Әдістемелік нұсқау
Тышқан көмегімен А1 ұяшығын белгілеп, пернетақтадан Квадраттар кестесі мәтінін
енгізіңіз.
В3 ұяшығына 0, С3 ұяшығына 1 сандарын енгізіңіз. В3 және С3 ұяшықтарын
белгілеп алып, толтыру маркерін К3 ұяшығына дейін созыңыз. В3–К3 ұялары
0-ден 9-ға дейінгі сандармен толтырылады.
А4 ұясына 0 санын енгізіңіз. Енді осы бағананы 90-ға дейін 10 қадаммен толтыру керек. Ол үшін Түзету – Толтыру – Прогрессия (Правка – Заполнить – Прогрессия) командасын орындаңыз. Экранда 4.2-суретте көрсетілгендей Прогрессия сұхбат терезесі пайда болады.
4.2- сурет. Прогрессия сұхбат терезесі
Бағананы сандармен толтыру үшін Тип элементтер тобын басқару бөлімінде арифметикалық (арифметическая) ауыстырып қосқышын орнатамыз. Орналасу (Расположение) бөлімінде бағана (по столбцам) жолын таңдаймыз. Қадам (Шаг) – 1. Соңғы мән (Предельное значение) – 9.
ОК батырмасына басыңыз. А бағанасы 0, 10, 20, ... 90 сандарымен толтырылады.
Енді В4 ұясына Функция шебері (Мастер функции) көмегімен санның квадратын есептейтін формуланы енгізу керек. Санның квадраты жол және бағана тақырыптары қосындысының квадраты ретінде есептеледі. Демек, В4 ұясына А бағанасында көрсетілген ондықпен 3-жолдағы бірліктің қосындысын квадраттайтын СТЕПЕНЬ (POWER) формуласын жазу керек. Формуланы жазу үшін осы СТЕПЕНЬ (POWER) функциясын қолданамыз.
Тышқанды В4 ұясына апарып бір шертіп, ұяны белгілеңіз.
Саймандар тақтасындағы – Функция кірістіру (Вставка функции) батырмасын шертіңіз. Экранда Функция шебері (Мастер функций – шаг 1 из 2) сұхбат терезесі пайда болады.
Категориялар (Категории) тізімдер өрісінің ішінен Математикалық (Математические) жолын таңдау керек.
Функциялар (Функции) тізімінің ішінен СТЕПЕНЬ (POWER) функциясын таңдап, Ок батырмасын басыңыз. Функция шебері (Мастер функций – шаг 1 из 2) сұхбат терезесі жабылып, экранда СТЕПЕНЬ (POWER) функциясының параметрлерін енгізуге арналған формула тақтасы ашылады (4.3-сурет).
4.3- сурет. СТЕПЕНЬ (POWER) функциясының формула тақтасы
Число өрісіне В3+А4 өрнегін пернетақтадан теріп жазамыз (міндетті түрде ағылшын әріптерімен) немесе тышқанды В3 және А4 ұяларында бір-бір шертеміз, ал “+” белгісін пернетақтадан тереміз. Егер сұхбат терезесі қажет ұяларды жауып тұрса, онда оны тышқан көмегімен төмен тасымалдап қоюға болады. Степень өрісіне 2 санын жазып ОК батырмасын шертеміз.
В4 ұясында есептеу нәтижесі: 0, ал формула жолында =СТЕПЕНЬ((B3+A4);2) формуласы пайда болады. Енді осы формуланы басқа ұяларға тасымалдаймыз. Нәтижесі қандай болды? (4.4- суретті қараңыз).
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
0
|
0
|
1
|
9
|
144
|
21904
|
#####
|
#####
|
#####
|
#####
|
#####
|
4.4 сурет.
С4 ұясынан кейінгі ұяларда сандар көрінбейді, себебі олар ұяға толық симай тұр. Ұяларды тышқан көмегімен кеңейтіңіз. Экранда көрінген сандар сәйкес сандардың квадратына тең емес. Себебі, біз формуланы жол бойымен оңға тасымалдаған кезде Excel формуланы жаңа орынға сәйкес автоматты түрде өзгертті. D4 ұясында 2 санының квадраты емес = D3+C4 формуласы бойынша есептелген санның квадраты жазылған. Дұрыс нәтиже алу үшін кейбір сілтемелерді “абсолюттік” түрде жазу керек, мысалы ондықтарды тек А бағанасынан, ал бірліктерді тек 3- жолдан алу керек. Бұл үшін “абсолюттік” дәлірек айтсақ, аралас сілтемелерді пайдалану керек.
Ұя сілтемесінің кез келген позициясын тұрақты ету үшін оның алдына $ белгісін жазу керек. Ұя сілтемесін тұрақты ету үшін $B$4 түрінде жазу керек. Тек жол нөмірі тұрақты болу үшін сілтемені B$4, ал тек бағана аты тұрақты болу үшін – $B4 түрінде жазамыз.
В4 ұясында жазылған формула басқа ұяларға дұрыс тасымалдануы үшін біз аралас сілтемені пайдалануымыз қажет.
Формуланы түзету үшін В4 ұясын белгілейміз. Мәтіндік курсорды Формула қатарына (Строка формул) орналастырып =СТЕПЕНЬ((B3+A4);2) формуласын түзетеміз. Формуладағы В3, А4 салыстырмалы сілтемелерін B$3, $A4 етіп аралас сілтемелерге алмастырамыз.
Формула жолында курсорды В3 адресінің алдына қойып, Ғ4 батырмасын шертіңіз. Сілтеме $B$3-ке ауысады. Ғ4 батырмасын тағы бір басыңыз, сілтеме B$3-ке ауысады.
Курсорды А4 сілтемесінің алдына орналастырып Ғ4 батырмасын 3 рет басыңыз. $A4 сілтемесі шығады.
Enter батырмасын басып редакциялауды аяқтаңыз. Формула =СТЕПЕНЬ((B$3+$A4);2) түріне өзгереді. Сонымен редакциялау режимінде Ғ4 батырмасын әр басқан сайын сілтеме түрі $B$3 B$3 $B3 B3 тізбегі бойынша өзгереді екен.
Формуланы кестенің қалған ұяларына толтыру маркері арқылы тасымалдаймыз (алдымен формуланы В4 ұясынан оңға қарай тасымалдап, тышқан батырмасын жібермей тұрып, осы жолды төмен қарай көшіреміз).
Енді кестені безендіруге кірісеміз:
Кесте тақырыбы жазылған А1 ұясын белгілеп, Ғ2 батырмасын басыңыз. Редакциялау режимі іске қосылып, бұрын жазылған мәтін соңында курсор пайда болады.
Бос орын пернесін бір басып, 0-ден 9-ға дейінгі бүтін сандар мәтінін енгізіп, Enter пернесін басыңыз.
А1 ұясын қайта белгілеп алып: оның қарпін Times New Roman, мөлшерін 14 пт, сызылымын жартылай қарайтылған етіп тағайыңдаңыз.
Кесте тақырыбын ұяларды біріктіріп ортаға орналастыру керек. Ол үшін А1:К1 диапазонындағы ұяларды белгілеп алып, Форматтау (Форматирование) саймандар тақтасындағы – Біріктіріп ортаға қою (Объединить и поместить в центре) батырмасын шерту керек.
А4:А13 ұялар диапазонын белгілеп, Ctrl пернесін басып тұрып, В3:К3 ұялар диапазонын белгілейміз. Осы диапазондар үшін сызылымды – жартылай қарайтылған, туралауды – ортаға етіп тағайындаймыз.
Бірліктер жолы мен ондықтар бағанасының тақырыбы жазылатын А3 ұясын белгілеңіз. Ұяны диагональ бойынша сызықпен бөліп, оның оң жағы мен төменіне сөздер жазу үшін алдымен 9 бос орын таңбасын енгізіңіз де, Бірліктер сөзін, одан кейін тағы бір бос орын қалдырып, Ондықтар мәтіндерін теріп жазып, Enter пернесін басыңыз.
А3 ұясын қайта белгілеп, қаріп мөлшерін 8, сызылымын жартылай қарайтылған етіп тағайындаңыз.
Менюден Формат – Ұя (Формат – Ячейки) командасын орындаңыз. Экранда Формат ячеек сұхбат терезесі ашылады.
Туралау (Выравнивание) бөліміне тышқанды бір шертіп, қажет бөлімге ауысыңыз (4.5-сурет).
-сурет. Туралау (Выравнивание) сұхбат терезесі.
Сөздерді тасымалдау (Переносить по словам) жалаушасын орнатыңыз.
Шекаралар (Границы) ішкі бетінде тышқанды бір шертіп, қажет бөлімге ауысыңыз (4.6 сурет). Линия өрісінде сызық түрін таңдаймыз. Бізге үнсіз келісім бойынша тағайындалатын жіңішке сызықты алу қолайлы. Енді бұл сызық ұяның қай жиектеріне қажет екенін көрсету керек.
Тышқанды батырмасында бір шертеміз. Диагональ сызық сұхбаттасу терезесінің ортасында орналасқан үлгіде пайда болады. ОК батырмасын шертіп, сұхбат терезесін жабамыз.
4.6- сурет. Шекара (Граница) сұхбат терезесі.
А3 ұясында диагональ сызық пайда болады. Енді Единицы тақырыбы ұяның оң жақ жоғарғы бұрышында, ал Десятки – сол жақ төменгі бұрышында орналасуы үшін ұя мөлшерін өзгерту керек.
Жолдың биіктігін өзгерту үшін тышқанды жол тақырыбының төменгі жағына орналастырып, тышқанның оң жақ батырмасын басамыз. Жанама менюден Высота строки жолын таңдап, ашылған терезеге: 24,00 санын енгіземіз.
А бағанасының енін де дәл осылай етіп немесе Формат – Бағана – Ені (Формат – Столбец – Ширина) командасын орындап 11,14-ке өзгертіңіз.
В:К бағаналарын белгілеп, Формат – Бағана – Ені (Формат – Столбец – Ширина) командасын орындаңыз. Бағаналар енін 6-ға өзгертіңіз.
Енді кесте тақырыбы мен ұяларға жақтаулар сызамыз.
А3:К13 ұялар диапазонын белгілеңіз. Форматтау (Форматирование) саймандар тақтасындағы батырмасын шертіп, кестенің сыртқы жиектерін қалың , ал ішкілерін – жіңішке сызықтармен сызып шығыңыздар.
Бірліктер жазылған 3-жолдың төменгі шекарасы мен ондықтар жазылған бағананың оң жақ шекарасын да қалың сызықтармен сызыңыздар. Ол үшін Форматтау (Форматирование) саймандар тақтасын немесе Формат – Ұя – Шекаралар (Формат – Ячейки – Граница) командасын пайдалану керек.
Кестені дискіге жазып сақтаңыздар.
Функциямен жұмыс. Матрицаларды өңдеуде EXCEL функцияларын қолдану
Функция шеберiн шақыру үшiн: Саймандар панелiнде арнайы батырма – функция шеберi бар. Функция шеберiн шақыру арқылы EXCEL стандартты функциялар тiзiмiн оқуға және қолдануға мүмкiндiк бар.
1-тәсiл. Стандартты саймандар панелiнiң Функция шеберi батырмасын қосу арқылы;
2-тәсiл. Енгiзу – Функция…(Вставка-Функция) командасын орындау арқылы.
Матрицалармен жұмыс iстеуге арналған EXCEL–дiң стандартты функцияларын оқып-үйрену арқылы матрицаның анықтауышын табу, санға көбейту, транспонирлеу, екi матрицаның қосындысын, айырмасын, көбейтiндiсiн табу, керi матрицаны табу жұмыстарын автоматтандыруға болады.
Матрицалармен жұмыста қолданылатын стандартты функциялар:
МОПРЕД – матрицаның анықтауышын табу;
ТРАНСП – матрицаны транспонирлеу.
Матрицаны транспонирлеу – оның баған элементтерiн жолға, ал жол элементтерiн бағанға орналасатындай етiп ауыстыру;
МОБР –матрицаға керi матрицаны табу.
Матрицаға керi матрицаны табу үшiн, алдымен матрицаның анықтауышын табу қажет.
МУМНОЖ –екi матрицаны көбейту.
Тапсырма 1 х =1,2, y =3 және z =1,5 болғанда, төмендегі формулалардың сандық мәндерін есептеңіздер:
1), 2) , 3) ,
Достарыңызбен бөлісу: |