№4 Дәріс тақырыбы: Энергия алмасуы. Көмірсулар, липидтердің және белоктардың арнайы жолдармен ыдырауы.Үш карбон қышқылдарының циклі ҮКЦ



жүктеу 5,52 Mb.
бет1/5
Дата14.03.2023
өлшемі5,52 Mb.
#41778
  1   2   3   4   5
Биохимия 5-сабақ

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БИОХИМИЯ КАФЕДРАСЫ

  • ТАҚЫРЫП: ЭНЕРГИЯ АЛМАСУЫ. КӨМІРСУЛАР, ЛИПИДТЕРДІҢ ЖӘНЕ БЕЛОКТАРДЫҢ АРНАЙЫ ЖОЛДАРМЕН ЫДЫРАУЫ.ҮШ КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ЦИКЛІ (ҮКЦ).
  • Алматы, 2023

ЖОСПАРЫ:

  • Энергия алмасуы туралы түсінік.
  • Энергия алмасуының сатылары.
  • Үш карбон қышқылдарының циклі (Кребс циклі).
  • Биологиялық тотығу (БТ)
  • Тотығудан фосфорлану (ТФ)

ЭНЕРГИЯ АЛМАСУЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.

  • Тағамның құрамындағы күрделі ағзалық заттар ыдыраған кезде едәуір мөлшерде энергия бөлінеді. Ферменттердің қатысуымен күрделі ағзалық қосылыстардың ыдырауы кезінде энергия бөлінетін реакциялардың жиынтығы энергетикалық алмасу дейді. Энергетикалық алмасуды кейде диссимиляция (лат. dissimilis - бөліну) деп те атайды. Соңғы кезде катаболизм (гр. katabole - төменге карай құлдырау) сөзі жиірек қолданылады. Энергетикалық алмасу кезінде бөлінген энергияның 30%-ы қоршаған ортаға жылу күйінде таралады. 60-70%-ы жасушадағы митохондрияларда қор ретінде жиналады. Ағзаның жұмсаған энергиясының мөлшері белгілі бір уақыт аралығында бөлінген жылудың мөлшерімен есептеледі. Жұмсалған энергия джоульмен, калориямен өлшенеді. 1 ккал 4,19 кДж-ға тең. 1 калория дегеніміз — 1 грамм суды 1°С көтеруге қажетті жылу мөлшері. Энергияны өлшеу бірлігі - джоуль (Дж).
  • Энергетикалық алмасу кезіндегі ағзалық қосылыстардың ыдырауы тамақтың қорытылуы және тынысалу арқылы жүзеге асады. Тамақтың қорытылуы кезінде күрделі ағзалық қосылыстар қарапайым қосылыстарға дейін ыдырайды. Тынысалу кезінде қарапайым қосылыстар оттегінің қатысуымен тотығып, одан химиялық энергия бөлінеді. Бөлінген энергия дене температурасының тұрақтылығын сақтауға, бұлшыкеттердің жиырылуына, ішкі мүшелердің жұмысына жұмсалады. Энергетикалық алмасу кезінде ағзадағы барлық қимыл-әрекет, ой еңбегі және т.б. жұмыстар жүзеге асады. Сондықтан да ағза өзінің тіршілігін жалғастыру үшін оқтын-оқтын тамақтанып тұруы қажет. Ересек адамдар орташа есеппен тәулігіне 7117 кДж энергия жұмсайды. Олай болса, ағзаға тәулігіне 7117 кДж энергия бөлінетін құрамында ағзалық заттары бар тағам пайдаланылғаны дұрыс. Адамның энергия жұмсауы орындайтын жұмысына, көңіл күйіне, мамандығына және т.б. жағдайларға байланысты. 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін 1 кг дене салмағына тәулігіне орташа 210- 270 кДж энергия жұмсалады.

жүктеу 5,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
Қазақстан республикасы
туралы хабарландыру
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
Республикасының білім
бойынша оқыту
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
ткізу туралы
мемлекеттік қызметшілері
қойылатын жалпы
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
оқыту әдістемесі
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
бағдарламасының титулдық
мамандығына арналған
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
жұмыспен қамту
учебная программа
Рабочая учебная
мектепке дейінгі