектеу принциптеріне негізделген.

 

5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпараттандыру



саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпараттандыру саласындағы құзыретіне:

1) басым дамудың, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу, салалық (секторлық) бағдарламаларды бекіту;

2) халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

3) ақпараттық жұмыстардың және электрондық қызметтер көрсетудің нарығын қалыптастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

4) "электрондық үкіметті" қалыптастыру мен оның жұмыс істеу, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру мен дамыту және олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігінде өзара іс-қимыл жасау жағдайларын қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының жүйесін дамытуға, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануға жағдай жасау;

6) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану жөніндегі шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерге мемлекеттік және жеке меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету;

7) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;

8) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережені және оның құрамын бекіту;

9) ақпараттандыру саласындағы ұлттық операторды айқындау;

10) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту;

11) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар міндетті түрде беретін құжатталған ақпарат пен электрондық құжаттардың тізбесін бекіту;

12) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекіту;

13) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің және депозитарийдің мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережелерін бекіту;

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



14) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемле­кеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемле­кеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу тәртібін бекіту;

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

15) мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру тәртібін айқындау;

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды

16) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымды айқындау жатады.

 

 

6-бап. Уәкілетті органның құзыреті



Уәкілетті органның құзыретіне:

1) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

3) ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;

4) ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастыру, негізгі бағыттар мен даму басымдықтарын және Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласын жетілдіруді іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыру;

5) ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;

6) электрондық қызметтер көрсету нарығының жұмыс істеуі үшін жағдай жасау;

7) «электрондық үкіметті» қалыптастыру және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді дамыту, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

9) ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді қалыптастыру мен олардың жұмыс істеу тәртібін, ақпараттық жүйелерге аудит жүргізу тәртібін, ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және бекіту;

10) инвестициялар тарту жүйесін және ақпараттандыру саласында инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру;

11) ақпараттандыру саласында және «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде қызметті салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

12) ақпараттандыру саласында және «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

13) Қазақстан Республикасының электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін тіркеу;

14) ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;

2009.10.07.


Каталог: old -> files
old -> Информатика мамандыѓындаѓы студенттерге «Алгоритм жєне мєліметтер ќ±рылымы» пєнінен емтихан с±раќтары
files -> 4 основные направления, цели, задачи, целевые индикаторы и показатели результатов
files -> Презентация учебного курса
files -> 2012 – 2016 жылдарға арналған өңірдің әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасы (1 кезең)
files -> Презентация учебного курса
files -> Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу
files -> «Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі №416-i заңы
files -> Дәрiлiк заттар туралы Қазақстан Республикасының
files -> Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі №116 қаулысы

жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша