«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



Дата17.02.2020
өлшемі84 Kb.
#29250
түріРегламент


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы « 14 » қыркүйектегi

№ 233 қаулысымен

бекітілді



«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер


1. «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру»мемлекеттіккөрсетілетінқызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші)көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

«электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі -астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасынберу не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11625) бұйрығымен бекітілген «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру»мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойыншамемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.

Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға қағаз жеткізгіштежүгінген жағдайда лицензия электрондық нысанда ресімделеді, басыпшығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің басшысыныңқолымен куәландырылады.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау




  1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауғакөрсетілетін қызметті алушының (не оның өкілінің) өтінішінің немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуының болуы негіз болып табылады.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-қимылдардың) мазмұны:

лицензия беру кезінде:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтініші мен құжаттарын қабылдау және тіркеу.Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;

  2. көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарын айқындау. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) сағат ішінде;

  3. көрсетілетін қызметті берушінің бөлімінің басшысын айқындау. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) сағат ішінде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын айқындау. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат ішінде;

5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысының ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

6) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін лицензиялау алдындағы зерттеп-тексеруді жүргізу.Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

7) көрсетілетін қызметті алушы жергілікті атқарушы органға жүгінген жағдайда лицензияны немемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу және беру. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут ішінде;

лицензияны қайта ресімдеу кезінде:


  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтініші мен құжаттарын қабылдау және тіркеу.Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;

  2. көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарын айқындау. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) сағат ішінде;

  3. көрсетілетін қызметті берушінің бөлімінің басшысын айқындау. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) сағат ішінде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын айқындау. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат ішінде;

5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысының ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

6) көрсетілетін қызметті алушы жергілікті атқарушы органға жүгінген жағдайда лицензияны қайта ресімдеу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут ішінде;

лицензияның телнұсқасын беру кезінде:



  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтініші мен құжаттарын қабылдау және тіркеу.Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;

  2. көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарын айқындау. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) сағат ішінде;

  3. көрсетілетін қызметті берушінің бөлімінің басшысын айқындау. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) сағат ішінде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын айқындау. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат ішінде;

5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысының ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

6) көрсетілетін қызметтіалушы жергілікті атқарушы органға жүгінген жағдайда лицензияның телнұсқасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдеу және беру. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут ішінде.

Көрсетілетін қызметтіберушіге және порталғақұжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 10 (он) жұмыс күні;

лицензияны қайта ресімдеу үшін - 3 (үш) жұмыс күні;

лицензияның телнұсқасын беру үшін - 2 (екі) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыныңқұжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылғанқұжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауфактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілгенмерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады.



  1. Мемлекеттікқызмет көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижесі:

лицензия беру кезінде:

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген1-іс-қимыл бойынша рәсімнің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыныңқұжаттарын кіріс хат-хабар журналында тіркеу болып табылады, ол 2-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген2-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарын айқындау туралы бұрыштама болып табылады, ол 3-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген3-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің бөлімінің басшысын айқындау туралы бұрыштама болып табылады, ол 4-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген4-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын айқындау туралы бұрыштама болып табылады, ол 5-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген5-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тексерілген құжаттары болып табылады, олар 6-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген6-іс-қимылдың нәтижесі Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес мәліметтер нысанын толтыру болып табылады, ол 7-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген7-іс-қимылдың нәтижесі лицензияны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады;

лицензияны қайта ресімдеу кезінде:

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген1-іс-қимыл бойынша рәсімнің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын кіріс хат-хабар журналында тіркеу болып табылады, ол 2-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген2-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарын айқындау туралы бұрыштама болып табылады, ол 3-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген3-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің бөлімінің басшысын айқындау туралы бұрыштама болып табылады, ол 4-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген4-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын айқындау туралы бұрыштама болып табылады, ол 5-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген5-іс-қимылдың нәтижесі құжаттарды қабылдау болып табылады, ол 6-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген6-іс-қимылдың нәтижесі лицензияны қайта ресімдеу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапболып табылады;

лицензияның телнұсқасын беру кезінде:

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген1-іс-қимыл бойынша рәсімнің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыныңқұжаттарын кіріс хат-хабар журналында тіркеу болып табылады, ол 2-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген2-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасарын айқындау туралы бұрыштама болып табылады, ол 3-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген3-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің бөлімінің басшысын айқындау туралы бұрыштама болып табылады, ол 4-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген4-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысын айқындау туралы бұрыштама болып табылады, ол 5-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген5-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тексерілген құжаттары болып табылады, олар 6-іс-қимылды бастау үшін негіз болады.

Осы Регламенттің 5тармағында көрсетілген6-іс-қимылдың нәтижесі лицензияның телнұсқасын немемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.





  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау 




  1. Мемлекеттікқызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің(қызметкерлерінің) тізбесі:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

  2. көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

  3. көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасары;

  4. көрсетілетін қызметті берушінің бөлімінің басшысы;

  5. көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.

8. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті рәсімдерді (іс-қимылдарды) сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 1-қосымшасына сәйкеснысан бойынша өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысыорынбасарды айқындайды. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) сағат ішінде;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының орынбасары бөлімнің басшысын айқындайды. Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) сағат ішінде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің бөлімінің басшысы орындаушыны айқындайды. Орындалу ұзақтығы – 2 (екі) сағат ішінде;

5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Орындалу ұзақтығы – лицензияны беру кезінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде, лицензияны қайта ресімдеу кезінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде, лицензияның телнұсқасын беру кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

6) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін лицензиялау алдындағы тексеруді жүргізужәне Стандарттың 2-қосымшасына сәйкеснысанды толтыру (лицензия беру кезінде).Орындалу ұзақтығы – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

7) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысының көрсетілетін қызметтіалушыға лицензияны ресімдеуі және беруі, қайта ресімдеуі, лицензияның телнұсқасын немемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беруі. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут ішінде.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібі және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі:

1) көрсетілетін қызметтіалушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметтіалушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметтіалушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының парольді порталға енгізу процесі (авторландыру процесі);

3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН/БСН) мен пароль арқылы порталда тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты порталдың авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), қажетті құжаттарды сұрау салу нысанына электрондық түрде бекітуі;

6) 4-процесс –ЭҮТШ-де қызметке ақы төлеу, бұдан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға келіп түседі;

7) 2-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет көрсеткені үшін төлем фактісін тексеру;

8) 5-процесс – қызмет көрсеткені үшін төлемнің болмауына байланысты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-дасұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

9) 6-процесс – сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

10) 3-шарт –порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағысәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланыстысұратылатын қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

12) 8-процесс – қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) көрсетілетін қызметтіалушының ЭЦҚ-сының көмегімен куәландыру (қол қою);

13) 9-процесс – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметтіалушының сұрау салуын) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұрау салуды өңдеу;

14) 4-шарт – лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін тексеруі;

15) 10-процесс - көрсетілетін қызметтіалушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да сұратылатын қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

16) 11-процесс - көрсетілетін қызметтіалушының портал қалыптастырған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдалана отырып қалыптастырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетугеқатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

Ескерту:


Аббревиатуралардың толық жазылуы:

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ - мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі

ЭҮТШ – «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі

ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі

БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба




Каталог: assets
assets -> Титул парағы; Ғылыми жұмыстың титул парағын ресімдеу үлгісі
assets -> Сейфуллин оқулары – 9
assets -> «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
assets -> Утвержден
assets -> «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
assets -> Утвержден
assets -> Утвержден
assets -> «Әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыс ғылым пәндері» кафедрасы
assets -> «Бүгінгі жасөспірімдерді теріс әрекеттерден, әлеуметтік желілерден сақтандыру жолдары»
assets -> Бюллетень проект «Образовательные стратегии выпусников школ вко»


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
денсаулық сақтау
жұмыс істеу
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
жалпы біліктілік
қағидаларын бекіту
қатысушыларға қойылатын
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
оқыту әдістемесі
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
учебная программа
Бастауыш сынып