2013 жылғы түлектердің жұмысқа орналасу нәтижесі жөнінде Анықтама



жүктеу 28,89 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі28,89 Kb.
#4498

2013 жылғы түлектердің жұмысқа орналасу нәтижесі жөнінде

Анықтама
Ректордың 27.09.2013 жылдың №013-741 бұйрығына сәйкес жұмыспен қамту мәселесі бойынша мансап орталығының жұмысын тексеру үшін А.Б.Ниязбекова, З.Ж.Мүтиев, Ж.К Тастаевадан тұратын комиссия құрылған болатын.

Комиссия мүшелері төмендегідей жұмыстарды тексерді:



  1. Жұмыспен қамту мәселесі және сараманды ұйымдастыру бөлімінің ережесі, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулығы;

  2. Педагогикалық және педагогикалық емес мамандықтар үшін сараман базасының келісімшарттары;

  3. Бөлімнің жұмыс жоспары;

  4. Бөлімнің жылдық есебі;

  5. Университет түлектерінің жұмысқа орналасу есебі.

Жоғарыда аталған құжаттар мансап орталығында бар.

2012-2013 оқу жылында университетті 624 студент тәмамдады: соның ішінде 314-і – педагогикалық мамандық бойынша, ал 310 студент педагогикалық емес мамандық бойынша.

Бітіруші түлектер мамандықтар бағыты бойынша жұмысқа орналасуы төмендегідей: түлектердің - 50,2%-ы «Білім» бағытында, 14,1%-ы – «Әлеуметтік ғылым және бизнес» бағытын, «Гуманитарлық ғылымдар» - 6,3%-ы, «Өнер», «Құқық»- 15,2%, «Жаратылыстану ғылымдары» - 5,2%, «Қызмет көрсету», «Техникалық ғылым және технология» - 6,6%.

2012-2013 оқу жылының қорытындысы бойынша 492 түлек немесе 79 %-ы жұмысқа орналасты, соның ішінде 45%-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша, ал 55% - ақылы негізде білім алған болатын. Педагогикалық мамандықтар бойынша – 314 адам бітірді, соның 263-(84%) і – жұмыспен қамтылды, олардың - 205 (70,09%) мемелекеттік тапсырыс бойынша, ал 66 (29,9 %) ақылы негізде білім алды. Педагогикалық емес мамандықтар бойынша – 311 түлек оқуын аяқтады, соның 229 (74%) жұмысқа орналасты. Мансап орталығымен университет түлектерін жұмыспен қамту бағытында облыс көлемінде педагогикалық және педагогикалық емес мамандықтардағы жас мамандар қажет жұмыс орындарын іздеу бағыты; студент-түлекке көмек ретінде жұмысқа орналасу заңдылығының негізі, мамандардың жұмысқа орналасу жөніндегі ҚР Үкіметінің қаулылары және өз бетімен жұмысқа орналасу жөнінде ақпарат көздері жинақталып, жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету, бос орындар жөнінде ақпарат беру, бос орын лауазымдары байқауы; түлектердің республикалық жас мамандарды жұмыспен қамту орталығының сайтымен таныстыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп отырады;

Дәстүрлі түрде бітіруші курс студенттері, облыс және қала бойынша ұйым және мекеме өкілдерінің қатысуымен «Мансап күні» өткізіледі, мұнда студенттер жұмыс берушілердің негізгі жұмыс талабымен таныса отырып, қызығушылық танытқан ұйым өкіліне түйіндемесімен бара алады. Түлектерді дербес түрде жұмысқа орналастыру Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының білім және мәдениет бөлімдері, Орал қаласының білім және мәдениет бөлімдерінің қатысуымен жүргізіледі.
Ескерту:


  1. Мансап орталығының және кафедралардың жұмыспен қамту жөніндегі жұмыстарын жинақтап, орталық өкілдерінің қатысуымен кураторлық сағаттар өткізу;

  2. Мансап орталығы мен кафедралар арасында жұмысқа орналасқан түлектермен өзара қарым-қатынас жасау механизмі жеткілікті түрде жүргізілмеген.

Ұсыныстар:



  1. Педагогикалық емес мамандықтардың болашақта жұмысқа орналасуына бағытталған шаралар санын көбейту;

  2. Түлектердің жұмысқа орналасуына көмектесетін ақпараттық-консалтингтік жұмыс жүргізу үшін әдістемелік құралдар даярлау; студенттерді жұмыс іздеу әдісіне үйрету, олардың еңбек нарығына үйренісіп кетуі үшін психологиялық дайындық жүргізу; жұмысқа орналасу жөнінде студенттерге құқықтық кеңес беру;

  3. Жұмыспен қамту жөнінде қалған негізгі сәттерді (бос орын, ұсыныстар, байқаулар) университеттің «Өркен» газетінде, сонымен қатар университет түлектеріне арналған стендтерде көрсетіп отыру қажет.

  4. Бітіруші түлектер арасында олардың тілектердің ескере отырып, жұмыспен қамту жөніндегі сұрақтар бойынша сауалнама жүргізу.

  5. Жұмыспен қамту жөніндегі есепті мүмкіндік болса, қазан айында емес, қараша (желтоқсан) айында тыңдау.



Комиссия төрағасы А.Б.Ниязбекова
Комиссия мүшелері: Ж.К.Тастаева

З.Ж.Мутиев
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Ағылшын тілінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың РӨЛІ
dmdocuments -> Ағылшын тілі пәнін интерактивті тақтада өткізудің тиімділігі р. Б. Сариева
dmdocuments -> А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)
dmdocuments -> Оқу -әдістемелік кешен
dmdocuments -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
dmdocuments -> Факультетінің деканы
dmdocuments -> Бүгін БҚму құрамында 7 факультет, 24 кафедра, ғылыми орталықтар, it орталығы, лабораториялар бар
dmdocuments -> Кдр (IV курс) Вопросы: Вопрос №1

жүктеу 28,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
денсаулық сақтау
жұмыс істеу
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
жалпы біліктілік
қағидаларын бекіту
қатысушыларға қойылатын
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
оқыту әдістемесі
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
учебная программа
Бастауыш сынып