136-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
1. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган индустрия және индустриялық-инновациялық салада басшылықты жүзеге асырушы, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруда салааралық үйлестіру мен қатысуды заңнамада көзделген шекте жүзеге асыратынорталық атқарушы орган болып табылады.
2. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) ғылыми-технологиялық дамытудың салааралық жоспарын әзірлейді;
3) индустриялық-инновациялық жүйені жоспарлауды, мониторингтеуді, ынталандыруды, дамытуды жүзеге асырады;
4) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі туралы ақпаратты ұсынады;
5) жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді;
6) басым тауарлар мен қызметтердің бірыңғай картасын әзірлейді;
7) республикалық индустрияландыру картасын әзірлейді;
8) жоғары технологиялық өнімдер өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін әзірлейді;
9) Үйлестіру кеңесі туралы ережені әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
10) Технологиялық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже әзірлейді және Қазақстан Республикасы Үкіметіне оның құрамын қалыптастыру бойынша ұсыныс енгізеді;
11) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде даму стратегиясы мен бағдарламасын келіседі;
12) салалық конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді;
13) отандық өңделген тауарларды сыртқы нарыққа жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді;
14) сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін әзірлейді;
15) жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу тәртібін әзірлейді;
16) технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді;
17) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді;
18) шет елде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлейді;
19) инновациялық гранттар беру кезінде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтеріне ақы төлеу тәртібін әзірлейді;
20) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу тәртібін әзірлейді;
21) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді;
22) Осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
137-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау салаларындағы салааралық үйлестіруді және бюджеттік саясатты әзірлеу мен қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту саясатын қалыптастырады;
6) индустриялық-инновациялық қызмет саласында білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз етуді үйлестіруді және жұмыспен қамтуды реттеуді жүзеге асырады;
7) индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;
8) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму стратегиялары мен жоспарларын индустриялық-инновациялық даму мақсаттарына сәйкестік нысанына келіседі;
9) Осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
138-бап. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның құзыреті
1. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган:
1) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша тергеуші органмен өзара бірлесіп әрекет жасайды;
2) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданудағы өткен тергеуге бастамашылық бойынша ұсынысты тергеу жүргізуші органға енгізеді;
3) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жұмысын үйлестіреді;
4) Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы ұсыныстарды әзірлейді және келіседі;
5) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
6) басқа елдердің ресми органдарымен және халықаралық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасады;
7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
139-бап. Өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті
Мемлекеттік органдар:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат ұсынады;
5) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау жөнінде ұсыныстар береді;
6) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
140-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:
1) кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;
2) кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
3) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және жауапты болады;
4) өңiрде шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
5) жергiлiктi атқарушы органдардың кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
6) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;
7) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
8) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жүзеге асырады.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
2) өңірлік индустрияландыру карталарын әзірлейді және бекітеді;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырушы индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетуге құқылы;
4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға экономиканың басым секторларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұйымдардың сатып алуында жергілікті қамту жөнінде ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға ұсынады;
6) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат ұсынады;
7) негізгі қызметі инновацияларды дамытуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы;
8) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-бөлім. КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
12-тарау. Кәсіпкерлік саласындағы рұқсаттар мен хабарламалар
141-бап. Рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесі
Рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеу осы Кодекске және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері жүзеге асыратын қызметтің немесе іс-әрекеттің жекелеген түрлеріне рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу кезінде жасалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органның, хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, рұқсат беруші органдарды, мемлекеттік органдардыреттейтін, информатизация саласындағы уәкілетті органныңқұзыреті «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда осы тараудың ережелері осы заңдармен реттелетін қатынастарға қолданылады.
142-бап. Реттелетін қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейлері
1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі алда жүзеге асырылатын қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейіне қарай енгізіледі және мынадай деңгейлерге бөлінеді:
1) бірінші санаттағы рұқсаттар – жоғары деңгейлі қауіптілікке байланысты қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты енгізілетін лицензиялар;
2) екінші санаттағы рұқсаттар – лицензиялар болып танылмайтын, орта деңгейлі қауіптілікке байланысты қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты енгізілетін барлық рұқсаттар;
3) хабарламалар төмен деңгейлі қауіптілікке байланысты, бірақ мемлекеттік органдардың осындай қызмет түрлерінің немесе әрекеттердің басталғандығы немесе тоқтатылғандығы туралы ақпарат алуын талап ететін қызмет түрлеріне немесе әрекеттерге қатысты енгізіледі.
2. Қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңында айқындалған тәртіпте жүргізілген реттеушілік әсерді талдау негізінде белгіленеді.
143-бап. Рұқсат беру және хабарлама жасаудың тәртібі
1. Кәсіпкерлік субъектілері жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау және кейіннен жүзеге асыру үшін жарамды рұқсатының болуы немесе «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға хабарлама жіберуге міндетті.
Лицензиясы бар кәсіпкерлік субъектісі лицензиат деп танылады.
Екінші санаттағы жарамды рұқсаты бар кәсіпкерлік субъектісі екінші санаттағы рұқсатты иеленуші болып табылады.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді.
«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өздеріне қатысты рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру басталғанға дейін кәсіпкерлік субъектілер рұқсатты алуға және ол жарамды болуға тиіс, ал хабарламаны кәсіпкерлік субъектілерге жіберуге тиіс.
3. «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін белгілеу адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, меншікті қорғау, ұлттық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында қызметтің немесе әрекеттің (операцияның) қауіптілік деңгейіне қарай жүргізіледі.
4. Рұқсаттардың және хабарламалардың толық тізбесі «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделеді.
5. Рұқсаттарға, сондай-ақ оларға қосымшаларға қатысты беру, ұзарту, қайта ресімдеу, қайта бастау және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жүзеге асыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болып табылады және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңынақайшы келмейтін бөлігінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
144-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу және оның күшін жою тәртібі
1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі тиісті рұқсатты немесе хабарламаны «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар немесе хабарламалар тізбелеріне енгізу арқылы ғана енгізіледі.
2. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар,«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда,реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
3. Бұрын рұқсат беру тәртібіне жатқызылмаған қызметке немесе әрекетке (операцияға) қатысты рұқсат беру тәртібі енгізілген кезде рұқсат алу міндеті қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісінде рұқсат алу тәртібін регламенттейтін және (немесе) рұқсат алу үшін міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген күннен бастап туындайды.
4. Рұқсат алу тәртібін регламенттейтін, рұқсат беру немесе біліктілік талаптарын және (немесе) өтініш берушілердің осындай талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткенге дейін қолданысқа енгізіле алмайды.
Бұрын рұқсат беру тәртібіне жатқызылмаған қызметке немесе әрекеттерге (операцияларға) қатысты рұқсат беру тәртібі енгізілген жағдайда, өтініш берушілер рұқсат алу тәртібін регламенттейтін, рұқсат беру немесе біліктілік талаптарын және (немесе) өтініш берушілердің осындай талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітетін нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгенге дейін, бірақ көрсетілген актілер қолданысқа енгізілгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей рұқсат алуға өтініш беруге құқылы.
Бұл ретте осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес берілген өтініштер бойынша рұқсаттар беруді немесе оларды беруден уәжді түрде бас тартуды рұқсат беру органдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін, оларды беру үшін белгіленген мерзімдерде және тәртіппен жүзеге асыруға тиіс.
5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес рұқсат алуға өтініш берген өтініш берушілер рұқсат берілгенге дейін немесе оны беруден уәжді түрде бас тартылғанға дейін, «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда, рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекетті (операцияны) рұқсаты болмай-ақ жүзеге асыруға құқылы.
6. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің күшін жою «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген рұқсаттар мен хабарламалар тізбелерінен рұқсатты немесе хабарламаны алып тастау арқылы жүзеге асырылады және жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекетті (операцияны) рұқсаты болмай-ақ немесе хабарлама жібермей-ақ жүзеге асыру құқығына әкеп соғады.
145-бап. Өтініш берушілер. Өтініш берушілердің құқықтары
Өтініш берушілер лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімдерінен өту үшінтиісті рұқсат беруші органға өтініш жасаушы немесе хабарлама жіберуші мынадай кәсіпкерлік субъектілері бола алады:
жеке кәсіпкер;
заңды тұлға;
заңды тұлғаның өкілдігі немесе филиалы;
лицензиат;
екінші санаттағы рұқсатты иеленуші.
Өтініш берушілердің:
1) рұқсаттар мен хабарламалар туралы толық және анық ақпарат алуға;
2) рұқсат беру органдарының және хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін немесе хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға;
3) «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабының ережелерін ескере отырып, рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алу үшін немесе хабарлама жіберу үшін өтініштің электрондық немесе қағаз нысанын таңдауға, сондай-ақ берілетін рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның электрондық немесе қағаз нысанын таңдауға құқығы бар.
2. Оралмандар және шетелдік заңды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең дәрежеде рұқсаттар алады және хабарламалар жібереді.
146-бап. Рұқсат беру органдарының құқықтары мен міндеттері
1. Рұқсат беру органдарының өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратқа, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы сауалмен жүгінуге құқығы бар.
Рұқсат беру органдары лицензиарлар және екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар болып табылады.
1. Рұқсат беру органдарының өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратқа, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы сауалмен жүгінуге құқығы бар.
2. Рұқсат беру органдары:
1) осы Кодекске және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыруға;
2) мүмкіндігі шектеулі адамдардың рұқсаттар алуы кезінде олар үшін қажетті жағдайлар жасауға;
3) лицензиялау, рұқсат беру рәсімдері, бұл үшін талап етілетін құжаттар тізбесі туралы және осындай құжаттарды алу және ресімдеу тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда беруге;
4) мемлекеттік органдарға және халыққа қызмет көрсету орталықтарына лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру үшін, оның ішінде ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты беруге;
5) өтініш берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қолдануға;
6) рұқсаттар беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін және толығып отыруын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етуге;
7) өтініш берушілердің, лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, рұқсаттар беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға жазбаша келісімін алуға, оның ішінде электрондық құжат нысанында алуға міндетті.
147-бап. Лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін және хабарламалар жасауды электрондық нысанда жүзеге асыру
Лицензиялау және хабарламаларды жіберу рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Рұқсат беру рәсімдері рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 52-бабы 3-тармағының ережелері ескеріліп, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Рұқсатты және (немесе) рұқсатқа қосымшаны электрондық нысанда беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз жеткізгіште беріледі.
Электрондық құжат нысанында берілген рұқсаттардың қағаз жеткізгіштегі рұқсаттармен мәні бірдей.
Өтініш берудің тәртібі «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Рұқсат беру органдары рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін тұрақты негізде жүргізеді.
Хабарламалар бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүргізеді.
13-тарау. Кәсіпкерлік саласындағытехникалық реттеу
1-параграф. Кәсіпкерліксаласындағытехникалықреттеу туралы жалпы ережелер
148-бап. Техникалық реттеу саласындағы қатынастар
1. Осы Кодекспен өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң процестерiне (бұдан әрi - процестер) қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi қоғамдық қатынастар реттеледi.
2. Қазақстан Республикасындағы өнімнің, көрсетілетін қызметтің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық реттеудегі мемлекеттік жүйенің құқықтық негіздері осы тараумен белгіленеді.
3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге нысанда жүзеге асырылады.
Тексеру осы Кодекстің 16тарауының 1-2-параграфтарына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары осы Кодекстің 16 тарауының 4-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда осы тараудың ережелері осы заңдармен реттелетін қатынастарға қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |