Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы



жүктеу 227,7 Kb.
Дата01.12.2017
өлшемі227,7 Kb.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 19 ақпандағы

118 қаулысымен



бекітілген
«Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi

жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы,

біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы,

біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты

әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары

мен санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Cпорт шеберiне кандидат, бірiншi спорттық разряд, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, бірiншi санатты спорт төрешiсi» cпорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтырының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн.

ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;

3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – спорттық атақ беру туралы, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға санаттар беру туралы, спорттан төреші санатын беру туралы бұйрықтан үзінді көшірме.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. ХҚО-ның жұмыс кестесі – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, үзіліссіз. Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен көрсетіледі, «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

9. ХҚО-ға көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:

1) «Спорт шеберіне кандидат» спорттық атағын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;

спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;

көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

2) «1 разрядтағы спортшы» спорттық разрядын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;

спорт түрі бойынша аудандық (қалалық) федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша аудандық (қалалық) федерация болмаған жағдайда, аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;

көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» және «Біліктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушының спортшыларды дайындауы туралы анықтама («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» санатын беруді қоспағанда);

спорт түрі бойынша республикалық федерацияның мөрімен расталған республикалық жарыстар және (немесе) спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, спорт түрі бойынша облыстық федерация болмаған жағдайда, облыстық, қалалық, аудандық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен расталған облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жарыстар хаттамаларының көшірмелері («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» біліктілік санатын беруді қоспағанда);

көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

4) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер» және «Біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдіскер» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;

жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

5) «Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

білімі туралы димпломның көшірмесі;

жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

спорт түрлері бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған, облыстық федерация болмаған жағдайда, нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен расталған санат беру туралы қолдаухат;

көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

6) «Бірінші санатты спорт төрешісі» төреші санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыным;

Қазақстан Республикасының спорттық жіктемесінің талаптарына сәйкес төрешілік тәжірибесі курсынан өткенін растайтын құжат;

3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет,

көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

Спорттық атақ беру туралы куәлік, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға санаттар беру туралы куәлік, спорттан төреші санатын беру туралы куәлік жоғалған жағдайда, мемлекеттік көрсетілген қызметті алушы ХҚО-да осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысанды толтыруы тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушының, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерін ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жазбаша келісім алады.

Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері түпнұсқалардың түпнұсқалылығын құжаттардың шығарылған электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

ХҚО арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

сұраудың қабылданған күні мен нөмірі;

сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;

қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;

құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және олардың байланыс телефондары.

ХҚО-да дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға оның қызметкері қолхат негізінде, жеке басын куәландыратын құжатын және сенімхатты (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде береді.

Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға келмесе, ХҚО оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді.

Көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға дайын құжаттарды алуға бір ай өткен соң жүгінсе, ХҚО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салу жолдайды. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-ға жібереді, содан кейін ХҚО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға ұсынады.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін

қызметті берушінің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және

(немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне

(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні өтініштің екінші данасына немесе өтініштің ілеспе хатына қойылады) болып табылады.

ХҚО-ның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына беріледі. ХҚО басшыларының мекенжайлары мен телефондары www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.

ХҚО кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні өтініштің екінші данасына немесе өтініштің ілеспе хатына қойылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО-ның басшысына жіберіледі.

Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Көрсетілетін қызметті берушіге оның шағымының қабылданғанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, осы шағымға жауапты алу мерзімі және орны, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның атына түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
4. Мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтары

арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге талаптар
13. Көрсетілетін қызмет беруші денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға жеке келе алмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды (қағаз тасығышты толтырған кезде) ХҚО-ның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға отырып жүзеге асырады.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;

2) ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар арқылы не мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша анықтама қызметінен алуға болады.


«Cпорт шеберiне кандидат,

бірiншi спорттық разряд,

біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi

бірiншi санатты жаттықтырушы,

біліктiлiгi жоғары деңгейдегi

бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы,

біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi

бірiншi санатты әдiскер, бірiншi

санатты спорт төрешiсi» cпорттық

разрядтары мен санаттарын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

1-қосымша
Нысан
ҰСЫНЫМ
Атағы
Фотосурет орны
Спорт түрі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады)


Туған күні
ЖСН
Ұсынып отырған өңір (облыс, қала)
Ведомство
Спорт мектебі
Оқу, жұмыс орны
Білімі
Дене шынықтыру білімі

Спортпен шұғылдану өтілі


Үйінің мекенжайы
Алдыңғы атағы
Атақ берілген немесе расталған күн

Спортшыны даярлаған жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Жаттықтырушылық санаты

Бастапқы дене шынықтыру ұйымы


Басшы _____________________
МО
Күні 20__ ж. «___» ________
Дене шынықтыру және спорт басқармасы (облыс, қала)
Басшы _______________________
МО
Күні 20__ ж. «___» __________
Спорт түрлері бойынша федерацияның филиалы және (немесе) осы спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының өңірлік немесе жергілікті деңгейдегі федерациясы
Басшы _____________________
МО
Күні 20__ ж. «___» ________
Комиссияның қарауына келіп түскен күні 20__ ж. «___» ________________
Негізгі көрсеткіштер (нормативтер)
Орындаған күні (күні, айы, жылы)
Жарыстардың атауы
Жарыс дәрежесі, санаты
Көрсеткен нәтижесі

Төреші лауазымы


Төрешінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қала (ел)
Төрешілік санаты
Бас төреші

Бас хатшы

Аға төреші
Атақ беру туралы белгі
Жауапты тұлға (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Лауазымы

Бас тартудың себебі және тәртіп бұзушылық туралы белгі


Жіберілген күні 20__ ж. «___» _________

«Cпорт шеберiне кандидат,

бірiншi спорттық разряд,

біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi

бірiншi санатты жаттықтырушы,

біліктiлiгi жоғары деңгейдегi

бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы,

біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi

бірiншi санатты әдiскер, бірiншi

санатты спорт төрешiсi» cпорттық

разрядтары мен санаттарын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

2-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________

(дене шынықтыру және спорт жөніндегі ведомствоның немесе жергілікті

атқарушы органның атауы)
біліктілік комиссиясының төрағасы ___________________________________
ӨТІНІШ
________________________

(спорт түрі)


Мен, ________________________________________________________________

құрметті атағы ______________________________________________________

жұмыс орны, атқаратын қызметі _______________________________________

жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс өтілі _________________________________

Маған _______________________________________________________________

беру туралы мәселені қарауыңызды сұраймын.


Мына жұмыс нәтижелерін біліктілік санатын беру үшін негіздеме ретінде

санаймын:

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________


Жаттықтырушының, әдіскердің, нұсқаушы-спортшының лауазымдарына

арналған біліктілік талаптарымен таныстым ___________________________


«___» ___________ 20__ ж.                            ________________

(жеке қолы)


Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

мәліметтерді пайдалануға келісемін __________________________________


20__ жылғы «___» _________________
«Cпорт шеберiне кандидат,

бірiншi спорттық разряд,

біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi

бірiншi санатты жаттықтырушы,

біліктiлiгi жоғары деңгейдегi

бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы,

біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi

бірiншi санатты әдiскер, бірiншi

санатты спорт төрешiсi» cпорттық

разрядтары мен санаттарын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

3-қосымша
Нысан
Жаттықтырушының спортшыларды даярлауы туралы

АНЫҚТАМА
_____________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Р/с


Дайындаған спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Туған жылы
Спортшымен жұмыс істеген өтілі
Растаушы құжат
Спорттық нәтижесі
Тіркелген (берілген) орны
Растаушы құжат

Басшының қолы ____________________

М.О. 20__ ж. «___» _______________
Дене шынықтыру және спорт жөніндегі

облыстық (республикалық маңызы

бар қаланың, астананың) басқарма басшысының қолы ____________________
М.О. 20__ ж. «___» _______________
«Cпорт шеберiне кандидат,

бірiншi спорттық разряд,

біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi

бірiншi санатты жаттықтырушы,

біліктiлiгi жоғары деңгейдегi

бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы,

біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi

бірiншi санатты әдiскер, бірiншi

санатты спорт төрешiсi» cпорттық

разрядтары мен санаттарын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

4-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________

(дене шынықтыру және спорт жөніндегі ведомствоның немесе жергілікті

атқарушы органның атауы)
біліктілік комиссиясының төрағасы ___________________________________
ӨТІНІШ
Мен _________________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

_____________________________________________________________ бойынша

(атағы)                  (спорт түрі)

____________________________________________________ қаланың/облыстың

(спорттық атағына ұсыныс берілген жер)

тұрғыны _______________________________ жоғалуына байланысты куәлікті

(спорттық атақ берілген жылды

шамамен көрсету)

жаңадан беруді сұраймын.


20__ ж. «___» ______________                     ____________________

(жеке қолы)


«Cпорт шеберiне кандидат,

бірiншi спорттық разряд,

біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi

бірiншi санатты жаттықтырушы,

біліктiлiгi жоғары деңгейдегi

бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы,

біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi

бірiншi санатты әдiскер, бірiншi

санатты спорт төрешiсi» cпорттық

разрядтары мен санаттарын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына

5-қосымша
Нысан
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. не ұйымының атауы)

_________________________________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15

cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын

басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК

филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет

көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды

қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында

көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) ___________________________________________________________;

2) ___________________________________________________________;

3) ....

ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.



Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Аты-жөні (ХҚО қызметкері)                                (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. ___________________________________________________

Телефоны: ___________________________________________________________



Алды: аты-жөні/көрсетілетін қызметті алушының қолы

20__ ж. «___» _______________
Каталог: files -> govservices
govservices -> Регламенті Жалпы ережелер «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу»
govservices -> Көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер
govservices -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің
govservices -> «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетінқызмет стандарты Жалпы ережелер «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»
govservices -> «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
govservices -> Бағдарламасы шеңберінде кепілдіктер беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

жүктеу 227,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша