үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүзеге асыруға
заңды тұлғалардың құзыретін ресми тану рәсімі;
16) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
менеджмент (энергия менеджменті) - энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру саясатын, іс-шаралар жоспарын, мониторинг рәсімдері
мен әдістемелерін, энергия тұтынуды бағалауды әзірлеу мен іске асыруды
және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған басқа да іс-қимылдарды
қамтитын, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз
етуге және басқару объектісінің энергия тиімділігін арттыруға бағытталған
әкімшілік іс-қимылдар кешені;
17) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық
атқарушы орган;
18) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы -
энергетикалық ресурстарды пайдаланумен және үйлерді, құрылыстарды,
ғимараттарды салу, сондай-ақ оларды реконструкциялауды, күрделі жөндеуді
жүргізу кезінде тұтынушылардың энергиямен қамтамасыз етуге арналған
шығындарын оңтайландыруымен байланысты сәулет-құрылыс және
техникалық шешімдердің энергия тиімділігін бағалау мақсатында
жүргізілетін сараптама;
19) энергия үнемдеуші жабдық - энергетикалық ресурстарды
пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жабдық;
20) энергия үнемдеуші материал - энергетикалық ресурстарды
пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін материал.
2-
бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының
Конституциясына
негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта
осы Заңда қамтылғандардан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық
шарттың қағидалары қолданылады.
2-
тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы мемлекеттік реттеу
3-
бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында
техникалық реттеуді жүзеге асыру;
2) энергетикалық ресурстарды өндіру және тұтыну саласындағы
теңгерімді тарифтік саясат пен баға белгілеуді жүзеге асыру;
3) энергия үнемдейтін жабдықтар мен материалдарды пайдалануды қоса
алғанда, энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды
ынталандыру;
4) энергетикалық ресурстардың тиімді пайдаланылуына мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыру;
5) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың экономикалық,
экологиялық және әлеуметтік артықшылықтарын насихаттау, осы салада
қоғамдық білім беру деңгейін арттыру;
6) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
4-
бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі
жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады;
3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
аккредиттеу
қағидасын
бекітеді;
5) энергия тұтынудың нормативтерін, дара кәсіпкерлердің және заңды
тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің
нормативтік мәнін
бекітеді;
6) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу
тәртібін
бекітеді;
7)
Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторын айқындайды
;
8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша
жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау
тетігін
бекітеді;
9) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау
конструкцияларының бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия
тиімділігі жөніндегі
талаптарды
белгілейді;
10) көліктің энергия тиімділігі бойынша
талаптарды
белгілейді;
11) электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша
талаптарды
белгілейді;
12) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі
сыныбын айқындау және қайта қарау
қағидасын
бекітеді;
13) энергия аудитін жүргізу
тәртібін
және энергия үнемдеу мен энергия
тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу
тәртібін
бекітеді;