Заңы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы



жүктеу 246,8 Kb.
Pdf просмотр
бет7/7
Дата19.11.2018
өлшемі246,8 Kb.
#21782
1   2   3   4   5   6   7

4)  кеден  одағының  техникалық  регламентіне  сәйкес  олардың  энергия 

тиімділігінің  сыныбы  мен  сипаттамалары  туралы  ақпаратты  қамтымайтын 

энергия тұтынатын электр құрылғыларын өндіруге, сатуға; 

13-

баптың 1-тармағының 5) тармақшасы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 

қолданысқа енгізіледі

 

5)  2,5  дәлдік  сыныбы  бар  электр  энергиясын  есептеуіштерді 



коммерциялық есепке алу мақсатында пайдалануға жол берілмейді. 

2.  Жаңа  іске  қосылған  объектілерде  және  қолданыстағы  объектілердегі 

электр энергиясын есептеуіштерді ауыстыру кезінде тәулік уақыты бойынша 

электр  энергиясының  шығыстарын  саралап  есепке  алуға  және  бақылауға 

арналмаған электр энергиясын есептеуіштерді пайдалануға тыйым салынады. 

  

  



4-

тарау. Энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды 

қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар 

  

14-



бап.  Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру 

саласындағы аккредиттеу 

1. Энергия аудиті мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру 

сараптамасы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы 

қызметтің аккредиттелетін түрлеріне жатады. 

2.  Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру  саласындағы 

аккредиттеу  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекіткен  қағидаларға 

сәйкес жүзеге асырылады. 

3.  Заңды  тұлғалардың  аккредиттеу  туралы  құжаттарын  қарау  және  олар 

бойынша  шешім  қабылдау  үшін  энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін 

арттыру саласында аккредиттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссия 

құрылады,  оның  құрамы  мен  қызмет  тәртібін  уәкілетті  органның  басшысы 

айқындайды. 

Аккредиттеу  туралы  құжаттарды  қарауды  комиссия  олар  уәкілетті 

органға  келіп  түскен  кезден  бастап  есептелетін  отыз  жұмыс  күні  ішінде 

жүзеге асырады. 

Оң  шешім  қабылданған  жағдайда  уәкілетті  орган  өтініш  берушіге 

аккредиттеу туралы куәлік береді. 

Аккредиттеуден  бас  тартқан  жағдайда  өтініш  берушіге  бас  тарту  себебі 

көрсетіле отырып, дәлелді жазбаша жауап жіберіледі. 

Аккредиттеуден бас тарту үшін: 

1) ұсынылған құжаттарда бұрыс ақпараттың болуы; 

2) ұсынылған ақпараттың энергия аудиті және (немесе) энергия үнемдеу 

және  энергия  тиімділігін  арттыру  сараптамасы  бойынша  қызметті  жүзеге 

асыру үшін қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі; 

3)  қызметтің  мәлімделген  түрімен  айналысуға  тыйым  салу  туралы  сот 

шешімінің болуы негіз болып табылады. 




4.  Уәкілетті  орган  берген  аккредиттеу  туралы  куәлік  Қазақстан 

Республикасының бүкіл  аумағында жарамды  және оның  қолданылу  мерзімі 

бес жыл болады. 

Аккредиттеу  туралы  куәліктің  қолданылу  мерзімі  аккредиттеу  туралы 

шешім қабылданған сәттен бастап есептеледі. 

5.  Аккредиттеу  туралы  куәліктен  айыру  Қазақстан  Республикасының 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 

кодексінде

 

көзделген тәртіппен жүзеге 



асырылады. 

6.  Аккредиттеу  туралы  куәліктің  қолданылуын  тоқтатудың  энергия 

үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру  туралы  заңнама  талаптарының 

бұзылуына байланысты емес негіздері мыналар болып табылады: 

1) аккредиттелген субъектінің жазбаша өтініші; 

2) аккредиттелген субъектінің таратылуы немесе банкротқа ұшырауы. 

7. 

Энергия  аудитін  және  энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін 



арттыру сараптамасын жүзеге асыру үшін қойылатын, заңды тұлғалар сәйкес 

болуға  тиіс  талаптар  Қазақстан  Республикасының  энергия  үнемдеу  және 

энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленеді. 

  

15-



бап.  Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру 

сараптамасы 

15-

баптың  1-тармағы  2013  жылғы  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа 

енгізілді

 

1.  Күнтізбелік  бір  жыл  ішінде  бес  жүз  және  одан  көп  тоннаға  барабар 



шартты отын мөлшерінде энергетикалық ресурстар тұтынатын жаңа үйлерді, 

құрылыстарды,  ғимараттарды  салудың  немесе  қазіргі  барларын  кеңейтудің 

(күрделі  жөндеудің,  реконструкциялаудың)  жобалау  алдындағы  және 

(

немесе)  жобалау  (жобалау-сметалық)  құжаттамасы  міндетті  түрде  энергия 



үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасына жатады. 

Қолданыстағы  мемлекеттік  немесе  мемлекетаралық  нормативтердің 

болуымен  қамтамасыз  етілмеген,  жоқ  нормативтерді  алмастыратын  арнайы 

техникалық  шарттар  (ерекше  нормалар)  бойынша  әзірленген  объектілерді 

салуға  арналған  жобалау  алдындағы  және  (немесе)  жобалау  (жобалау-

сметалық) құжаттамасы бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін 

арттыру сараптамасын өткізу міндетті болып табылады. 

Мемлекеттік  сараптамаға  жататын,  энергия  үнемдеуге  және  энергия 

тиімділігін арттыруға қойылатын Қазақстан Республикасында қолданыстағы 

мемлекеттік  немесе  мемлекетаралық  нормативтік  талаптарға  сәйкес 

орындалған,  күнтізбелік  бір  жыл  ішінде  энергетикалық  ресурстарды 

жиынтық  жылдық  тұтынуы  бес  жүз  тоннадан  аз  шартты  отынға  барабар 

объектілер  құрылысына  арналған  жобалар  (жобалау  алдындағы  және 

(немесе)  жобалау  (жобалау-сметалық)  құжаттамасы)  бойынша  міндетті 

энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру  сараптамасы 

жүргізілмейді. 

2.  Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру  сараптамасының 

негізгі  міндеті  үйлерді,  құрылыстарды  және  ғимараттарды  салуға  және 




реконструкциялауға  арналған  жобалау  алдындағы  және  жобалау  (жобалау-

сметалық)  құжаттамасының  Қазақстан  Республикасының  энергия  үнемдеу 

және  энергия  тиімділігін  арттыру  туралы  заңнамасына  сәйкестігін  белгілеу 

болып табылады. 

3.  Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру  сараптамасын 

жүргізу  құқығына  қызметтің  осы  түрі  бойынша  аккредиттеу  туралы  куәлік 

алған заңды тұлғалар ие болады. 

4.  Заңды  тұлғалар  өздері  әзірлеген  немесе  олардың  қатысуымен 

әзірленген  жобалау  алдындағы  және  (немесе)  жобалау  (жобалау-сметалық) 

құжаттамасына  энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру 

сараптамасын жүргізуге құқылы емес. 

5.  Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру  сараптамасы 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  жасалған  шарт  негізінде, 

өтініш  білдірген  тұлғаның  (тапсырыс  берушінің)  қаражаты  есебінен  жүзеге 

асырылады. 

6.  Жүргізілген  энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттырудың 

міндетті  сараптамасының  нәтижелері  бойынша  сараптамалық  қорытынды 

жасалады. 

Сараптамалық  қорытынды  энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін 

арттыру  сараптамасын  жүзеге  асырған  заңды  тұлғаның  фирмалық 

бланкісінде беріледі. 

7.  Бекітілген  негізгі  техникалық-экономикалық  көрсеткіштерге  энергия 

үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде ықпал ететін өзгерістер 

енгізілетін жобалар жаңадан әзірленетін жобалар үшін белгіленген тәртіппен 

қайтадан сараптауға жатады. 

8.  Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттырудың  міндетті 

сараптамасына  жататын  үйлердің,  құрылыстар  мен  ғимараттардың  жобалау 

алдындағы  және  (немесе)  жобалау  (жобалау-сметалық)  құжаттамасында 

энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру  жөніндегі  бөлім  болуға 

тиіс. 


15-

баптың  9-тармағы  2013  жылғы  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа 

енгізілді

 

9.  Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттырудың  міндетті 



сараптамасының  оң  қорытындысынсыз  жобаларды  бекітуге  тыйым 

салынады. 

10.  Осы  баптың  1-тармағында  белгіленген  жобалау  алдындағы  және 

(немесе)  жобалау  (жобалау-сметалық)  құжаттамасы,  ол  бойынша  сараптама 

жүргізілгеннен  кейін  үш  жыл  өткен  соң  энергетикалық  ресурстарды 

күнтізбелік  бір  жыл  ішінде  тұтыну  мөлшері  бес  жүз  және  одан  көп  тонна 

шартты отынға барабар үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды, жабдықтарды 

салу  немесе  жұмыс  істеп  тұрғандарын  кеңейту  (күрделі  жөндеу, 

реконструкциялау)  басталмаған  болса,  энергия  үнемдеу  мен  энергия 

тиімділігін  арттыруға  қайтадан  сараптама  жүргізілгеннен  кейін  ғана  іске 

асыру үшін пайдаланылады. 

  



16-

бап. Энергия аудиті 

1.  Қызметтің  осы  түрі  бойынша  аккредиттеу  туралы  куәлік  алған  заңды 

тұлғалар энергия аудитін жүргізу құқығына ие болады. 

2.  Энергия  аудиті  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес 

жасалған  шарт  негізінде,  өтініш  білдірген  тұлғаның  (тапсырыс  берушінің) 

қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

3. Энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия 

тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды жасалады. 

Энергия  аудитінің  қорытындысы  энергия  аудитін  жүзеге  асырған  заңды 

тұлғаның фирмалық бланкісінде беріледі. 

4.  Мемлекеттік  мекемелерді  қоспағанда,  Мемлекеттік  энергетикалық 

тізілім  субъектілері  әрбір  бес  жылда  кемінде  бір  рет  міндетті  энергия 

аудитінен өтеді. 

5.  Мемлекеттік  мекемелерді  қоспағанда,  Мемлекеттік  энергетикалық 

тізілім  субъектілері,  осы  Заң  қолданысқа  енгізілген  күннен  бастап  үш  жыл 

ішінде  энергия  аудитін  жүргізу  нәтижелері  бойынша  қорытынды  алуға 

міндетті. 

  

  



5-

тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру 

саласындағы мемлекеттік қолдау 

  

17-



бап.  Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру 

саласындағы мемлекеттік қолдаудың бағыттары 

Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру  саласындағы 

мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 

1) энергия үнемдеу жабдығын пайдалануды ынталандыру; 

2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы білім 

беру  қызметін  және  іс-шараларды  ақпараттық  қолдауды  жүзеге  асыруға 

жәрдемдесу; 

3) энергия тиімділігін арттырудың кешенді жоспарын іске асыру; 

4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ғылыми-

зерттеу  жұмыстарын  жүргізу,  оның  ішінде  энергия  үнемдеу  және  энергия 

тиімділігін  арттыру  саласындағы  әдістемелік  және  нормативтік  құқықтық 

базаны әзірлеуді және дамытуды қаржыландыру; 

5)  тұрғындарда  пайдалануда  болған,  құрамында  сынап  бар  энергия 

үнемдеу шамдарын кәдеге жарату; 

6) энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін 

арттыру  сараптамасын  жүзеге  асыратын  кадрларды  қайта  даярлау  және 

олардың  біліктілігін  арттыру  жөніндегі,  сондай-ақ  энергия  менеджменті 

жүйесін құру, енгізу және ұйымдастыру жөніндегі оқу орталықтарын құру; 

7)  Қазақстан  Республикасының  тұрғын  үй  қатынастары  туралы 

заңнамасына

 

сәйкес тұрғын үйлердің (тұрғын үй ғимараттарының), тұрғын 



үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне энергия үнемдеуді қамтамасыз 


етуге  және  энергия  тиімділігін  арттыруға  бағытталған  іс-шараларға  ақы 

төлеуге көмектесу. 

  

18-

бап.  Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру 

саласындағы келісім 

1.  Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру  саласындағы 

келісім  (бұдан  әрі  -  Келісім)  уәкілетті  орган,  облыстың,  республикалық 

маңызы  бар  қаланың,  астананың  жергілікті  атқарушы  органы  мен 

энергетикалық  ресурстарды  жылына  бір  жүз  мың  және  одан  көп  тонна 

шартты  отын  көлемінде  тұтынатын  Мемлекеттік  энергетикалық  тізілім 

субъектісінің арасында ерікті негізде жасалады. 

2. Энергетикалық ресурстарды жылына бір жүз мың және одан көп тонна 

шартты  отын  көлемінде  тұтынатын  Мемлекеттік  энергетикалық  тізілім 

субъектісінің  облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың 

жергілікті  атқарушы  органына  өтініші  Келісім  жасауға  негіз  болып 

табылады. 

Мемлекеттік  энергетикалық  тізілім  субъектісінің  энергетикалық 

ресурстарды  тұтыну  тиімділігін  арттыру  есебінен  бес  жыл  ішінде  кемінде 

жиырма  бес  пайыз  көлемінде  оларды  тұтынуды  төмендету  бойынша 

міндеттемелер  қабылдауы  Келісім  нысанасы  болып  табылады.  Келісім 

кемінде бес жыл мерзімге жасалады. 

3.  Келісімнің  қолданысын  тоқтату  Қазақстан  Республикасының 



азаматтық заңнамасының

 

нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. 



  

19-

бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі 

қызметті ақпараттық қамтамасыз ету 

Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру  жөніндегі  қызметті 

ақпараттық  қамтамасыз  етуді  орталық  және  жергілікті  атқарушы  органдар 

мен квазимемлекеттік сектордың субъектілері: 



2013.03.07.  №  124-V  ҚР 

Заңымен

 

1)  тармақша  жаңа  редакцияда 

(

бұр.ред.қара

)

 

1) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануды насихаттау; 



2)  энергия  тиімділігі  жоғары  көрсету  жобаларын  жасау  жөніндегі 

жұмыстарды үйлестіру; 

3)  энергия  үнемдейтін  материалдар  мен  жабдықтар  көрмелерін 

ұйымдастыруға жәрдемдесу жолымен тұрақты жүзеге асырады. 

  

  

6-



тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру 

саласындағы субъектілердің 

құқықтары мен міндеттері 

  

20-

бап.  Мемлекеттік  энергетикалық  тізілім  операторының 

құқықтары мен міндеттері 

1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторы: 




1) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінен, жеке тұлғалардан, 

энергия  аудитін  және  (немесе)  энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін 

арттыру  сараптамасын  жүзеге  асыратын  заңды  тұлғалардан  Мемлекеттік 

энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу үшін қажетті ақпаратты 

сұратуға және алуға; 

2)  Мемлекеттік  энергетикалық  тізілімді  қалыптастыру  бойынша 

ұсыныстарды уәкілетті органға енгізуге; 

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды 

жүзеге асыруға құқылы. 

2. Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторы: 

1)  Мемлекеттік  энергетикалық  тізілімді  қалыптастыру  және  жүргізу 

тәртібін сақтауға; 

2)  Мемлекеттік  энергетикалық  тізілімнің  ақпаратты  беруден  жалтарған 

немесе  бұрыс  ақпарат  берген  субъектілері  туралы  ақпаратты  уәкілетті 

органға беруге; 

3)  Мемлекеттік  энергетикалық  тізілім  субъектілері  жүзеге  асыратын, 

энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру  жөніндегі  іс-шаралар 

тиімділігін  бағалау  мен  талдауды  жүргізуге  және  уәкілетті  органға  ақпарат 

ұсынуға; 

4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді 

орындауға міндетті. 

  

21-



бап.  Энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру 

саласындағы субъектілердің құқықтары мен міндеттері 

1.  Осы  баптың  2  -  5-тармақтарында  көрсетілген  энергия  үнемдеу  және 

энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектілер: 

1)  мемлекеттік  органдарға  энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін 

арттыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізуге; 

2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша 

уәкілетті органнан ақпарат алуға құқылы. 

2. Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар: 

1)  электр  желілерінде  қуат  коэффициентінің  нормативтік  мәндерін 

сақтауға; 

2) энергия тұтыну нормативтерінен аспауға; 

3)  энергетикалық  ресурстарды,  суды  өндіруді  және  беруді  жүзеге  асыру 

кезінде  жабдықтың,  арматураның  ақаулығынан,  құбырларды  жылу 

оқшаулаусыз  пайдаланудан  немесе  энергия  тұтыну  жабдығының  жұмыс 

режимін  сақтамаудан  туындаған  олардың  тікелей  ысырабына  жол  бермеуге 

міндетті. 



21-

баптың  3-тармағы  2013  жылғы  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа 

енгізілді

 

3. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері осы Заңның 



9-

бабында

 

көрсетілген  ақпаратты  беруге  және  мемлекеттік  мекемелерді  қоспағанда, 



энергия  аудиті  өткеннен  кейін  бес  жыл  ішінде,  энергия  аудиті 

қорытындылары  бойынша  айқындалған  шамаға  дейін  энергетикалық 




ресурстар  мен  судың  тұтыну  көлемін  өнімнің  бірлігіне,  үйлердің, 

құрылыстар  мен  ғимараттардың  алаңы  бірлігіне  жыл  сайын  азайтуды 

қамтамасыз етуге міндетті. 

4.  Энергия  аудитін  және  (немесе)  энергия  үнемдеу  және  энергия 

тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізуге аккредиттеу туралы куәлік алған 

заңды тұлғалар: 

1) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін 

арттыру туралы заңнамасында белгіленген, энергия аудитін жүргізу тәртібін 

және энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу 

тәртібін сақтауға; 

2)  энергия  аудитін  және  (немесе)  энергия  үнемдеу  және  энергия 

тиімділігін  арттыру  сараптамасын  жүзеге  асыру  кезінде  жол  берілген 

бұзушылықтарды жою бойынша уәкілетті органның нұсқамаларын уақтылы 

орындауға; 

3) жартыжылдық қорытындысы бойынша 15 шілдеден және 15 қаңтардан 

кешіктірмей,  есепті  кезең  ішінде  берілген  барлық  энергия  аудиті  жөніндегі 

қорытындылар  мен  энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін  арттыру 

сараптамасы  жөніндегі  сараптамалық  қорытындылардың  көшірмелерін 

уәкілетті органға жіберуге міндетті. 

5.  Энергия  аудитін  және  (немесе)  энергия  үнемдеу  және  энергия 

тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау 

және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ энергия менеджменті 

жүйесін  құру,  енгізу  және  ұйымдастыру  жөніндегі  оқу  орталықтары 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  талаптарды 

орындауға міндетті. 

  

  



7-

тарау. Қорытынды ережелер 

  

22-

бап.  Қазақстан  Республикасының  энергия  үнемдеу  және  энергия 

тиімділігін  арттыру  туралы  заңнамасын  бұзғаныүшін 

жауаптылық 

Қазақстан  Республикасының  энергия  үнемдеу  және  энергия  тиімділігін 

арттыру  туралы  заңнамасын  бұзу  Қазақстан  Республикасының  заңдарына 

сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. 

  

23-

бап.  Уәкілетті  органның  лауазымды  тұлғасының  іс-әрекетіне 

(әрекетсіздігіне) шағымдану 

Жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның лауазымды тұлғасының іс-

әрекетіне (әрекетсіздігіне) заңда белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы. 

  

24-



бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібі 

1. Осы Заң: 

2013  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілетін 

5-

баптың  9) 

тармақшасын




2013  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілетін 

8-

баптың  2-

тармағын

2012  жылғы  1  шілдеден  бастап  қолданысқа  енгізілетін 



8-

баптың  4-

тармағын

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 



9-

бапты

2014  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілетін 



10-

баптың  1-

тармағын

қуаты  100  Вт  және  одан  жоғары  қыздыру  электр  шамдары  үшін  -2012 



жылғы  1  шілдеден  бастап,  қуаты  75  Вт  және  одан  жоғары  қыздыру  электр 

шамдары  үшін  -  2013  жылғы  1  қаңтардан  бастап,  қуаты  25  Вт  және  одан 

жоғары  қыздыру  электр  шамдары  үшін  2014  жылғы  1  қаңтардан  бастап 

қолданысқа енгізілетін 



13-

баптың 1-тармағының 1) тармақшасын

2014  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілетін 



13-

баптың  1-

тармағының 5) тармақшасын

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 



15-

баптың 1

 

және 



9-

тармақтарын

2013  жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енгізілетін 



21-

баптың  3-

тармағын

 

қоспағанда,  алғашқы  ресми 



жарияланғанынан

 

кейін  алты  ай 



өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

2.  «Энергия  үнемдеу  туралы»  1997  жылғы  25  желтоқсандағы  Қазақстан 

Республикасы 

Заңының

 

(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 



1997 ж., № ы24, 343-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат, 

2009 ж., №13-14, 62-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; № 

11, 102-

құжат) күші жойылды деп танылсын. 

  

  

Қазақстан Республикасының  



Президенті  

  

Н. НАЗАРБАЕВ 

  

Астана, Ақорда, 2012 жылғы қаңтардың 13-і.  



№ 541-IV 

  

  



 

жүктеу 246,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау