Заттың құрылысы
Өзіндік жұмыс ( №1 )
I-нұсқа
-
Төмендегі сөздердің "физикалық дене" және "зат" ұғымдарына қатыстысын ата: ұшақ, кітап, мыс, қалам, фарфор, су.
-
Киімге жаққан әтір иісінің ауаға жайылуын қалай тусінесің?
-
0,8 =? см, 2,9 дм =? м, 380 м =?км.
II-нұсқа
-
Төмендегі құбылыстардың қайсысы физикалық құбылысқа жатады:
а) автомобильдік қозғалыс;
ә) жапырақтардың сарғаюы;
б) мұздың еруі;
в) картоптың шіруі;
г) доптың ұшуы;
д) найзағайдың жартқылдауы;
-
Сынған қарындашты қайта біріктуге болмайды: Осының себебін түсіндір.
-
0,4 м =? см.
2,5 дм = ? м.
250 м = ? км
Қозғалыс. Масса және күш
Өзіндік жұмыс ( №2 )
I-нұсқа
-
Коньки тебуші екі бала бір-бірінен кері итеріліп, қарама-қарсы бағытта 8 м/с және 4 м/с жылдамдықпен сырғанап кетті. Қай баланың массасы артық және неше есе?
-
"Алмастың тығыздығы 3,5 г/см3; граниттың тығыздығы 2100 кг/м3 ; ауаның тығыздығы 1,28 кг/м3 ;" дегенді түсіндір:
-
8 кг керосин сыятын құттың көлемі неге тең? Керосиннің тығыздығы 800 кг/ м3.
II-нұсқа
-
Массалары 10 кг және 20 кг болатын екі дене өзара соғысты. Сонда денелердің қайсысының жылдамдығы көп өзгереді және неше есе өзгереді?
-
Тығыздықтың сан мәндерін кг/м3- пен өрнекте: 2,5 г/см3; 0,07 кг/дм3; 0,8 кг/л.
-
Көлемі 10 см3 болаттың массасы 78 г. Көлемі 20 см3 болаттың массасы неге тең?
Қозғалыс масса және күш
Физикалық диктант ( №2 )
-
Механикалық қозғалысқа мысал келтір.
-
Механикалық қозғалыс кезінде жүрілген жолды есептеуге арналған формуланы жаз. Жол қандай бірліктермен өлшенеді?
-
Бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығы қалай анықталады?
-
Қозғалыстың жылдамдығын анықтайтын формуланы жаз. Жылдамдықтың өлшем бірліктерін көрсет.
-
Автомобиль 120 км қашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Автомобильдің жылдадығы неге тең?
-
Жолдың берілген сан мәндерін метрмен өрнектеп жаз:
10 км; 126 см; 30 дм; 1220 мм.
7. Жылдамдықтың сан мәндерін м/с- пен өрнекте:
а) 72 км/сағ; ә) 100 см/с; б) 36 м/сағ.
8. Велосипедші 1,5 м/с жылдамдықпен 150 м жол жүрді. Осы қашықтықты ол қанша уақытта жүріп өтті?
9. Пойыздың қозғалыс жылдамдығы 20 м/с дегенді түсіндір.
Қысым.
Өзіндік жұмыс ( №3 )
-
Келесі құбылыстардың қайсысы Паскаль заңымен түсіндірілмейді: а) сабын көпіршігінің пішіні шар тәрізді болады; ә) пішіні әр-түрлі болып келген ыдыстарға сұйық құйылған; б) футбол добы камерасының ішіне ауа үрлегенде, оның пішіні шар тәрізді болады.
-
Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы мына шамалардың қайсысына тәуелді емес: сұйық бағанының биіктігіне, ыдыс түбінің ауданына, сұйықтың тығыздығына?
-
Бірдей бес ыдыс бар. Олардың біріншісі сумен, екіншісі спиртпен, үшіншісі керосинмен, төртіншң сынаппен, бесіншісі бензинмен толтырылған. Осы сұйықтардың қайсысы ыдыс түбіне ең қөп, ең аз, бірдей қысым түсіреді?
-
Гидраликалық машина құбылысының сызбанұсқасын сыз. Осы машинаның іс-әрекетін Паскаль заңы негізінде түсіндір. Гидравликалық машина жұмыс істегенде күштен ұтатынынызды дәлелде.
-
1 м тереңдікте судың қысымын еспте.
-
Ауданы 5 м2 болатын ыдыстың түбіне керосиннің түсіретін қысымын есепте. Ыдыстағы керосиннің массасы 500 кг.
Өзіндік жұмыс ( №4 )
I-нұсқа
-
Газдың көлемін тұрақты етіпалып қыздырып, оның қысымын тепмература жоғарылағанда құалай өзгерелі? Себебін түсіндір.
-
Үлкен ыдыс ішіндегі газдың тығыздығы барлық нүктелерде бірдей бола ма? Неге?
-
Торричилли тәжірибесінің мазмұнын қысқаша жаз. "Атмосфералық қысым 100 кПа" дегенді қалай түсінесің?
II-нұсқа
-
Тұрақты қысымдағы газдың колемі температура жоғарылағанда қалай өзгереді? Газ поршеньді ыдыста тұр.
-
Атмосфералық қысымды сұйық бағанының қысымын есптегендей жолмен анықтауға болмайды, неге?
-
Поршеньді сорғының құрылысын және жұмыс істеу принципін түсіндір. Осындай сорғы ауасыз кеңістеікте жұмыс істей ала ма?
Жұмыс. Қуат. Ънергия
Физикалық диктант ( №4 )
-
Мыналардың: а) жұмыстың; ә) қысымның; б) қуаттың өлшем бірліктерін жаз.
-
Мыналарды: а) механикалық жұмысты; ә) қуатты; б) жүрілген жолды; в) жылдамдықты; г) тығыздықты; д) қысымды анықтайтын формулаларды жаз.
-
Механикалық жұмыс істеуге қажетті жағдайларлы ата.
-
Техникада қолданылып жүрген жай механизмдердің түрлерін ата. Оларды сызбанұсқа арқылы кескіндеп, тіреу нүктелерін 10) , күш иіндерін (l1 , l2) көрсет
-
Иіндік ( рычог) тепе-теңдікте болғанда иіндеріне әрекет ететін F1 және F2 күштері неге тең?
-
механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті дегеніміз не? ПӘК-тің 100 %-дан артық болуы мүмкін бе?
-
Механикалық энергияны бір түрден екінші түрге ай налуына мысал келтір.
Өзіндік жұмыс ( №5 )
Экспиременттік тапсырма
I-нұсқа
-
Шарға қандай ығыстырушы күш әрекет етеді: а) металл шарды мензиркадағы суға батырып, шарға әрекет ететін ығыстырушы күшті тап; ә) шар ас тұзының судағы ертітіндісіне батырылса ше? Қажетті құралдар мен заттар: ыдыс, жіп байланған болат шар, су, ас тұзы
-
Қатты денелер мен сұйықтардың тығыздықтарына арналған кестелерді пайдаланып, алюменийден, темірден, еменнен жасалған көлемдері бірдей денелердің қайсыларының суда жүзе алатыныны түсіндір.
II-нұсқа
-
Мына құралдардың жәрдемәмен металл шардың көлемін анықта: ішіне су құйылған мензурка, диномометр, ілгегі бар шар.
-
Қатты денелер мен сұйықтардың тығыздықтарына раналған кестелерлі пайдаланып, парафеннен, мыстан, қорғасыннан жасалған көлемдері бірдей денелердің сынапта қалай араласатынын тағайында. Себебі неде:
Өзіндік жұмыс ( №6 )
I-нұсқа
-
3-суретте кескінделген көлемдері бірдей денелердің қайсысына Архимед күші көбірек әрекет етеді?
-
-
Таразының бір жағына фарфор, екінші жағына темір кіртастар ілінген. Екеуінің массалары бірдей. Егер кіртастарлы суға батырсақ, тепе-теңдік бұзала ма?
II-нұсқа
-
Әр-түрлі заттан жасалған көлемдері бірде екі денеге әрекет ететін Архимед күші де бірдей бола ма? ( 4-сурет )
-
Бұрқақтың жұмыс істеу принципін түсіндір.
Жұмыс. Қуат. Энергия.
Өзіндік жұмыс ( №7 )
I-нұсқа
-
Төменде келтірілген мысалдардың қайсысында дене механикалық жұмыс ітейді: а) трактор жер жыртып жүр; ә) бала шанамен таудан сырғанап келеді; б) адам қожын көтеріп тұр; в) оқушы мазмұндама жазып отыр.
-
Денені үстел ұстімен: а) 1 м қашықтыққа жылжытқанда; ә) 1 м биіктікке көтергенде істелетін жұмысты тап. Күш 5 Н.
-
Трактордың жер жыртқандағы тарту күші 1000 Н, ал оның қозғалыс жылдамдығы – 7 км/сағ. Трактор қозғалтқышы 8 сағатта қанша жұмыс істейді?
II-нұсқа
-
Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысында жұмыс істелінбейді, себебін түсіндір: а) жүкті жұмысшы көдбеу жазықтықта ұстап тұр; ә) автомобиль жолмен қозғалып келеді; б) ғарыш кемесі инерциямен ұшып келеді; в) жүк жіпке ілулі тұр.
-
"Дененің істеген жұмысы 1 Дж" дегенді түсіндір. 10 Н*м неше джоуль болады?
-
Массасы 200 кг жүкті 30 м/мин жылдамдықпен 10 секундта жоғары көтеріп шығаруға болады. Осы кезде қанша жұмыс істелетіндігін есептеп шығар.
Өзіндік жұмыс ( №8 )
I-нұсқа
-
Қандай жағдайда массалары бірдей екі дененің потенциялдық энергиялары мен кинетикалық энергиялары әр-түрлі болады?
-
Кинетикалық, потенциялдық және кинетикалық әрі потенциялдық энергия бар денелерге мысалдар келтір.
II-нұсқа
-
Қандай жағдайда массалары әр-түрлі дененің потенциялдық және кинетикалық энергияялары бірдей болуы мүмкін?
-
Мына жағдайларда: а) су өзеннің енкіш арнасымен аққанда; ә) тас құлағанда; б) допты жоғары лақтырғанда энергияның қандай түрленулері болады.
Достарыңызбен бөлісу: |