Қазақ тілі пәні
3-сынып
Тақырып: Қаратпа сөздер
(20-сабақ)
Бүгінгі оқу мақсатымыз: сөйлемнен қаратпа сөзді табамыз, тыныс белгісін дұрыс қоямыз. Мәтін туралы білімімізді толықтыра түсеміз.
Бағалау критерийі:
|
Сөйлемнен қаратпа сөздерді табады және олардың тыныс белгісін дұрыс қояды. Мәтіннен негізгі ойды анықтап, сұрақтарға жауап береді.
|
«Кел, көрейік»
Сіздерді «Жақсылықты өзіңнен баста!» атты бейнетаспаны көруге шақырамын.
https://bilimland.kz/kk/subject/kazah-tili/3-synyp/zhaqsylyqty-ozingnen-basta-1?mid=ec92:82a89998:new
«Дұрыс, дұрыс емес» ойыны
Сөз тіркестерін мұқият оқып шығыңыз. Жақсы және жаман әдеттерді ажыратыңыз, «дұрыс», «дұрыс емес» деп жауап беріп отырыңыз.
Cыпайы болу.
| |
Айналаға қоқыс тастау.
| |
Ата-анаңды сыйламау.
| |
Ешкімді ренжітпеу.
| |
Жалқау болу.
| |
Әрқашан жақсылық жасау.
| |
(Оқулық 43-44 бет, «Атамұра» баспасы, 2018ж.)
Балақай
– Бүлдірген тереміз, балақай.
– Алақай!
– Ат жарыс көреміз, балақай.
– Алақай!
– Айға ұшып барамыз, балақай.
– Алақай!
– Кел, ағаш жарамыз, балақай.
– Әй, ата-ай!..
Қадыр Мырза Әли
• Өлең мазмұнына сәйкес келетін қаратпа сөзі
бар сөйлем сызбасын табыңыз.
Тапсырма
-Балалар, мына сөйлемдердi қаратпа сөзбен толықтырып жазыңыз, мұғалімге жіберіңіз.
1. … , мені көшеден өткізіп жіберші.
2. Бөлме гүлдерін суғаруды ұмытпа, … .
3. Иә, … , ініңе көмектесіп жүрсің бе?
Тапсырма
7-жаттығу (ауызша)
(Оқулық 43-44 бет, «Атамұра» баспасы, 2018ж.)
Мәтінді түсініп оқы.
Кәкеннің демалысы кезінде әкесі:
– Ертең жолға шығамыз, балам, тағы да тауға шығып кетпе, – деді.
– Қайда барамыз, көке? – деді Кәкен.
– Ауылға барамыз, бабаңа сәлем беріп, батасын алып қайтамыз.
– Баба деген кім ол, көке?
– Бабаң – әкеңнің атасы, атаңның әкесі.
Әдібай Табылды
• Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. Соған байланысты өз ойыңызды білдіріңіз.
- Мәтіннен қаратпа сөздерді тауып, атаңыз.
- Мәтіннен маңызды ойды білдіретін сөйлемді табыңыз.
Жеке тапсырма
-Балалар, оқулықтағы 8-жаттығуды өздігіңізден орындап, мұғалімге жібересіз.
Сұхбатты оқып, одан әрі жалғастыр.
– Ата, ең қымбат нәрсе не?
– Туған жеріңнен қымбат еш нәрсе жоқ.
– Неге?
– ...
• Сұхбаттағы екінші сөйлемді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдырып жазыңыз.
Сабағымызды қорытындылайық:
Өзіңізді өзіңіз бағалаңыз. Әр сөйлем бойынша өзіңізге , белгілері арқылы баға беріңіз:
* Сөйлемнен қаратпа сөзді таба білемін;
* Қаратпа сөздің тыныс белгісін дұрыс қоямын;
* Мәтінде негізгі ойды анықтай аламын;
* Сұрақтарға жауап бердім.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |