Фашистік Германия



жүктеу 25,27 Kb.
Дата11.02.2024
өлшемі25,27 Kb.
#44979
Фашистік Германия


§23. Германия. Фашистік партия мен тоталитарлық режимнің орнауы
1. 1918 ж қазанның соңына қарайГерманиядағы жағдай шиеленісе түсті. *Киладағы кемешілердің көтерілісінен басталған революция бірнеше күннен кейін бүкіл Германияға таралды, барлық жерде жұмысшылар мен әскери депутаттардың кеңестері пайда бола бастады
2. 1918 ж 9 қарашадареволюция Берлинде жеңіске жетті, нәтижесінде:

  • ІІ Вильгельм кайзер қашып, монархия біржолата құлады;

  • Германия республика болып жарияланды;

  • Революцияның жетекшілігі Германияның социал-демократиялық партиясының (ГСДП) қолына тиді

3. Социал-демократтар үш ағымға бөлінді:

  • Ф. Эберт басқарған ГСДП

  • Орталық Тәуелсіз социал-демократиялық партия (ГТСДП)

  • К. Либкнехт пен Р. Люксембург басқарған «Спартак одағы» (ГТСДП-ның сол қанаты ретінде)

*Ф. Эберт басқарған көшбасшылар революциядан кейін алғашқы үкімет – Халық өкілдерінің кеңесін (ХӨК) құрды
4. Германиядағы қараша революциясының дамуының 2 жолы буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік сипат алуы; буржуазиялық республиканың тұрақтануы
5. «Спартак одағы» - билікті Кеңестерге беруді жақтады. *1918 жылы желтоқсанда олар Германияның Коммунистік партиясын құрды(ГКП); оның мақсаты – Герман Социалистік Республикасын құру мен өнеркәсіп және банктерді мемлекет меншігіне алу
6. 1918 жылы желтоқсандасоциал-демократтар Кеңестерді жою туралы шешім қабылдады. *Ф. Эберт үкіметі толық билікті жүзеге асыруға мандат алды
7. 1919 жылы қаңтарда Германия компартиясыберлиндік жұмысшылардың үкіметке қарсы жаппай қозғалысына белсенді қатысты.
8. 1919 жылы қаңтардаВеймарда Құрылтай жиналысы қабылдаған Конституция «Веймарлық» деген атқа ие болды
9. Революциялық көтерілістің шырқау шегі1919 жылы сәуірде Бавар Кеңестік Республикасының жариялануы. *бірақ бір айдан кейін социал-демократтардың «ерікті отрядтары» Бавариядағы кеңестік билікті жойды
10. Революцияның нәтижесі1919 жылы 11 тамызда Веймар Республикасы жарияланды. *Сонымен қатар:

  • Германияда монархия құлатылып, буржуазиялық-демократиялық республика құрылды.

  • Неміс азаматтары демократиялық құқықтар мен жалпыға ортақ сайлау құқықтарына ие болжы

  • 8 сағ-тық жұмыс күніне ие болды

11. Веймар Конституциясы бойыншазаң шығарушы қызметті әрбір 4 жыл сайын сайланатын рейхстаг атқарып отырды. *Саясаттың басқару қағидаларын анықтау рейхсканцлерге тапсырылды
12. Репарацияларды төлеу жөніндегі келіссөздерДауэс жоспарын қабылдаумен аяқталды. *Дауэс жоспары Германияның өндірістік мүмкіндіктерін қайта қалпына келтіруге септігін тигізді
13. Германдық буржуазияның экономикалық нығаюыелдің ішінде саяси реакцияның күшеюімен бір уақытта жүрді *жұмысшылар арасында беделі жоғары партия ГСДП болып қала берді
14. 1925-1927жылдарұлттық-социализмнің ұйымдық қалыптасу кезеңі болды. *Көптеген фашистік топтар 1925 жылы құрылған Адольф Гитлердің Ұлттық-социалистік жұмысшы партиясымен (НСДАП) бірікті.
15. 1922 жылы сәуірдеГермания мен РКФСР арасындағы дипломатиялық және экономикалық қатынастарды қалпына келтіруді қарастырған Рапалло келісімшартына қол қойды
16. Юнг жоспарырепарация мәселелерін біржолата шешіп, Рейн облысынан одақтастардың оккупациялық әскерлерін мерзімінен бұрын шығарудың алғышартын жасады
17. 1930 жылыГСДП басқарған «Үлкен коалиция» ыдырады.*Бұл жағдайда ірі капиталдың неғұрлым реакцияшыл бөлігі нацистік партияға үлкен үміт артты
18. Нацистердің ұраны«Версаль кісендері жойылсын!», Германияға колонияларды қайтаруды талап етті және «Ұлы Германия» құруға шақырды. *монополистік капиталдың көпшілік бөлігі фашистік диктатураның орнауына бейімделе бастады
19. 1925 жылдан бастап нацистер – фашистік партияның бұқаралық негізін қалыптастыра отырып, «рейхстаг үшін күресті» бастады. *Қоғамдық ойды партиялық кездесулер мен жиналыстар, алаулы шеру, спорт ойындары мен т.б. арқылы басқарып отырды
20. 1932 жылы қарашада кәсіпкерлер мен банкирлер – президент Гинденбургтен нацистердің көсеміне империяның канцлері лауазымын беруді сұрады. *1933 жылы 30 қаңтарда Гитлер канцлер болды және партиялық әрі мемлекеттік билікті қолына жинаған басшыға айналды
21. Гитлершілдерге билікті жаулап алуға көмектескен маңызды факторГерманиядағы барлық реакцияшыл күштердің партияға шектеусіз қаржылық және саяси қолдау көрсетуі болды.
22. Германияда фашистік диктатураның орнауынаамерикалық және ағылшын монополиялары да қолдау көрсетті. *бастапқы кезде олар Германияның әскери күш-қуатын қалпына келтіруге көмектесті және кейін Еуропадағы демократиялық күштерді басу мен Кеңес Одағына қарсы басқыншылық соғысты бастау мақсатында фашистік диктатураның орнауына көмектесті.
23. НСДАП-тың маңызды стратегиялық мақсатыпарламенттік демократия мен азаматтық бостандықтарды жою, негізгі партияларды тарату болды
24. 1933-1934 жылдарыфашистер барлық оппозициялық партиялар мен қозғалыстарды жойды; негізгі соққы коммунистер мен социал-демократтарға тиді; билікке келгеннен кейінгі 6 апта ішінде гитлерлік үкімет 18 мыңға жуық коммунистерді қамауға алды
25. Нацистік идеологияның маңызды белгілері – антисоциализм, пангерманизм, национализм мен шовинизм, нәсілшілдік, антисемитизм. *Олар немістердің нәсілдік артықшылығы теориясын алға тартып, Германияның басқа ұлттарды билеуге міндетті екендігіне дәлелдер келтіру арқылы шовинизмді өршітіп отырды
26. Жастардың идеологиялық тәрбиесін жүргізген ұйымдар:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет