Жұмыстың тақырыбы:Microsoft Office Access-те екі кестеден тұратын МҚ-на сұраныс құру
Жұмыстың мақсаты:
Microsoft Office Access мәліметтер қорында күрделі МҚ-на конструктордың көмегімен сұраныс құруды үйрену.
Жұмыстың мазмұны:
Конструктордың көмегімен сұраныс құру үшін Құру=> =>Cұраныс конструкторы (Создание=>Конструктор запросов) батырмасына басамыз. ЭкрандаКесте қосу (Добавление таблицы) сұқбат терезесі пайда болады (1-сурет).
1-сурет. Конструктордың көмегімен сұраныс құру
Осы сұқбат терезедегі Балл және Студенттер кестелерін ерекшелеп, Қосу (Добавить), содан кейінЖабу (Закрыть)батырмаларына басамыз.Сұраныс1 (Запрос1) терезесінде байланыс орнатылған екі кесте пайда болады. 1 және 2 семестрдегі бағалары бар студенттер тізімін шығаратын сұраныс құрайық. Ол үшін керек өрістерді тышқанның сол жақ батырмасымен басып тұрып, терезенің төменгі жағындағыӨріс1 (Поле1)өрісіне тартып әкелеміз (2-сурет).
2-сурет.
Лентадағы Сұраныспен жұмыс=>Конструктор=>Орындау (Работа с запросами=>Конструктор=> Выполнить) батырмасына басамыз (3-сурет).
3-сурет. Сұраныспен жұмыс істеуге арналған құралдар
Экранда 4-суреттегі қарапайм сұраныс пайда болады.
4-сурет. Қарапайым сұраныс
Сұранысты Үлгеріматымен сақтаймыз.
Енді параметрлі сұраныс құруды қарастырайық. Параметрлі сұраныс дегеніміз белгілі бір шарт бойынша кестедегі мәліметтерді іріктеп алу. 1 семестрде 5 және 4-пен оқитын студенттердің тімізін шығаратын сұраныс құрайық. Ол үшін жоғарыда құрылған Үлгерім сұранысындағы қадамдарды қайталаймыз. 1 семестр бағанасындағы Іріктеу шарты (Условие отбора)өрісіне 4 or 5 шартын енгіземіз (5-сурет).
5-сурет. 4 пен 5-ке оқитын студенттердің тізімі
Лентадағы батырмасына басамыз. Нәтижеде 6-суреттегі терезе пайда болады. Сұранысты Бес_пен_төрт деп сақтаймыз.
6-сурет. Сұранысты кесте режимінде көру
Фамилиясы Аәрпінен басталатын сұраныс құрайық. Конструктордың көмегіменҮлгерімсұраныс құрғандай қадамдарды орындаймыз.ФамилиябағанасыныңІріктеу шарты (Условие отбора)өрісінеА* шартын енгіземіз (7-сурет).
7-сурет. Фамилиясы А әрпінен басталатын студенттердің тізімін құруға арналған сұраныс
Сұранысты А_фамилияатымен сақтаңыз. Сұранысты орындаңыз (8-сурет).
8-сурет. Фамилиясы А әрпінен басталатын студенттердің тізімі
Енді тобын енгізу бойынша параметрлі сұраныс құрайық. Сұранысты Үлгерім сұранысы сияқты Конструктор режимінде құрамыз. Керек өрістерді таңдап аламыз. Тобы бағанасының Іріктеу шарты (Условие отбора)өрісіне[Тобын енгізіңіз] шартын енгіземіз (9-сурет).
9-сурет. Параметрлі сұраныс
Сұранысты Тобыатымен сақтаймыз және орындаймыз. ЭкрандаПараметрдің мәнін енгізіңіз (Введите значение параметра) сұқбат терезесі пайда болады.Тобын енгізіңізөрісіне МОК-111 тобын енгізіңіз және okбатырмасына басыңыз (10-сурет).
10-сурет. Тобын енгізуді сұрайтын параметрлі сұраныс
Нәтижеде МОК-111тобы студенттерінің тізімі бар терезе пайда болады (11-сурет).
11-сурет. МОК-111 тобы студенттерінің тізімі
Достарыңызбен бөлісу: |