10) микроқаржы ұйымы тексеру жүргізуге, оны белгіленген мерзімдерде жүргізуге
мүмкіндік бермейтін екі реттен көп рет кедергі жасаған жағдайларда шығарылады.
2. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығарылған жағдайда, шығарылған күннен
бастап күнтізбелік жеті күн ішінде уәкілетті орган микроқаржы ұйымын бұл жөнінде
жазбаша түрде хабардар етеді.
Хабарлама есептік тіркеуден өту үшін өтініште көрсетілген мекенжай бойынша
жіберіледі.
3. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы уәкілетті органның
шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы
мүмкін.
Микроқаржы
ұйымдарының
тізілімінен шығару туралы уәкілетті органның
шешімдеріне шағым жасау осы шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.
4. Микроқаржы ұйымдарының тізілімінен өзінің шығарылғаны туралы уәкілетті
органның жазбаша хабарламасын алғаннан кейін микроқаржы ұйымының жаңа
микрокредиттер беруіне тыйым салынады.
5. Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығарылғаны туралы
уәкілетті орган хабарлаған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде микроқаржы
ұйымының атауын өзгерту не оны қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешім
қабылдауға міндетті.
17бап. Микрокредиттер беру қағидалары
Микрокредиттер беру қағидаларында мынадай мәлiметтер:
1) микрокредит беруге арналған өтінішті беру тәртібі және оны қарау тәртібі;
2) микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібі;
3) микрокредиттiң шекті сомалары және оны беру мерзiмдерi;
4) берiлетiн микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шектi шамалары;
5) берiлген микрокредиттер бойынша сыйақы төлеу тәртiбi;
6) микроқаржы ұйымы қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
7) берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу
қағидалары;
8) микрокредитті өтеу әдістері қамтылуға тиіс.
Микрокредиттер беру қағидаларында микрокредит берудің өзге де шарттары және
Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мәліметтер де қамтылуы
мүмкін.
18бап. Iшкi бақылау қызметi
1. Микроқаржы ұйымы өзiнiң қаржышаруашылық қызметiн бақылауды жүзеге
асыруы үшiн iшкi бақылау қызметiн құруы мүмкін.
2. Iшкi бақылау қызметiнiң жұмыс тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында,
сондайақ микроқаржы ұйымының iшкi қызметiн реттейтiн қағидаларда, ережеде және
өзге де құжаттарда айқындалады.
19бап. Микроқаржы ұйымдары қызметiнiң қосымша түрлерi
1. Микроқаржы ұйымдары микрокредиттер беру жөнiндегi қызметiне қосымша
мынадай қызмет түрлерiн:
1) Қазақстан Республикасының резиденттерiнен және резидент еместерiнен қарыздар
(азаматтардан кәсiпкерлiк қызмет ретiнде қарыз түрiнде ақша тартуды қоспағанда) мен
гранттар тартуды;
2)
уақытша
бос
активтердi
екiншi
деңгейдегi
банктердiң
депозиттерiне
орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен микрокредиттi
қамтамасыз ету ретiнде алынған кепiлдегі мүлiкті пайдалануды және оған иелік етуді;
4) кредиттік бюролардың, микроқаржы ұйымдарының, банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды инкассациялау жөнінде қызметтер көрсететін ұйымдардың және
күзет қызметіне лицензиясы бар ұйымдардың акцияларын немесе жарғылық капиталына
қатысу үлестерін сатып алуды;
5) меншікті мүлкiн өткізуді;
6) микрокредиттер беру жөнiндегi қызметке байланысты мәселелер бойынша
консультациялық қызметтер көрсетуді;
7) меншікті мүлкiн мүліктік жалға беруді (жалдауды);
8) лизинг қызметiн іске асыруды;
9) микроқаржы ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі арнайы әдебиетті ақпарат
тасымалдағыштың кез келген түрінде өткізуді;
10) Қазақстан Республикасының резиденттері сақтандыру ұйымдарының атынан
және тапсырмасы бойынша сақтандыру агенті ретінде сақтандыру шарттарын жасасуды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақша эмитентінің
агенті функцияларын іске асыруды;
12) хеджирлеу мақсатында жасалатын туынды қаржы құралдарымен мәмілелерді
бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасасуды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Микроқаржы ұйымдарына осы Заңда көзделмеген өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға тыйым салынады.
20бап. Берiлген микрокредит бойынша құжаттама жүргiзу тәртiбi
1. Микроқаржы ұйымы қарыз алушыларды тiркеу журналында берiлген әрбiр
микрокредиттi тiркейдi, оның жүргізілуі электрондық түрде немесе қағаз тасымалдағышта
жүзеге асырылады.
2. Микрокредит алу үшiн өтініш беруші (қарыз алушы) осы баптың 3тармағында
көзделген құжаттарды ұсынады.
3. Кредиттік дерекнама аталған микроқаржы ұйымында микрокредит беру туралы
алғашқы шартқа қарыз алушы қол қойған күннен бастап қалыптастырылады.
Кредиттiк дерекнамада мыналар:
1) микрокредиттi пайдалану мақсаты туралы (мақсатты микрокредит берiлген
жағдайда), қарыз алушының микрокредиттi өтеу және құнын көрсете отырып, сыйақы
төлеу жөнiндегi мiндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге ұсынатын мүлкі туралы
не қамтамасыз етудiң жоқ екендігі туралы мәлiметтері бар өтiнiш;
2) қарыз алушы заңды тұлға органының микрокредит алу туралы шешімі;
3) кепіл беруші заңды тұлға органының қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуын
қамтамасыз етуге кепіл нысанасын беру туралы шешімі;
2014.29.12. № 269V ҚР
Заңымен
4) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
4) қарыз алушының құрылтай құжаттарының көшiрмелерi (заңды тұлғалар үшiн);
5) қарыз алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (жеке тұлғалар
үшiн);
6) қарыз алушы өкiлiнiң микрокредит беру туралы шартқа қол қою өкiлеттiгiн
растайтын құжаттар;
7) микрокредит беру туралы шарт;
8) егер берiлген микрокредит мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген жағдайда кепiл
туралы шарт, мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері, ал мүлік
кепілі міндетті тіркелетін жағдайда мүлік кепілінің тіркелу фактісін растайтын құжаттар
қамтылады.
4. Мiндеттемесiнің орындалуы кепiлдiкпен немесе кепілгерлікпен қамтамасыз етiлген
микрокредит бойынша кредиттiк дерекнамаға мынадай қосымша құжаттар: