Қазақстан республикасының ҚҰрылыс нормалары



жүктеу 347,5 Kb.
бет1/3
Дата15.11.2018
өлшемі347,5 Kb.
#20361
  1   2   3

ҚР ҚН 3.02-14-2018


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІН ЖОБАЛАУ
ПРОЕКТИРОВАНИЕ ОБЪЕКТОВ САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКИХ СЛУЖБ


Енгізілген күні - 2018-__-__


  1. ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

1.1 Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасы аумағында салынатын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің жер телімін орналастыруға, көлемдік-жоспарлық шешіміне, инженерлік қамтамасыз етілуіне талаптар белгілейді.

1.2 Құрылыс нормалары санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің ерекшеліктерінің функционалдық-ұйымдық ерекшеліктерін ескере отырып, зертханаларды, қоймалық жайларды, виварийлерді, бөлімшелерді жоспарлау кезеңдерінде сақталуы тиіс.

1.3 Осы құжат қайта салынатын және реконструкцияланатын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалауға, олардың құрылысына таратылады.




  1. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:

2007 жылдың 9 қаңтарындағы № 212-III «Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының кодексі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 29 тамызындағы № 796 Қаулысымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 16 қаңтарындағы № 14 Қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 17 қарашасындағы № 1202 Қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.



Ресми басылым

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 10 қаңтарындағы № 13 Қаулысымен бекітілген «Зертханаларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 17 қаңтарындағы № 87 Қаулысымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 24 қазанындағы № 1355 Қаулысымен бекітілген электр қондырғыларын орнату ережелері.

ҚР ҚН 2.02-02-2012 Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы.

ҚР ҚН 2.04-01-2011 Табиғи және жасанды жарықтандыру.

ҚР ҚН 2.04-02-2011 Шудан қорғау.

ҚР ҚН 3.02-08-2013 Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар.

ҚР ҚН 3.02-29-2012 Қоймалық ғимараттар.

ҚР ҚН 3.06-01-2011 Ғимараттар мен имараттардың қимылы шектеулі топтар үшін қолжетімділігі.

ҚР ҚН 4.01-01-2011 Ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбыры және кәрізі.

ҚР ҚН 4.01-03-2013 Сумен жақбытау мен кәріздің сыртқы желілері және имараттары.

ҚР ҚН 4.02-01-2011 Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу.

ҚР ҚН 4.03-01-2013 Газ тарату жүйелері.

ҚР ҚН 5.01-02-2013 Ғимараттар мен имараттардың іргелері.

ҚР ҚБҚ 1.01-01-2014 Сәулет, қала қүрылысы жэне кұрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер.


Ескертпе - Осы мемлекеттік нормативті пайдаланған кезде сілтеме құжаттардың әрекетін ағымдағы жылғы жағдай бойынша жыл сайын құрастырылатын «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілер тізбесі» ақпараттық тізімдемесі және ай сайын шығатын тиісті ақпараттық бюллетень-журнал бойынша тексерген жөн. Егер сілтеме құжат ауыстырылса (өзгерсе), онда осы нормативті пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтеме құжат ауыстырусыз күшін жойса, онда оған сілтеме жасалған ереже осы сілтемеге қатысы жоқ бөлігіне қолданылады.


  1. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

Осы құрылыс нормаларында ҚР ҚБҚ 1.01-01 бойынша терминдер, сондай-ақ тиісті анықтамалар бар мынадай терминдер қолданылады:



    1. Биологиялық қауіпсіздік: Жұмыс істейтін қызметкерлерді, халық пен қоршаған ортаны биологиялық агенттердің (бұдан әрі - БА) әсерінен қорғауға бағытталған медициналық-биологиялық, ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық шаралар жүйесі.

    2. Вирусологиялық зертхана: Биологиялық материалдан және қоршаған орта объектілерінен вирустардың бөлінуі, антигендер мен антиденелерді анықтау бойынша зерттеулер жүргізілетін зертхана.

    3. Уақытша зертханалар (эпидемиологиялық отрядтар, экспедициялар): Мерзімді жұмыс істейтін зертханалар, індеттің жайылу жағдайлары туындаған кезде ұйымдастырылады.

    4. Виварий: Тәжірибе үшін қолданылатын зертханалық жануарлардың әр алуан түрлері орналасқан ұйым бөлімшесі.

    5. Қатерсіздендіру: Қандай-да бір беттен немесе қандай-да бір ортадан радиоактивті ластануды жою немесе төмендету.

    6. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілері: Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын, сондай-ақ тиісті аумақта, көлікте санитарлық-профилактикалық және эпидемиологияға қарсы шараларды жүргізуді ұйымдастыратын органдар мен ұйымдар ғимараттары.

    7. Пандус: Жолдың көлденең бетін бір деңгейден екіншісіне, оның ішінде кресло-арбамен жылжытуға арналған қозғалыс бағыты бойынша тегіс көлбеуден тұратын құрылыс.

    8. Патогенді биологиялық агент (бұдан әрі – ПБА): Адам үшін патогенді микроағзалар (бактериялар, вирустар, риккетсиялар, хламидалар, қарапайым саңырауқұлақтар, микроплазмалар, эндо және эктопаразиттер), гендік-инженерлік-түрлендірілген микроағзалар, биологиялық және өсімдік тектес улар (токсиндер), гельминттер, сондай-ақ құрамында жоғарыда тізімделген агенттер болуы
      ықтимал материалдар (қанды, өзге биологиялық сұйықтықтар мен ағза нәжістерін қоса алғанда).

    9. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы: Факторлардың зиянды әсері жоқ және оның өмір тіршілігінің қолайлы жағдайын қамтамасыз ететін халық денсаулығының жағдайы мен адамның тіршілік ету ортасы.

    10. Санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) шаралар: Тіршілік ету ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе кемітуге, жұқпалы аурулар мен жаппай уланудың туындауы мен таралуын болдырмауға және оларды жоюға бағытталған ұйымдастырушылық, әкімшілік, инженерлік-техникалық, медициналық-санитарлық, ветеринарлық және өзге де шаралар.

    11. Таза аймақ: БА қатысатын әрекеттер жүргізілмейтін зертхана үй-жайы немесе үй-жайлар тобы.




  1. МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР




    1. Нормативтік талаптардың мақсаты


Осы құрылыс нормаларының нормативтік талаптарының мақсаты пайдаланудың бүкіл мерзімінің бойында қолданудың барлық кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың денсаулығы
мен өмірін және мүлікті қорғау, жұмыс, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, энергетикалық тиімділік пен ресурс үнемдеу үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.



    1. Функционалдық талаптар




      1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілері қызмет етудің барлық мерзімінің бойында конструктивтік ұзақ мерзімділігі мен жөндеуге жарамдылығы, әсерлерге, оның ішінде сыртқы және климаттық әсерлерге, барлық маусымдағы және тиісті аймақтардағы факторларға төзімділігін сақтау қамтамасыз етілетіндей жобалануы және салынуы тиіс.

      2. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінде өрттің туындауының алдын алу, оны ерте анықтауды және автоматты сигнализация жүйелері арқылы хабарлауды, түтіндеу және оттың таралу қаупін шектеуді, сондай-ақ өрт сөндіру күштерінің мүмкіндігін, адамдарды, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды мүмкіндігінше тез әкету және қауіпсіз көшіру жағдайларын қамтамасыз ету қажет.

      3. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілеріне адамдардың келуі үшін аумақты көріктендіруді, сәулет-жоспарлау шешімдерін, санитарлық-гигиеналық талаптарды ескере отырып, ғимараттарды пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін қажетті жайлы жағдай жасалуы тиіс.

      4. Пайдалану кезінде, сондай-ақ адамдарды, оның ішінде қозғалудың физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау кезінде көтергіш және және қоршау конструкцияларының төзімділігін сақтау мақсатында отқа төзімді құрылыс материалдары мен бұйымдарды пайдалану қажет.

      5. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау, салу және пайдалану кезінде қызметкерлер үшін жағдайлар жасау, қызмет көрсетілетін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық амандығын, адамның тіршілік ету ортасының денсаулыққа қауіпті әрі зиянды әсерін ескерту, анықтау немесе жою әрекеттерін, індетке қарсы сауықтыру шараларын, денсаулық сақтау ұйымдарының дайындығын қамтамасыз ету қажет.

      6. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ функционалдық-ұйымдық ерекшеліктерді, олардың орналасу аумағын, бағдарын, жоспарламасын, қоршаған ортаның жағдайын (ауа, су, топырақ) және жайлардағы микроклиматты ескере отырып, келуі үшін жағдай (жарықтандыру, жай инсоляциясы, дыбыс оқшаулау) жасау қажет.

      7. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің ішкі инженерлік жүйелері ауаның ылғалдығы мен қозғалу жылдамдығын қоса алғанда, қолайлы микроклиматты, сондай-ақ қабырғалардың ішкі беттерінің температурасын, қоршау конструкцияларының жылуға төзімділігін және еден беттерінің жылу сіңіруін қамтамасыз етуі тиіс.

      8. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің есептік қызмет ету мерзімін ескере отырып, құрылыс конструкцияларының, материалдар мен бұйымдардың жұмыс қабілеттілігін сақтау арқылы табиғи ресурстардың тиімді қолданылуын қарастыру керек.

      9. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінде энергия тұтынуды үнемдеу мен қысқартуды қамтамасыз ететін жылыту, салқындату, жарықтандыру және желдету құрылғыларын қолдануды ескеру қажет.

  1. ЖҰМЫС СИПАТТАМАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




    1. Негізгі ережелер




      1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау, салу мен реконструкциялау «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің, «Зертханаларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» және «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерінің, сондай-ақ осы құрылыс нормалары мен Қазақстан Республикасы аумағында жобалау және құрылыс жүргізу ережелерін белгілейтін қолданыстағы басқа да нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

      2. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жеке жер телімдеріне орналастыру қажет.

      3. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін құрылыс жүргізу үшін жобалау кезінде жер телімін топырағы органикалық, химиялық, радиациялық сипатта зақымданған бұрын қоқыс тастайтын жер, қоқыстан тазалау алаңдары, мал қорымдары, зираттар түрінде қолданылған аумақтардан бөлуге жол берілмейді.

      4. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің аумағы арқылы қалалық (ауылдық) мақсаттағы магистральдық инженерлік байланыстар (сумен қамту, канализация, жылумен қамту, электрмен қамту) өтпеуі тиіс.

      5. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің құрылымы мен құрамын мекемелердің функционалдық мақсатын, зертханалық және дезинфекциялық шараларды орталықтандыруды, сондай-ақ қызмет көрсетілетін халық санын ескере отырып жобалау қажет.

      6. Виварий үй-жайларының құрамы мен ауданы жүргізілетін зерттеулер көлемімен және сипатымен, сондай-ақ зертханалық жануарлар (тышқандар, көртышқандар, теңіз шошқасы, қояндар, мысықтар, иттер, тауықтар, көгершіндер және т. б.) түрімен және санымен анықталуы тиіс.

      7. Адамға әсер ететін физикалық факторлар көзі (шу, діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыстық әсер, жылу, иондаушы, иондамайтын және өзге сәулелер) болып табылатын қондырғылармен, құрылғылармен, аппараттармен жұмыс жағдайы адамға зиянды әсер етпеуі тиіс. Адамға әсер ететін физикалық факторлар көздері бар жұмыс жағдайының зиянсыздық өлшемі, сондай-ақ әсер етудің шекті жол берілген деңгейі санитарлық нормаларға және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес белгіленеді.

      8. Лифтілердің қауіпсіз жұмысына қол жеткізу мақсатында оларға ұсынылатын талаптарды орындау қажет.


5.2 Сенімділік пен орнықтылықты қамтамасыз ету бойынша талаптар
5.2.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер объектісін қауіпсіз пайдалану мақсатында құрылыс конструкцияларының, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінің бұзылушылық қаупін болдырмайтын талаптарды орындауды, адамдардың өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, сондай-ақ қоршаған ортаға залал келтіру қаупін алып келуі ықтимал бүлінулерді мейлінше азайтуды қамтамасыз ету қажет.

5.2.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін сейсмикалық аудандарда жобалаған және салған кезде Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттар талаптарын сақтау керек.

5.2.3 Құрылыс конструкциялары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің негізін құрылыс жүргізу, пайдалану кезінде мыналардың нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарларға, қоршаған ортаға, сондай-ақ өсімдіктерге залал келу қаупі туындамайтындай етіп жобалау керек:

а) жекелеген көтергіш конструкциялардың немесе олардың бөліктерінің бүлінуі;

б) бүкіл ғимараттың бүлінуі;

в) құрылыс конструкцияларының, ғимарат негізінің және іргелес аумақтың геологиялық сілемдерінің жол берілмейтін мөлшерінің деформациялануы;

г) көтергіш құрылыс конструкцияларының деформациялануы, жылжуы немесе орнықтылығын жоғалтуы, оның ішінде тік қалыптан ауытқу нәтижесінде ғимарат бөлігінің, желілердің немесе инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелерінің зақымданулары.

5.2.4 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің негізін ҚР ҚН 5.01-02, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жобалау қажет.

5.2.5 Темірбетон, болат және ағаш конструкцияларды жобалау кезінде
Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес олардың ұзақ мерзімділігін қамтамасыз ететін шараларды қарастыру қажет.

5.2.6 Қоршау конструкцияларында қажетті беріктікке, қаттылыққа, орнықтылыққа, ұзақ мерзімділікке ие болуы, Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес жалпы сәулет, пайдалану, санитарлық-гигиеналық талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

5.2.7 Бақылау-өткізу бекеті (БӨБ) ғимараттарының (құрылыстарының) сыртқы қоршау конструкциялары (қабырғалар мен қоршаулар) құқыққа қарсы сипаттағы әрекеттерді қоса алғанда, сыртқы әсерлерге төзімді болуы және жақсы шолуға мүмкіндік беруі, сондай-ақ күзет қызметкерінің шабуылдан қорғанысын қамтамасыз етуі тиіс.

Қоршау конструкцияларының жекелеген қабаттарының өзара орналасуы кебуге жағдай жасауы және пайдалану кезінде қоршауларға ылғалдың жиналу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.

5.2.8 Қоршау конструкцияларының талап етілетін ұзақ мерзімділігін төзімділігі (аязға, ылғалға, биотөзімділігі, тоттануға қарсы, жоғары температураға, циклдік температуралық ауытқуларға және қоршаған ортаның өзге бүліну әсерлеріне төзімділігі) сәйкес келетін материалдарды қолдану арқылы қамтамасыз ету керек.

5.2.9 Қоршау конструкциялары бұйымдардың типтік өлшемдерінің ең аз санымен және қолданылатын элементтерді өзара ауыстыру мүмкіндігімен жасалуы тиіс.

5.2.10 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау кезінде ғимараттар мен құрылыстардың көп қабатты конструкцияларының үздік пайдалану сипаттарын қамтамасыз ету мақсатында оның жылы жағының сыртқы қабаттарына қарағанда, жылу өткізгіштігі мен бу өткізгіштігі жоғары қабаттарда орналастырылуы керек.
5.3 Өрт қауіпсіздігі бойынша қойылатын талаптар
5.3.1 Ғимараттың өрт қауіпсіздігі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар», «Ғимараттарды, үй-жайлар мен құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық регламенттерінің және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын басқа да нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келуі тиіс.

5.3.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жобалау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоймалық үй-жайлардың дұрыс жоспарлануын қарастыру қажет.

5.3.3 Отқа төзімділікті арттыру мен қабырғалардың ішкі және сыртқы беттерінің өрт қауіптілігін төмендету мақсатында жанбайтын материалдан немесе сылақтан қаптау құрылғысын қарастыру керек.

5.3.4 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін жоспарлау, салу мен пайдалану кезінде мыналар қамтамасыз етілуі қажет:

а) өрттің туындау ықтималдығын болдырмау;

б) өрт кезінде үй-жайлардың түтіндену қаупінің алдын алу немесе шектеу;

в) адамдарға, мүлікке және ғимаратқа өрттің қауіпті факторлары әсерінің салдарын шектеу;

г) адамдарды эвакуациялауға және өрттен келетін зиянды азайтуға бағытталған өзге де әрекеттерді орындауға қажетті уақыт ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінің орнықтылығын, сондай-ақ көтергіш құрылыс конструкцияларының беріктігін сақтау;

д) іргелес ғимараттар мен құрылыстарға өртті таратпау;

е) адамдарды өрттің қауіпті факторларының әсері салдарынан олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгізбей қауіпсіз аймаққа көшіру (мүгедектер мен қозғалу мүмкіндігі шектеулі қызметкерлер топтарының ерекшеліктерін ескере отырып);

ж) өрт сөндіру күштері құрамының ғимараттың кез келген үй-жайына қатынасу және өрт сөндіру құралдарын жеткізу мүмкіндігі;

и) өрт ошағына өрт сөндіру заттарын беру мүмкіндігі;

к) адамдарды құтқару және өрттен мемлекеттік мүлікке, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар мүлігіне, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге келтірілген залалды азайту шараларын жүргізу мүмкіндігі.

5.3.5 Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында эвакуациялық шығатын есіктер қарастыру қажет, олардың саны эвакуацияның есептік уақытымен анықталуы тиіс.

5.3.6 Өртке қарсы қабырғалар іргетасқа немесе іргетас арқалықтарға сүйенуі және ғимараттың бүкіл биіктігіне салынуы тиіс, олар жабыннан жоғары болуы тиіс.

5.3.7 Өртке қарсы қабырғалар, егер жабынды қоса алғанда, төсем мен шатырдың барлық элементтері жанбайтын материалдардан орындалғанда, жабыннан жоғары болмауы да мүмкін. Сонымен қатар жанбайтын немесе қиын жанатын материалдардан орындалған сыртқы қабырғалары бар ғимаратта өртке қарсы қабырғалар карниз бен шатыр асылмасынан, сыртқы қабырғалар тегістігінен шығып тұруы тиіс.

5.3.8 Қаңқаның оны толтырғышпен және бекіту жіктерімен бірге отқа төзімділік шегі өртке қарсы қабырғаның типіне сәйкес келетін талап етілетін отқа төзімділік шегінен кем болмауы тиіс.

5.3.9 Ғимаратты бөлу кезінде өрт бөліктеріне биік және кең бөлік қабырғасын қолдану керек.

5.3.10 Баспалдақтар санын және олардың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектісі жоспарында орналасуын сәулет-құрылыс шешіміне, ғимараттың отқа төзімділік шегіне, қабат санына және адам ағындарының қарқындылығына байланысты белгілеу қажет.

5.3.11 Барлық баспалдақтарда аралықтар санын бірдей, алаңдарды марш еніне тең немесе одан үлкен етіп қабылдау қажет.

5.3.12 Жүк көтергіш лифтілік шахталардың есіктері аспалы құлыптармен, кергіштермен, қарапайым хабарлағыштармен және т. б. құрсаулануы тиіс.

5.3.13 Кіреберіс тамбурлардың жоспарын шешкен кезде адам ағындарының еркін қозғалысын ескеру қажет.

5.3.14 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерін өртке қарсы қорғаныс жүйесімен жабдықтау керек, ол үшін мынадай міндетті элементтерді қарастыру қажет:

- түтінге қарсы қорғаныс;

- ішкі өртке қарсы су құбыры және автоматты түрде өрт сөндіру құралы;

- өрт бөлімшелеріне арналған лифтілер;

- автоматты өрт сигнализациясы;

- өрт туралы хабарлау және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйесі.

5.3.15 Барлық жүйелерді басқаруды бір орталық пульттен жүзеге асыру керек.

5.3.16 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілерінде ішкі өртке қарсы су құбыры мен автоматты түрде өрт сөндіру жүйелерін бөлек қарастыру қажет.

5.3.17 Оқшауланған баспалдақ құдықтарындағы, лифтілік шахталар немесе соған ұқсас өзге орындардағы өрт хабарлағыштарын жекелеген аймақ түрінде қарастыру қажет.

5.3.18 Отқа қарсы қорғаныс жүйелерінің электр жабдығы өрт жағдайында адамдарды қауіпсіз орынға толық эвакуациялауға қажетті уақыт ішінде жұмысқа қабілеттілігін сақтауы тиіс.

5.3.19 Электр техникалық қондырғылар қауіп көзін болдырмауы және жанудың ғимараттан тыс таралуын болдырмауы тиіс.

5.3.20 Электр техникалық қондырғыларға қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары оның конструктивтік ерекшеліктері мен қолданылу саласын негізге ала отырып белгіленеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес қолданылуы тиіс.

5.3.21 Электр техникалық қондырғылар жалынның, қызған элементтердің, электрлік доғаның, байланысу қосылыстарындағы және ток өткізу белдеуіндегі қызу әсеріне, сондай-ақ жұмыстың апаттық режимі (қысқа тұйықталу, артық жүктеме) кезінде жанудың туындауына және таралуына төзімді болуы тиіс.

5.3.22 Жану пайда болғанға дейін апаттық жұмыс режимдерінің туындауы кезінде қорғаныс аппараттары электр тізбегі учаскесін электр энергиясы көзінен ажыратуы тиіс.


5.4 Пайдалану барысында адамдардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша талаптар
5.4.1 Жер теліміне қойылатын талаптар
5.4.1.1 Дезинфекциялық бөлімдерді немесе бөлімшелерді жеке тұрған немесе санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі объектілеріне жапсарлас ғимараттарға орналастыру керек.

5.4.1.2 Санитарлық өткізуге, дезинфекциялық камералар жайларына кірме жолдар мен кіреберісті және дезинфекциялық өңдеу үшін санитарлық көлікті шығатын және кіретін жерден оқшауланған жерден қарастыру керек.

5.4.1.3 Зертхана ғимараты дербес жер телімдерінде немесе санитарлық-эпидемиологгиялық қызмет объектілерінің аумағында орналастырылуы тиіс.

5.4.1.4 Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет объектілері зертханасының жайларын жобалаған кезде оларды:

- дербес ғимаратта;

- кіріктірме-жапсарлас немесе жеке қабаттарда орналастыру қажет.

5.4.1.5 Уақытша зертханаларды қауіпсіздікті, судың, электр энергиясының жеткілікті мөлшерін, сондай-ақ канализация жүйесін ескере отырып, оқшауланған ғимараттарда, жайларда орналастыруға жол беріледі.

5.4.1.6 Қойма кешенінің аумағын электр қондырғыларын орнатудың қолданыстағы ережесінің талаптарына сәйкес қоршаумен және жарықтандырумен қамтамасыз ету қажет.

5.4.1.7 Дезинфекциялық құралдар қоймаларын санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің негізгі ғимараттарына орналастыру керек.

5.4.1.8 Виварий жайларын жеке тұрған ғимаратқа, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер объектілеріне немесе жоғарғы қабаттарға орналастыру қажет.

5.4.1.9 Виварийдің жеке тұрған ғимараттары саңылаусыз қоршаумен қоршалуы және санитарлық-қорғаныс аймағының тұрғын үй аумағынан алыс болуы тиіс, аумақты көгалдандыру қажет.

5.4.1.10 Виварий жайларын күзетпен және өрт сигнализациясымен қамтамасыз ету қажет, ыңғайлы кіретін жол қарастыру керек.


жүктеу 347,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау