Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы және аумақтық бөлімшелері мен олардың ведомстволарының «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Iшкі конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, индекс 050016, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 2-үй, 107-каб, байланыс телефоны: 8(727)279-39-38, 8(727)279-28-47, 8(727)279-38-37, факс: 8(727)279-42-24, e-mail: nach_kadry_6005@taxgalmaty.mgd.kz, конкурс жариялайды:
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы С-R-4 санаты, 1 бірлік (№4-1-10)
Қызметтік міндеттері: Бөлімнің экономикалық жұмыс жоспарын құруға қатысады; Салықтық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысады;
Мемлекеттік кіріс органдарындағы өзара салық есептерінің деректерін, өзге де мемлекеттік органдардың салық салынатын нысандар және (немесе) салық салуға байланысты нысандар туралы мәліметтерін, сондай-ақ, салық төлеушінің қызметі жөнінде әртүрлі мекемелерден алынған деректемелерді салыстыру арқылы камералды бақылауды іске асырады; Берілген жауаптарға үздіксіз камералдық бақылау жүргізу, жауаптар жоқ болған жағдайда аудит бөліміне тексеру жүргізуге береді; «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес әкімшілік материалдарды дайындайды; ҚР ҚМ СК және Алматы қаласы Мемлекеттік кіріс департаментінің ақпараттары мен тапсырмаларын белгіленген мерзімінде орындауды іске асырады.; Салық төлеушілердің сұрауларына заңнамаға сәйкес негізделген жауап береді; Салық төлеушілерге жүргізілетін семинарларға, техникалық сабақтарға қатысуға шақырады; Техникалық мәселелер пайда болған жағдайда басқармаға техниканың жағдай жөнінде уақытылы жазбаша түрде хабарлайды; Хабарлама беру және одан кейін толық аяқталғанға дейін өңдеу жүргізу арқылы ҚҚС, КТС, ЖТС және ӘС бойынша камералды бақылауды іске асырады; Қосымша құн салығы БАҚ (Бірыңғай ақпараттар қоры) бойынша автоматтандырылған камералдық бақылау нәтижелеріне сәйкес жұмыстар атқарады; Жалған кәсіпорындар мен мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылған мекемелердің контрагенттеріне қолданылатын іс-шаралар бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Камералдық бақылаудың нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны, белгіленген мерзім ішінде орындамаған жағдайда, заңнамаға сәйкес шығыс операцияларын тоқтатып, әкімшілік жауапкершілікке тартады; Камералдық бақылау ақпараттарын орындайды; Хаттамалық тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындайды; Залал-шығын алған мекемелерге камералдық бақылау жүргізеді; Негізгі салықтарды әкімшілдендіруді жақсарту мен күшейту жұмысын жүзеге асырады (МИА, скриптер, т.б); Қалалық мемлекеттік кіріс департаментімен жеткізілген тапсырмаларды орындайды, күнделікті салық төлеушілермен әңгіме жүргізеді; Жоғарыда тұрған мемлекеттік органдарымен қабылданған лауазымдық міндеттемелерді және ведомство ішілік құқықтық актілермен және Басқарма басшысының құқықтық актілерімен қарастырылған өзге міндеттемелерді жүзеге асырады;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес немесе құқық саласындағы жоғары білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік экономика және бизнес немесе құқық саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатындағы тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, "Қазақстан-2050" қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, Қазақстан Республикасының аталған санаттағы нақты лауазымының тиісті мамандану саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білуі қажет. Аталған санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерді орындауға қажетті өзге де міндетті білімі болуы қажет.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы С-R-4 санаты, (1 бірлік, № 9-1-3).
Қызметтік міндеттері: Салық төлеушілердің сұраныстары бойынша кеден одағында қолданылатын салық заңнаманың түсіндіру жұмысын өткізеді, салық төлеушілердің өтініштерге жауап береді; Бұқаралық ақпарат құралдармен семинар арқылы Евразиялық экономикалық одағында қолданылатын салық заңнаманың өзгерістермен толықтыру туралы хабарлайды. Салық кодексімен көзделген хабарламаларды жібереді Басқармада өткізілетін кеңестерге қатысады. Алматы қаласы бойынша МКД өзара іс-қимылын жүзеге асырады. Басқарма басшылықпен анықталған бөлім қызметіне тікелей байланысты өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлімінің қызметіне тікелей байланысты Салық кодексімен, бөлімінің Ережесімен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндеттерді орындайды. жұмыста салық салу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді қатаң басшылыққа алады. Жоғарыда тұрған мемлекеттік органдарымен қабылданған лауазымдық міндеттемелерді және ведомство ішілік құқықтық актілермен және басқарма басшысының құқықтық актілерімен қарастырылған өзге міндеттемелерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес немесе құқық саласындағы жоғары білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік экономика және бизнес немесе құқық саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатындағы тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, "Қазақстан-2050" қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, Қазақстан Республикасының аталған санаттағы нақты лауазымының тиісті мамандану саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білуі қажет. Аталған санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерді орындауға қажетті өзге де міндетті білімі болуы қажет.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы С-R-4 санаты, (1 бірлік, № 3-1-1).
Қызметтік міндеттері: 2-Н есебін жасауға бөлім деректерімен қатысу; салық төлеушілердің есебін толық үйме-үй түгендеу жұмысын жүргізу; мүлік және жер салықтары бойынша қарыз салық төлеушілермен жұмыс жасау; Жеке тұлғаларды мүлік және жер салықтары бойынша артық төленген салық төлеушілермен жұмыс жасау; салық есебі кезінде салық есебінде тұрмағандарды іздестіру; жер телімін бөлу жөніндегі Әкімшіліктің қаулысы бойынша жер салығын төлеушілерді есепке қою; Мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының, Мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының орынбасарының хаттамалық тапсырмаларын өз уақытында және тиісінше орындалуын қамтамасыз етеді; Алматы қаласы мемлекеттік кіріс департаментінің тапсырмасы бойынша, жергілікті атқарушы органдарына деректер ұсыну. Рейдтік тексерулер мен хронометраждық бақылаулар жүргізу; салық төлеушілердің сұрауларын өз уақытында қарауды жүзеге асырады; салық және алымдардың бекітілген болжам жоспары бойынша орындалуын қадағалау, бұйрық П-22 25.02.2009 ж; бейөндірістік төлемді бақылау және талдау; Алматы қаласы әкімшілігімен, жол полициясы органымен, жылжымайтын мүлік орталығымен біріккен тексеруге қатысу; cалық төлеушіге салық міндеттемесін салық заңнамасымен белгіленген мерзімде орындау жөнінде немесе қарызы жөнінде хабарлама тапсыру; Жеке тұлғалардың жаппай жеке меншігін әкімшілендіру соның ішінде мәжбүрлі өндіріп алуға қуыным арызын жіберу. 230 нысан бойынша (мем.қыз) декларацияларын қабылдау; белгіленген регламентке сәйкес салық төлеушілерден қабылданған салық есептемесінің нысадарын ақпараттық жүйелерге өз уақытында енгізу;Салық төлеушінің электронды арызын қабылдау, электронды кілтті тапсыру; Мемлекеттік қызмет көрсету ҚР Салық Кодексінің 92 бөлімінің 20 бабы 21 тармақшасына сәйкес орындалуын қадағалау; «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық» Кодексіне сәйкес, әкімшілік материялдар жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес немесе құқық саласындағы жоғары білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік экономика және бизнес немесе құқық саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін тексеру мақсатындағы тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, "Қазақстан-2050" қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, Қазақстан Республикасының аталған санаттағы нақты лауазымының тиісті мамандану саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білуі қажет. Аталған санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік міндеттерді орындауға қажетті өзге де міндетті білімі болуы қажет.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері сканерленген құжаттарын электрондық (nach_kadry_6005@taxgalmaty.mgd.kz.) адреске ұсына алады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткiзу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Интернет-ресурсында www.kyzmet.gov.kz және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі www.minfin.gov.kz Интернет-ресурсында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде қабылданады.
Құжаттарды ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде:
1) қолма-қол тәртіпте, почта арқылы: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 2 үй, 107 кабинетіне;
2) электронды түрде хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына (nach_kadry_6005@taxgalmaty.mgd.kz) не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Құжаттарды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде мына мекенжай бойынша: Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 2 үй, Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағына сәйкес, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс (бұдан әрі – ішкі конкурс) өткізетінін, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ Заңда және «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар және кандидаттар уәкілетті органға немесе аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы жүгінуге құқылы.
Өтініш қосымшасы (қосымша 2) бірге берілген.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _____________________________________ _____________________________________________________________________________
____________________ ________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |