4 сынып Ењбекке баулу



Дата21.11.2018
өлшемі55 Kb.
#22996
түріСабақ

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Приморье селосы

Ю.А.Гагарин атындағы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Байдаева Алтынай Асылбекқызы

Еңбекке баулу Күні: 19.02
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер. Тымақ тігу

.

Сабақтың мақсаты:



а) Білімділік: Оқушыларға ұлттық киімдер жайлы түсінік бе-

ру. Ұлттық киімдердің ерекшелігімен таныстыру.

Тымақты тігудің әдіс-тәсілімен таныстыру.

ә) Тәрбиелік: Ұлттық киімдерді атау және олардың ерекшелігі

жайлы айта отырып, оқушыларды ұлттық салт-

дәстүрді сақтай білуге тәрбиелеу. Тымақ тігуді

үйрету арқылы іскерлікке, шеберлікке баулу.



б) Дамытушылық: Сабақта суретпен, матамен жұмыс істеу арқылы

оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, есте

сақтау қабілетін арттыру. Ойын, қиялын дамыту.
Сабақ типі: Жаңа сабақ.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сарамандақ жұмыс, сұрақ-жауап, ой

қозғау, жазба жұмыстары.



Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі, бейнелеу өнері.

Сабақ көрнекілігі: Оқулық, суреттер, бұйымдар, сөзжұмбақ.
Сабақ барысы:

І. Қызығушылықты ояту:

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру.


т

а

қ

и

я







қ

ы

р

м

ы

з

ы

к

и

м

е

ш

е

к

қ

а

л

п

а

қ




қ

а

м

з

о

л







  1. Барқыттан немесе қамқадан тігілетін бас киім. (тақия)

  2. Бағалы мата түрі. (қырмызы)

  3. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі. (кимешек)

  4. Жұқа ақ киізден тігілетін бас киім. (қалпақ)

  5. Көйлек сыртынан киетін қазақ әйелдерінің ұлттық киімі. (қамзол).


ІІ. Мағынаны тану

а) Мұғалімнің түсіндірмесі:

Халқымыздың ұлттық киім үлгілері өте көп. Олар өзінің көз тартарлық әсемдігімен, ою-өрнегімен, сәнділігімен осы күнге дейін жоғары бағаланып, қадір-қасиеттерін жоймай келеді. Олардың кейбіреулерін күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін мереке-мейрамдарда, ойын-сауық, той думандарда киеді.

Ертедегі адамдардың киім-кешектері көбіне мал терісінен және қымбат, бағалы маталардан тігілген. Сонымен қатар ер адамдар мен әйел адамдардың бас киімдері де сәнділігімен, ерекшелігімен көз тартарлық етіп тігіп отырған. Солардың бірі-тымақ. Тымақты қыс мезгілінде киеді. Суық күндерде киетіндіктен, оны құндыз, суыр, түлкі, қасқыр және қозы, құлын, лақ елтірісінен тігеді. Тымақтың басқа ерлер бас киімінен ерекшелігі - ол төбе, маңдай, екі құлағы және артқы етегінен тұрады.Тымақтың төбесі үшкіл, төрт немесе алты сайдан , ал етек жағы тік төртбұрыш немесе алты бұрыш болып келеді.

Тымақтың іші терімен, сырты дүрия, пүліш, барқытпен тысталады. Бүгінгі сабақта біз тымақ тігуді үйренеміз. Ол үшін бізге қатты қағаз, бор, түсті мата, жасанды тері, қайшы, ине, жіп, сызғыш, қарындаш, бор керек.


ә) Практикалық жұмыс


Жұмыстың орындалу реті

Керекті заттар

Тымақтың негізгі бөлігінің төбесіне биіктігі 15 см, ені 9 см өлшемде қатырма қағаздан қалып үлгі дайындап алып (басы үшкілденіп келеді), матаның бетіне қойып түйреу (1-сурет),

Айналасын бормен сызу (2-сурет).



Қатырма қағаз, түйреуіш, мата, сызғыш.

Қалып үлгіні мата бетіне қойып, төрт мата бөлігін қиып алу (3-сурет)

Қайшы, бор, мата.

Тымақтың маңдайын жасау үшін биіктігі 4 см, ені 9 см болатын қалып үлгіні пайдаланып, матадан бір бөлік қиып алу.

Сызғыш, бор, қайшы, мата.

Тымақтың құлағы мен артқы етегін пішу үшін ұзындығы 27 см, биіктігі 8 см, етегі доғалдау келген қалып үлгіні мата бетіне қоямыз да, жан-жағын сызып, қиямыз.(4- сурет)

Қатырма қағаз, түйреуіш, мата, сызғыш, бор.

Дайын болған тымақ төбесінің бөліктерін теріс бетінен бір-біріне біріктіріп, көктеп тігу.

Ине, жіп, қайшы, мата.

Тымақтың етегі мен маңдайын төбесіне жалғап тігу.Жасанды терімен маңдайын әшекейлеу, көркемдеу.

Жасанды тері, ине, жіп.

Бауын таспадан дайындап, екі жақ құлағына тігу.

Таспа, ине, жіп.


б) Сергіту сәті.
в) Жұмбақтар шешу.

  1. Іші-егі,

Сырты-тегіс. (тон)


  1. Ортасы күмбез,

Іргесі тегіс-ті.

Күннен қорғайды,

Шыңдағы егісті. ( қалпақ)


  1. Дорбаға тығып бас бағын,

Байлай салдым қос жағын. (тымақ)


  1. Адамның сәні,

Онсыз жоқ мәні. (киім)

  1. Әжеме өң берген,

Жиегін көмкерген.

Етегі желкендей,

Киім еді ол нендей. (кимешек)

г).Топтастыру.



IІІ. Ой толғаныс.

Қазақ халқының ұлттық киімдері несімен ерекшеленеді?

Тымақ қандай бөліктерден тұрады?

Тымақ тігу үшін қандай аң немесе мал терісі пайдаланылады?



Тымақтың сырты қандай матамен тысталады?
ІV. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау