4тармағында көзделген санкцияларды микроқаржы ұйымына қолдану мүмкiндiгi туралы
уәкiлеттi органның хабарламасы жазбаша ескерту болып табылады.
Жазбаша келісім уәкілетті орган мен микроқаржы ұйымы арасында анықталған
кемшіліктерді тез арада жою қажеттігі туралы және осыған байланысты бірінші кезектегі
шараларды бекіту туралы жасалады. Жазбаша келісім микроқаржы ұйымының қызметінде
қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі тиімді үйлестірілген шаралар қолдануды талап
ететін қаржылық нашарлау байқалған жағдайларда жасалуы қажет. Жазбаша келісімде
микроқаржы ұйымының басқару органы және (немесе) атқарушы органы алдағы уақытта
кемшіліктерді жою, қаржылық жағдайды жақсарту жөнінде қолданатын ісқимылдар мен
олардың орындалу мерзімдері көрсетіледі. Жазбаша келісімге қол қоя отырып,
микроқаржы ұйымы оның талаптарын орындау жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.
3. Микроқаржы ұйымы шектеулі ықпал ету шарасын құжатта көрсетілген мерзімде
орындағаны туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Егер бұзушылықты жою үшін белгіленген мерзім бір айдан асатын болса, микроқаржы
ұйымы орын алған кемшіліктерді жою жөніндегі ісшаралардың орындалуы туралы
уәкілетті органды ай сайын айдың жиырмасына дейін хабардар етеді.
Бір шектеулі ықпал ету шарасын қолдану Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген жағдайларда басқа шектеулі ықпал ету шараларының қолданылуын жоққа
шығармайды, бұдан бұрын қабылданған шаралардың қолданылуын тоқтата тұрмайды
және тоқтатпайды.
4. Уәкілетті орган осы Заңның
16бабының 1тармағында
көзделген негіздер бойынша
санкциялар ретінде микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімінен
шығарады.
5. Уәкiлеттi органның микроқаржы ұйымына осы бапта көзделген ықпал ету
шараларын қолдану туралы шешіміне сотқа шағымдануға болады.
29бап. Микроқаржы ұйымының қызметін тексеру
1. Микроқаржы ұйымының қызметiн тексерудi уәкілетті орган дербес не басқа
мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүзеге асырады.
2. Микроқаржы ұйымы уәкiлеттi органның тексеруге берген тапсырмасында
көрсетiлген мәселелер бойынша тексерушi органға жәрдемдесуге, сондайақ кез келген
лауазымды адамдар мен қызметкерлерден жауап алу мүмкiндiгiн және тексерудi
орындауға қажеттi кез келген ақпарат көзіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне микроқаржы ұйымының қызметiн тексеру
барысында алынған мәлiметтердi жария етуге не үшiншi тұлғаларға беруге тыйым
салынады.
4. Тексерудi жүзеге асыратын адамдар микроқаржы ұйымының қызметiн тексеру
барысында алынған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткенi
үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
5тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
30бап.
Қазақстан
Республикасының
микроқаржы
ұйымдары
туралы
заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасын бұзу
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
31бап. Өтпелі ережелер
1. Коммерциялық емес микрокредиттік ұйымдарды қоспағанда, микрокредиттік
ұйымдар 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес мемлекеттік қайта тіркелуге жатады.
Осы тармақта белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, микрокредиттік ұйымдар
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастырылуға не таратылуға
жатады.
2. Коммерциялық емес микрокредиттік ұйымдар 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі
мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастырылуға не
таратылуға жатады.
3. Қайта тіркелген не микроқаржы ұйымы болып қайта құрылған микрокредиттік
ұйым осы Заңның
14бабына
сәйкес есептік тіркеуден өту үшін берілген микрокредиттер
бойынша табыстар мен корпоративтік табыс салығының есептелген сомасы көрсетілген,
соңғы үш жылдағы салық декларациясының көшірмесін уәкілетті органға қосымша
ұсынады.
4. Микрокредиттік ұйымдар 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін өз қызметінде осы Заңның
1бабының 2) 5) және 8) тармақшаларында
,
2бабының 2 және 3тармақтарында
,
3бабында
,
4бабының 1, 3 және 4тармақтарында
,
5бабының 1 және 3тармақтарында
,
6бабында
,
7бабының 1тармағында
,
2тармағының 1) 6) және 12) тармақшаларында
,
3тармағында
,
8 10баптарында
,
11бабының 2тармағында
,
12бабының 3тармағында
,
17
және
18баптарында
,
19бабы 1тармағының 1) 9) және 12) тармақшаларында
,
20
,
21
және
23баптарында
,
24бабының 2тармағында
,
25
,
30
және
31баптарында
көзделген
нормаларды басшылыққа алады.
Осы Заңның
12бабы 3тармағының
күші коммерциялық емес микрокредиттік
ұйымдарға қолданылмайды.
5. Микрокредиттік ұйымдар 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласында басшылықты
жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен
қағидаларға
сәйкес
берілген
микрокредиттер
бойынша
активтер
мен
шартты
міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыруға және оларға қарсы провизияларды
(резервтерді) құруға құқылы.
6. 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін уәкілетті орган осы Заңның
14бабында
және осы
баптың 3тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап
отыз жұмыс күні ішінде есептік тіркеуден өту үшін өтінішті қарайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде уәкілетті орган микроқаржы
ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізуге және осы шешімі туралы оны
хабардар етуге не есептік тіркеуден бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді
жауап беруге міндетті.
2014.16.05. № 203V ҚР
Заңымен
311баппен толықтырылды
311бап. Микроқаржы ұйымының көрсетілетін қызметтерін келісу
1. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген
тәртіппен микроқаржы ұйымының тұтынушыларына микрокредиттерді беру бойынша
көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін уәкілетті органның келісімін алуға міндетті.
2. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын қабылданған шешім туралы жазбаша
хабардар етеді.
3. Уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған не ұсынылған
құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарға сәйкес
келмеген жағдайда микроқаржы ұйымына микроқаржы ұйымының тұтынушыларына
микрокредиттер беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін келісім беруден бас
тартады.
4.
Уәкілетті
орган
микроқаржы
ұйымдарына
микроқаржы
ұйымының
тұтынушыларына микрокредиттерді ұсыну үшін берілген келісімдерді есепке алуды
жүргізеді.
32бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның
14бабының 3
және
4тармақтарын
қоспағанда, алғашқы ресми
жарияланғанынан
кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. «Микрокредиттік ұйымдар туралы» 2003 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан
Республикасы
Заңының
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 4,
23құжат; 2006 ж., № 11, 55құжат; № 23, 140құжат; 2010 ж., № 7, 28құжат; 2011 ж., № 3,
32құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қарашаның 26ы.
№ 56V