8) микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшері, оның ішінде жылдық
сыйақы мөлшерлемесінің және осы Заңның
5бабында
белгіленген тәртіппен есептелген
жылдық тиімді сыйақы
мөлшерлемесінің (микрокредиттің нақты құны) мөлшері;
9) тараптардың жауапкершілігі;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптар қамтылады.
4. Микрокредиттің мақсатын, сондайақ оның мақсатты пайдаланылуына бақылауды
жүзеге асыру тәртібін көрсету мақсатты микрокредит беру туралы шарттың міндетті
талабы болып табылады.
Микрокредит мақсатында пайдаланылмаған кезде қарыз алушы микроқаржы ұйымына
микрокредитті мерзімінен бұрын қайтаруға және микрокредитті қайтару күні микрокредит
беру туралы шарт бойынша есептелген, пайдаланылған микрокредит бөлігіндегі
сыйақыны төлеуге міндетті.
5бап. Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі
1. Микрокредитті бергені, оған қызмет көрсеткені және оны өтегені (қайтарғаны) үшін
микроқаржы ұйымына төленуге жататын сыйақыны, олар бар болса комиссиялық және
өзге де төлемдерді қамтитын, қарыз алушының шығыстарын ескере отырып есептелетін,
микрокредит бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы
мөлшерлемесі жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі болып табылады.
Микрокредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері уәкілетті
органның
нормативтік құқықтық актісінде
айқындалған шекті мөлшерден аспауға тиіс.
2. Берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу
қағидасын
уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
3. Қарыз алушының ақшалай міндеттемелерінің сомасын (мөлшерін) және (немесе)
оларды төлеу мерзімін өзгертуге әкеп соғатын микрокредит беру туралы шарттың
талаптары өзгерген кезде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің нақтыланған мәнін
есептеу микрокредит беру туралы шарттың қолданылу мерзімі басталғаннан бері
микрокредит бойынша қарыз алушы жасаған төлемдер ескерілмей, талаптары өзгертілетін
күнгі берешек қалдығы, микрокредитті өтеудің қалған мерзімі негізге алына отырып
жүргізіледі.
6бап.
Қарыз
алушының
микрокредит
беру
туралы
шарт
бойынша
мiндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету
1. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді
орындауы Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе микрокредит беру туралы
шартта көзделген тәсiлдермен қамтамасыз етiледi.
2. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді
орындауын қамтамасыз етуі үшін микроқаржы ұйымдарының осы Заңның
19бабы
1тармағының 4) тармақшасында
көзделген заңды тұлғалардың акцияларын немесе
жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда, заңды тұлғалардың акцияларын
немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін қабылдауына тыйым салынады.
7бап. Микроқаржы ұйымының құқықтары мен мiндеттерi
1. Микроқаржы ұйымы:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамасына
сәйкес міндеттеменің
орындалуы қамтамасыз етілетін не қамтамасыз етілмейтін микрокредиттер беруге;
2) микрокредиттер беру қағидаларында айқындалған, микрокредит беру туралы
шартты жасау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажетті құжаттар мен
мәлiметтердi қарыз алушыдан (өтініш берушіден) сұратуға;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және микрокредит беру
туралы шартта белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.