var
Bitmap: TBitmap;
begin
Bitmap := TBitmap.Create;
try
Bitmap.LoadFromFile('MyBitmap.png');
Form1.Canvas.Brush.Bitmap := Bitmap;
Form1.Canvas.FillRect(Rect(0,0,100,100));
finally
Form1.Canvas.Brush.Bitmap := nil;
Bitmap.Free;
end;
end;
property Color: TColor – қыл қаламның түсін анықтайды. Үнсіздікпен берілетін түс ақ түс болып табылады.
property Style: TBrushStyle –TBrushStyle типті қасиет:
type
TBrushStyle = (bsSolid, bsClear, bsHorizontal, bsVertical, bsFDiagonal, bsBDiagonal, bsCross, bsDiagCross);
Ол қыл қаламның орнаментін анықтайды. Келесі мәндерді қабылдауы мүмкін:
bsSolid - тегіс бояу;
bsClear - бояудың жоқтығы;
bsHorizontal - горизонталь сызықтар;
bsVertical - вертикаль сызықтар;
bsFDiagonal - сол жақ диагональды сызықтар;
bsBDiagonal - оң жақ диагональды сызықтар;
bsCross - шақпақ;
bsDiagCross - қисық шақпақ.
TCanvas класы.
TCanvas класы – Canvas объектісін анықтайды, ол сурет салуға қолданылатын құрауыштың бетін көрсетеді және олардың көмегімен сурет салуға болатын құрал – саймандарды береді: қаріп (TFont класы), қарындаш (TPen класы) және қыл қалам (TBrush класы). TCanvas кластық типтің объектілері құрауыш болып табылмайды және әртүрлі басқару элементтерінің қасиеттері ретінде қолданылады, мысалы пішін. Canvas: TCanvas қасиеті бар кез – келген құрауышқа сурет салуға болады.
Канва жеке нүкте - пиксельдерден тұрады. Әрбір пиксель горизонталь және вертикаль координаталардан тұрады. Координаталар басы яғни (0,0) координатасы бар нүкте канваның сол жақ жоғарғы бұрышында орналасады. Горизонталь осьі солдан оңға қарай бағытталған, ал вертикаль жоғарыдан төмен қарай. Канваның өлшемі құрауыштың ерекшеліктері мен өлшеміне байланысты. Мысалы, Image құрауышы үшін канваның өлшемі Height және Width, ал пішін үшін ClientHeight және ClientWidth қасиеттері арқылы анықталады.
Канвада көрінбейтін меңзер бар, ол қарындаштың ағымды жағдайын анықтайды. Ереже бойынша графикалық суреттерді салу – сызық, шеңбер, тіктөртбұрыш және т.б. – осы меңзердің ағымды жағдайынан басталады. Сурет салу үрдісінде меңзердің жағдайы өзгереді. TCanvas класында меңзерді берілген жағдайына орналастыратын әдістер анықталған.
TCanvas класының негізгі қасиеттерін қарастырайық:
property Brush: TBrush – канваның қыл қаламын орнатады.
property Font: TFont – канваның қаріпін орнатады.
property Pen: TPen – канваның қарындашын орнатады.
property PenPos: TPoint – графикалық меңзердің ағымды орналасу жағдайын анықтайды.
Мысал 3.6.3 Келесі бағдарламалық код Label1 құрауышына пішінде көрінбейтін меңзер тұрған жағдайдан бастап мәтінді шығарады және жаңа мәтінді координатасы(50,50) нүктеден бастап шығарады.
begin
Label1.Caption := '('+IntToStr(Form1.Canvas.PenPos.X)+';'+
IntToStr(Form1.Canvas.PenPos.Y)+')';
Form1.Canvas.PenPos := Point(50,50);
Достарыңызбен бөлісу: |