Зертханалық зерттеулерге қақырықты алу


Қақырықтың келесі негізгі түрлері ажыратылады



жүктеу 26,18 Kb.
бет3/5
Дата12.05.2020
өлшемі26,18 Kb.
#30349
1   2   3   4   5
Какырыкты зерттеу адистери

Қақырықтың келесі негізгі түрлері ажыратылады:

- шырышты – таза күйінде сирек кездеседі, жартылай көпіршікті; тыныс жолдарының катаральді қабынуына тән;

- серозды – мөлдір емес, көбікті, сұйық; жиі эритроциттердің көптігінен алқызыл; өкпе ісінуіне тән;

- іріңді - қою, мөлдір емес, сарғыш-жасыл түсті; өкпе қуысын бронх арқылы босатуда байқалады.

Бұдан басқа әр түрлі комбинациясы болуы мүмкін, мысалы: шырышты-іріңді, серозды-шырышты және т.с.с. Терминология ережелеріне сәйкес, басымкомпонент екінші орынға қойылады. Бұл іріңді-шырышты қақырықта іріңді компоненттің болуын көрсетеді.

Қақырықтың түсі басым компонентімен немесе қоспалармен анықталады.Іріңді қақырық сарғыш-жасыл түсті, серозды немесе шырышты - бұлынғыр ақ түсті. Қызыл түсті қақырық құрамында қан түйіршіктері болады (қан түкіру). «Татты» қақырық крупозды пневмонияға, ал «таңқурай желесіндей» қақырық Фридлендеров пневмониясына тән. Өкпеден қан кетудің негізгі ерекшелігі қақырықтың көпіршікті болуында. Қара қақырық антрококониозда (көмір шаңын жұтқанда) байқалады. Өт түстес қақырық өкпе ауруы сары аурумен ұштасқанда байқалады.

Жаңа түскен қақырықта иіс болмайды, бірақ, жылы жерде ұзақ уақыт аузы ашық ыдыста болса, иісі пайда болады. Жаңа түскен қақырықтың басқа жағынан қарағанда, иісі болуы да мүмкін: қабынған іріңді болса, ол анаэробты флораның болуына және өкпе тінінің бұзылуына (өкпе абсцессі немесе гангрена, бронхоэктаз, бронхтар арқылы шыққан іріңді плеврит) алып келеді.

Әдетте қақырық ұзақ уақыт тұндырғанда, тұнбаға айналмайтын гомогенді субстрат болып табылады. Тек кейбір ауруларда (бронхоэктаздар, өкпе абсцесі) ол 3 қабатқа бөлінеді: жоғарғы қабаты – ауалы қақырық бөлігі, ортаңғы қабаты - серозды сұйықтық, төменгі қабаты – ауыр ірің мен детрит, бұл өкпе тінінің бұзылуы кезінде пайда болады. Ісіну кезіндегі жеңіл қақырықтың 2 қабаты бар: жоғарғы (көбікті) және төменгі (сулы)



Қақырықтың формалық элементтері микроскопиялық тексерістермен анықталады:

- Лейкоциттернейтрофилдерге негізделген, олардың көлемі аурудың этиологиясына және спецификасына байланысты болып келеді. Іріңді қақырықта көп мөлшерде лейкоциттер болады. Эозинофильдер бронхиалды демікпе ұстамасы кезіндегі қақырықта болады;

- Эритроциттер қан түкіру кезінде анықталады;

- Эпителиалды жасушалар әр түрлі болып келеді (жалпақ — жоғарғы тыныс жолдарынан, цилиндрлі-трахея мен бронхтардан, альвеолярлы-өкпе паренхимасынан);

- Макрофагтарқұрамында әр түрлі қоспалар болады - көмір қалдықтары немесе бөгде шаң қалдықтары, гемосидерин (жүрек ақауларының жасушалары немесе кіші қан айналымындағы ұзақ уақыт қан іркілуінен болатын сидерофагтар);

- Эластикалық талшықтар өкпе тінінің бұзылуын сипаттайды (туберкулезді каверна, банальді абсцесс, өкпе гангренасы);

- Атипті клеткалар өкпенің қатерлі ісігінде байқалады;

- Куршман спиральдары бронхтық обструкцияда кездесетін эозинофильді шырыштан тұратын спиральдар;

- Шарко-Лейден кристалдарыаллергоздарда кездесетін эозинофильдердің деградациясының туындысы;

- Май қышқылдарының кристалдары өкпе тінінің бұзылуы кезіндегі іріңді қақырықта болады;

- Эхинококк фрагменттері (сколекс, жарғақтар) өкпе эхинокогының бронхтарды тесіп шығуынан болады;

- Актиномицеттер друзалары өкпе актиномикозында байқалады.

Бұдан басқа, қақырықты микроскоппен зерттегенде әр түрлі микрофлоралар, соның ішінде туберкулез микобактериялары (Кох таяқшалары) табылады.

Өкпенің кейбір ауруларында қақырықтың диагностикалық маңызы бар:

- Өкпе абсцесі: іріңді қақырық тұндырғанда 3 қабатқа бөлінеді. Микроскопияда эластикалық талшықтар, май қышқылының кристалдары, көп мөлшерде бактериялар анықталады;

- Өкпенің ісінуі: көбікті түссіз немесе қызғылт қақырықтың болуымен сипатталады. Тұндырғанда 2 қабат түзеді;

- Бронхиалды демікпе: қақырықта Куршман спиральдары, эозинофильдер және Шарко-Лейден кристалдары болады;

- Крупозды пневмония: тат түстес қақырықтың бөлінуімен сипатталады. Фибрин талшықтарының көп болуынан өте жабысқақ консистенциялы болады. Микроскопияда пневмококктар анықталады




жүктеу 26,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау