Зәуреш Асылбекова Дуальды оқытудың



Дата15.02.2020
өлшемі44 Kb.
#29161

Зәуреш Асылбекова
Дуальды оқытудың
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында: "Озық индустриялы елдер - Германияда, Ұлыбританияда, АҚШ, Оңтүстік Кореяда жұмысшы кадрларды даярлаудың дуальдық жүйесі өзін жақсы жағынан көрсетті. Осы жүйе бойынша кәсіптік мектеп оқушылары бір мезгілде өндірісте тағылымгер болып табылады. Даярлаудың осындай жүйесін Қазақстанда да кеңінен енгізу қажет. Бұл біздің жаңа индустрияландыру үшін кадрларды даярлауды жаңғыртуымызға жағдай жасайды", - деп атап көрсетіп, осыдан алты жыл бұрын дуальды кәсіби білім беруді дамытудың маңызына көңіл аудартқан еді. Еліміздің өзге өңірлеріндегідей, біздің облысымыздың кәсіптік-техникалық білім беру және жоғары оқу саласында бұл әдіс кеңінен қолданылып келеді.

Германия, Дания сияқты Еуропаның бірқатар елдерінде техникалық және кәсіптік білім алудың үш жолы бар. Болашақ кәсібін таңдаған азаматтар оқуға түскен алғашқы күннен бастап келісім шарт арқылы кәсіпорындарға тағылымгер ретінде жұмысқа түрып, табыс таба бастайды. Оқуын бітірген соң, олардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары болады. Бұдан басқа кәсіптік білім алудың аралас жолы кәсіпорындармен келісімшартқа отыра алмаған оқушыларға арналған. Олар оқу орнынан алған негізгі базалық білімімен ғана уйренуші болып кәсіпорынға келе алады. Кәсіпорындармен келісім-шарттар ала алмағандар барлық теория мен тәжірибені арнайы кәсіптік білім беру мекемесінде үй-ренеді. Мұндай жолмен оқыған оқушылардың оқу шығынын мемлекет өтейді, сондықтан бұл кәсіп меңгерудің қымбат жолы саналады. Сәйкесінше, бүл елдерде кадрлар даярлаудың бірінші және екінші жолдары кең тараған. Дуальды деп аталатын бұл жүйе бойынша аталған елдер жастарының 50 пайызы білім алады екен.

Елімізде теориялық білімді тәжірибемен бекітуге мүмкіндік беретін оқыту тәсілі бұрыннан бар. Алайда, ескіліюі жолдан қалған тәжірибелік сабақтар арнайы берілген уақыттарда ғана, мәселен, жылына бір-екі рет жүргізілетін. Дуальды оқытудың негізгі артықшылығы - оқыту үдерісінің болашақ жұмысы орнындағы міндетіне бірден кірісіп, талаптарын орындауға, яғни, әу бастан теория мен тәжірибені ұштастыра отырып білім алуға жол ашатындығында. Елімізде кәсіптік білім алғандардың жұмысқа орналасу дең-гейін арттыру мәселесі талай уақыттан бері өзекті болып қалуда. Жағдайды түзету үшін қолға алынған шаралардың бірі жұмыс беруші кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестікті нығайту болды. Қазіргі кезде кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік оқу орындары, жұмыс берушілер мен жергілікті атқарушы билік, еңбекпен қамту қызметтері сынды жастардың заманға сай кәсіби қалыптасу, еңбек нарығын игеру үдерістеріне қатысушы барлық тараптардың мүдделерін жүзеге асыру ға бағытталған. 2016 жылы Білім және ғылым министрі дуальды оқытуды ұйымдастырудың ережелерін бекітті. Онда кадрларды даярлауда білім беру мекемесі мен кәсіпорынға және оқушыға бірдей жауапкершілік жүктелетіні көрсетілген.

Өңірімізде дуальды оқыту жүйесін табысты жүзеге асырып келе жатқан кәсіптік білім беру мекемелерінің бірі - Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі. Үстіміздегі оқу жылында оның 200-ден астам студенті дуальды оқытуға қабылданып отыр. Колледж облыс пен оның орталығындағы 25 кәсіпорынмен әлеуметтік әріптестік келісімшартын жасасқан.

- Біздің жастар бірінші курстан бастап "Основание", "Севимсталькон", "Лира", "Пилон", "ЛМК-5" сияқты құрылыс компанияларында және облыстың рестораторлары мен отельерлері қауымдастығына енетін 13 мекемеде тәжірибелік оқудан өтуде. 179 бала еңбекақы алады. Студент үшін 25-30 мың теңге көлеміндегі табыс, меніңше, жаман емес. Бастысы, олар өндіріс орнында түрлі жаңа технологияларды меңгеріп, мол тәжірибе жинақтайды және кейін жұмыс орнын іздеуде де қиналмайды, -дейді колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орын басары ҚуатТәжібаев.

Қуат Ережепұлының айтуынша, әріптес кәсіпорындардың бірқатары өздерінің талаптарына сай білім алып, көңілдерінен шыққан жастарды бірден жұмысқа қабылдап алады. Сейтіп, былтырғы түлектерінің дені өздерінің тырысып бағуының арқасында оқу бітірісімен жұмысқа кірісіп кеткен. Қолға алса, дуальды оқытудың кәсіп-орындар үшін де тиімді жақтары көп. Мәселен, "Севказэнерго", "Основание" компаниялары өздерінде тәжірибелік білім алған еңбекқор, талапты жастарды жұмысқа қалдырудың арқасында сырттан маман іздеп, тағылымдамадан өткізуді шекгеп келеді.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Ирина Торопова дуальды оқытудың жол картасының арқасында соңғы үш жылда жастарды өз қанатына алушы кәсіпорындар саны екі есеге үлғайғанын айтады. Бүгінде палата колледж - кәсіпорын - студент арасындағы типтік келісімшартты тіркеу ісімен, сонымен қатар жаңа ашылған кәсіпорындарға дуальды оқыту жүйесіне қатысуды үсыну-мен айналысып қана қоймай, кәсіпорындардағы тәлімгерлер үшін оқыту курстарын да өткізеді. Мәселен, мұндағы мамандар "Севказ- энерго" АҚ-ның 50 қызметкері үшін екі күндік оқыту курсын ұйымдастырып, дуальды білім берудің қыр-сырын үйреткен Жыл соңына де-йін мүндай курстарға машина жа-сау, құрылыс, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, қызмет көрсету саласы мекемелерінің мамандары көптеп тартылмақшы. Әлеуметтік әріптестікке қаншалықты риза болғанмен, жергілікті кәсіптік-техникалық білім беру орындарының кәсіпорындарға айтар өтініштері бар. Олар студенттерге еңбекақысын төлемесе де, ыстық тағамы мен тегін жол жүруін ұйымдастырып, жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасап, әлеуметтік жауапкершілігін орындаса дейді. Дуальды білім беруді ұйымдастыру ережесінде бекітілген талаптарды бұлжытпай орындап жүрген кәсіпорындар жоқ емес. Мәселен, "Основание" құрылыс компаниясына қабылданған студенттер еңбек жағдайына көңілдері толып, жалақыга риза екендерін айтады. "Мұнаймаш", "ПАМЖЗ" АҚ-лары мен облыстық "Қазтелерадиоха-барлау" филиалы болса, студенттер үшін арнайы оқу кабинеттерін ашқан. Әрине, қалалық жерде тәжірибелік білім алушыларға қарағанда, ауылдардағы шаруашылықтар мен кәсіпорындарда жүрген тағылымгер студенттерге көбірек демеу қажет екендігі түсінікті.

Өйткені, жас мамандардың ауылды жердегі жұмысты таңдауына алғашқы алған әсерлерінің көп рөл атқарары сөзсіз.

Дуальды оқыту бағдарламасын еліміздің білім беру жүйесінде сынап көру мәселесі, жоғарыда айтқандай, 2012 жылдан бастап көтеріле бастады. Бүгіндері дуальды оқытуды республика бойынша техникалық және ауыл шаруашылығы бағытындағы 500-ге

жуық колледж жүргізеді. Бағдарламаға екі жарым мыңға жуық кәсіпорың 30 мыңға тарта студент қатысады. Ал өңіріміз бойынша 19 колледж бен 2 мыңға жуық студент және 166 кәсіпорын 21 мамандық түрінен дуальды оқыту жүйесінің қатысушысы саналуда. Облыс-тық білім басқармасы берген мәліметке сүйенсек, өткен оқу жылында 711 адам дуальды оқыту бойынша білім алып, солардың 531 -і немесе 75 пайызы қалаған жұмыс орындарына барған. Өзінің тиімділігін көрсетіп келетін дуальды оқыту практикасына жоғары оқу орындары да бет бұра бастады. Мәселен, бүгіндері газетіміздің редакциясында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің журналистика бөлімінің студенттері тәжірибе жинақтауда. Арасында, талапты жастар аз емес. Редакцияда олардың мүмкіндіктерін ашып, оқу орнын дайын кадр ретінде аяқтап шығуына үлес қоса алатындай білікті мамандар да, техникалық жағдай да бар. Сондықтан жастар мұнда зор ықыласпен келуде.



- Оқуын аяқтаса да, көпшілік жастар жүмыс беруші талабына сай келмей, қалаған орнынан қағылып жатады. Жастардың білім алуына қаражат жұмсаған мемлекетке олардың жұмыссыздық мәселесімен айналысуына тура келеді. Ал апта сайын белгілі бір уақытта оқу орнында теориялық білім алып, қалған уақытын кәсіпорында жұмыс істеуге арнаған жастың мамандық бойынша еңбек етуге білімі жетпей немесе жұмыссыз қалуы екіталай. Өйткені, дуальды оқыту теорияны іс жүзінде қолдана алмау мәселесін жоя алады, - дейді СҚМУ-дің журналистика кафедрасының оқытушысы Гүлгүл Төлешова.

// Солтүстік Қазақстан.- 2018.- 22 қараша.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау