Абай м±расы – асыл ќазына



жүктеу 67,06 Kb.
Дата09.01.2018
өлшемі67,06 Kb.
#7274

Шеберлік сағаты.

Дайындаған:

Тілеухан Гүлмира Болатқызы

Бастауыш сынып мұғалімі.

«С.Бекбосынов орта мектебі»КММ

Абай ауданы, Ш.Қ.О.

Тақырыбы: «Абай мұрасы – асыл қазына»

Мақсаты:



  • Білімділік: Абай өмірін, ілімі мен білімін, шығармашылығын балалардың қалай меңгергенін бақылау.

  • Тәрбиелік: Абайдың ұлылығын,оның поэзиясының тереңдігін сездіре отырып ,оқушыны тәрбиелеу.

  • Дамытушылық: Сабақтың шешендік өнер бағыты бойынша оқушылардың ізденуін, шығармашылығын, сөйлеу шеберлігін дамыту.

Жүру барысы:
«Қазақ халқының киесі , ары мен намысы, ақылы мен жүрегі ұлы Абайдың аруағына басымды идім» деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай Абай мұрасы біз үшін асыл қазына .

  • Ендеше мен бүгінгі сабағымды осы елдің топырағында туып өскен соң осы қазақты әлемге танытқан Абай атамыз бізге қалдырған мұрасына арнап отырмын.

Сабағымды бастамас бұрын біз «Абай еліне саяхат» жасап алайық . Экранға назар аударыңыздар.

Ұлылар туған өлкені

Білмесеңіз біліңіз

Сіз де соның ұрпағы

Ортасында жүріңіз – дей отырып, Абай еліне саяхат жасаймыз.

Қазақтың ақындық өнерін нағыз халықтық, ұлттық биік дәрежеге көтерген Кемеңгер Абайдың сөз теңізі түбінде маржан шашуы болып жатқан поэзиясымен көкірегі өлу санасы сара тағылымы жаңа ұрпақты сусындату. Жыр зергері ұлы Абайдың аты-қонысы болған жер жанаты – Жидебаймен таныстырамын.



  • Бөрілі – М. Әуезовтың туған жері. Бұл жерде Әуезовтың музейі орналасқан.

  • Ақшоқы – Құнанбай жерленген жер.

  • Жидебай – ұлылықтың ұлы анасы, ұлы Абайдың ата қонысы. Бұл жерде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевпен бірге Абайдың зор тәлімін алған ғұлама Шәкәрімнің де мәйіті жатыр.

  • Ғарыштан түсіріліп, айқындалған, Евразия кіндігі – деп қойылған тасбелгі.

Еуразияның кең байтақ кеңістігін

Кеудесіне жиып ап тегіс бүгін

Жидебай ұлылықтың ұлы анасы

Өзгелерге біреді өз ыстығын – деп ақын Т. Жанғалиев жырлағандай Жидебай Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде орналасқан. 1990 жылы Абайдың 150 ж мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған.



  • Жидебайдың 6 бөлмесі мен 2 залына қойылған жәдігерлерді Абайдың туыстары мен замандас жанашырлары әкеліп берген.

  • Мынау Абай сүйіп ойнаған тоғыз құмалақ тақтасы.

  • Қалта сағат, сия сауыты мен қанат қауырсыннан жасалған қаламы.

  • Құнанбайдың меккеден киіп келген тақиясы.

  • Мына күміс тоқым оның соңғы өмірінің куәсі.

  • Міне, тарихқа тұнып тұрған Жидебай өңірі ұлылардың есімін, өсиетін, халқымыздың болашағы үшін темірқазық етіп ұстап, ұлылар рухын аспандата берейік.

Абай еліне саяхатымыз аяқталды, енді мен сендермен топтық жұмыс жасаймыз. Екі ауылға бөлінеміз. Бір ауыл-Бекей, бір ауыл-Шекей аталады. Бұлай атау себебім Бекей Шүкіманның әкесі, ал Шекей сол кісінің інісі болған. Бұл жерде алғаш Абай өзінің сүйікті екінші әйелі Шүкіманмен кездескен екен. «Шүкіман аты сай емес, лайық емес, сондықтан аты Әйгерім болсын»,- деп Абай айтқан. Бұл тарихи орын менің ауылымның іргесінде. Сайысымызды бастамас бұрын мына сұрағыма жауап беріңіздер.

Абайдың сүйіп ойнаған ойыны қалай аталады? (тоғызқұмалақ).

Бағалау үшін бағалау парағын пайдаланамыз. Дұрыс жауап үшін тоғызқұмалақ тастарын таратамын, оны сендер бағалау парағына жабыстыруларың керек.


Сайыстың кезеңдері:


І кезеңі - «Білгенге маржан»
ІІ кезеңі - «Әуенін тап» деп аталады.

І. «Білгенге маржан» викториналық сұрақтар


  1. Абайға жеңгелерінің еркелетіп қойған аты (Телқара)

  2. Абай арзанға бағалаған ермек. (ойын)

Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат



  1. Абай өлеңдері ең алғаш кімнің атымен жарияланды (Көкбай)

  2. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті

Адамның қасиеті болып тұрған үшеуі не?

(ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек)



  1. Абайдың ақын шәкірттерін ата

(Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия)

  1. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінде

Атадан алтау, анадан нешеу? (4)

Жалғыздық көрер жерім жоқ – дейді



  1. Енді бізде «Поэзия минуты» өтеді. Әр топ Абайдың бір өлеңін жатқа оқу қажет.

  2. Бұл кімнің бейнесі. (Мұғалім бір образды сомдайды соны табу керек.)


ІІ. «Әуенін тап»

Бұл турда Абайдың 4 әуені жасырылады. Соны табу керек.

(Мына әндер жасырылады: «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем,Қаламқас», «Сегіз аяқ») Әнді тапқан топ әннің бір шумағын хормен орындау қажет.

Қортынды: Біз Абайдың қазақ даласының шамшырағы деп білеміз. Абай-тек қазақтың ғана емес, бүкіл шығыс халықтары мәдениетінің шамшырағы. Абай-халықты білімге, ғылымға, еңбекке көп үндеген ақын. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын»,- деп жаман әдеттен сақтандырған. Абай атамыздың тұжырымдауынша, әуелі құдайға сыйынып, сонан соң, өз қайратыңа сүйеніп, еңбек еткен адам нағыз азамат болып саналады.

Қайран Абай сендерсіз жесір өлең,


Құрметіңді кеш білсем кешіре гөр.
Ұлылығын тұлғаңның ұққан сайын,
Мен түскі көлеңкедей кішірейем.
Тыңдағандарыңызға рахмет!
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы. Абай орта мектебі,тарих пәні мұғалімі. Юсупова Галина Оқушылардың ғылыми жұмысын рәсімдеу
attachment -> Пәнінің мұғалімі Сейтқалиев Жұлдызбек Қаратайұлы. Пән аты: Информатика Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Кештің тақырыбы: Информатика әлемі
attachment -> С/тақырыбы: 5 сыныбында «Тарих әлемі» деген бөлімді қайталау
attachment -> Web-дизайн
attachment -> Математика,физика және информатика пәндер апталығы
attachment -> Жас маманмен жұмыс жүйесі
attachment -> Тақырыбы: «Үздік сынып жетекші -2016»

жүктеу 67,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
қойылатын жалпы
жұмыс істеу
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
денсаулық сақтау
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
арналған ортақ
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
конкурс қатысушыларына
Республикасы кіметінің
жалпы білім
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
мемлекеттік мекемесі
Республикасы білім
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
Конкурс ткізу
учебная программа
Рабочая учебная