6. 15 сұрақ (электрондық формат)



жүктеу 9,23 Kb.
Дата11.05.2021
өлшемі9,23 Kb.
#35309
6. 15 сұрақ (электрондық формат)
Ф-21 2, 1. Зертханалық жұмыс, stud.kz-18373, 28.09.2020ж. Асанова Айгерим, Ф-21(Физкультура)

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні бойынша тест сұрақтары
1. БЕКІТЕМІН деректемесі бекітіледі:

а) мекеме басшысы арқылы;

б) мекеменің қызметкері арқылы;

в) оқу бөлімінің меңгерушісі арқылы;

г) басшының орынбасары;

д) басшының шаруашылық жөніндегі орынбасары;
2. Кіріс құжатына тіркеу нөмірі:

а) тіркеуге алынған күні бір рет қана қойылады;

б) тіркеуге алынбай қойылады;

в) екі номер қатар қойылады;

г) құжат келіп түскен күннің ертесіне қойыладды;

д) тіркеу нөмірі қойылмайды;
3. Бақылау белгісінің құжатқа қойылу тәртібі:

а) «Бақылау» «Б» әріпімен белгіленеді;

б) «Құжат бақылауға алынады» деген сөзбен белгіленеді;

в) бақылау белгісі қойылмайды;

г) бақылау белгісі «Б алынған» деген сөзбен белгіленеді

д) бақылау белгісі арнайы штамп арқылы қойылады;
4. Қандай құжаттарда «Құжаттың жасалған жері және шығарылған күні» деректемесі міндетті түрде керекті болып саналады ма?

а) барлық құжаттарда;



б) барлық жалпы бланкіде жасалатын құжаттарда;

в) қызметтік хат бланкісінде;

г) тек қана бұйрықтарда;

д) есеп құжаттарында;


5. «Құжатты орындаушы» туралы белгі құжаттың қай жерінде орналасады?

а) құжаттың оң жақ жоғарғы жағында;

б) мәтіннің астында;

в) құжаттың соңғы бетіне немесе орын болмаса, сол жақ төменгі бұрышында;

г) құжаттың төменгі оң жақ жағында;

д) құжаттың төменгі сол жағында;
6. Құжаттың «Бекітемін» деректемесі қандай құжаттарға қойылады?

а) ұйымдастыру-құқықтық құжаттарға;

б) тек қана бекітілуге жататын құжаттарға;

в)қызметтік хат бланкісінде жасалған құжаттарға;

г) жалпы бланкіде жасалған құжаттарға;

д) анықтамаға;
7. Құжатқа «Қол жеткізуді шектеу» белгісі құжаттың қай жеріне қойылады?

а) құжаттың соңғы бетіне;

б) адресат пен құжатты бекіту грифі деректемелерің жоғарғы жағына, сол жақ бұрышына;

в) мәтін деректемесінен кейін;



г) адресат пен құжатты бекіту грифі деректемелерің жоғарғы жағына, оң жақ бұрышына;

д) құжаттың екінші бетіне қойылады;


8. Қазақстан Республикасының елтаңбасы қандай құжаттарға сәйкес бланкіде орналасады?

а) ұйымның Жарғысына сәйкес орналасады;

б) ұйымның ережесіне сәйкес орналасады;

в) ҚР мемлекеттік рәміздері туралы заңнамасына сәйкес;

г) ҚР мемлекеттік Қазақстан Республикасы тілдер заңнамасына сәйкес;

д) қызметтік екінші бетіне қойылады;
9. Ұйым басшының «Бұрыштама» деректемесі құжаттың қай жеріне қойылады?

а) құжаттың кез келген жеріне;

б) адресат пен құжатты бекіту грифі деректемелерінің жоғарғы жағына;

в) бірінші беттің бос орнына;

г) құжаттың бірінші бетінің оң жақ жоғарғы бұрышында;

д) құжаттың төменгі оң жағында;
10. Мәтін тақырыбы қандай болу керек?

а) бірнеше сөйлемдерден;



б) қысқа және сыйымды;

в) күрделі түрде;

г) бір ғана сөзден;

д) бір ғана сөйлемнен;


11. Құжатқа қанша адресат жазуға болады?

а) алты адресат;



б) төрт адресаттан аспауы керек;

в) сегіз адресаттан аспауы керек;

г) бес адресаттан аспауы керек;

д) 10 адресаттан тұрады;


12. Қызметтік құжаттар қағаздың қандай форматында орындалады?

а) А 2 форматты;

б) А 7 форматты;

в) А 5 форматты;



г) А 4 форматты;

д) А 3 форматты;


13. Хаттама қандай құжаттар тобына жатады?

а) ұйымдық құжаттар;

б) құрылтай құжаттар;

в) ақпараттық-анықтамалық құжаттар;

г) басқару құжаты;

д) еңбек қатынастарын құжаттау;
14. Орындаушы туралы белгіге кіреді:

а) фамилиясы;

б) телефон номері;

в) қолы;


г) фамилиясы, аты, телефон номері;

д) басшының фамилиясы;


15. А 4 форматындағы құжатта елтаңба қай жерде орналасады?

а) сол жағында;

в) оң жағында;

в) екі тілде жазылған мекеме атауының ортасында;

г) екі тілде жазылған мекеме атауының жоғарғы жағында;



д) екі тілде жазылған мекеме атауының төменгі жағында;
жүктеу 9,23 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет