Сұраныс және сараптау. Қолыңызда ГАЖ технологиясы және географиялық деректеріңіз болса, онда төменгідей карапайым сұрақтарға жауап бере аласыз. Мынау не? Егер бұл нысан болса, олар бірінен бірі қандай қашықтықта орналасқан? Бұл кай ауданға жатады? Бұлардан басқада күрделі сұрақтар мен сараптамаларға жауап беруге болады (Үй салуға орын барма? Жаңа жол салынса, ол көліктердің жүру қабілеттілігіне және экология мәселесіне қалай әсер етеді?).
Визуализация (бейнелеу). ГАЖ-дың соңғы нәтижесі, бұл деректерді карта немесе график түрінде көрсету. Географиялық деректерді сақтау және көрсетудегі өнімді әдістерінің бірі — карта. Бұрынғы уақытта картаны көптеген жылға жасайтын. Бүгінде, ГАЖ технологиясын пайдаланьш, оған қосымша графиктермен, кестелермен, үш өлшемді бейнелеулермен, т.б. деректермен толықтыруға мүмкіншілік алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |