5.5.3 Жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері
5.5.3.1 Жылыту, желдету және ауа баптау жүйелерін ҚР ҚН 4.02-01 және
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттар талаптарын ескере отырып жобалау керек.
5.5.3.2 Ғимараттардың жылыту жүйелерін жобалау кезінде мыналарды ескеру қажет:
а) қоршау конструкциялары арқылы жылу шығынын;
б) жиналмалы сыртқы қоршау конструкцияларын қыздыруға кететін жылу шығынын;
в) материалдарды, жабдықты қыздыруға кететін жылу шығынын;
г) электр құралдарынан, жарықтандырудан, технологиялық жабдықтан, байланыстардан, материалдардан, адамдардан, сонымен қатар өзге де көздерден тұрақты келіп түсетін жылу шығынын.
5.5.3.3 Жылыту, желдету және ауа баптау жүйесі медициналық қызмет жүзеге асырылатын үй-жай микроклиматының және ауа ортасының қалыпты параметрлерін қамтамасыз етуі тиіс.
5.5.3.4 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау кезінде жылумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет.
5.5.3.5 Желдету жүйесін жобалау және пайдалану кезінде шу мен діріл деңгейін нормативтік құжаттарға сәйкес шекті жол берілгеннен аспайтындай қамтамасыз ету қажет.
5.5.3.6 Үй-жайлардың құрылымы, жоспары мен жабдықталуы технологиялық процестер ағынын қамтамасыз етуі және эпидемиологиялық қауіптілігі әртүрлі дәрежедегі ағындарды ауыстыру ықтималдығын болдырмауы тиіс, сондай-ақ ауа массаларының «лас» үй-жайлардан «таза» үй-жайларға өтуін болдырмауы қажет.
5.5.3.7 Үй-жайларда жол берілетін нормалар шегінде микроклимат пен ауа сапасының параметрлерін қамтамасыз ету үшін желдету құрылғысын қолдану керек.
5.5.3.8 Өткір иісті заттар орналасқан үй-жайларда ұйымдастырылған ағынды орнатпастан, механикалық түрде жұмыс істейтін сору желдеткішін қарастыру керек.
5.5.3.9 Микроклимат пен ауа сапасы параметрлерінің табиғи желдеткіші арқылы қамтамасыз етілмейтін жыл кезеңдерінде ауа ағынынын қамтамасыз ету немесе оны жоюға арналған табиғи желдету (аралас желдету) жүйелерін ішінара қолданатын механикалық желдету құрылғысын қарастыру керек.
5.5.3.10 Ағынды желдету жүйелері арқылы берілетін сыртқы ауаны бактериологиялық сүзгілерде тазалау керек.
5.5.3.11 Ауаның қажетсіз ағынын болдырмау үшін зертханалардағы ағынды және сору желдеткіші жүйелеріне тиекті құрылғылар (оның ішінде кері клапандар) орнату керек.
5.5.3.12 Бактериологиялық сүзгілерден кейін ағынды желдету жүйесінің ауа өткізгіштерін сұйық сіңдірмейтін, ауа өткізгіштерінің немесе қорғаныс жабындарының материалының үй-жайларға енуін болдырмайтын беттен тұратын материалдардан қарастыру керек.
5.5.3.13 Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тиімділігі жоғары (Н11-Н14) сүзгілерден кейін ағынды желдету (ауа баптау) жүйелерінің ауа өткізгіштерін тот баспайтын болаттан немесе беті тегіс, тоттануға төзімді, шаң баспайтын өзге материалдан қарастыру қажет.
5.5.3.14 Ағынды және сору торлары бір үй-жай шегінде бір-бірінен мүмкіндігінше алшақтатылуы тиіс.
5.5.3.15 Ауа алмасу еселігі белгіленген жиілікті, ауа температурасын және ауаның салыстырмалы ылғалдығын есепке алу негізінде анықталады.
5.5.3.16 Мәжбүрлі желдету жүйелерінің болуына байланысты тазалық үй-жайларын есепке алмағанда, барлық емдік-диагностикалық үй-жайларда табиғи желдету мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
5.5.3.17 Аса қауіпті инфекциялар бөлімінде сору желдеткіші тоқтаған кезде тарту желдеткішін автоматты өшіру қарастырылуы тиіс.
5.5.3.18 Пайдаланылған ауаны жергілікті сору құрылғыларынан шығару жеке клапандармен жүзеге асырылуы тиіс.
5.5.3.19 Бактериологиялық, вирусологиялық бөлімдер, радиациялық гигиена, аса қауіпті инфекциялар бөлімі, бастапқы өңдеу камералары үшін жеке ағынды-сору жүйелерін қарастыру керек.
5.5.3.20 Желдету құрылғылары мен электр қозғалтқыштарын шу-тербелістен қорғау талаптарын, сонымен қатар осыған қатысты есептерді ескере отырып орнату керек.
5.5.3.21 Үй-жайға зиянды немесе жанғыш газдардың, бу мен аэрозольдардың үлкен мөлшері түскен жағдайда, апаттық желдеткішті технологиялық және желдету қондырғысының апаттық кезеңіндегі үйлесімсіздігін ескере отырып, қамтамасыз ету қажет.
5.5.3.22 Түтінге қарсы желдету жүйелерін баспалдақты торларды, лифтілік шахталар мен іргелес өрт бөліктерін қорғауға арналған ағынды желдету жүйелерінен бөлек, әрбір өрт бөлігіне дербес түрде қарастыру керек.
5.5.3.23 Патогендік көбейтумен жұмыстар жүргізілетін үй-жайлардан шығатын ауаны атмосфераға жіберуден бұрын бактериологиялық сүзгілерде тазалау қажет.
5.5.3.24 Қайта салынатын және реконструкцияланатын зертханаларда «жұқпалы» аймақтан шығатын ауаны тиімді тазалау сүзгілерін орнату арқылы дербес сору-тарту желдету құрылғысын қарастыру (немесе бұл үй-жайларды биологиялық қауіпсіздік бокстарымен жабдықтау) керек.
5.5.3.25 Биоматериалдарды сұйық азотта сақтауға арналған үй-жайларды газ анализаторының сигналы бойынша қосылатын жеке сору және апаттық желдету жүйесімен жабдықтау керек.
5.5.3.26 Зиянды химиялық заттар бөлу арқылы жұмыстар жүргізілетін үй-жайлардағы жұмыс орындары жергілікті сору құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.
5.5.3.27 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінде талаптарға сәйкес дезинфекциялық камералар үшін бумен жабдықтауды қарастыру керек.
5.5.3.28 Бактериологиялық, вирусологиялық зертханалар, аса қауіпті инфекциялар бөлімі орналасқан үй-жайлардағы орталықтан жылыту жүйелерінде жылыту құралдары ретінде жеңіл тазалауға жол беретін тегіс бетті құралдар қарастыру керек.
5.5.3.29 Жылыту құралдарының беті шаңның енуін болдырмайтын тегіс және жуу және дезинфекциялау ерітінділерінің әсеріне төзімді болуы тиіс. Оларды сыртқы қабырғаларға, терезелердің астына орналастыру керек.
5.5.3.30 Жылытқыш аспаптар қоршауларын орнату кезінде ағымдық пайдалану мен жинау үшін еркін мүмкіндік қамтамасыз етілуі тиіс.
5.5.3.31Сұйық азотпен және өзге ауыр газдармен, аэрозольдермен жұмыс істеу кезінде сору орны төменгі аймақтан ғана қарастырылады.
5.5.3.32 Асептикалық үй-жайларда ағын сорудан басым болуы тиіс.
5.5.3.33 Инфекциялық мақсаттағы үй-жайларда сору ағыннан басым болады.
5.5.3.34 Ауаның тағайындалған параметрлерінің тұрақты көрсеткіштерін қамтамасыз ету мақсатында А класты тазалық бөлмесінің тарту-сору желдеткішінің жүйесі үздіксіз режимде жұмыс істеуі тиіс.
5.5.3.35 Желдету камерасының еденінде шаң жинамайтын төсем болуы тиіс.
5.5.3.36 Шатырдағы және үй астындағы үй-жайлар тесіктері кеміргіштердің, құстар мен синантроп жәндіктерінің енуінен қорғалған болуы тиіс.
5.5.3.37 А және Б жиілік класындағы үй-жайларда қалыпты температура мен ауаның ылғалдығын қамтамасыз ету үшін белгіленген тәртіпте осы мақсат үшін жол берілген жүйелер мен жабдықтарды қолдану арқылы ауа баптауды қарастыру қажет.
5.5.3.38 Суықпен қамтамасыз ету жүйесін нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жобалау керек.
5.5.3.39 Тағам дайындайтын жайларда, зертханаларда газбен жабдықтау жүйесін
ҚР ҚН 4.03-01 және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жобалау керек.
5.5.4 Қоқыстарды шығару
5.5.4.1 Қалдықтар жинауға, қолдануға, зиянсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге жатады, олардың шарттары мен әдістері халықтың денсаулығы мен тіршілік ортасына қауіпсіз болуы тиіс, қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
5.5.4.2 Өндіріс қалдықтары мен тұтынудың әрбір түріне технология
процесін қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелерге, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес олардың шығу тегіне, агрегаттық күйіне, субстраттың физикалық-химиялық сипатына, компоненттердің сандық қатынасы мен халық денсаулығына үшін қауіптілік дәрежесі мен адамның тіршілік ету ортасына байланысты қамтамасыз ету керек.
5.5.4.3 Қалдықтардың қауіптілік дәрежесі (класы) қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес анықталуы тиіс.
5.5.4.4 Қоқыс сақтауға арналған үй-жайды тарту-сору желдеткішімен, биологиялық қалдықтарды сақтауға арналған тоңазытқыш құрылғысымен, стеллаждармен, медициналық қалдықтар салынған пакеттерді жинауға арналған контейнерлермен, таразылармен, ыстық және суық су жеткізілетін раковиналармен, бактерицидті шамдармен жабдықтау керек.
5.5.4.5 Металл және пластикалық ыдыстар, қауіпті қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер нығыз жабылуы тиіс.
5.5.4.6 Тұрмыстық қалдық пен медициналық қоқыстарды және медициналық қалдықтарды бір үйде сақтауға жол берілмейді.
5.5.4.7 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілері мен елді мекендердің аумағында арнайы қондырғылардан тыс медициналық қалдықтарды жағуға тыйым салынады.
5.5.4.8 Өлген жануарлардың өліктерін, конфискаттар мен қалдықтарды зиянсыздандыру және көму әрекеттерін ағымдағы нормативтік талаптарға сәйкес жүзеге асыру керек.
5.5.4.9 Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайлар еденін, қабырғаларын, төбесін жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдардан орындау керек.
5.5.4.10 Жуу бөлмесі ағынды суық және ыстық су жүргізілген ваннамен немесе еден үстінен іске қосылатын кранмен жабдықталуы тиіс.
5.5.4.11 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің үй-жайларында қоқыстан тазалау және шаңнан тазарту, қоқысты уақытша (санитарлық нормалар шегінде) сақтау жүйелерін, оны шығаруды қарастыру керек.
5.6 Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімділікті және ғимаратты пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
5.6.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін ҚР ҚН 3.06-01 және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына, жұмыс істейтіндер немесе осы ғимаратқа келушілер үшін қолжетімділік қамтамасыз етілетіндей жобалау және салу керек.
5.6.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілері мен іргелес аумақты учаскені пайдалану кезінде тайғанау, құлау, соқтығысу, күю, электр тогынан зақымдану нәтижесінде, сонымен қатар жарылыс салдарынан жазатайым оқиғалардың туындауы және адамдарға жарақат келу қаупі пайда болмайтындай етіп жобалау керек.
5.6.3 Ғимаратта санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерімен біріктірілген жер асты және жер үсті деңгейіндегі кірме жол халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімді болуы тиіс.
5.6.4 Аумаққа кіреберіс тобын халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары, оның ішінде арбадағы мүгедектер үшін объекті туралы ақпараттың қолжетімді элементтерімен жабдықтау қажет.
5.6.5 Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына қолжетімді кірме жолдар жанындағы кіреберіс алаңда мыналар болуы тиіс бастырма, су бұрғыш, жергілікті климаттық жағдайларға байланысты – жабын бетінің жылытқышы.
5.6.6 Мүгедектерге қолжетімді кіре беріс есіктерін автоматты, қол немесе механикалық етіп жобалау керек, сондай-ақ олар жақсы танылуы және олардың қолжетімділігін көрсететін символ болуы тиіс.
5.6.7 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау кезінде мүмкіндікті қамтамасыз ету мақсатында халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары жүретін жолдарды ескеру қажет, кедергі жасайтын құрылғыларды қолдануға жол берілмейді.
5.6.8 Учаскедегі көлік жолдарын және объектілерге жаяу жүргіншілер жолдарын қозғалыс жолдарының параметрлеріне қойылатын қолданыстағы нормативтік талаптарды сақтаған кезде біріктіруге жол беріледі. Бұл жағдайда адамдардың мен автомобиль көліктерінің қауіпсіз жүруін қамтамасыз ететін жүретін жол бөлігіндегі жаяу жүргіншілер жолына шектеу белгісін салу керек.
5.6.9 Баспалдақтар беттері тайғанауға қарсы жабыннан және кедір-бұдырлы болуы тиіс.
5.6.10 Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының жүру жолдарында ашық қосалқы баспалдақтардан тұратын баспалдақтарды қолданбау керек.
5.6.11 Пандустың беті тайғанақ емес, іргелес бетке қатысты қарама-қарсы түспен немесе текстурамен анық белгіленуі тиіс.
5.6.12 Кресло-арбадағы мүгедектерді алып жүрушілер қолданатын лифтілер болуы керек.
5.7 Қоршаған ортаны қорғау
5.7.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау, салу және пайдалануға енгізу ластайтын заттар лақтырындысын барынша төмендету, табиғи ресурстарды кешенді пайдалану бойынша шараларды, сондай-ақ зиянды лақтырындылар мен қалдықтарды ұстау, зиянсыздандыру және кәдеге жарату шараларын жүзеге асыру қажет.
5.7.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалаған кезде қоршаған ортаға антропогендік жүктеме ықтималдығын ескеру қажет, сондай-ақ ластанудың алдын-алу мен жою, қалдықтарды орналастыру шараларын қарастыру қажет.
5.7.3 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалаған кезде зияны аз, сондай-ақ табиғи ресурстарды қоршаған ортаға көңіл аудартпайтын құбылыстарға алып келмейтін қайтарымсыз көлемде өндіруге алып келетін заманауи технологияны қолдануды қарастыру қажет.
5.7.4 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау кезінде сыртқы шу көздерінің шу сипатын, үй-жайларға енетін дыбыс, сонымен қатар құрылыс аумағындағы шу деңгейлерін, оларды төмендету үшін талап етілетін шаманы, шудан қорғаныс шаралары мен құралдарын таңдауды ескеру қажет, оларды ҚР ҚН 2.04-02 және қолданыстағы басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес анықтау керек.
5.7.5 Белгіленген шекті жол берілген шоғырланымға сәйкес қолайлы атмосфералық ауаны сақтауды қамтамасыз ету қажет.
5.7.6 Қоршаған ортаға әсерді бағалау кезінде негізгі талаптар
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес анықталады.
5.7.7 Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес қоршаған ортаға, азаматтардың өміріне, денсаулығы мен мүлкіне кері әсерді болдырмайтын шараларды қарастыру қажет.
5.7.8 Табиғи экологиялық жүйелерді, табиғат ландшафтар мен кешендерді сақтау жөніндегі шараларды қарастыру керек.
5.7.9 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін салу, реконструкциялау мен пайдаланудың барлық кезеңдерінде кезекті аумақтық ұйымдастыру, көгалдандыру мен көркейту шараларын қамтамасыз ету қажет.
5.7.10 Қоршаған ортаға түсетін күшті төмендету үшін айналымды сумен жабдықтау, жинау, тазалау және жаңбыр сулары мен еріген суларды қолдану әрекеттерін ескере отырып, ағын сулардың экономикалық негізделген шығарылым көлемін анықтау арқылы су бұру балансының есебін жүргізу қажет.
5.7.11 Изоляторлар мен карантиндерден ағын суларды жеке канализациялық құдықтарға жинау және оларды ортақ канализация жүйесіне шығарар алдында зарарсыздандыру керек.
ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ
Энергия тұтынуды азайтуға қойылатын талаптар
6.1.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін ғимараттың ең жоғарғы энергетикалық тиімділігін қамтамасыз ететін сәулет, функционалдық-технологиялық, конструктивтік және инженерлік-техникалық шешімдерді қолдану арқылы жобалау және салу керек.
6.1.2 Энергия тұтыну жөніндегі нормативтік талаптарды қамтамасыз ету мақсатында ауыз су шығынының азаюына мүмкіндік беретін заманауи су бөлу және толтыру арматурасын орнату қажет.
6.1.3 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалаған кезде энергия ресурсымен жабдықтаудың негізгі параметрлерін беруді қамтамасыз ететін энергия ресурстарын кешенді есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орнатуды қарастыруға жол беріледі.
6.1.4 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің инженерлік жабдығының энергия қолдануын оңтайландыру мақсатында олардың барлық энергетикалық сипаттамаларына, оның ішінде дұрыс орнату мен пайдалану, тиісті өлшемдерді таңдау тапсырмаларына, оларды реттеуге және бақылауға таралатын жеке жүйелерге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету қажет.
6.1.5 Энергия тұтынудың азаюына қол жеткізу үшін энергия тұтынуды төмендетуге айтарлықтай әсер ететін, мұнымен бір уақытта үй-жайлар микроклиматының жақсаруына және қоршаған ортаны қорғауға жағдай жасайтын инновациялық шешімдерді, заманауи құрылыс материалдарын пайдалануды ескеру қажет.
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
6.2.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалаған, орналастырған, салған, реконструкциялаған және пайдаланған кезде су, биологиялық ресурстарды, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау бойынша шаралар қарастырылуы және өз уақытында жүзеге асырылуы тиіс.
6.2.2 Ыстық және суық суды тұтыну есептегіштерін орнатуды қамтамасыз ету қажет.
6.2.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалаған және салған кезде ресурстарды тиімді пайдалануды, олардың сақталуын, таусылуын ескертуді, табиғи өзара байланысты қалпына келтіруді қамтамасыз ету керек.
6.2.4 Табиғи ресурстарды пайдаланған кезде су үнемдейтін экологиялық таза, топырақты қорғайтын, мелиоративтік шараларды енгізуді, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін озық техникалық және технологиялық шешімдерді қолдану мен жетілдіруді қамтамасыз ету қажет.
ӘОЖ 725.517 МСЖ 91.040.99
Түйінді сөздер: санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілері, аса қауіпті инфекциялар, вирусология, зерттеулер, препараттар, заттар, бөлімдер, зиянды газдар, камералар
Достарыңызбен бөлісу: |