Зертханалыќ ЖЎмыс №1


Тақырыбы: «Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Формаларды жасау»



жүктеу 4,66 Mb.
бет32/34
Дата05.02.2018
өлшемі4,66 Mb.
#8648
түріПрограмма
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

Тақырыбы: «Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Формаларды жасау»


Мақсаты: Пішін (форма) ұғымымен, Microsoft Access-те пішін жасау әдістерімен, пішін көмегімен кестені деректермен толтырумен танысу.

Негізгі ұғымдар:

Деректер базасын жасаушы (разработчик БД) кестелер мен сұратулардың (запросы) құрылымдарын жасайды, нақты деректерді кестеге енгізумен шұғылданбайды. Деректерді кестелерге арнайы мамандар енгізеді. Олардың жұмысын жеңілдету үшін деректер базасын жасаушы арнайы объектілерді – пішіндерді (формаларды) дайындайды.

Пішін деректерді енгізуге арналған өрістері бар электрондық бланк іспеттес. Деректерді енгізуші адам осы өрістерге деректерді енгізгенде деректер автоматты түрде деректер базасының кестелеріне толтырылады.

Пішін түрлі мақсатта қолданылатын (көбінесе кестеге деректерді енгізу, жазбаның біреуін көру үшін) экранның арнаулы пішімі (формат) болып табылады. Пішін деректерді енгізуге, түзетуге, жаңадан деректер қосуға және жазбаларды жоюға мүмкіндік береді.

Access-тің басқа да объектілері сияқты пішіндерді қолмен (вручную) немесе автоматты түрде бірнеше тәсілмен жасауға болады. Автоматты пішіндердің ең қарапайымы – автопішіндер (автоформалар).



Деректер базасының кестелеріне деректерді толтырудың 2 жолы бар: кесте режимінде немесе форма режимінде.


Пішінді жасаудың бірнеше жолы бар:

  1. Конструктор - пішінді өз қалауыңызбен жасауға мүмкіндік береді.

  2. Пішін шебері (Мастер форм) - өзіңіз таңдаған өрістер негізінде пішінді автоматты түрде жасауға мүмкіндік береді. Access диалог режимінде қолданушыдан қандай пішін керектігін анықтап, пішінді автоматты түрде жасайды. Егер жасалынған пішіндегі бірнәрселер ұнамаса, конструктор режимінде түзетуге болады.

  3. Автопішіндер (Автоформы) - пішін шеберінің жеке жағдайы болып табылады, яғни ол қолданушының қатысуынсыз пішіннің берілген түрін автоматты түрде жасайды.

  4. Диаграмма - диаграммасы бар пішінді жасайды жасайды.

  5. Қорытынды кестесі (сводная таблица) - Excel-дің корытынды кестесі бар форманы жасайды.

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. Кестеге деректерді енгізу.

1. Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.

а) Пәндер пішінін жасау үшін:

    • Деректер қоры терезесінде Формы бөлімін таңдап, Создать батырмасын басыңыз.

    • Ашылған Новая форма атты сұхбат (диалогтық) терезесінде Мастер форм пунктін таңдаңыз.

    • Терезенің төменгі жағындағы тізімдегі тілше батырмасын басып пайда болған тізімнен Пәндер кестесін таңдап, ОК батырмасын басыңыз.

    • Ашылған терезеден пішінге орналастыратын өрістерді таңдаңыз. Бұл жаттығуда барлық өрістер қажет, сондықтан
      алдымен , одан соң Далее батырмаларын басыңыз.

    • Енді пішіннің сыртқы түрін – кестелік (табличный) етіп беріңіз. Далее батырмасын басыңыз.

    • Өзіңіз қалаған стиль түрін таңдап, тағы да Далее батырмасын басыңыз.

    • Пішінге Пәндер деп ат беріп, Готово батырмасын басыңыз.

  1. Жасалынған пішінді 1- кестедегідей етіп толтырыңыз. Сақтап, пішінді жабыңыз.

1- кесте.

Пән коды

Пән аты

1

Информатика

2

Математика

3

Физика

4

Экономика

2. Кесте режимінде Оқытушылар кестесін толтыру керек. Ол үшін:

  • Деректер базасының терезесінде Таблицы бөліміндегі өздеріңіз алдыңғы зертханалық жұмыста құрылымын жасаған Оқытушылар кестесін тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертіп (немесе кестенің атын белгілеп,Enter пернесін басып) ашыңыз.

3. Автопішін көмегімен пішін режимінде Студенттер кестесін толтыру керек.

  1. Для создания формы Студенттер пішінін жасау үшін:

    • Деректер базасының терезесіндегі Формы бөлімін таңдап Создать батырмасын шертіңіз.;

    • Ашылған терезенің төменгі жағынан Студенттер кестесін таңдаңыз.

    • Автопішін (Автоформа) пунктінен: ленталық (ленточная) түрін белгілеп, <ОК> батырмасын басыңыз. Нәтижесінде деректер енгізілетін пішін жасалынды.

  2. Студенттер кестесін 2- кестеге сәйкес пішін көмегімен толтырыңыз. 2- кесте.

Студент коды


Фамилиясы


Аты


Әкесінің аты


Топ


Телефон


Сти-пендия


1

Арбузов

Николай

Николаевич

Ф-15

260-15-63

Иә

2

Киршин

Петр

Валерьевич

Ф-15

110-67-82

Иә

3

Кривинский

Сергей

Николаевич

Ф-17

172-97-21

Жоқ

4

Крылова

Елена

Петровна

Ф-18

130-31-87

Иә

5

Кульчий

Григорий

Викторович

Мн-12

269-53-75

Иә

6

Патрикеев

Олег

Борисович

Ф-17

234-11-63

Жоқ




  1. Пішінге Студенттер деген ат беріп сақтап, пішінді жабыңыз.

  1. Конструктор арқылы пішін жасау.

Осы тәсілмен Бағалар пішінін жасап үйренейік. Ол үшін:

  • Деректер базасының терезесіндегі Формы бөлімін таңдап Создать батырмасын шертіңіз.;

  • Ашылған Новая форма сұхбат терезесінен Конструктор режимін таңдаңыз. Пайда болған терезеден Бағалар кестесін таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Осы кестенің негізінде пішін жасалынады.

  • Экранға Конструктор режиміндегі пішіннің терезесі шығады. Саймандар панеліндегі Список полей (өрістер тізімі) батырмасын басыңыз. Ctrl клавишасын сол қолыңызбен жібермей басып отырып барлық өрістерді белгілеңіз. Бұл өрістерді тышқанның сол жағын басқан күйі деректер облысына (область данных) жылжытып алып барыңыз.

  • өрістер тізімі терезесін жабыңыз. Енді элементтерді пішіннің алаңына қалаңызша ыңғайлы орналастырыңыз.

  • Студент коды өрісіндегі текстің өлшемін 18 деп беріңіз. Жазбаның өлшеміне сәйкес элементтің өлшемін ұлғайту үшін Формат – размер - по размеру данных командасын орындаңыз. Пішіндіе Бағалар деген атпен сақтап, жабыңыз.

  1. Деректер базасының терезесінде Бағалар деген пішін пайда болды. Осы пішіннің атына тышқан курсорын апарып екі рет шертіңіз. Ашылған пішін терезесінде Бағалар кестесін төмендегі 3-кестеге сәйкес толтырыңыз.

3- кесте.

Студент коды

Пән коды

Бағалар

1

1

4

1

2

5

1

3

4

1

4

4

2

1

5

2

2

5

2

3

4

2

4

4

3

1

3

3

2

5

3

3

4

3

4

3

4

1

4

4

2

4

4

3

5

4

4

4

5

1

5

5

2

5

5

3

5

5

4

5

6

1

5

6

2

4

6

3

5

6

4

4

5. Конструктор режимінде элементтер панелінің көмегімен заставка түріндегі пішінді өз бетіңізбен жасап көріңіз. Бұл пішінде өздеріңіз жасаған бар жасалынған пішіндерді ашатын батырмалар орналасады.

Өздік жұмыс тапсырмалары:

  1. Үш кестеден: «Композитор», «Әншілер», «Әндер» тұратын алдыңғы зертхана жұмысында өзіңіз жасаған «Музыкалық альбом» деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

  2. Үш кестеден: «Дәрігер», «Пациент», «Бөлімшелер» тұратын «Емхана» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

  3. Үш кестеден: «Сынып», «Мұғалімдер», «Пәндер» тұратын «Сабақ кестесі» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

  4. Екі кестеден: «Тауарлар ассортименті», «Сатып алушы» тұратын «Компьютерлік салон» өзіңіз жасаған деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.

  5. Екі кестеден: «Қатысушылар тізімі», «Баяндамалар тақырыбы» тұратын «Конференция қатысушылары» деректер қорын түрлі жолдармен жасалынған пішін көмегімен толтырыңыз.


Бақылау сұрақтары:

  1. Пішін (форма) дегеніміз не?

  2. Пішінді жасаудың қандай тәсілдері бар?

  3. Автоформа дегеніміз не?

  4. Батырмалық пішінді (Кнопочная форма) қалай жасауға болады?

  5. Кестені толтырудың қандай тәсілдері бар?

ТӘЖІРИБЕЛІК жұмыс №13

жүктеу 4,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау