Зерттеу жұмысының мақсаты: Туған жердің байлығын пайдалану, жергілікті жерде өсетін жеміс – жидек өсімдіктерді білу, өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеп білуге үйрену. Зерттеу жұмысының мәні: Жеміс – жидектерді түр – түрге бөлінетіндігін, қолдануын, әртүрлі ауру – сырқатқа пайдалану түрлерін әр өсімдіктің өзіндік ерекшелігін анықтау. Зерттеу жұмысының жаңалығы: Жергілікті жердегі жеміс – жидекті көбейту, өсіру жағдайына сипаттама беру. Олардың медицинада, тамақта қолданылуын түсіндіру. - Жоспары:
- І.Кіріспе.
- ІІ.Негізгі бөлім.
- 1. Мүкжидек оның түрлері мен пайдасы
- 2. Мүкжидекті өсіру жағдайы.
- 3.Мүкжидектен алынатын заттар.
- 4.Пайдалы кеңестер.
- ІІІ.Қорытынды.
- ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
-
- Кіріспе
- Мамыр, маусым айларында мүкжидек гүлдейді, гүлінің түсі ақшыл – сары, ортасы қара болып келеді. Жапырақтары жалпақ, сабақтары нәзік болады. Бойы 75 – 90 см жетеді. Бір түпте 70 – 90 – ға дейін жеміс салады. Гүлінен түйін пайда болып , ол тамыз айының 15 – теріне дейін піседі. Піскен жемістің жасыл қабығы сарғайып жемісі жерге түседі. Мүкжидекті теріп алып қызыл қабықшадан аршу қажет. 10 – 15 күн аралығында піскен жемістерді теріп алып отыру қажет. Мүкжидек күздің соңғы айларында дейін шетінен гүлдеп, пісе береді. Мүкжидек ішінде 27 – 30 - ға дейін дәні болады. Оны жуып кептіріп келесі жылға егуге болады. Биылғы мүкжидек егілген жерге келесі жылы дәнін сеуіп егудің қажеті жоқ. Келесі жылы көктемде сол жерді қайта аударып, тыңайтқыш сеуіп тырмалау керек. Жер қызған кезде мүкжидек өте көп мөлшерде шығады. Сондықтан ол көп жылдық өсімдіктер қатарына жатады.
- 1. Мүкжидектің пайдасы
- Өсімдіктерді зерттеу барысында мен мүкжидек өсу жағдайына қарай, жидек болып саналады. Одан алғанөнімдерден тосап, сусын ретінде ас мәзіріне пайдаланады. Піскен жемісті аршып, жуып күнделікті жеуге болады. Оның түсі қызыл, шырынды, тәтті. Денсаулыққа өте пайдалы.
- 2. Мүкжидекті өсіру жағдайы
- Сәуір айының соңына қарай жерді аударып, дайындайды. Жерді 25 – 30 см тереңдігімен аударып, органикалық тыңайтқышты (көң) қосып, тырмалап, мүкжидек дәні себіледі.
- Мамыр айының ортасында мүкжидек егілген жерді суғару керек. Бірінші суғарған кезде шыққан мүкжидектің ара қашықтығын 20 – 25 см қалдырып, түбін қопсыту керек.
-
- 3. Мүкжидектен алынатын заттар.
- Мүкжидек – Солтүстік жарты шардың батпақтарында төселе өсетін мәңгі жасыл бұталардың жемісі.
- Мүкжидек - сергітуші қасиетімен ерекшеленеді, асқазан және ішек жұмысын жақсартады. Мүкжидек шырыны ыстықты жақсы түсіреді. Сондықтан оны тұмау тигенде және жоғары температурада ішу ұсынылады.
-
- “Juicy” аязды мүкжидек шырыны – шөлді тамаша қандырады, сергітуші әсер береді, қуатты антиоксидант болып табылады, клеткалардың қартаюынан сақтайды, ағзаның ақыл – ой және физикалық белсенділігін жоғарылатады.
- “Juicy” нағыз табиғи мүкжидек шырынында табиғаттың бізге берген сыйының ішіндегі ең үздіктерін – ең нәрлі және хош иісті жаңа піскен жемістердің үйлесімі бар. Шырынның құрамында консерванттар, бояғыштар және жасанды хош иістендіргіштер жоқ, ол толығымен табиғи шикізаттан жасалған.
- “Juicy” аязды мүкжидек шырыны - дәмінің кең ассортименті шырындар мен шырын микстерін жақсы көретіндердің ең талғампазының да татымын қанағаттандыруға қабілетті, көлемі 1л, 2л.
- Қазақстан рыногында 1998 жылдан бері көш бастап келе жатқан “Juicy” ТМД елдерін де жаулап алуда. Қазақ Тағам Академиясы ұсынған және мақұлдаған.
-
- Мүкжидек қосылған 100г өнімде:
- 3,6 г белок
- 18,7 г май
- 29,6 г көмірсу бар.
- Энергетикалық құндылығы: 303 ккал.
- Құрамы: Мүкжидек (жеміс қағы), қант, өсімдік майы, какао ұнтағы, жалтыратқыш - капол,; эмульгаторлар: соя лецитині, хош иістендіргіші; ( 8 – 24) 0 С – дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек. Сақтау мерзімі: 6 ай.
- Каушед – мүкжидек дәні жасартатын бетке арналған май – 30 ml /10z
- Өнім сипаты:
- Құрғақ теріге арналған жасартатын бет күтімі.
- Омега 3,4 және 6 май қышқылына бай мүкжидек дәнінің майы мен күшті антиоксиданттардан тұрады.
- Теріні қатайту және реңктендіру барысында терең ылғалдылық жеткізеді.
- Қартаюға қарсы раушан абсолют майы және нераш эфир майымен байытылған.
- Тегіс және жас көрінетін келбет ашады.
- Парабен, петрохимия, күкірт немесе синтетикалық бояғыштар қосылмаған.
- 4. Пайдалы кеңестер.
- Тұрмыста жеміс – жидек, көкөністерді жуу арқылы ластан, адам ағзасына зиянды микроорганизмдерден құтыла аласың. Саяжайда өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Сенбесеңіз, сол жемісті шағын ыдыста аздаған сумен жуып, оны микроскоппен қарап көіріңіз, ішінен адамның іш ауруын да, басқа да сырқаттарды туғызатын құж – құж қаптап жатқан құрттарды (микробатрды) көресіз.
- Шіріген жері бар жемісті жемеу.
- Жемістің дәрумендерін сақтап қалу үшін оны тот баспайтын пышақпен кеседі.
- Шіріген түгілі, сол дақ түскен жемісті жеуге болмайды. Өйткені, кішкене бұзылса болғаны, кез – келген бақша дақылының өнбойында митоксин деп аталатын улы зат түзеді. Ал ол бауырды, жүректі зақымдайды, қатерлі ісікке себеп.
- Қорытынды:
- Зерттеу жұмысы барысында бұл мүкжидектің өнімі мол болатынын білдім. Тосап дайындау кезінде жидектің қант құрамы көп екендігін байқап, тәттіні үнемдеуге болады. 3 кг мүкжидекке 1 кг қант қосып су қоспай қайнатуға болады. Ұзындығы 6 м, ені 5 м жидек егілген жерден жылына 50 – 60 л тосап жасап және сусын жасауға болады. Жеміс берген кезден бастап, күздің соңғы айына дейін өнім беретін ерекшелігі бар. Мүкжидекте аскорбин қышқылы, флавоноидты заттар, гликозиттер, пектиндер, микроэлементтер бар. Мүкжидекті көбінесе бүйрек, зәр жолдары және қуық ауырғанда, гастрит, панкреатиттің алдын алу кезінде пайдаланған дұрыс.
- Пайдаланылған әдебиеттер:
- Әбілев Д. “Өсімдіктер тіршілігінің кейбір сырлары”. «Мектеп»
- Алматы-1978ж
- 2. П.С. Массагетов «Өсімдік әлеміне саяхат».
- 3. Қазақстанның өсімдіктер әлемі.
- 4. Интернет материалдары.
Достарыңызбен бөлісу: |