энергетикалық тізілім субъектілері энергия менеджменті бойынша
халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес энергия менеджментінің
жүйесін құруға, енгізуге және оның жұмысын ұйымдастыруға міндетті.
2. Энергия менеджменті жүйесін құруды, енгізуді және ұйымдастыруды
бақылау жылына бір мың бес жүз және одан көп тоннаға барабар шартты
отын көлемінде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік
энергетикалық тізілім субъектілерінің бірінші басшыларына жүктеледі.
11-
бап. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия
тиімділігін қамтамасыз ету
1. Жобаланатын және салынатын (реконструкцияланатын, күрделі
жөнделетін) үйлер, құрылыстар, ғимараттар Қазақстан Республикасының
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының
талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі бойынша
талаптары:
1) үйдегі, құрылыстағы, ғимараттағы энергетикалық ресурстар
шығынының үлестік шамасын сипаттайтын көрсеткіштерді;
2) сәулет, көлемдік-жоспарлау, технологиялық, конструкциялық және
инженерлік-техникалық
шешімдерге
үйлердің,
құрылыстардың,
ғимараттардың энергия тиімділігіне ықпал ететін талаптарды;
3) үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда пайдаланылатын инженерлік
жүйелер мен технологиялық жабдықтарға қойылатын талаптарды;
4) жобалау құжаттамасына енгізілетін және үйлерді, құрылыстарды,
ғимараттарды салу (реконструкциялау, күрделі жөндеу) кезінде
қолданылатын технологиялар мен материалдарға қойылатын, энергетикалық
ресурстардың ұтымсыз (негізсіз) шығыстарын болдырмауға мүмкіндік
беретін талаптарды қамтуы тиіс.
Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды пайдалануға беру кезінде энергия
тиімділігі жөніндегі талаптарды орындау құрылыс салушыға жүктеледі.
3. Энергия тиімділігі жөніндегі талаптар мынадай үйлерге, құрылыстарға,
ғимараттарға қолданылмайды:
1) тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатқызылған үйлер, құрылыстар,
ғимараттар;
2) қызмет мерзімі екі жылдан аспайтын шаруашылық мақсаттағы
уақытша құрылыстар, қосалқы үй-жайлар;
3) жеке тұрғын үйлер, сондай-ақ саяжай және бау-бақша учаскелерінде
орналасқан құрылыстар;
4) жалпы алаңы елу шаршы метрден аз бөлек тұрған үйлер, құрылыстар,
ғимараттар;
5) ғибадат ету үйлері, құрылыстары және ғимараттары;
6) бөлек тұрған жылытылмайтын үйлер, құрылыстар, ғимараттар.
4. Энергия тиімділігінің талап етілетін сыныбы құрылыс
(реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобасын әзірлеуге тапсырыс берушінің
тапсырмасында көрсетіледі және құрылысы (реконструкциялау, күрделі
жөндеу) аяқталған объект пайдалануға берілгеннен кейін жылжымайтын
мүлікке арналған құқықтарды тіркеу кезінде салынған және пайдалануға
берілген объектінің техникалық паспортында көрсетіледі.
5. Қолданыстағы үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия
тиімділігі сыныбы және оны қайта қарау Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындаған
тәртіппен
, энергия аудитін жүргізу қорытындылары
бойынша белгіленеді және үйдің, құрылыстың, ғимараттың техникалық
паспортында көрсетіледі.
Энергия
аудитінің
қорытындысы
үйлердің,
құрылыстардың,
ғимараттардың техникалық паспортына қоса беріледі.
12-
бап. Энергия тұтынатын электр құрылғылары
1. Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын, энергия тұтынатын
электр құрылғыларының техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында
олардың сыныбы мен энергия тиімділігінің сипаттамалары туралы ақпарат
болуға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптары қолданылатын энергия
тұтынатын электр құрылғыларының тізбесі кеден одағының техникалық
регламентінде белгіленеді.
3. Энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларын анықтау кеден
одағының техникалық регламентіне сәйкес жүргізіледі және оны өндіруші
(импорттаушы) жүзеге асырады.
4. Өндірушілер (импорттаушылар) энергия тұтынатын электр
құрылғыларының техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында
энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларын кеден одағының
техникалық регламентіне сәйкес көрсетуге міндетті.
13-
бап. Өнімдерді өндіру, сату және пайдалану бойынша шектеулер
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мақсатында
мыналарға:
13-
баптың 1-тармағының 1) тармақшасы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізіледі
1) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы
мүмкін, қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдарын өндіруге,
сатуға;
2) жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы
мүмкін, қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдарын
мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін
сатып алуды жүзеге асыруға;
3) салынып жатқан (реконструкцияланатын, күрделі жөнделетін) үйлерде,
құрылыстарда, ғимараттарда Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу
және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген
талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды өндіруге және технологиялар
мен материалдарды пайдалануға;